«Тарпаңды бассам тақымға!»

Мұрадым МИРЛАНОВ,
ақын:

– Мұрадым, Сіздің есіміңіз жұртқа алғашында айтыс ақыны ретінде таны-лып еді. Соңғы кезде атқұмар, асау-үйреткіш қырыңызды телеарналар жарыса көрсетіп жатты. Шындығын айтыңызшы, ақын Мұрадым мықты ма, атқұмар Мұрадым мықты ма?

– Қай Мұрадымның мықты екенін білмеймін, бірақ екеуі де осал емес (кү-ліп). Ауылда өстім, атқұмарлығым қара сөзге құмарлықтан бұрын басталды. Төрттен бес жасқа қараған шағымда әжемнің інісінің баласы Қуаныштың ар-тына мінгесіп малға кететінмін. Қуаныш-тың тізгін тартса, көкке секіріп, артқы аяғымен тік тұратын бір көзі соқыр көк аты болды. Қазір ойласам, көк ат аспан-ға тік шаншылғанда мінгесіп отырған төрт жасар мен қалай түсіп қалмайты-нымды білмеймін.
Қуаныш далада бос жүрген жылқы-ны жүгенсіз ұстайтын, жайдақ мінетін еді. Ауылдың ең асау аттарына алды-мен осы нағашы ағам бас білдіретін. Ат адам таниды, нағашымнан жылқы біткен қорқатын.
Кішкентай кезімде қоймай жылап, құлыншақты ұстатып мінетінмін. Құлын-шақ қалай еткенде де құлатып кететін. Жеті жасымда даладағы жылқыны мі-ніп келетін болдым.
Он жасымда әжем өмірден өтіп, сол жылдан мал бақтым. «Кешегі өткен он жасым, Он жасымнан бері қарай, Дом-быра болды сырласым» деп Аралбай ақын жырлағандай, домбырамен кейін таныссам да, бала күнімнен жылқы-ның жалында өстім. Жылқымен алғаш ұзақ жолға он бір жасымда шықтым. Әкем екеуміз Күйгенкөлдің Бұқар де-ген жерінен Жәнібекке мал айдап бар-дық. Ала таңмен шыққаннан түннің ор-тасына дейін тоқсан шақырымдай жер жүрдік. Күздің қара суығымен есте қал-ған ең ұзақ жолдай есімде қалды.
Аттан көп құла-дым. Ер айылымен сыпырып, артынан түсіп қалып, талып жатқан кезім де болды. Аттың басын жіберіп қойып, ша-уып келе жатып бағанаға тіке соғылғаным бар. Сонда жылқының бұрады деп маған сенгені ме, білмеймін?.. Асау тайды үйретіп жатып, құлаған тайдың астында аяғым қалып қойғаны бар. «Ат жалын төсейді» деген сөз рас, қанша құласам да, мертікпедім.
Бұрын жастықпен асауларға ойлан-бастан міне беретінмін. Қазір сақтық-пен, дәретпен, дұғамды айтып міне-мін. «БисмилләҺ, әлхамду лилләҺ» деп, «Бізге мұны бағынышты еткен АллаҺ пәк. Әйтпесе, біз оның маңына жуи ал-мас едік. Сөзсіз біз Жаратушы Иеміз жаққа қайтып барамыз» деп көлікке мінгенде оқылатын «Зухруф» сүресінің 13-аятын оқимын. Биыл бес асауды үй-реттім. Бағыма орай, бала кезімнен өң-шең жүйрік тап болады.

