Құрметті оқырман!

Түрлі себептермен араға уақыт салып, «Dana.qaz» журналы өздеріңізбен қайта қауышып отыр.

Басылым келешекте де әуелгі бағытынан танбай, ғылым мен білім, кәсіп, ұрпақ тәрбиесі, өлке тарихы, салт-дәстүр тақырыбындағы мазмұнды дүниелерді жариялауды жалғастыра бермек.

Журналдың алдағы сандарынан ат жаратудың, сондай-ақ қазақтың ұлттық сусыны қымыз баптаудың қыр-сыры, табиғат және экология, аңшылық дәстүр, ұлттық өнер бағытындағы материалдарды оқи аласыздар.

Көркем әдебиетке, әсіресе жаңа леп жас қаламгерлердің туындыларына да журнал бетінен әдеттегідей тұрақты түрде орын берілмек. Сонымен қатар өнердегі шоқтығы биік тұлғалармен, белгілі шығармашылық адамдарымен жасалатын сұхбаттар сүйікті басылымдарыңызға деген қызығушылықтарыңызды үстей түсер деген сенімдеміз.

Өткен жылы журналымыздың бірнеше нөмірінде Атырау облысының тарихы, мәдениеті мен руханиятына қатысты деректер жарық көрді. Биыл аталған бағыттағы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Ақтөбе облысы қамтылмақ. Осы нөмірде Ақтөбе облысының тарихи орындары мен тұлғалары, кәсібін дөңгеленткен іскер әйелдері, сондай-ақ ана мен бала тақырыбындағы материалдар назарларыңызға ұсынылады.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

журналдың бас редакторы

Қаралым саны 902

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463