АЗАМАТТАР БАР ЕДІ, КҮРЕК ТІСІМІЗ СЫҚЫЛДЫ

(Ақ Жайық жағасында сөйленген сөз) 

Мақсат ТӘЖ-МҰРАТ

Жер ортасы — көктөбеден ауған шақта жаныңды сары масадай талайтын көп ойдың бірі мынау болса керек: қа-зығынан айналған ат секілді бір жерді шиырлай беретінің не осы?! Өтемеген парызың бар ма әлде? «Сен осыны жаз» деп, біреу әдейілеп аманаттап кетті ме?.. Осылай-осылай кете береді.

Ұғымға сыймайтын нәрсені ұғымға сыймайтын сөздермен ғана айту керек сияқты. Бірақ ұғымсыз ол сөздеріңді «тауда туып, таста өскен, өңгелерден бас-қа өскен» мына кейінгі жауқазын буын, оларды өсіріп отырған, «индийский» ки-ноны көргенде ғана жылайтындар ұға қояр ма?! Сондықтан «Сірә, әлдебір па-рызым, әлдеқандай қарызым яки алып қалған аманатым бар шығар» деп, келтесінен қайырып қана қоясың. Байы-бына бармай, түйсікпен ғана таппасам, осыдан тұп-тура 35 жыл бұрын, универ-ситетті бітіргелі тұрған қылқандай кезім-де «Алаш» дейтін «үрейлі» тақырыптың шетін өзім де байқамастан басып қал-мас едім ғой.
Ол тақырып дипломдық тақырып еді. 1911-1913 жылдар аралығында Орал өңірінде шығып тұрған «Қазақстан» га-зетінің тарихы. Шырағымды жасаура-тып, Астраханның архивінен жоқ іздеп жүрген күндердің бір күнінде сиырдың тісіндей сарғайып кеткен бір буат қағазға кезіккенім есімнен кетпейді. Папканың сыртына «О проекте газеты «Алаш» деп баттитып жазып қойыпты. Кіріс-шығыс мерзіміне қарасам: 1911 жыл.
«Алаш» және 1911 жыл! «О-от, инте-ресно!» деппін қапелімде айналайын ана тілімізден қажет сөз аузыма түспей қалып.
Баспасөз ісімен айналысатын патша-лық әкімшілік мекемесінің папкасында Астрахан губерниясына қарасты Бөкей Ордасындағы Қамыс-Самар учаскесінің отставкадағы правителі Батыр-Хайыр Ниязовтың ауыл-қонысында отырып жазған құзырхаттары тігіліпті. Губерна-тордың атына екі жүгіну қағазы және екеуінде де жүгініс иесі өзіне «Алаш» дейтін атпен демократиялық-ағартушы-лық бағыттағы газет шығаруға рұқсат беруді сұрайды. Хатқа газеттің егжей-тегжейлі бағдарламасы қоса тіркелген. Газеттің аты бойынша «Алаш — имя мифического предка киргизов (каза-хов)» деген ыңғайда қысқаша түсінік бе-рілген.
Қағаз шаш-етектен: екі арадағы ер-сілі-қарсылы сапырылысқан сұрау-жа-уапты бейшара қағаз көтере беріпті. Се-бебі патша шенеуніктері аса секемшіл: бағдарлама үкімет ыңғайына тіптен де шет келмейтініне қарамастан, чиновник болашақ басылымның атына келгенде мұзға түскен тағасыз аттай түйіткілдене береді. Ақыры не керек, жыл бойы жыл-дырмалатып келіп, газет шығару үшін өтініш иесі Астрахан қаласына келіп тұр-мақ керек деген талап қойыпты. Бұл та-лап құзырхат иесінің сірә да оң жамба-сына келмеген сияқты. Ақыры ол күде-рін үзіп, хат жазуын доғарған. Патшаның таппасар төбеттері «Алаш» деген идея-ны осылайша жөргегінде тұншықтырған (бұл істің жай-жапсары осы жолдар ав-торының 2005 жылы шыққан «Ғұмар Қараш» монографиясында толығырақ баяндалған).
Соңыра әлгі жобаның авторының ізі-не түсіп көрсем, ол Бөкей сұлтанмен Жа-йықтың оң жағалауына өтетін ноғай-қа-зақ биі Нияздың немересі, белгілі оқы-ған Өте-Жүсіптің баласы болып шықты. Батыр-Хайыр Ниязов Петербург универ-ситетінің заңгерлік факультетін түгесіп, XIX ғасырдың аяқ шені — XX ғасырдың басында Бөкей Ордасында Тарғын, Та-лов, Қалмақ, Қамыс-Самар қисымдарын басқарған. 1917 жылғы Ақпан төңкері-сінен кейін Бөкей Ордасының уақытша комиссары қызметіне тағайындалған (Уақытша үкімет басшысы Александр Келенскиймен Петерборда қатар оқыса да өзі білсін). Бірінші Жалпықазақ сие-зінде Бөкей ордасынан Құрылтай жина-лысына депутаттыққа ұсынылған. ІІ Жал-пықазақ сиезінде Алаш Орда үкіметі мү-шелігіне кандидат болып сайланған. Алаш қозғалысында ерекше белсенділік көрсеткен. Тоқетері, нағыз 96-шы проба-лы «алашордынец».
