Соналы көтерілісі

Қайыржан ХАСАНОВ,

ардагер журналист, өлкетанушы

Белгілі өлкетанушы Қайыржан Хасанов ағамыздың «Соналы көтерілісі» кітабынан ықшамдап беріліп отыр.

 1916 жылы Орал өңірінде болған
ұлт-азаттық көтерілістер
Ресей патшасы Бірінші дүниежүзі-лік соғыста майдандағы қара жұмыстарға 19 бен 31 жас аралығындағы жі-гіттерді шақыру туралы 1916 жылы 25 июнь күнгі жарлығына қарсы Орал өңі-рінің бірнеше болысында халық көте-рілісі болды. Шыңғырлау, Бөрлі, Шилі, Қаракөл, Соналы, Өлеңті, Қарабау, Жұбанышкөл, Қараоба, Қалдығайты, Бұлдырты болыстарындағы көтеріліс-тер өз халінше ұйымдастырылды.
Тарих ғылымдарының кандидаты Исатай Насекенұлы Кенжәлиев «Батыс Қазақстан қасыретті жылдары» (Орал, 2000 жыл) кітабының 31-бетінде: «Орал облысының 50 мыңнан астам азаматы тізімге ілінді. Бұл әрекет ел ішінде наразылық туғызды. Майданға бармаймыз деушілер көбейді. Бөрлі болысында, Шыңғырлау, Тайсойған құмы, Ойыл өзені жағында бас көтеру-шілер болып, ел арасында толқу бас-талды» деп жазды.
Беркін Құрманбеков «Орал өңірінің ұлт-азаттық көтерілісі» деген мақаласында (Батыс Қазақстан об-лыстық «Орал өңірі» газеті, 1993 жыл, 14 қыркүйек) «Патша үкіметінің июнь жарлығына қарсы қатты қарсылық көр-сеткен елдің бірі Соналы болысы бол-ды. «Калмыков қаласына тізім тапсырылады» деген хабарды естіген соң Есенғали Дәуесұлы (дұрысы Сенғали Дәуешұлы – Қ.Х.) бастаған 200-ден астам жігіт №14 ауылдың старшинасы Қ. Жантөліұлының жасаған тізімін тартып алып, өртеп жіберген» деп жазды.
Ілбішін уезіндегі Соналы болысы
Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапхананың сирек қорында сақтаулы «Памятная книжка и адрес-календарь Уральской области» деген кітаптағы де-рекке сүйенсек, Орал облысының Ілбі-шін уезіне қарасты Соналы болысында 1902 жылы 14 ауылда 10. 661 адам тұр-ған.
1903 жылы Соналы болысын Мұ-хамеджан Сарығожин билесе, 1904 жылы Төлеген Иманғазиев Соналы бо-лысына управитель болып сайланыпты. Ол 1905 жылы болыстықты өз еркі-мен тапсырып, орнына Мұхамеджан Сарығожин қайтадан сайланып, бұл жұмысты өмірінің соңғы жылы 1916 жылға дейін атқарыпты. Ол қайтыс болған соң туған інісі Көшербай Сарғо-жин сайланыпты. Көшербайды ағайын-дары мен ауылдастары «Тапай» деп атаған. Ол екі кластық орыс-қазақ мек-тебін бітірген екен. Көшербайдың ба-ласы Сабыржан Сарығожин – патша армиясының генерал-майоры, кейін Батыс Алашорда әскерінің қолбасшысы болған.

