Батырларға белгі орнатылады

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік органдардың, билік мекемелерінің араласуын-сыз, халықтың өз қолдауымен жасалатын игі-лікті шаралар көбейіп келеді. Осыдан бірер жыл бұрын Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округінде Байбарақ батыр Құдайқұлұлына кесе-не орнатылған болатын. Енді, міне, жақында Дәуқара батыр Қарақожаұлы мен Науша батыр Қаржауұлының зиратына ескерткіш тұрғызыла-тыны мәлім болды. Белгілі жырау, 1868-1873 жылдары болған «Ел ауа» көтерілісіне қатысу-шы Сүгір Мырзалыұлының қабіріне де ұрпақта-ры белгі қоюға талпынып жатыр.

Дәуқара батыр (1687-1751) – Кіші жүз Байұлы Сұлтансиық ішіндегі бай-бақты руының ұранына шыққан айтулы батыр, тарихи тұлға. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округіндегі Жігерлен ауылы-ның оңтүстік-батыс бетіндегі үлкен тө-беге жерленген. Дәуқара батырдың құлпытасы 2012 жылы желтоқсан айында шыққан «DANAkaz» журналы-ның тұңғыш санында «Құлпытас сырын ашайық» айдарының беташары болған еді. Жаңақала ауданының бас имамы, ел тарихына жанашыр азамат Мұратбек қажы Жахатов пен осы жолдардың ав-торы оқыған құлпытас мәтіні «Байбақ-ты руы Әлтеке тайпасынан шыққан Андас немересі Қарақожа баласы Дәуқара батырдың 1751 жылы 64 жа-сында қайтыс болғанын» көрсеткен еді. Ардагер журналист, өлкетанушы Қайыржан Хасанов ағамыздың «Қос батырдың хикаясы» атты кітабы да осы Дәуқара батырға арналған болатын.
– Осы бастамамызды Алла Тағала қолдап, ісіміз оң болуы үшін Дәуқара батырдың және Науша батырдың ба-сында ел-жұртқа ас бердік, аруақтарға Құран бағыштап, ақсақалдардың бата-сын алдық, - дейді «Науша батыр» же-ке қайырымдылық қорының директо-ры Алтынбек Ермұхамбетов.
Алтынбек Набиоллаұлы көп жыл билік органдарында, кәсіпкерлік сала-да жүргенімен, ел тарихына, ата-баба мұрасына ерекше бүйрегі бұрып тұра-тын азамат екен. 2007 жылы әйгілі ба-тыр, шешен, қолбасшы Сырым Датұлы-ның жатқан жерін анықтау мақсатында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен құрылған экспедиция құ-рамында Өзбекстан Республикасының Хиуа өңіріне де барып қайтқан.
– Батыр бабаларымыздың жанкеш-ті ерлігінің арқасында ұлан байтақ же-ріміз бен сол ұлы даланы мекендеген қазақ халқы бүгінге аман жетіп, Қазақ-стан атты әлемге танылған тәуелсіз мемлекетіміздің болмысын құрып отыр. Еліміз егемендік алғаннан кейін ұрпаққа үлгі болатын қайраткер-батыр ұландарын ұлықтау ісін ыждағаттылық-пен қолға алғаны шындық. Халық мұн-дай игі істер мен өнегелі бастамаларды үнемі қолдап, қошеметін білдіріп келе-ді. Кезінде жау қайтарып, елге қорған болған батыр бабаларымыздың бүгін-де аты ұмытылып бара жатқаны, қо-рымдарының да қамқорлыққа зәрулігі бізді көптен ойландырушы еді. Ақ Жа-йық өңірінде мәңгілік тыныс тапқан ба-тырлардың ерлік ісін халық санасында жаңғыртып, олардың зираты басына ескерткіш қойылса деген сұрақтың тө-ңірегінде жақында бір топ азамат жи-налып, бас қостық, - дейді Алтынбек Набиоллаұлы.
