Нұрғали  ИПМАҒАМБЕТОВ

            Нұрғали Ипмағамбетов 1883 жылы Орал облысы, Орал уезі Қараоба болысының Төлектөбе ауылында (қазіргі Теректі ауданы) дүниеге келген. Әскери дәрігер. 1896 жылы Қараоба болыстық төрт сыныпты орыс-қазақ мектебін, 1905 жылы Орал реалды әскер мектебін (алтын медаль), 1911 жылы Санкт-Петербург әскери медицина академиясын бітірген.

            1911-1913 жылдары Термез қаласында дәрігер, Түркістан атқыштар дивизиясының 113 полкінде аға дәрігер болып істеген. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Кавказ майданына жіберіледі. 1916 жылы майдандағы орыс армиясының бас хирургі болып тағайындалып, сол жылы күзде «медицина полковнигі» шенін алады.

                Ақпан төңкерісінен кейін Алаш қозғалысына араласқан. 1917 жылы шілдеде өткен бірінші жалпықазақсъезінде Алаш партиясы атынан Бүкіл ресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат, екінші жалпықазақ съезіне Орал обылысынан делегат болып қатынасады. Съезде Алаш автономиясын дереу жариялауды жақтап дауыс берді. 1918 жылы тамызда жергілікті қазақ атқару комитеттері мен Алаш партиясы атынан Самарадағы құрылтай жиналысы комитетіне мүше болып кірген 11 алаш қайраткерінің бірі болған. Комуч пен Сібір атқару комитетінің 1918 жылы қыркүйекте Уфада өткен мәжілісіне қатысады.

                1919 жылдан РК(б)П қатарында болады. Сол жылы желтоқсанда Орал облысы Денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалады. 1920 жылы Орал губерниялық ревкомының құрамына кіреді. 1922 жылы қайтыс болды.

                Жоғарыдағы сурет 1904 жылы 7 маусымда Орал қаласында түсірілген. Бұл кезде Нұрғали Ипмағамбетов Орал реалды училищесінің 7 сыныбында оқып жүрген. Суретті журналға ұсынған – тарихшы Алмас Жүнісбаев. Баспасөзде алғаш жарияланып отыр.

Қаралым саны 1473

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463