– Осы атқұмарлықтың соңына тү-сіп, бір кездері елден жырақтап, ауа қонды деп те естиміз. Бұл қалай бол-ды? Отбасыңыз қалай қарайды бұған?
– Іздесең мені кімде, кім,
Қаладан іздеп жүрмегін.
Үйіме іздеп кірмегін.
Аязды боран, ақ қардың
Арасында өмір сүргенмін.
Солармен мәңгі біргемін.
Жетелеп мені ілгері
Күндерім менен түндерім.
Төсек сап қырдан бір керім,
Қарыма құрық ілгемін.
Іздесең мені кімде, кім,
Сол жерден келіп бір көрін, - деп Мұқағали ақын жырлаған екен. Ол кісі де жылқы баққан. Тас қалада үйге сый-май, дала аңсап тұрасың. Төле бидің ұс-тазы Қоңқа би «Адам баласының екі тү-рі болады, бірі – үй, бірі – түз адамы» деген екен. Өзімді түз адамы деп ой-лаймын. Ауылға кетемін, өңіріміздегі атбегілерді, іздеп қырларды аралай-мын. Солардың қасында апталап жа-тып ат жаратысамын.
Елден жырақтамағанмен, бәйге ат-тарын ұстап, бие сауу мақсатымен қа-ла іргесіндегі Сарытау басына айлап қонғаным рас. Биыл көктемнің алғаш-қы ұрық жаңбырына, көкке ат жайдым. Отбасым қарсы да болған жоқ, қошта-ды деп те айта алмаймын. Бұл, бір жа ғынан, қалада өсіп келе жатқан балала-рыма жақсы болды. Қазір екі балам ат-құмар, аттың түр-түсін ажыратып, бәй-ге десе елеңдеп, теледидардан көкпар-ды жібермей көреді. Ал өзім осы жо-лы жылқы бағудың қыр-сырын үйрен-дім. Бір ай тоқтамай жауын жауып, одан маса шықты. Күн ысығанда шыбын, күз-де бөгелек басталады. Жылқыға жыл-қыдай адам керектігін осы жолы жақ-сылап ұғындым. Қазақ «Жылқы – жау-дың малы» дейді, ұзын сирақ бір-ақ сәт-те көзден таса болады. «Астыңда атың болса айғыр, жатып ал да қайғыр» де-ген, түнгі тыныштықта 40-50 шақырым жерден биенің даусын еститін айғыр-ды бағу қиын. Бес айғырды бірге ұстау оңай болмады. Осының бәрінен өтіп шығу, далада қос тігіп жату жылқыға құмарлықтан шығар. «Аттылы кедей аштан өлмейді» дегендей, алдағы уа-қытта жылқы шаруашылығымен айна-лыспақ ойым бар.

– Өз ойыңызша, ХХІ ғасырдың қа-зағы мен жылқы жарықтықтың ара-қатынасы қандай болуы керек? Ол үшін не қажет?
- Мектеп бітіріп, ауылдан кеткеннен кейін үйдегі жылқылар сатылды. Оқу дедік, қызмет дедік, айтыс дедік, шаңы-рақ құрдық, сөйтіп қалада он жылдай уақыт зу етіп өтіпті. Үш жыл бұрын Тай-пақтың Қараоба деген қыстағындағы атақты атбегі Құбайдолла Биғазы досы-ма бардым. Қара қасқа атты ерттеп бер-ді. Тоғыз жылдан кейін мінуім екен. «Ат-қа мінген атасын танымайды» деген, баяғыша тізгінді қоя бердім. Шамалы шапқан соң ауа жетпей, екі бүктеліп қалдым. Біртіндеп шапқан соң қалпы-ма келдім. Ат үстіндегі адамның тыны-сы ашылатынын, көкірегі кеңейетінін сонда түсіндім. Үш-төрт күн қона жа-тып, аттан түспедім. Қалаға жетіп, жетін-ші қабаттағы үйге көтерілгенде қимы-лым ширап, денем тартылғанын сез-дім. Содан атқа мінудің пайдасын түсі-ніп, жылқылы ауылға жақындай баста-дым. Өзім де ер-тұрманымды бүтіндеп, жылқы жинауға кірістім. Жылқы үстін-де адамның жүзден аса бұлшық еті жұ-мыс жасайды екен. Күніне екі-үш сағат атпен серуендеген адамға ешқандай спорттық жаттығудың қажеті жоқ. Сон-дықтан ХХІ ғасыр қазағының да жылқы-дан алыстамағаны абзал. Ауылдағы ат-бегі қариялардың жетпіске келіп те ат-қа секіріп міне алатынына мән берме-дік. Сексенбай, Тоқсанбайларды таптыр-ған ат үстінде жүрген сүйегі асыл ата-ларымыз ғой.
Қазақ пен жылқының байланысын білген отарлаушылар аталарымызды алдымен аттан түсірді. Орыстар атты-лы қазақтан қорқатын. Себебі Алтын Орда тұсында Мәскеудің төрінде ат ой-натып, салық жинаған бұл қазақ. Жыл-қысынан ажыраған қазақ рухынан айы-рылды. Байдың малын кәмпескілеп, жарлының жалғыз атын алды. Больше-виктердің асыл тұқымдыны үйірімен жардан жыққан оқиға аз емес. Тұқым-дық қалмады. Бір деректерде 8 мил-лион жылқыдан 150 мың қалдырған делінеді. Бұл күні жан-жақтан асыл тұ-қымды жылқы алып, сапасын арттыру-ға тырысуда. Ауыл-ауданда ат спорты мектептері ашылып, қазақ қайта атқа қона бастады. Қуанарлық жағдай. Атқа мінген қазақ ауруынан айығады. Құран Кәрімде «Жылқыны сендер мінсін, сал-танат құрсын деп жараттық» делінген («Нақыл» сүресі). Қиссаларда жылқы-ны жәннаттан түскен жануар, алғашын-да төрт көзді болған, жылай-жылай екеуінен айырылып, көзінің үстіндегі екі ойығы суалған жанарының орны де-лінеді. Қазақ «Ат жалында қиямет күні-не дейін жақсылық бар», «Ат түске де-йін баққан адамның түстен кейін тіле-уін тілейді» дейді. «Жылқы бағу адам-ға сауап әпереді» деген Пайғамбары-мыздан (с.а.с.) жеткен хадис бар. Ата-бабамыз жылқының пірі Қамбар ата дейді. Қамбар дегені – Пайғамбары-мыздың (с.а.с.) төрт шадиярының бірі болған хазіреті Әлидің атбегісі болған Гамбар. Осының бәрін біліп, ата кәсіп-тен қол үзбеуіміз қажет.