Көтеріліс қалай басталды?
Ілбішін уезіне қарасты Соналы бо-лысында патша жарлығын орындау үл-кен ыждағатпен жүргізілген. Болыс Кө-шербай Сарғожин қасына нөкерлері мен хатшысын (писарін) ілестіріп, Су-лыкөл, Батпақкөл, Соналы, Үшағаш ауылдарын аралапты. Жігіттерді тауып, тізімге жазған. Бұған наразы болған ел жігіттері атқа қонады. Көтеріліс басшы-ларының бірі Сенғали Дәуешев еді.
1975 жылдың жазында 76 жастағы қалдығайтылық Бақтығали ағамен кез-десіп, әңгімелестім. Ол Соналы көтері-лісіне бастан-аяқ қатысып, аман қалған азамат екен.
– Соналы көтерілісі болған 1916 жылы 17 жастағы жігіт едім. Көтерілісті бастаушылар қатарында Тәріске ауы-лынан Мұқаш Қожахметов, Байғабыл ауылынан Сенғали Дәуешов, Қойшыбай Жампаұлы болды, - деп бастады әңгімесін Бақтығали Шонаев ақсақал.
«Ауыл жігіттері Тапай болыстың ті-зім жасап, кінәзға апара жатқанын есті-генде ашуға мініп, болыс ауылын ша-уып, жасақталған тізімді өртеп, болыс пен писарларді сабамақ, қажет етсе, өлтіріп тастамаққа келісті. Осылай ап-тығып, ашуланып жүргенде Байғабыл Дәуештің ұлы Сенғали ауылға жазғы демалысқа келген екен. Алақандай ауылдағы дүмпуді естіген ол жігіттерге келді.
Олар: «Патша жарлығына қарсы не істейміз? Қалай майдандағы қара жұ-мысқа бармай қаламыз?» - десті.
“Орыс әскері – соғысқа арнайы да-йындалған, тіпті зеңбірек деген құралы бар арнайы жасақ. Зеңбірек оғының үлкендігі доптай. Ол жарылғанда айна-ласын түгел жайпап кетеді. Оларға қар-сы мына сойыл мен шоқпар түк те емес. Босқа қырылып қаласыңдар. Ар-тыңда кемпір-шал, әйел-бала жетім қа-лады. Менің айтқанымды тыңдасаңдар, приемға бармаудың бір жолы – ауыл-ауылды аралап, дайындаған ті-зімді қолға түсіріп, өртеп жіберу. Тізім жойылған соң, жігіттер шақырудан құ-тылады” - деді Сенғали. Жігіттер бұл ақылға келісті.
Болыстың артынан қуып жетіп, ті-зімді қолға түсіруді ойлап, атқа мін-гендердің құрамында мен де болдым. Сенғали Дәуешов, Әбу Жұпбаев, Қуа-налы Төлешов, Қойшыбай Жампаұлы сойыл-шоқпармен қаруланып, ауыл жігіттерін бастап, шапшаңдата шауып отырып, болыс ауылына барсақ, №14 ауылдың старшыны Аталық-Жаманша Қали Жантолыұлы тізімді алып, кньязға кетіп қалыпты.
Артынан қуып шапқан біз старшынды әкесінің атақонысы «Жантолы шығыры» деген жерде қуып жеттік. Нө-керлерінің сойылдасқан қарсылығына қарамастан, старшынды атынан ауда-рып, писарьдің қоржынындағы тізімді тартып алдық. Қали старшынды саба-дық, бірақ өлтірмедік. Нөкерлерін де осылай жасадық. Тізімді өртеп, үлкен шаруаны бітіргендей көтеріңкі көңіл-мен ауылға қайттық.
Белгіленген кестеде көрсетілген күні тізімді Калмыковқа әкеліп тапсыр-маған №14 ауылдың болысы, старшын Қали Жантолыұлын князьға шақырыпты. Уез бастығы жаза беруге жиналғанда Қали «Жантолы шығыры» түбінде болған жағдайды сол күйінде баяндапты. Өзіңнің басын сауғалаған уезд бас-тығы Соналы болысындағы көтеріліс жайлы Орал қаласына хабарлапты.
Орал губернаторының бұйрығы бойынша атты казактардың қарулы отряды атқа қонған. Сенғали айтқандай, сол кезеңнің соғыс құралдары – зеңбірек, пулеметпен қаруланған от-ряд берілген тапсырмаға сәйкес, Кал-мыков селосы арқылы Соналы болысы бетіне шығыпты...»