Ал енді бар ма, «Алаш» дейтін сөз бұл аймақта Батыр-Хайырдан да біраз ілгерілеу айтылыпты. 1904-1905 жыл-дардың мұғдарында Бірінші орыс рево-люциясының дүмпуімен Орал қаласын-да Бақытжан Қаратаевтың бастамасы-мен «Қазақ конституциялық-демокра-тиялық партиясы» деген атпен қазақтың кадеттік үлгідегі тұңғыш ұлттық саяси ұйымы құрылғаны тарихтан білгілі. Бұл өзі жалпыхалықтық демократиялық қоз-ғалыс болғандықтан, оның құрылуына жалғыз Орал емес, Қазақстанның бес облысының өкілдері қатысады, соның ішінде Әлихан Бөкейхан да атсалысқан дейтін мәлімет бар. Айтты-айтпады, сол шамада Бақытжан әріптесі заңгер Серәлі Лапин сияқты бірқатар оқыған аза-маттармен тізе қосып, «Алаш» деген жа-зуы бар гербтің және банк билетінің (ақ-шасының) сұлбасын жасап, жасырын түрде талқылаудан өткізеді. Сірә, ол кез-де революция патшашылдықтың түбіне жетеді, қазақ сияқты аз халықтардың қолына саяси ерік тиеді деген далбаса үміт болған сияқты.
Жеті жыл аралатып Әлихан әлгі әңгі-меге қайыра оралды. Ол 1913 жылы «Қазақ» газеті арқылы Атыраудағы Ха-лел Досмұхамедовке (жоғарыдағы ка-дет партиясына белсенді мүше болған-дардың бірі) «Алаш» сөзінің мән-мағы-насын ашуды сұрап, сұрау тастады. Әң-гіменің соңы белгілі: Алаш содан соң бірнеше жыл үлкен тақырыптың өзегіне айналып келеді де, ақыры ұлтшыл-де-мократиялық қозғалыстың, соңыра пар-тияның атына айналумен тынды.
Ендеше, құрылғанына биыл тұп-тура 100 жыл толып отырған Алаш қозғалы-сының, осы аттас партияның және Алаш Орда үкіметінің тарихы идея ретінде алғаш Қазақстанның батыс аймағынан бастау алды десек, шындықтың ауылы-нан алыс кете қояр ма екенбіз. Мұның түп-төркіні Шәңгерей, Мақаш әкім, Ғұ-байдолла Ахметов сияқты көзі қарақты адамдар байырғы шежірелерден жиған әңгімелерде қазақ халқының арғы та-мыры болып саналатын Алаш атты тұлға туралы аңыз араласқан хикая қазақ да-ласының батысында басқа өңірлерге қарағанда барынша кеңірек және толы-ғырақ айтылатындығында жатыр ма дейміз. Яғни Алаш туралы тарихи әңгіме батыс қазақтарының тарихи жадында, эпик санасында көбірек және анығырақ сақталған болуы. Қазірде «Алаш» сөзі-нің төркіні түрліше қисындалып жүр ғой. Ал Фасмердің белгілі «Орыс тілінің этимологиялық сөздігінде» бұл сөзге «қайықтың алдыңғы тұмсығы, кісі оты-ратын алаңша (шесток)» мағынасында түсінік берілген. Яғни сөздің түбірі — «ал», «алдыңғы жақ». Қазақстанның ба-тыс өңірі қашаннан алдыңғы жақ, аван-гард, жау бетке ұстаған жалаң қылыш болып келді (ол кезде жау батыстан, түс-тіктен келген). Осы себептен де «Алаш» ұғымы алғы шептегі, яғни авангард жа-уынгер алаш жұртының есінде толық қатталса керек.
Осынау тарихи зерде, тарихи сана 1917 жылғы төңкерістен кейін іле-шала бой көтерген қозғалыстың ұйытқы кү-шіне айналады және тез арада Батыс Алаш Орданың құрылуына әкелген. Ба-тыс Алаш Орда 19 ай, яғни барлығы 578 күн өмір сүрді. Қария тарих үшін түк емес, бірақ мерзім жағынан алғанда кавказ мүсауатшылары құрған Әзербай жан демократиялық республикасынан азы-рақ, ал өзі құралыптас Шығыс Алаш Орда мен Торғай Алаш Ордасынан недәуір ұзағырақ.