– Қазақ жылқысының болашағын қалай елестетесіз? Батыс Қазақстан облысында ат спортының жағдайы қалай?
– Қазақ жылқысы жайлы мәлімет аз. Түйгенім – әлемдегі жылқы атаулы қазақ жылқысы мен араб жылқысынан тарайды. Әлемдегі ең әдемі араб жыл-қысының V ғасырдан бері келе жатқа-ны жайлы мәлімет болса, қазақтың қай ғасырдан жылқы үйреткені жайлы де-рек жоқ. Жабы деп жүргені – жабайы жылқы. Жылқы – құлан тектес жануар. Құландар Жайық жағасында көп бол-ған. Атқұмарлар биелерін құлан үйірі-не қосып, тұқым алып отырған. Түсі құ-ла, арқасында құландікіндей қара сы-зығы бар жылқылар әлі күнге кездесе-ді. Түркіменнің Ақалтекесі де жабайы құланнан алынды. Қазіргі сұранысқа ие, алыстан алдырып жүрген ағылшын жылқысының атасы осы қазақ, араб және түркімен жылқысынан алынған. Ресей Буденный, Дон жылқыларының селекциясына Жайық және Торғай өңі-рі жылқыларын пайдаланған. Қазақ да-ласына келген саяхатшылар жорғаға таңғалып, оның тұқымынан Рысактарды шығарды. Ал қазақ жорғасы жоғалу-дың аз-ақ алдында. Жорғаның тұқым бере беруі қиын. Үстіндегі кеседен су төгілмес жорғаны кездестіре алмай-сыз. Нарын құмында ғана қалды. Оның өзі баяғыдай емес. Өңіріміздің жылқы-сы кеңес дәуіріндегі селекция нәтиже-сінде шатысқа айналды.
Бүгінде ат жарысы көптеп өткізілу-де. Жыл сайын Елорда төрінде «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі ұйымдастыры-луда. Елу бір шақырымнан ұзартпай отыр. Шетелден әкелінген асыл тұқым-дылар қазақ жылқысына бәйгені бер-меуде. Бұрын аламан ең кемі 70 шақы-рым болған, қазіргідей айналдырып жа-рыстырмаған. Бәйгені 70 шақырымға созса, қазақ жылқысы сөзсіз келер еді. Соңғы кезде қандыларды бөлек, қаза-қыларды бөлек шаптырып жүргенін құптаймын. Жорға жарыс там-тұмдап өтеді, желдіру жарысы тыйылды. Осы-лар қайта қолға алынса дейміз.
Қазақ жылқысы ыстық пен суыққа шыдамды. Қалғанын сақтауымыз ке-рек. Ал сіз айтып отырған Оралдағы ат спорты мектебіндегі жылқылар түрлі тұқымнан құралған. Аты бар, заты жоқ бұл мекемені жұрт та жақсы біле бер-мейді. Жылқыларының жартысы – же-кенікі. Ал олардың жегені – үкіметтің жем-шөбі.
Қаңтар айында аталмыш мектепке жұмыс сұрай бардым. Қолымнан келе-тін іс болған соң ат баптағым-ақ келді. Спортфактың дипломын сұрады. Дене шынықтыру факультетінің жылқыға қан-дай қатысы барын білмедім?! Еш жала-қы алмай, төрт ай сонда жүрдім. Байқа-ғаным, көкпаршы жастар атпен шауып, тартысумен шектеледі. Жылқыны бап-тау, күтуді ойына да алмайды. Тіпті ат тазалайтын құралдар жоқ. Жылқының тұрған жері дұрыс емес, бетон үстінде тұрады. Аяқтан өткен сыздан құлаған аттарды көрдім. Қыста астына төсейтін шөп түгіл аузына салатын сабан болма-ды. Күнделікті шөпті Асан шаруашылы-ғынан сатып алып отырды. Бір орама шөпті 25 жылқыға бөледі. Оны бір са-ғатқа жетпей тауысатын жылқылар кеш-ке дейін шөпсіз, кештен таңға дейін алды бос тұрады. Жемді атымен көр-медім. Жаздыгүні де жылқы жаюды білмейді.
Бұл мекеменің бұрынғы басшысы сотталған болатын. Мұнда әлі де жақ-сы аттардың барлығын басқа жаққа көкпарға барғанда сатып кетіп отыра-ды. Кезінде он төрт мың долларға ба-ғаланған жылқыны сатып, орнына жа-ман тай әкеліп қойғанын көз көрді. Бұ-рын біздің көкпаршылар республикада үшінші орынға табан тіреп жүрсе, биыл 14 облыс арасында ең соңғы болды. Көтерем атпен көкпарға бару өз алды-на, көкпаршылардың дұрыс киім фор-масы да жоқ. Негізі, ат спорты мектебі-нің сақталып қалуына қуануымыз қа-жет. Бірақ қазір дұрыс жылқысы қал-маған бұл мекемені мемлекет асыра-уынан алып, жанашыр жеке кәсіпкер-дің қолына берсе немесе әркім өз аты-мен ойнайтын клубқа айналдыру ке-рек деп ойлаймын. Ат спорты, туризм, бәйгелер арқылы өз-өзін асырауы тиіс мекеменің бүгінгі халі мүшкіл...