Сенғали Дәуешев кім еді?
Сенғали Дәуешұлының әкесі – Дәуеш мыңғырта мал айдамағанмен, балаларын оқытуға қабілеті келетін ауқатты адам болса керек. Дәуештің 9 ұлы, бір қызы болған. Дәуешұлы Сенға-ли 1891 жылы Дәуеш қыстағында дү-ниеге келген. Әкесі осы баласына көңіл бөліп, оның білім алуына барын сал-ған. Әуелі ауыл молдасы Дәулетияр ишанға оқытқан. Кейін құдандалығын пайдаланып, Россияның құрметті аза-маты, Соналы болысының управителі Мұханбетжан (Ақшолақ) Сарғожинге баласының еті тірі, пысық екенін, енді орысша оқытқысы келетін ойын айтып-ты. Ақшолақ құдасының бұл ойын қол-дап, көмек жасайтындығын, қаладағы оқу ақылы екенін, құда баласы Сенға-лиді өз қаражатынан оқытатынын ай-тыпты.
Осылайша, Ақшолақтың адамгер-шілігі арқасында Сенғали Орал қала-сындағы төртбасқыштық реальды учи-лищеге қабылданыпты. Оралда оқып жүргенде орыс тілін жақсы меңгеріпті. Демократиялық көзқараста болыпты. 1916 жылы жазғы демалысқа ауылға келсе, Ақшолақ правитель жаман ау-рудан қайтып, оның орнына інісі Кө-шербай (Тапай) болыс болған екен. Сенғали ауылда мал соңында жүрген қазақ жігіттерінің басын қосады. Жан-дәулет Досаналиев, Қожахмет Бекбауов, Мұқаш Қожахметов, Әбуғали Жұп-баев, Бақтығали Шонаев, тағы басқалары атқа мінеді.

«Патша қылды зорлықты...»
Соналы көтерілісінің 61 жылдығына орай бұрынғы чекист Алдабарген Алапаев Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің 1977 жылғы №20 (13322) санында жарияланған «Соналы оқиғасы» деген естелік мақа-ласында көптеген дерек қалдырған.
«...Патша жарлығына қарсы ұйым-дастырылған ауыл кедейлерінің көте-рілісін басуға Орал губернаторының бұйрығы бойынша атты казактардың қарулы отряды шыққан. Зеңбірек, мыл-тықпен қаруланған атты казактар Кал-мыков селосы арқылы өтіп, Қаракөл болысының көтерілісшілерімен Ойыл өзенінің бойында кездесіп, кескілескен ұрыс болыпты. Қылышпен қаруланған көтерілісшілерден шығын көп болған.
Ойыл өзенінің бойын қызыл қанға бояған казактар отряды сай-саланы са-ғалап, құм-шағылдарға бой тасалап қашқан жігіттерді қууға ерінген. Қолға түскен ереуілшілерді қинаған. Көтеріліс басшысы Есенғали Сарыбөпинмен бір-ге көп жігітті аяқ-қолын кісендеп, Орал қаласына жаяу айдапты.
Қаракөл болысы көтерілісшілерін талқандаған жазалаушы отряд енді Со-налы болысына келе жатқаны туралы хабар ел арасына тез тарайды. Байға-был, Тәріске, Олжай ауылының жігітте-рі де қаруланып, атқа қонып, казактарды қарсы алуға даярланады. Жастайынан жоқшылық пен кедейлікті көп көр-ген Олжай ауылының жігіті Ахмет Есе-тов оларға басшылық етеді. Ауыл жігіт-тері қарулы отряд келе жатқан жолда-ғы «Есіркеміс» шағылы бойындағы қа-раған мен шағырды паналап, бекінгендегі мақсаты – отрядты осы шағыл ете-гінде қарсы алып, тойтарыс беру. Қол-дан келсе, Соналы ауылына қарулы күшті өткізбеу.
Келе жатқан атты казак әскері жайлы шұғыл хабарды «Есіркеміс» шағылының шетіндегі «Көмбе» деген шағылдың шоқысынан жеткізгенде Алдаберген Алапаев он бір жастағы бала екен.
– Жау әскерін Есіркеміс шағылының түбінде қарсылайтын болдық. Олжай Ахмет Есетұлы орыс әскерінің келе жатқанын хабарлау үшін рулас ағайыны Алапайдың баласы Алдабер-генді шағылға бақылауға қойды. Орыс әскерімен бетпе-бет кездескенде олар бізді жеңді. Бәрімізді тұтқындап, Кал-мыковқа жаяу айдап барып, одан әрі Орал түрмесіне айдалдық. Сол кезде Жандәулет Досанәлиев 25 жаста, мен 17 жаста, Әбуғали Жұпбаев 32 жаста, Қуанәлі Төлесов 36 жаста, Сенғали Дәуешов 26 жаста екенбіз, - деп еске алады Бақтығали Шонаев ақсақал.

