Құлпытас сырын ашайық! Ханымжан Қайыпқалиқызы

Бөкей ордасы аумағынан табылған төмендегі құлпытастарды оқыған және түсінік жазған Мұратбек қажы Жахатов.

Ханымжан Қайыпқалиқызы

Ханымжан Қайыпқали қызы Көшекқали зайыбы

200х34х20

1-)һəзəл марқад

2-) Көшекқали сұлтанның халалысы

3-)Ханымжан Қайыпқали сұлтан қызы бақайе

4-) рихлəт илəді 44 иəшнде 1874 санаде

5-)...

6-)йаздырды халалы Көшекқали сұлтан.

Ең астында арқар таңба.

Түсінігі: бұл жерде жатқан Көшекқали сұлтанның

некелі əйелі Ханымжан Қайыпқали сұлтан қызы

бақилыққа көшеді 44 жасында 1874 (немесе 1870) жылы.

Белгі қойған некелі күйеуі Көшекқали сұлтан.

Бұл Ханымжан деген Көшекқали сұлтанның

əйелінің əкесі Қайыпқали Есімов тарихтан белгілі адам.

Ханымжанның атасы 1794-97 жылдары кіші жүзге хан

болған Есім хан Нұралы хан ұлы. Көшекқали Шығайұлы

қызылқұрт руының сұлтаны болғаны, күйші

Дəулеткерейдің ағасы екені тарихтан белгілі. Тек

екеуінің шешелері бөлек болғанымен, əкелері Шығай. Ал,

Дəулеткерей мен Жəңгір ханның аналары Атан бəйбіше.

Бөкей ханның жылын өткізіп барып, Шығай əмеңгерлік

салтпен жеңгесі Атанға үйленгесін, ол некеден

Дəулеткерей туған. Шежіреші- жидашылардан жеткен

əңгімелерде «Көшек-правитель» деп аталады. Мысалы

жидашы, профессор Айсұлу Бисенғалиеваның «Сөз

тапқанға қолқа жоқ» кітабында «Көшек-правитель» деп

жазылған. Жеті қисымның ішінде Қамыс-Самарда

құлпытасы тұруы, Көшек-правитель атануы, он екі

сұлтандық болған кезде де қызылқұрт руы мекендеген

Айдархан жерін мекендеуінен, 1860 жылы Қамыс-Самар

қисымы құрылғанда Көшекқали Шығайұлы алғашқы

сұлтан-правитель болды деп есептеймін.

Қаралым саны 1178

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463