Құлпытас сырын ашайық! Муфтахиддин би Жантөре баласы

Бөкей ордасы аумағынан табылған төмендегі құлпытастарды оқыған және түсінік жазған Мұратбек қажы Жахатов.

Муфтахиддин би Жантөре баласы

Мүфті Жантөреұлы (1823-1865)

125х34х20

Ысық руының биі болған Жантөре Ақтанұлының баласы Мүфтахиддин бидің

құлпытасы

1-)һəзəл марқад əл-мархум Ысық руғы сары тайфасының

2-) ру бесі дарул мисба Муфтахиддин би Жантөре баласы

3-)42 иəшнде офат болды əл-хукму лиллаһ тағала

4-)əл-кəбир. Иннə лиллəһи уə иннə илəйһи ражиғун. Кулли нəфсин

5-)зəəиқатул мəут. Əл-мəтуфи 1865 масихие

6-)...Жиһангир хан.

Түсінігі: Бұл жерде жатқан марқұм сары ысық Жантөре Ақтанұлы атты ысық

руының биінің баласы Мүфтахиддин бидің құлпытасы. Қырық екі жасында 1865 жылы

қайтыс болды. Алла дана. Аяттардың мағынасы: Алла жаратты. Аллаға кері

қайтарыламыз (бақара 156). «күллі жан иесі ажал дəмін татады» -деген мағына береді.

(Құранда үш жерде кездескенін байқадым) Дарул мисбə -діни, ғылыми атақ. Ордада

жалғыз осы құлпытасқа жазылған. Мағынасы айналасына шамшырақ.

Қаралым саны 1508

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463