Түрме тауқыметі
...Қандай батыр болса да, найза, қылышпен қаруланған соналылықтардың көтерілісі «Қызыл көл» түбінде же-ңіліс табады. Ұйымдастырушы жетек-шілерін әуелі Калмыков түрмесіне жаяу айдайды. Ілбішін уезінің бастығы фон Геллер Дәуешов Сенғалиді Калмыков түрмесіндегі абақты бөлмесінен алды-рып, жауаптайды. Сенғали өзімен бірге тұтқындалған Мұқаш Қожахметов, Жандәулет Досанәлиев, Қожахмет Бекбауов, Әбуғали Жұпбаев, Қуанәлі Төлешов, Қойшыбай Жампиев ауылда жүрген, көтеріліске еш қатысы жоқ адамдар екенін айтып, «Приемға бара-тындардың тізімін жасап алып, Калмы-ковқа кеткен Соналы болысындағы №14 ауылдың старшыны Қали Жанто-лыұлын «Жантолы шығыры» деген жерде артынан қуып жетіп, сабап, ті-зімді тартып алған мен. Өзін сабадым, бірақ өлтірмегенімді, тізімді өзім өрте-генімді мойындаймын. Қандай жаза берсеңдер де әзірмін. Ешқандай айың-бы жоқ өзгелерді босатуыңызды сұрай-мын» - деген екен.
Фон Геллер оған сенбей, Сенғали Дәуешовпен қоса бір топ Соналы жігі-тін Орал қаласына жаяу айдатыпты.
1916 жылдың шілде айында Орал түрмесіне қамалған соналылық 15 жі-гітті Орал жандармериялық соты сот-тап, дарға асу арқылы өлім жазасы беру жайлы үкім шығарған.
Түрмеде көтерілісшілер қатты қысым көрген. Күн сайын үш кісіні түрме алаңына шығарып, дарға асады екен. Үкім орындалатын күні түрме надзирательдері өзге тұтқындарды да түрме ауласына қуып шығарған. Мақ-сат – көтеріліске қатысқаны үшін өлім жазасына кесілгендердің жүйкесіне қатты әсер ету.
Шыңғырлаудың Кіндікті, Қарағаш, Қаратөбенің Жақсыбай болыстарының көтерілісші жігіттері дарға асылып, ке-зек соналылықтарға жақындайды. Осы кезде, 1917 жылдың ақпан айында бол-ған Ресей буржуазиялық демократиялық төңкеріс патшаны тақтан құлатты. Орнына келген Уақытша үкімет, оның әділет министрі, кейін премьер-ми-нистрі болған А. Керенскийдің бірінші Жарлығы – окоп қазу жұмыстарында жүрген «бұратаналарды» елдеріне қай-тарып, «приемға» қарсы шығып, түр-меге қамалғандарды босатып, қашып жүргендерге іздеу салуды тоқтату бо-лыпты!
Осы Указдың арқасында дарға асылар кезегін күтіп жатқандар бір-жола ақталып, абақтыдан босатылып шығарылды. Солардың бірі Соналы көтерілісіне қатысқандар, көтеріліс жетекшісі Сенғали Дәуешұлы болатын.
Сөйтіп, Соналы көтерілісінің бас-шылары да босап, елге келіп, ауылдағы өмірге қызу араласып кетеді.

 

 

Сенғали Совет өкіметінің алғашқы жылдары Жымпитының Көздіқара ауыл советінің төрағасы болған. Боль-шевиктер партиясына өтіп, Ойылға кө-шіп кеткен. Ойыл аудандық Советінде жауапты жұмыс жасайды. Ойыл аудан-дық тұтынушылар одағы басқармасының бастығы болады. Алайда 1929 жылдың күзінде 38 жасында белгісіз дерттен кенеттен қайтыс болған. Аға-йындары марқұмның денесін алып ке-ліп, Қалдығайты ауылының ортасындағы зиратқа жерлеген.
...Міне, биыл 100 жыл толып отыр-ған Соналы көтерілісінің қысқаша тари-хы осындай.

Қаралым саны 1406

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463