– Мұрадым, естідіңіз бе, жақында «Америкада 45 мың жабайы жылқы-ны қырып, үй жануарларына жайы-лым босатады екен» деген ақпарат шықты ғой. Әлеуметтік желілерде кейбір қазақтар «Ол жылқыны Қазақ-станға әкелейік, Бетпақдалаға жібере-йік» деген ұсыныстар айтып жатты. Бұл мүмкін бе? Жалпы, бір кездері қазақ даласында да жабайы жылқы – тарпаңдар үйір-үйірімен жосып жүріп-ті дейді. Қазір бізде жабайы жылқы бар ма?
– Ақпаратты әлеуметтік желіден оқы-ғанмын. Мұхит асырып Қазақстанға әкелу іске аспасы анық. Негізі, далада-ғы жылқыға бір-екі жыл тиіспесе, жаба-йы боп кетеді. Біздің елде жабайы жыл-қылар жоқ дей алмаймыз. Кәмпескіден қашқан байлар асыл тұқымды жылқы-ны шетел асырып алып кетті. Солардан қалып, жабайыға айналған үйірлер бар. Дәл қай жерде екенін елге жария-лай алмаймын. Елімізде киік қырыл-ған жылдары олар да қырылды. Қазір саны өсуде. Қараны көрсе, қашатын оларды ұстау қиын. «Аңдыған дұшпан алмай қоймас» дегендей, ұстап тұқы-мын алғым келеді. Арманым – түз тар-паңын тақымға басып, Атыраудан Алтай-ға дейінгі қазақ даласын атпен аралау.
– Әңгімеңізге рахмет!
Жазып алған
Нұрлыбек РАХМАНОВ

Қаралым саны 1562

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463