Қадірлі әлеумет, есігімізден енген Ит жылы – ит басына іркіт төгілген берекелі, несібелі жыл болғай!

Қолыңызға кештеу тиіп отырған журналымыздың бұл санында Қазақстанның ең бір тарихи, қазыналы да қабырғалы өңірі – Атырау облысы туралы кеңірек мәлімет ұсынып отырмыз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған «Қазақстанның киелі орындарының географиясы» идеясы ел-жұрттың керемет қолдауына ие болды. Расында да қазақ баласы үшін туған жерінен, ата жұртынан киелі ештеңе жоқ. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасы бойынша Атырау облысында жалпыұлттық маңызы бар 7 нысан, жергілікті маңызы бар – 20 нысан тізімі жарияланған екен. Біз осынау қасиетті мекендерінің тізімімен оқырмандарымызды таныстырып отырмыз. Алдағы сандардан Ақтөбе өңіріндегі киелі нысандар көріне бастайды. Мұның бәрі журналымыздың қанаты кеңейіп, өрісі өсе бастағанының көрінісі.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ағайын!

Қаралым саны 946

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463