Аурухана салған алашшыл дәрігер

Туған халқының өз алды-на ел болып, дербес қазақ мемлекетін құруын арман-даған, сол ұлы мақсат жолы-на бар ғұмырын сарп еткен ақжайықтық алаш арыста-рының бірі – Бақтығали Бисенов. Оның өмірбаяны, кәсіби қызметі мен саяси кү-ресі жайында бүгінгі таңда біраз дүние жазылып, жа-рияланды. Ұлтжандылық-тың, патриотизмнің үздік үл-гісіндей жерлесіміздің жан-кешті тағдыры ол басылым-дарда нақты деректер арқы-лы жан-жақты баяндалған.

Десек те, келер жылы туғанына 127 жыл толатын көрнекті тұлғаның ғұмыр-деректеріне қатысты екіұдай пікір туғы-затын, зертеулерді қажет ететін жайт-тар әлі де баршылық сияқты.
Біріншіден, Бисеновтің есімі түрлі дереккөздерінде Бақтығали, Бақи, Бақыш немесе Бах деп әртүрлі көрсе-тілген. Күні бүгін де солай айтылады. Дұрысы қайсы? Біздіңше, осы сауалға қатысты мәліметтерді сараптай, ата-анасының о баста азан шақырып қой-ған есімі Бақтығали екенін анықтаған ғалым Д. Сүлейменованың пікіріне бір-жола тоқталғанымыз дұрыс. Бахи, Ба-қыш деп ауылдастары қысқаша нұсқау-мен атап кетуі біздің қазаққа тосын жайт емес қой. Ал Бисеновтың жеке басына қатысты, әсіресе, орысша құ-жаттарда жиі кездесетін Бах есімі де осы ретпен қысқартылып жазыла салуы әбден мүмкін.
Екіншіден, туған жылы аудандық, облыстық энциклопедияларда 1889 жыл деп көрсетілсе, бірқатар мұрағат-тың қор кұжаттарында 1890 жыл екені назар аударарлық. Бұл жөнінде де та-рихшылардың пікірі «1890 жыл дұрыс» дегенге саяды.
Б. Бисенов – жоғары білімді дәрі-гер, Саратов императорлық универси-тетінің 1914 жылғы түлегі, бірінші дү-ниежүзілік соғысқа қатысушы. «Емші-дәрігер» біліктілігі бойынша еңбек жо-лын 1917 жылы 13-інші Қызылқоға ауылдық дәрігерлік учаскісінде баста-ған. 1917-1923 жылдары өңірде бірне-ше мәрте орын алған аса қауіпті жұқпа-лы дерттерге қарсы шұғыл шараларды ұйымдастырғаны туралы деректер бел-гілі. Оны қайталамай, бұл жолы Б. Би-сеновтың Калмыков өңірінде алғашқы ауруханалар салуына тоқталмақпыз.
Дәрігер ретінде өзінің кәсіби қыз-метін бастаған жылдар өңірде аса күр-делі ахуал орын алған кезеңмен тұспа-тұс келді. Уездегі патшалық әкімшілік тарап, жаңа билік жасақталмаған жағ-дайда денсаулық саласын жолға қою, өршіген індеттің алдын алу үшін болыс-тық, уездік басшылыққа иек арту мүл-дем мүмкін емес болатын. Жалғыз жол – халықтың қолдауы. Уезде, аз дегенде, екі аурухана салу жөнінде бас дәрігер Б. Бисенов губерния басшылығына, губздравқа (губернелік денсаулық сақ-тау бөлімі) ресми ұсыныс түсіреді. Бас-тапқы төрт-бес жылда-ақ білім-білігі-мен, еңбекқорлығымен елге танылып үлгерген жас маманның бұл қадамы халықтан қолдау тапты. 