Сонымен бірге аталған құрылым өз тарихындағы Ойыл уақытша үкіметі жә-не Алаш автономиясының Батыс бөлігі дейтін айтулы екі кезеңді қоса алып қа-рағанда толыққанды аумақтық әкімші-лік-аумақтық автономия болды, ал бей-ресми түрде жеке мемлекеттік құрылым-ның нышандарын танытты: земстволық управа жүйесі арқылы өзін-өзі жергілікті басқару органы түзімін, яғни орталық атқарушы органын енгізді, сөйтіп білім беру, денсаулық сақтау, уақ кәсіпкерлікті өркендетуге керек қаражатты өзінде қалдыра отырып, әлгі мәселелерді жер-гілікті деңгейде ауылдық, болыстық, уездік земски комитеттер арқылы суб-цидарлық қағидатпен шешкен; одан тыс, жеті адамнан Уақытша үкімет құрылған, оның жанында уездік соттар, милиция, әскери-қорғаныс бөлімі жұмыс істеген; үкімет жанында және жеті адамнан тұратын Дін істері жөніндегі комиссия құрылған, яғни зайырлы істер мен шариғи істердің арасы бөлінген; одан басқа он екі адамдық Ақсақалдар кеңесі жұмыс істеді; қарулы күші (Халық милициясы) жасақталды, оның өз әске-ри туы болды және кіші командирлер құрылымын даярлайтын екі әскери мек-теп ашылды; өз банкісі (Қазақ земский банкі) құрылды және айналымға уақыт-ша қазыналық квитанция — «Алаш» боны шығарылды; уақытша үкіметтің земстволық басқармасының және оның уездік құрылымдарының өз мөрлері болған. Бір сөзбен айтқанда, Батыс Алаш Орда өзінің атқарушы, заң шығарушы және өзін-өзі басқару органдары бар толық автономиялық құрылым ретінде ойластырылған және оның басшылығы кейінгі «қыз — біреу, құда — төртеу» аумалы-төкпелі шақтарда билікті кімге болсын бермей, өзінде сақтап қалып отырды. Тіпті кей жағдайда, мысалы, ұзақ келіссөз нәтижесінде Кеңес өкі-метіне Доссор-Мақат мұнай кәсіпшілік-терін концессияға (жалға) берген кезде автономия аясынан шығып, жеке мем-лекет ретінде әрекет етеді. Бұдан біз со-нау дербес Қазақ Ордасы дәуірінен бері үзілмей келе жатқан ұлттық саяси твор-чествоның ізін, яғни сыртқы жауды бі-лекпен ғана емес, біліммен, диплома-тиямен тежеудің анық сорабын көреміз. Бұл тамырынан ажырамай, Батыс мә-дениетін игергендердің Орал аймағы-нан көбірек шыққандығынан да еді. Со-лардың үлкен бір бөлігі Жайықтың орта ағысынан төменірек жатқан ежелгі Ілбі-шін өңіріне тиесілі.
Ілбішін — тоғайлы, шабынды жер-лерді мекендейтін мысық тұқымдас жыртқыш аң. Кейде «ілбіс» (орысша «ирбис») деп те аталады. Ақ Жайықтың осы бір иінді тұсы, өзеннің екі қанаты ыраң-көгінің қақалып қалың бітуімен бүгінде бұл аймақтан жойылып кеткен әлгі аң соңғы рет жортқан жер болуы да әбден мүмкін. Алтын Орда, Ноғайлы ұлысы тұсында бұл өңір Азия мен Еуро-паны, Ресейді жалғастырған үлкен эко-номикалық сауда алыс-берісінің бойын-да жатуы себепті аса маңызды аймаққа айналғаны байқалады. Ілбішін жоғары-дағы Теке, Жайық қалашықтарын тарихи Сарайшыққа жалғастырып тұрған бекет-орын ретінде орта ғасырда-ақ кентті, базарлы жер ретінде аты дүркіресе де өзі білсін. Алтын Орданың күйреуімен, соңыра оның мирасқоры Ноғайлы ұлысының быт-шыт ыдырауымен Жайықтың оң жағалауы қаңырап бос қалғанда тарихи Ілбішіннің де күні ең-кейгенін аңғарамыз. Қалай болғанда да, XVI ғасырдың соңын ала бұл өңірде түс-тіктен, Қорған, Челябі арқылы Орал тау-ларын орғытып келген ойрат, хошауыт тайпасының бір бөлігі пайда болғанда Жайықтың оң жағалауы иесіз, бос жат-қан-ды. Ал өзеннің сол жағалауын бой-лап, Атырау өңірінің түстігінен бастап, сонау Елек, Ор өзендерінің құйылыс-тарына дейінгі жерде Ноғайлының жұр-нағы, бірақ әлі Қазақ Ордасының құра-мына кіре қоймаған алты шекті дейтін үлкен тайпа көшіп-қонып жүретін. Бұл XVII ғасырдың орта тұсы. Және атақты «Қыз Жібек» лиро-эпосының тарихы осы жерлерде өткен. Жырдың қай нұс-қасында болсын, аталмай қалмайтын Сансызбай Шегені Жібектің ауылына жіберіп, өзі күтіп қалатын Қарағаш, шекті ауылдары жайлайтын Талдысай, Жи-делісай, Кеңтүбек дейтін жерлер, жыр-дағы Атырауға қарай он екі көш үдере көшетін мекендер, Қыз Жібек нөкер қыздарымен қызғалдақ теріп жүргенде Төлегеннің жаманат хабары тиетін Қы-зылжар, Саркөл деген жерлер қазіргі Батыс Қазақстан облысы Теректі, Ақжа-йық аудандарының және Атырау облы-сының Индер, Қызылқоға аудандары-ның аймақтарында жатыр.
