Әкем туралы естелік

Райхан ТАСҚАЛИЕВА,

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, №18 мектеп-балабақша кешені, Орал қаласы

Исі қазақтың атамекені – ауыл. Бәрі күні кеше сияқты, топырағыңда жалаңаяқ шаңшаң болып, алаңсыз асыр салғаным. Балалықтың балауса балдәурені өткен туған жерім есіме түссе, санамдағы марқұм әкем мен анамның қасында өткізген бақытты сәтім сайрап жөнеледі...

Қаратөбе ауданы әуелден-ақ ән мен жырдың Меккесі атанған. Талай дүлдүл ақындар да, жезтаңдай әншілер де, дәу-лескер күйшілер де дүниеге келген қа-сиетті жер. Бұл өңірдің бар байлығы адамдары десек, жөн шығар. Солар-дың бірі менің қарапайым әкем еді.
Әкеміз Ғани Тасқалиев темірден түйін түйген шебер, зергер, ұста бол-ған. Ол 1930 жылы 8 наурызда Орал облысы Қаратөбе ауданы Ақтайсай ауылындағы Алакөл фермасында дү-ниеге келген. Тасқали атамыз, Хамза әжеміз совхоздан шалғайдағы Алакөл фермасында тұрған екен. Мектеп сов-хоз орталығында болғандықтан, әкеміз ересек балалармен интернатта жатып, 7 кластық білім алған.
Балалық шағы Ұлы Отан соғысы-ның отты жылдарымен тұспа-тұс келіп, сабан айдап, егін орып, өгіз арбамен шөп тасып, еңбекке ерте араласыпты. «Бұғанамыз қатпаған жас баламыз, өгіз арбаның үстінде ала таңнан жүргесін қалғып ұйықтап кетем. Сұм соғыстың ащы зардабын көп көрдік. «Қара қағаз» келген үйден аналардың зар еңіреп шыққан дауысы сай-сүйегіңді сырқыратады. Қатты қорқатын едім, сендер соғысты көрмеңдер», - деп әңгімелеп айтып отыратын.
Бала кезімде әкем айтқан мына әң-гіме есімде қалыпты. Ақтай ауылынан көп қашық емес «Шыңғыс» деген жер-де көмірге ұқсас қиыршық тасты Қара-ғанды қаласындағы көмір өңдейтін за-уыттың зертханасына алып барған. Зертхана меңгерушісі әлі пісіп жетілме-ген тастардың уақыт өте келе көмірге айналатынын айтқан. Кейін тап осы жерден отқа жағатын мұнай тәріздес мазут өндірілді. Әкеміздің сол кезден зерттеушіге тән қырағы қабілетін бай-қауға болады.
Ауылда бір кісідей тер төгіп, еңбек етті. Жеті атаға дейін үзілмей жалғасып келген киелі ұсталық өнердің қыр-сы-рын терең меңгерген. Көненің көзіндей атадан балаға мирас болып келе жат-қан зергерлік өнердің өзіндік құпия сырлары да бар. Үйдің жанына салын-ған сарайда қолмен басатын көрігі болатын. Онда темір төс, түрлі балға-лар, қысқаш, іскенже, қолқайрақ, аяқпен басатын қазақы қайрақ, үлкенді-кішілі үгіндірік (көмір көсейтін құрал), қорап-шаларда шегелердің небір түрлері бо-латын. Әйтеуір, керекті құралдардан көз тұнатын.
Ауыл тұрғындары өздеріне қажетті бұйымдарды: көсеу, шоқ салатын аяқ, күл алатын қалаққа дейін жасатып алып, алғысын қарша жаудырып, қуа-нып алып жататын. Көбіне совхоздағы мал шаруашылығына керекті қамыт, доға, шананың темір табандарына де-йін соғатын. Орақ жапырақшаларын жасап, қайрап беретін. Қазақша жыл санау бойынша қоян жылы, яғни 1963 жылы Ермек балғашысы екеуі «Алып арба» – қос темір дөңгелекті пішен та-ситын арба жасапты. Оны шынжыр та-банды трактор ғана тартады екен. Тиел-ген шөпті қолмен айырлап бейнеттеніп түсірмей, әдейі шынжырлы темір ыр-ғақтар орнатылған. Түсіретін жерге әке-ліп, трактор қозғап сүйрегенде шөп өзінен-өзі сыпырылып түсе қалады. Жаңалыққа жаны құштар әкеміздің тапқырлығына шөп шабушылар қызы-ғушылықпен қараған.
Әкеміз осындай ірілі-ұсақты бұ-йымдарды ерінбестен, бар пейілімен құлшына орындайтын. Кішкене кезі-мізде ойнап жүріп, есіктің алдына келіп қарап тұратынбыз. Әкеміз маңдайынан шып-шып шыққан терге қарамастан, бір қолындағы дәу балғамен білектей қып-қызыл темірді шоққа қыздырып алып, төстің үстіне қойып, бар күшімен соғып, қажетті заттарын жасайтын. Атадан аманатқа қалған ұсталық өнер әкемізді еңбек жолында шыңдай түсті.