1923 жылдың алғашқы айларынан осы мақсатқа тұр-ғындар қаражат жинай бастады. Қай-сыбір деректерге қарағанда, уездегі ау-қаттылар мен жағдайы көтеретін орта шаруа өкілдері – негізінен, қыр қазақ-тары ерекше белсенділік танытқан. Сөйтіп, бір Байбарақ болысында 1923 жылы, екіншісі Қаракөл болысында 1924 жылы өңір тарихында тұңғыш екі аурухананың құрылысы халық қаржы-сына басталып кетеді. Ал губерния бас-шылығы іске сырткөз бақылаушы ре-тінде қалған. Әншейінде даңғазалыққа құмар большевиктік билік облыстық га-зетте Бисеновтің бастамасына орай ауыз ашпаған, пәлендей жаңалық бол-маған сыңай танытып, ауруханалар ашылған күнде дәрі-дәрмекпен, құрал-жабдықпен қамтуға ыңғай білдірмеген. Мүмкін бұл түсінікті де шығар. Таптық өзара өшпенділік туғызу арқылы қо-ғамды жікке бөліп, төңкеріс жолымен орнаған пролетарлық билік байлардың бұқараға жасаған мұндай қамқорлы-ғын ұната қоймасы белгілі. Дара билік иесі дәрежесіне әлі де жете қоймаған, әлеуметтік салаға көмек берерге көк тиыны жоқ, бар күш-қуатын банди-тизмге, ашаршылыққа, дінге қарсы кү-реске, халықтан салық жинауға жұмсап жатқан сол кездегі әлжуаз атқарушы органдардан не үміт, не қайыр?
Сонымен бірге Бисеновтің қызмет-тік ерек белсенділігі, губздравтағы әріптестері мен бұқара қолдаған баста-машылдығы, тәуелсіз іс-әрекеттері, ол неше жерден тұрғындар мұқтажына, сұранысына сай келсе де, жоғарыдан бір қолдау таппай қойды.
Ол ол ма, жоғарыда аталған халық-тық құрылыстардың қаржы-материал-дық қамтылуынан, аяқталу мерзімінен қылмысқа пара-пар кемшіліктер іздеп табу үшін тіміскі тексерістер ұйымдас-тырылып, дәрігердің үстінен іс көтер-мек болады. Алайда үкімет қаржысына еш қатысы жоқ, пайдаланысқа беру мерзімі де дәрігерді қолдаушы көпші-лікке байланысты нысан арқылы жа-зықсыз адамды қылмысқа тарту бұл жо-лы жүзеге аспаған. Бұл, шын мәнінде, Бисеновты сүріндіруге бағытталып, сәт-сіз аяқталған қуғын-сүргіннің алғашқы қадамы болды.
Аталған жағдайға жауап ретінде
Б. Бисенов өзі жетекшілік еткен сала-ның – уездік денсаулық сақтау бөлі-мінің жұмысын жұртшылықтың қолда-уымен одан әрі жандандырды, үйсіз-күйсіз қариялар мен ашаршылыққа ұшыраған кезбелерге жалпыхалықтық көмек ұйымдастыралады, жетімхана-ларды жеке өз қамқорлығына алады. Оның тікелей басшылығымен қырдағы қазақ ауылдарына дәрігерлік-санитар-лық, профилактикалық қызмет көрсету үшін құрамында бірнеше маман дәрі-гер бар жылжымалы «Қызыл үй» бри-гадалары ұйымдастырылған. Д. Сүлей-менованың Батыс Алашорда қайрат-керлері туралы еңбектерінде Б. Бисе-новтің денсаулық негізі алдымен сәби күтімі мен адамдардың дұрыс тамақ-тануында екеніне ерекше мән беріп, атқарушы билікке етті-сүтті бағыттағы ірі қара санын көбейту туралы ұсыныс жасағаны атап көрсетілген. Жыл сайын тұқымдық бидай түрінде үкіметтен ссу-да алып, құрғақшылық салдарынан қа-рызға белшесінен батқан артель, ком-муна т.б. алғашқы ұжымдық еңбек бір-лестіктеріне қолдау-көмек көрсетілді. Ауылдардағы аса күрделі жағдайды губком басшыларына бүкпесіз жайып салады, тығырықтан шығудың амалын айтып, тегеурінді талаптар қояды.