Осы өңір кейінгі отарлау дәуірінде Ілбішін, Калмыков дейтін екі уездің же-ріне біріктірілген. Ілбішін уезі ол кезде Жайықтың екі бетін бірдей алып жатқан және күні кешеге дейін солай болып келген. Қаратөбе ауданының бір жар-тысы, сондай-ақ Атырау облысына қа-расты Индер ауданының бір бөлігі, Қы-зылқоға ауданының бір қапталы 1930 жылдар басындағы жаңадан ауыстыру кезінде қазіргі Ақжайық ауданына кіре-тін Тайпақ ауданына қарап келгені, сол сияқты өзеннің сол бетіндегі табын, кер-дері, төлеңгіт, қарақалпақ рулары жай-лап келген қоныстар Теректі ауданына кейінгі кезде ғана бөлініп берілуі Ілбішін уезі, Ілбішін ауданы дейтін ұғымның ау-мағы біз ойлағаннан да кең екендігін және жасанды жолмен емес, тарихи қалыптанғандығын білдіреді. Бір ғана мысал. Батыс Алаш Орданың көрнекті қайраткерлерінің бірі – Беркінғали Атшы-баевтың әкесі Мұқаш байдың қыстауы Тайсойған-Бүйрек құмы, көктеуі Қызыл-қоғаның Миялы жері, жайлауы — Ойыл өзені бойындағы Қазыбек тоғайы, күз-деуі — Ойылдың құярлығы мен Кінәз-қала, яғни Калмыков аралығындағы Тайпақ жері, дәлірек айтқанда, Масқар-дың Жаңакөлі. Демек, осы айтылған ау-дандардың арасында бұрын ара-жігі ажыратылып, мөр басылған шекара болмаған. Олай болса, тарихында да шекара болмаған. Бір ел, бір тағдыр, бір тарих. Жалпы өлкетану мәселесін, со-ның ішінде Алаш Орда секілді күрделі кезеңді зерделегенде біз осы жағына мұқият қарап, жергілікті жерді, өлкенің тарихын облыстарға бөлмей, тұтас, ке-шенді түрде алып қарауымыз керек. Ел-басының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақала-сында осы жағдай туған жерді тарихи-географиялық белдеу ретінде зерттеу тұрғысында таратылып айтылған.
XIX ғасырдың аяғында қазақ даласы-на сауда капиталының дендеп енуімен су жолында ұрымтал орналасқан Ілбішін-Тайпақ транзиттік ауданының стра-тегиялық маңызы қайыра күшейеді. Патша өкіметі жергілікті халықтан әкім-шілік-аумақтық басқаруға қажет кадр даярлау мәселесін мықтап қолға алады. Аккультурация саясатын — төменнен оқытып, Ресейдің ішкі қалаларында ма-мандандыру саясатын қолданады. Осы мақсатта өңірде Алтынсарин үлгісімен төрт кластық болыстық орыс-қазақ мек-тептері, Романовтар атындағы екі клас-тық орыс-қазақ училищелері ашылады. Болыстық мектептерді Оралдан келген құрылысшы орыстар шағыр, изен, сораң секілді ащы шөптерді пешке өртеп, жер-гілікті жердің саз-балшығынан құйылған қыш кірпіштерді соған күйдіріп салған, төбесін қиықтап қаңылтырмен жапқан. Бұл мектептер балалар жатып оқитын пансион пошымында болған. Қазақ «Қы-зыл мектеп» деп атаған солардың бір-қатары Тайпақ жерінде де бой көтереді және кейін Алаш қозғалысына осы өңір-де атсалысқан оқығандар – түгел дерлік әлгі болыстық мектеп, уездік училище-лерде білім тиянақтағандар. Солардың өзіміз білетін көрнектілерінің өмірде-регін алып қарайық. Мысалы, Есенғали Қасаболатов 1889 жылы Калмыков уе-зіне қарасты Антоновка селосының (қа-зіргі Атамекен ауылы) маңында әкесі- нің атымен аталатын «Керейдің ойы» деген жерде дүние есігін ашады. Негі-зінде Қасаболат әулеті бай болмаған, бірақ Керей дейтін кісі еті тірі, шаруагер екен, соның арқасында Антоновка стан-сасындағы бай қазақтарға жалданып, кәсіп үйреніп (тіпті казак қызына үйлен-ген деген әңгіме бар), үшінші ауылдың маңынан жер кестіріп алып, мал, балық және егін шаруашылығын қатар дамыта отырып, ауқатты шаруа дәрежесіне же-теді. Есенғалиды арнайы оқытады. Ол 1901 жылы алдымен Калмыков село-сындағы орыс-қазақ мектебін, сосын 1909 жылы бір жылдық даярлық курсын тәмамдап, 1910 жылы Саратов универ-ситетінің медицина факультетіне түседі. «Айқап» журналына, «Қазақ» газетіне студент кезінің өзінде-ақ өткір полеми-калы мақалалар, медицина тақыры-бындағы ағартушылық материалдар жазып, танылып үлгереді. 1915 жылы оқуын аяқтап, елде дәрігер ретінде қыз-мет етеді. Мәліметтерде Калмыков уе-зінде, Жылы-Қоныс ауылдық-дәрігерлік учаскесінде жұмыс жасағаны жазылған. Мұндағы Жылы-Қоныс Атырау облысы-ның Жылой ауданындағы Жилокосинск балықшылар батағасы болуы да мүмкін. Есенғали әлиханшыл болған, яғни Әли-хан Бөкейханның саяси бағытын қолда-ған жастардың бірі. 1917 жылы Ғұбай-долла Әлібековтің қызына үйленген соң Әлібековтердің, Нұрғали Ипмағамбетов, Мұхамед-Хафу Мырзағалиевтердің то-бында болды. Досмұхамедовтерге қар-сы «Ақ жол» саяси ұйымына басшылық жасады. Ал 1918 жылдың күзінен бастап Досмұхамедовтер жағынан, яғни Батыс Алаш Орда құрамынан табылды. Сон-дай-ақ Есенғали мен Иса Қашқынбаев-тың арасында да пікір қайшылығы болған. Екеуі жерлес болатын — 1891 жылы Ілбішін уезіне қарасты Қурайлы болысының 3-ауылында (қазіргі Тайпақ жерінде) дүниеге келген Иса (Ғайса деп те аталады) тана руына жататын дәу-летті, көзі қарақты ортадан шыққан. Өмір жолы Есенғалиға сондай ұқсас: 1903 жылы Қарасу-Шалқар болыстық мек-тебін үздік бітіріп, одан әрі Орал реалдық училищесін тәмамдаған соң бір жыл даярлық курсынан өтіп, 1912 жылы Қазақ университетінің медицина факультетіне қабылданады. Экстерн бітірген. 1917 жылы Петроградқа келіп, революциялық уақиғаларға араласқан. Бағыты бойынша исламшыл ол Ресейдің болашақ мем-лекеттік құрылысы федералистік болуы керек деген бағытты ұстанды. Елге келіп, облыстық земство басқармасында бас-шылық қызметтер атқарды. Земский уездерді бөлу кезінде Есенғали Қаса-болатов тобына қарсы шықты (кейбір деректерде «ру жігі» делінген). Соңыра Досмұхамедовтердің жанасымында жүріп, Ойыл уәлаятының үкімет мүшесі болып сайланады.
