Тіл үйренудегі тәжірибе

Нұрлыгүл ЕСЕНҒАЛИЕВА,

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, №42 «Ақ ниет» гимназиясы математика пәні мұғалімі, Орал қаласы

XXI ғасырда әр адам бәсекеге қабі-летті тұлға болуы тиіс. Бәсекеге қабілетті тұлға деген кім? Бұл – ақпараттық за-манда сан түрлі сандық технологиялар-мен қатар, бірнеше тілді жетік меңгер-ген тұлға. Шынында, Елбасы өзінің Қа-зақстан халқына жолдауында үштұғыр-лы білім беру саясатын енгізу заман та-лабынан туындаған қажеттілік екенін, болашақ қазақстандық бірнеше тілде еркін сөйлеп, жаза білетін, бәсекеге қа-білетті маманға айналу керек екендігін айтқан болатын. Сонымен қатар өз жолдауында: «Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуға тиiс. Қазақ тiлi – мемлекеттiк тiл, орыс тiлi – ұлт ара-лық қатынас тiлi және ағылшын тiлi – жаһандық экономикаға ойдағыдай кi-рiгу тiлi» деген болатын.

Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашып, әлемдік ғылым құпияларына үңілуге, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік бе-ретін бүгінгі күнгі қажеттілік екені сөз-сіз дәлелденіп отыр. Бүгінде еліміз да-мыған елдер қатарына қосылуы үшін әлемдік аренада өзінің лайықты орнын айқындауында білім жүйесінің алатын орны ерекше.
Отандық білім беру жүйесінің әлем-дік стандарттарға сай болуына және үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыруға септігін тигізетін жобалардың бірі – ха-лықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Финляндияның ХАМК қол-данбалы университетінде «Жоғары сы-ныптардағы оқытудың теориясы мен практикасы» атты педагогикалық тағы-лымдамадан өтіп, алған білімімді тә-жірибе жүзінде шыңдаудамын. Тағы-лымдама барысында Финляндия мек-тептерінде ағылшын тілінде сабақ бе-ріп, ағылшын тілін білу деңгейін жетіл-діріп, тіл емес пәндерді ағылшын тілін-де өткізу – CLIL әдісі бойынша тәжіри-бемді шыңдай түстім.
Бүгінде гимназияда 5-сынып оқу-шыларына математика пәнінен қазақ балаларына ағылшын тілінде сабақ беріп, өзге елде алған білімімді тәжі-рибе жүзінде қолданудамын. Сабақта оқушылар терминдерді үйренумен қа-тар тақырыптық тапсырмаларды орын-дап, бейнематериалдарды тыңдайды, сондай-ақ оқушылар математикалық терминдермен қатар күнделікті сөз тіркестерін үйреніп, ағылшын тіліндегі сөздік қоры кеңейеді. Еуропада алған тәжірибемді барынша шеберлікпен пайдалану нәтижесінде оқушылардың тыңдау, сөйлеу, жазу және оқи білу дағдысы артып келеді. Тақырыптық тапсырмаларды Zambak басылымдағы оқулықтардан пайдаланып отырмын, дегенмен өз елімізден отандық кітап-тарымыз да басылымға шықса, сапалы білім алуға кепіл болар еді.
Әрине, тіл үйретудің өзіндік қиын-дықтары болатыны белгілі, соның ішінде уақыттың тапшылығы, сабақ сағаттарының аздығы оқушыларым-ның пәнді және тілді толыққанды иге-руіне кері әсер етеді. Алайда қиыншы-лықтарға қарамастан, болашақ ұрпақ-ты үйретуге бар күшімді салудамын.
«Болашақпен» өткен тағылымдама тек шет тілін шыңдау мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар шетелдік білім беру жүйесімен танысып, әріптестер-мен тәжірибе алмасудың зор мүмкін-дігін берді. Бүгінде маман ретінде елі-міздің азаматтары ана тілінде еркін сөйлеп, басқа тілдерді меңгергені жөн деп ойлаймын. Ана тіліміздің мәрте-бесі күн сайын жоғарылап, басқа тіл-дерді меңгеру деңгейіміз арта берсін деп тілеймін!

Қаралым саны 1026

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463