Ауыз толтырып айтар үлкен еңбек-тің арқасында әкеміз «Еңбек ардагері» атанды.
– Онжылдық мектеп ашылған соң балаларым оқысын деп, көрші совхоз-дан көшіп келдім, - деп жиі-жиі айтып отыратын. Бар болғаны жетіжылдық бі-лімі болса да, әкеміздің қолынан М. Әуе-зовтың «Абай жолы» романы, І. Есен-берлиннің «Көшпенділері», Х. Есенжа-новтың «Ақ Жайық» трилогиясы т.б. та-рихи құнды шығармалар түспейтін. Өмірдің тауқыметін басынан өткізген ол мақалдап сөйлеп, оқыған кітапта-рын өмірмен байланыстыра айтып отыратын. Жыл сайын басылымдарға жазылатын. «Пионер» (қазіргі «Ақ жел-кен»), «Балдырған», «Білім және еңбек» (кейін «Зерде» атанды) журналдары, «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш» (бұрын-ғы «Лениншіл жас») газеттері т.б. об-лыстық, республикалық таралымдарды құшақ-құшақ алып, қызыға оқитынбыз. Газет, журнал беттеріндегі жаңалық, мақала, шығармаларды үзбей оқып, өмірге керекті деректі үйренетінбіз.
Әлі есімде, біздің үйде үш теледи-дар болатын. Көрсетпей қалса, бірінен соң бірін сатып алатын. Ол күндері қа-зіргідей шетелдік кинолар емес, қазақ-ша фильмдер, айтыс, көкпар т.б. ұлт-тық тәлім-тәрбиеге бай хабарларды та-машалаймыз. Рухани жан-дүниеңді шыңдар әке-шеше тәрбиесінен нәр алып өстік. Әкеміздің темірдей қатал тәрбиесін көріп, анамыздың мейірімге толы ыстық аялы алақанында қанатты-ға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттыр-май ержеттік. Күншуағы мен көлеңкесі қатар жүретін өмір белесінің алғашқы баспалдақтарын осылай аттағанбыз...
Жазда үйдің алдына шағын бақша салатынбыз. Қолмен суарып, арамшө-бін жұлып, күту біздің мойнымызда. Малды өріске айдап, кешке түгендеп аламыз. Мал азығын дайындауға кө-мектесеміз. Шөп, жем жинау науқа-нында қызу жұмыс басталатын. Үй құс-тары тауық, үйрек, қаздың балапанда-рын көгалға жаямыз, уақытында жем шашып, тұратын сарайдың ішін әлсін-әлсін тазалаймыз. Осындай күнделікті үйдің күйбең тірлігіне қолғабыс беріп келгенде әкеміз «құлша жасап, бише ішіңдер» дейтін, анамыз болса, үстелге ұлттық құнарлы тағамдарды толтырып қоятын. Әкеміз: «Күнкөріс қайда? Арыстанның аузында, Түрікменнің тө-рінде» - деп тақпақтап жөнелетін. Ол өте сөзге шебер, әңгімешіл, ашық жар-қын, қарапайым, болмысынан кісілігі, парасат-пайымы бөлек адам болатын. Еңбекшіл болуға үйрететін. «Бүгінгі жұ-мысты ешқашан ертеңге қалдырмаң-дар» - деп отырушы еді.
«Бала кезінде қатаң тәрбие көріп өскен ұл мен қыз есейген соң ата-анасын, елін қуантатын азамат бола-ды», деп ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-анамыздың қазақы тәр-биесін зердемізге сіңіріп өсіп-өндік. «Тәрбие – тал бесіктен» дегендей, бо-йымызға еңбекқорлық, қарапайымды-лық, кішіпейілділік, ұқыптылық, ізде-німпаздық қасиеттерді үйреткен ата-анамыздың орны ерекше.
Әке-шешеміз дүние-мүлікке қы-зықпаған, ар-ұятын сатпаған, ешкімге ғайбат сөз айтпаған жандар еді. Көз-қуаныштарына айналған балаларына дұрыс жол сілтеп, сарқылмас тәрбие беріп, ұядан ұшырды. Бар саналы ғұ-мырын бала болашағына арнаған әке-мізді, анамызды сағынышпен еске ала-мыз. Биыл әкеміздің дүниеден өткені-не табаны күректей жиырма жыл өтіп-ті. Мейлі, қанша жыл өтсе де, әкем мен анам берген тәрбие есімізде мәңгі сақ-талады...

Қаралым саны 4308

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463