Тайпақтық және бір алашордашы Тәжмұхамбет Жалпақовтың өмір жолы да жоғарыдағы екеуінің ізін басады: 1897 жылы Ілбішін уезіне қарасты Мәтеш болысындағы 8-ші ауылда Темір деген орта шаруаның отбасында дүниеге келген ол алдымен болыстық мектепті, сосын Романов училищесін түгесіп, 1915-1917 жылдары Воронеж фельдшерлер мектебінде оқиды. Алаш Орда тұсында әскери қызметті таңдаған: Ойылдағы Тұңғыш Қазақ кавалериялық юнкерлік мектепті прапорщик шенімен бітірген алғашқы түлектердің бірі, Алаш полкінің штаб офицері болып қызмет етті. Ал тайпақтық және бір дәрігер, земство қайраткері Бақтығали Бейсенов 1889 жылы Ілбішін уезі Қызылжар болы-сындағы 5-ауылда туып, әкенің дәу-летінің арқасында болыстық, қалалық мектеп-училищелерді, қосымша даяр-лық класын, Орал реалдық училищесін тәмамдап, 1910-1917 жылдары Саратов университетінің медицина факультетін-де оқиды. Елде Қызылкүлгін деген жер-де учаскелік дәрігер болып жасаған, Алаш Орда тұсында болыстық, уездік земство мекемелерін құрысқан. Орал реалдық училищесінің, Жымпиты пра-порщиктер мектебінің түлегі, штаб офи-цері Ишанғали Бейсенов, Ойыл юнкер мектебінің түлегі, Алаш полкінде жүз-басы болған Зепқали Бейсенов осы Бей-сен әулетінен болуы мүмкін, мұны анықтай түсу керек.
Қазақтың алғашқы арнайы білімді әс-кери мамандарының бірі – Қазмұхамед Тәттібаевтың ғұмыр жолы да тәнті етер-лік: 1885 жылы Ілбішін уезі Үйреккөл болысының 6-шы ауылында туған оның әкесі Мұқан Гурьев пен Оралдың ара-сында түйемен балық тасыған кіреші екен, содан ба екен, Қазмұхамед болыс-тық мектепті және Елек училищесін бі-тіргенімен, оқуын әрі жалғастыра ал-май, мұғалім болып кетеді. Түркістан өлкесіне келеді, сонда жүріп Ташкент әскери училищесі жанындағы прапор-щиктер мектебін тәмамдайды. 1917 жы-лы Иран бағытындағы әскери майдан бригадасына жіберіліп, сонда полктің әскери көлік бөліміне бастық болып та-ғайындалады. 1918 жылы Жаншаның шақыруымен елге келіп, Батыс Алаш Орданың әскери бөлімдерін жасақтау ісіне тікелей қатысады.
1887 жылы Ілбішін уезі Қурайлы бо-лысының 2-ауылында (Тайпақ өңірі) байбақты руына жататын орта дәулетті Жолдыбай шаңырағында дүниеге кел-ген белгілі ағартушы Молдағали Жолды-баевтың да Алашқа қатысы болған. Қарасу алты кластық мектебін, Орынбор орыс-қазақ мұғалімдер мектебін 1910 жылы бітірген ол елде мұғалім болып жұмыс істейді. 1917-1918 жылдары об-лыстық Қазақ сиездерін әзірлеп-өткізу ісіне белсене қатысты және І Жалпы-қазақ сиезінде Бүкілресей Құрылтай жи-налысына депутаттыққа кандидат бо-лып ұсынылды. Ғ. Әлібеков тобына қо-сылып, «Ақ жол» партиясына кірді, Дос-мұхамедовтерге қарсы жұмыс істеді.
Осы және басқа да фактілер Тайпақ-Ілбішін өңірінен шыққан қайраткерлер, негізінде, бір жүйеде қалыптасқанды-ғын, бірақ елдегі жалпы саяси ахуалға орай бәрі бірдей жалғыз мақсат жолына жұмыла алмағандығын көрсетеді. Көп-шілігінің есімі алты алаштың айбынында жүрген, шетінен қай тақырыбыңды да боршалап беретін сұңғылалар, сонымен бірге істеймін дейтінін істейтін, тұрам дегенінде тұратын, бір пікірлі, идеяға берік, қышылды жігіттер. Сондықтан бұл топты зерттеген кезде осынау прин-ципшіл тұрлаулылықты, қазақтағы таза таптық ажырасу болмағанымен, білінер-білінбес әлеуметтік теңсіздік жағдайла-рын естен шығармау жөн және бұл топ қазақ ұлыстық деңгейден ұлттық дең-гейге енді қадам басып жатқан, ұлт бо-лып енді ғана ұйып, еңсе тіктей бастаған шақта саяси күреске араласқандықта-рын, сондықтан алдымен арадағы ала-уыздықты емес, әлгіндей жағдайлар-дың өзінде олардың жасай алмай кет-кенінен бұрын жасап кеткендерін ауыз-ға алмақ керек.