Осы жиында Аманжол Зинуллин, Владимир Асанов, Алмат Ғалымов бас-таған азаматтар Батыс Қазақстан облы-сы аумағында Сырым Датұлы, Дәуқара батыр, Науша батыр туралы тарихи де-ректерге тоқталып, олардың ел аузын-да аңыз болып айтылып жүрген ерлік істері жөніндегі әңгімелерін ортаға са-лыпты. Батыр бабалар жолы бір рудың ғана емес, бүкіл ұлттың рухын көтере-тін өнеге екендігін тілге тиек еткен не-гізгі әңгіме осы кезге дейін елеусіз қа-лып келе жатырған Дәуқара мен Науша төңірегінде болыпты. Бұл батырлар сыртқы дұшпанмен соғыста көзге түсіп, халық құрметіне ие болған білікті де білекті, жаужүрек ер болғаны тарихи шындық. Мәселен, Дәуқара бүкіл бай-бақтының ұранына айналса, Науша Қаржауұлы 1828-1838 жылдары Бөкей-лікте және Кіші Жүзде болған ұлт-азат-тық көтеріліс басшыларының бірі, Исатай-Махамбет көтерілісінің шешуші кезеңінде олармен пікірлес болғаны да белгілі.
Дәл осы Науша батырдың құлпыта-сы осыдан бірнеше жыл бұрын Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округі аумағындағы Тайлан көне қорымынан табылып, жергілікті басылымдарға хабарланған болатын. «DANAkaz» журналы «Бай-бақтыда Наушадай батыр өткен» (ав-торы: Қазбек Құттымұратұлы, №6, та-мыз, 2013), «Мінді Науша атына-ай...» (авторы: Жәнібек Аллаярұлы, №10, желтоқсан, 2013; №1, қаңтар, 2014) атты көлемді мақалаларды жариялап, батырдың өмір жолы мен тарихи қыз-метіне тұңғыш рет кеңірек баға берді. Ерлік ісі ел жадынан өшіп, құлпытасы сынып құлап, зираты жоғалып бара жатқан Науша батыр Қаржауұлының тарихи тұлғасын жаңғыртатын жұмыс-тар қажет-ақ еді. Жоғарыда аталған жұ-мыстардың бәрін енді “Науша батыр” жеке қайырымдылық қоры қолға алып, ұйымдастыру шараларын бастап отыр.
– Қор алқасының ұйғарымымен қа-зір Дәуқара батыр мен Науша батыр-дың зираты басында ескерткіш орнату жұмыстары басталып кетті. Дәуқара ба-тыр жатқан көне қорымда өлшеу жұ-мыстары жүргізіліп, құрылыс материал-дары жеткізіліп жатыр. Бүгінде жермен жексен болып жойылуға таянған Тайлан көне қорымының да төңірегі реттеліп, Науша батырға көтерілетін кесене жо-басы дайын болды, - дейді Алтынбек Ермұхамбетов.
Ел үшін атқа қонған ерлердің рухы-на тағзым үшін құрылған қайырымды-лық қорының басшылық алқасына Ақ Жайық өңірінің белгілі азаматтары тар-тылған. Әділет органдарына тіркеліп, арнайы құжат алған қордың кеңсесі Орал қаласы, Сырым Датұлы көшесі, 43 ғимаратта орналасқан. Бүгінгі таңда Дәуқара мен Науша батыр кесенелерін көтеруге қажетті құрылыс материалда-ры жинақталып, мамандармен келісім-шарт жасалып жатыр екен. Осы бір абыройлы іске үлес қосамын деген ба-тыр бабалардың намысты ұрпақтары болса, төмендегі есепшотқа қаржылай ақша аударуға болады:

БИН: 150540009566
БИК: NFBAKZ23

Ағымдағы есепшот: KZ256391022030000220
«DeltaBank» АҚ-ның Орал қ. филиалы
«Науша Батыр» жеке қайырымдылық қоры

Қор төрағасымен 8 (7112) 53-87-56, 8 701 372 13 51, 8 705 560 84 42 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Қаралым саны 1701

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463