Ол халқының бақытын армандай-тын, бұл туралы жұрт алдында талай айтқан. Халықшыл мінезден, қара қыл-ды қақ жарған турашылдықтан оны ке-ңестік биліктің қаһары да, төніп келе жатқан НКВД-ның қанды қылышы да бас тартқыза алмады. Сол үшін де оған халық шексіз сенім артты. Демек, Б. Би-сенов өзінің күреске толы 48 жыл ғұмы-рында тек кәсіби (дәрігерлік) маман-дығы шеңберінде ғана жұмыстанып қоймай, өңірдің өзге де сан тарау тір-лігіне батыл араласқан.
1937 жылы қыркүйекте Б. Бисенов-ке «контрреволюционер, ұлтшыл» де-ген айып тағылып, кезінде Орал әске-ри-реалды училищесінде Иса Қашқын-баев, Ғ. Есенғұлов, Ы. Шұғылов сынды қайраткерлермен бірге оқығандығы, Батыс Алашорда жетекшілерімен ниет-тес, дербес қазақ елін құру идеясын қолдаушы екені негізінде тұтқындала-ды. Ал сол жылдары тұтқындалғандар-дың өз «кінәсін» мойындату үшін қан-дай жантүршігерлік азапқа түсірілгенін біз жақсы білеміз. Қамауда отырған бес айда Бисеновке де жасалған зұ-лымдықты шамалауға болады. «Тота-литарный режим искалечали судьбы миллионов людей..., он подвергал прес-ледованию всех тех, кто был носителем духовности, гуманизма, справедливос-ти и добра, всех, кто имел высшее тех-ническое, медицинское, юридическое и педагогическое образование. Эти хро-никальные материалы нельзя читать без содрогания», - деп жазған болатын қызыл империяның өркениет тарихын-да бұрын-соңды болмаған бұл сұмды-ғы жайында академик М. К. Қозыбаев.
Б. Бисенов РСФСР ҚК-ның 58-26 58-11-баптары бойынша 1938 жылы 19 ақ-панда Орал түрмесінде атылады. Ар-тында жұбайы Жанша, 17, 12, 4 жаста-ғы ұлдары Махмұд, Мәжит, Әнуар, 9 және 1 жасар қыздары Зейнеп пен Роза қалды.
Роза Бақтығалиқызы – бүгінде зей-неткер, ұзақ жыл ұстаздық қызметте болған, партия, комсомол органдарын-да жұмыс жасаған.
Роза апай елге келіп, ауылдастары-мен, ақжайықтық жастармен жиі кез-десіп тұрады. Әкесі Б. Бисеновтің сонау аласапыран жылдарда салдырып кет-кен аурухана-емхана ғимараттарына ескерткіш белгі тақта орнату салтана-тына (2013 ж.) қатысты. Әр жүздесуде жанары өткір, әңгімесін екі тілде бір-дей айтатын Роза ападан жастарымыз өткен уақыттың тарихи шындығы, бүгін тәуелсіздігіміздің қандай күш-жігер-мен, құрбандықтармен келгенін ұғары анық. Естуімізше, Базартөбеде Б. Бисе-новке арналған мұражай ашу ісі қолға алынған көрінеді. Мектептерде оқыр-мандар конференциясы тұрақты өткізі-ліп келеді. Жалпы, оқушыларымыздың Алаш қайраткерлеріне қатысты қызы-ғушылығы артып отыр. Жиырмасын-шы, отызыншы жылдар жылнамасы бойынша өткізетін сабақтарда жоғары сынып оқушылары алашшылардың ар-ман-тілегіне, отаншыл-ұлтжанды обра-зына, аса білімдарлығы мен тағдыр-трагедиясына қатысты сұрақтарды жиі қояды, өз бетімен ізденіп, баяндама-лар жасауға, сөйтіп, Алаш тағылымына терең үңілуге, олар қалдырған мол мұ-раны үйренуге құштар.
Ендеше, Бақтығали Бисенов есімі, барша Алаш арыстарының өнегесі еш-қашан ұмытылмайды, тәуелсіз еліміз-бен мәңгі бірге жасайды.

Қаралым саны 1480

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463