Ілбішін-Тайпақ өңірі әлеумет соғы-сының аласапыранында Орал Войско-вой үкіметінің айдау қара жолының ас-тында қалғаны мәлім. Сондықтан атты қазақ жергілікті земски управалардың адымын қайткенде де ұзаққа аштыра қоймаған сыңайлы. Осы орайда Тайпақ жері кіндік Батыс Алаш Ордада — Жым-питыда 1918 жылы орын алған белгілі бүлік тұсында қайта-қайта ауызға алын-ғанын айту жөн. Әңгіме сол жылы жел-тоқсанда Алаш полктерін жабдықтаушы казак офицерлерінің ала қойды бөлек қырыққан әрекетіне наразы бір топ Алаш гарнизоны жігіттерінің қарулы көтерілісі жайында. Бүлік басылып, қолға түс-кендердің біраз белсенділері этаппен Калмыковтағы түрмеге айдалғаны, жолда Тайпақ бойында түнгі ат шалды-руда тұтқындардың айдауылдарды өл-тіріп қашып шыққаны, сол дүрбелең кезінде Меңдігерей Ипмағамбетовтің қапия қазаға ұшырағаны атақты «Ақ Жайық» трилогиясында сипаттап жа-зылған. Сол уақиға жоғарыда өзіміз та-қырып ыңғайына қарай тоқталып өткен Масқардың Жаңакөлі деген жерде (қа-зіргі Базартөбе ауылының маңында) орын алады. Кейін Меңдігерейдің өлімі-нің кінәсі конвой бастығы Айтқали Абы-лаевқа, Базарғали Қожахметов, Керей Есенғалиев тәрізді Алаш офицерлеріне жабылды, алайда олардың кінәсін еш-кім мойындарына қоя алмады, соған қарағанда Меңдігерейді кейін қамыс арасында ақ казактар тоғыз тұтқын қы-зыләскермен жасырынған жерінен ұс-тап, атып өлтірген дейтін дерек шын-дыққа келетін сияқты.
Ілбішінге қатысты және бір дерек Әбдірахман Әйтиевтің атымен байла-нысты. Әбдірахман 1919 жылы әуелі Ча-паев дивизиясының 3-бригадасының саяси бөлімінде, соңыра дивизия құры-лымындағы Лбищинск ревкомының төрағасы болып қызмет еткені мәлім. Чапаев дивизиясынан тірі қалған үш адамның біреуі (шөпқораға жасырынып, аман қалады). Мұны айтып отырғаны-мыз, Әбдірахман да Алаш қозғалысы-нан шет тұрған жоқ. Ол және оған пікір-лестер большевиктерге дейін де, кейін де алашордашыларға ашық қарсы шық-қан емес, қайта кейінірек оларды қыз-метке тартып, қамқорлықтарын аяма-ған. Біле білгенге, Есенғали, Иса, Молда-ғалилар – мәдени-модерндік жаңашыл жәдид қозғалысының саяси қарекетке тартылған соңғы буыны, бейнелеп айт-қанда, «жас қазақтар» еді, ал Әбдірах-мандар сол қозғалыстың саяси-револю-циялық қанатын құрайды. Ал таза Алаш Орданың өзі либералдық-демократия-лық бағытты білдіреді. Бәрі қосыла келіп Алаш қозғалысының үш текті қозғаушы күшіне айналады.
Алаш — даму үдерісінде үзіліс бола қоймаған, сол себепті идея ретінде де, саяси тәжербие ретінде де бүгінге дейін келіп жеткен алабөтен құбылыс. Әдетте тарих ғылымы Алаш дәуірін 1919-1920 жылдармен күрмеп жүр, бері қой-ғанда 1937-нің репрессиясына дейін алып келеді. Ал, шындығында, Алаш идеясының инерциясы 1950-жылдарға шейін үзілмеген. Себебі, алашшылдар қуғын-сүргін зобалаңында түгелге жуық жоқ болғанымен, олардың алдын көр-гендер, тәлім-тәрбие алғандар әлі тірі болатын. 1941 жылы Жалпақталда құ-рылған Қазақ жастарының күрес одағы мүшелерін кейін жауаптаған кезде әл-гіндей социалистік-ұлтшыл астыртын ұйымды құруға Алаш идеясы дем бер-гені анықталған ғой. Сол сияқты 1944 жылы Атырау жеріне түсетін неміс әуе десантының «Алаш» деп аталуы тегін емес-ті. Отряд басшысы обер-лейтенант Әлихан Ағаев Атыраудың Қызылқоға жерінен еді, ол сондағы Халел Досмұха-медов, Тілеген Медетов, Ғұбайдолла Бердиев, Қазмұқаш Ибрашев секілді көрнекті алашордашыларды көрген, әрі солармен тілеулес, пікірлес халық мұ-ғалімдерінен оқыған тұлға-тын. Әмірхан Тілеумағамбетовтың өзіне «Әлихан» атын бүркеншік етіп алуы, «Алаш» ар-миясын құруды армандауы, батальон-ның әскери туын Алаш Орда полкінің туына ұқсатып жасатуы ой саларлық. Айта кетерлік нәрсе, Әмірхан 1931 жылы Ташкенттегі Мақта-ирригация институ-тын бітіріп келгеннен кейін шамалы уақыт Тайпақ аудандық жер бөлімінде аға агроном болып жұмыс істеген және сол шамада осы өңірде тұрып жатқан бұрынғы алашордашылармен дәмдес-тұздас болып, әңгімелерін естуі – зайыр ақиқат. Оның «Алаш» отрядының құра-мында Варшава радистер мектебін бі-тірген ілбішіндік Ахмет Мұхамедиев деген жігіт болған. Әлихан Ағаевтың қарулас досы, белгілі жазушы, соғысқа дейін Мәскеу университетін, соғыс ке-зінде Майндағы Франкфурт универси-тетін неміс философиясы және ағылшын тілі мамандығы бойынша бітірген, бір-неше тіл білген Мәулекеш Қайболдин де Чапаев ауданына қарасты Еңбек ауы-лының тумасы еді. Бұлардың барлығы да кешегі Алаш қарқуарларының көген түп соңы, ағаш үстіріктегенде сыдырылып түскен сыдырындысы, тарамыс тал-дағанда бөлініп қалған сыдырымы, ине ұшында кеткен ұшақ жібі. Олай болса, «Алаш» идеясы батыс өңірде 1905-1945 жылдар аралығында табандатқан қы-рық жыл бойы әртүрлі тарихи ситуация-ларда бір өшіп, бір жанып, ұзақ маздап тұрды деуге ауыз барады.
