Байғұтты құлпытастары

Осы жазда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық туризм және экология орталығының қолдауымен, Атамекен ауылындағы «Жерұйық» мұражайының жетекшісі Жәнібек Әбілпейісовтің басшылығымен Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округінде орналасқан Байғұтты көне қорымында зерттеу жұмыстары жүргізілген еді. Нәтижесінде қорымдағы араб жазулы 81 құлпытас түгелдей суретке түсіріліп, Мұратбек қажы Жахатовтың және осы жолдардың авторының көмегімен қазіргі әліпбиге көшірілді. Төменде бірнеше ескерткіштің мәтінімен таныстырамыз:

№20.
Түбінен суырылып құлаған, ортан белінен сынған құлпытас. Материалы – құмтас. Сақталуы жақсы. Шығыңқы жазу. Мәтін «а» қырында.

«а» қыры:
1. Алаша руғы Алтыбас
2. тайфасының Болат
3. Тағанақұғлы
4. офат 60 йашында
5. 1827-інші йылда
6. хамал (наурыз – Қ.Қ.) айунда
7. Бұ ташыны йаздырды баласы
8. Оразалы
9. (ру таңбасы)

№55
Тігінен тұрған құлпытас. Классика-лық үлгіде, басы доғал. Материалы – құмтас. Жазуы ойыңқы, «а», «с», «d» қырында. Ескерткіштің сақталу сапасы орташа.

«а» қыры:
1. Беріш руғы
2. Жайық тайфасы
3. Құлмәлі бөлімінің
4. Ыхлас Тілес-
5. ұғлы офат 77
6. йашында 1908-
7. нші йылда.
8. Ташны
9. қойудан мақсұт:
10. Құран оқып, мейіт
11. сауабын бұның
12. рухына бағышлағайсызлар
13. (ру таңбасы)

«с» және «d» қырында араб тілінде екі жол бәйіт жазылған.

№59
Алға қарай еңкейіп, құлағалы тұр-ған құлпытас. Материалы – құмтас. Жазуы шығыңқы, «а», «с», «b» қырын-да. Ескерткіштің сақталу сапасы жақсы.

«с» қыры:
1. Алаша руғы
2. Кенжеқара тайфасы
3. Фатима Алшымбай
4. халалы
5. офат 85 йа-

«b» қыры:
1. 85 йашында 1882 йылда
2. Йаздырды Мұхамедәли

«а» қыры:
1. Салтанат Мұхамедәли халалы
2. офат 33 йашында

№73
Оң жағына қисайып, құлағалы тұрған құлпытас. Материалы – құмтас. Мәтін «а» қырына жазылған. Жазуы шығыңқы, сақталу сапасы жақсы.

«а» қыры:
1. Масқар р-
2. уғы Қаду-
3. рғұл тайфасы Барлыба-
4. й Құрымбай (Құрсай) ұғлы
5. офат 90 йашында
6. 1868
7. йылда
8. (ру таңбасы)

Қаралым саны 858

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463