Батыс Алаш Орданың тарихы, соның ішінде Ілбішін-Тайпақ алашордашыла-рының өмір деректері, жергілікті Алаш мекемелерінің жайы хақында төрт аяғы түгел іргелі зерттеу жоқ. Оның бірнеше объективті себептері болуы керек. Бірін-шіден, архивтік құжаттардың басым көпшілігі Ресей қалаларында жатыр. Ал Ресейде мұрағат қорын өңдеуге, цифр-леуге, мәлімет базасын жасауға феде-ралдық бюджеттен бөлінетін қаржы мардымсыз, өз тарихын түгендеуге әзер жетеді, мұндай жағдайда қазақ сияқты бөгде халықтарға қатысты мәліметтерге қолдары жетпейтіні өзінен-өзі түсінікті. Ал жұмыс көп: бір ғана Мәскеу архивте-рінде Алаш Ордаға қатысты деректер 11 қорға жинақталған. Қағаз 150 жылға дейін шыдайды, бірақ оның бетіне сия-мен, химиялық қарындашпен түскен таңбалардың, телеграф ленталарының ғұмыры ұзақ емес, сондықтан енді бір он жылда әлгі материалдар өңделіп, оцифровка жасалмаса, кеш болып қа-луы мүмкін. Бұдан шығатын жалғыз жол: Қазақстан тарапынан Ресей архивтеріне арнайы тапсырыспен, ақысын төлеп, қол жетімді деректерді компьютерлік базаға түсіру. Қазақтың тарихы қазақтың өзінен басқа кімге керек?!.
Дегенмен солай екен деп қол қусы-рып қарап отыруға және болмайды. Жергілікті жерлер өз күшімен атқара алатын шаруалар да бар. Соның бірі — Ілбішін, Тайпақ жерінен шыққан Алаш қайраткерлерінің көзі тірі ұрпақтарын іздеп тауып, естеліктерін алу. Мысалы, Бақтығали Бейсеновтың қызы, қазір Ас-тана қаласында тұратын Роза апай біраз әңгіменің басын қайыра алады. 1990 жылдардың соңында Есенғали Қасабо-латовтың қызы Құпби-Жамалмен Алма-тыда кездескенім, сондағы апайдың елестей етіп айтқан әңгімелері әлі күнге құлағымда тұр. Есақаң екі рет үйленген ғой, екінші алғаны — жымпитылық бел-гілі дәрігер, Батыс Алаш Орда қайратке-рі Дәулетшаһ Күсепқалиевтың қызы Ғай-ни-Жамал. Есақаңның соңында Құпби апайдан басқа Шафхат, Мара, Шәміл, Бану, Нинель, Нәзір, Раиса дейтін ұл-қыздары қалған. Олардан тараған үрім-бұтақ бар. Көпшілігі ата жолын қуып, дәрігер мамандықтарын таңдаған. Сол сияқты, кезінде Молдағали Жолдыбаев-тың немере қарындасы, академик Зей-нолла Қабдоловтың зайыбы Сәуле апай-дың Молдекең туралы айтқан әңгімеле-рінің шет-шепірін тыңдағам-ды. Ағасы сияқты мұғалімдікті таңдаған Сәуле апай – өмір бойы күнделік жүргізген кісі, біраз көмбе сол дәптерлерінен де табылуы мүмкін. Ал Молдекеңнің зайыбы Мария Никифоровна ертеректе қайтыс болып кеткен. Тұқым қалды ма, жоқ па, мәлімсіз. Оны да ізерлеу керек. Осын-дай іздестіру шаралары 1938 жылы Өз-бекстанда тұтқындалып, бір жылдан соң қамаудан босатылған, содан кейін із-түзсіз кеткен Иса Қашқынбаев бойынша да жүргізілуі керек дер едім. Бұл тұлға-ларымыздың абыройлы аттарын қалпы-на келтіру ісі олардың есімдерін есте қалдыру шараларын да қамтуы тиіс. «Көкемнің аты көшеге, атамның аты ауылға» беріліп жатқан қазіргідей ке-зеңде 1931 жылы Алматы медицина институтын алғаш өз қолымен құрған, тұңғыш директоры болған, академик-эпидемиолог Ишанбай Қарақұлов, про-фессор-хирург Естөре Өмірзақов, акаде-мик-вирусолог Жұматовтардай білікті шәкірттер тәрбиелеген Есенғали Қасабо-латовтың, Ташкентте Өлкелік мұсылман фельдшерлік мектебін құрысқан, осын-дағы Семашко атындағы функциональ-дық диагностика институтының басшы-ларының бірі болған Иса Қашқынбаев-тың, бүгінгі Ғылым Академиямыздың бастауы болып саналатын Акцентрдің – Қазақстан Білім ордасының тұңғыш тө-рағасы, қазіргі «Қазақстан мектебі» жур-налының ілкі нұсқасы – «Жаңа мектеп» журналының алғашқы редакторы Модла-ғали Жолдыбаев есімдерінің өздері ең-бек сіңірген мекемелерде де, туған жер-лерінде де атаусыз қалуы еш сабаға сый-майтын салғырттық демеске шарамыз жоқ. Есенғали Қасаболатовтың әлеумет-тік және медициналық тақырыптарға жазған ондаған мақалалары, Молдаға-ли Жолдыбаевтың педагог-әдістемеші, қаламгер-журналист ретінде қаламынан қорытылып шыққан талай мақала-кітап-тары жиналмастан, зерттелместен, әр жерде шашылып жатыр. Бұл тұлғалар-дың шығармашылықтарын туған өлкесі талапты жастарға арнайы стипендия, грант тағайындау арқылы зерттеуі қажет деп есептеймін.
Бізде ел ішінде Алаш кезеңі жайында білетін адам қалмаған деген түсінік бар. Бұл көзқарас – дұрыс көзқарас емес. Бір кезде бас жібімен қазыққа тұқыртып тастағандардың жәреуке әңгімесі, жал-қаулардың жасырынбағы үстемдік та-уып, тас болып қатып қалған белгілі бір көзқарастардың салқыны. Әлбетте, ара-ға түскен жемір уақыт уақиғалардың ізін көрбілтелендіріп кеткенін, ел ішінде сол кездің жайын жырдай қып айтып бере алатын «кеудесінің есігі бар» қария-лардың қалмағанын жоққа шығара алмайсың. Дегенмен Алаш кезеңіне белсене қатысқандардың кейбіреуі ел ішінде 1960 тіпті 1970-ші жылдарға ше-йін келгенін де есте ұстау жөн. Мыса- лы, жоғарыда айтқан Тәжмұхамбет Жалпақов 1956 жылы зейнет демалы-сына шыққаннан кейін де өзі бухгалтер болып жасаған Қаратөбе ауданындағы «Аққозы» совхозында бірқатар уақыт тұрған. Сол сияқты Қазмұхамед Тәтібаев ұзақ жылғы айдаудан қайтып келгеннен кейін өзі туып-өскен Үйректікөлді мекен еткен. Солардың көзін көріп, әңгімеле-рін ести қалған адамдар немесе сол адамдардан еміс-еміс болса да, дерек алып, жадына тұтқан қағілездер ел ішін-де қалмауы мүмкін емес. Мәселе солар-ды іздеп, таба білуде. Олар айтқан қан-дай да бір дерек болсын, түгел жиналып, хатталуы керек. Себебі ол адам бүгін бар, ертең жоқ. Уақытында сөйлетіп, жазып үлгермесең, әлгі әңгімені өзімен бір- ге ала кетеді. Тіпті Алаш қайраткер- лері жайында білмей-ақ қойсын, бірақ сол кезеңге жанама қатысы бар әңгіме-лерді естіген болып шығуы да мүмкін ғой. Алаш тарихын «мозаика» принципі- мен осылайша сынық айнадай жамап-жасқап, құрастырып шығуға болады. Бізге өзге жол қалмай тұр. Соның ішінде бұл дәуірдің қатардағы қаһармандары да ескерілуі керек. «Қой да ақсағымен мың болады» – әрбердесін тұлғалардың өзі қарекеттерін ел ішіндегі қарапайым-дарға арқа сүйеп отырып жасайды. Қа-зіргі интеллектуалдық тарихтың негізгі ерекшелігі де осында: ол алдымен адам-ға назар сал, «әр адам – өзінше тарих, сол мыңдаған өзіндік тарихтан қоғамның тарихы құралады» деп үйретеді. Осыдан келіп заманауи тарих ғылымында қоғамдық тәжірибедегі субъективтік факторға айрықша орын беріле баста-ды. Түптен келгенде, Елбасының страте-гиялық мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасының түпқазық мәні де осыған кеп саяды, яғни туған жерді айтпай тұрып, туған еліңді айта алмай-сың, ал туған жердің тарихын сол жерде тұрып жатқан адамдар жасайды.
Ақ Жайық жағасында өткеріліп жат-қан мына тарих тақырыбындағы мәс-лихаттың – өлінің жиыны, тірінің түйі-нінің тарихи маңызы да, міне, осында дер едім: тарихты ел ішіндегі қатардағы қаһармандар жасайтындықтан, ол қа-һармандардың да өмірхаятын алдымен сол ел іші өзі жасауы керек. Халық – ұлы күш.

Қаралым саны 1108

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463