Сырым ауданының діни ахуалы

  • Галерея изображений

«Сырым» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге кө-мек орталығы» қоғамдық бірлестігі аудандағы діни ахуалды тұрақ-тандыруға бағытталған іс-қызметін 2014 жылдан бастап атқарып ке-леді. Аталған қоғамдық бірлестікке аудандық бюджеттен 2018 жылы 4 млн, 2019 жылы 6 млн, 2020 жылы 6 млн теңге бөлінді.

Жыл басынан бері БАҚ беттерінде дін тақырыбы бойынша 19 мақала жа-рияланды. Солардың ішінде аудандық БАҚ-та және интернет желісінде терро-ризм актісі туралы көрнеу жалған жария-ланымдардың алдын алу, мұндай қыл-мыс үшін жазаның бұлтартпастығы туралы қоғамдық ой-пікір қалыптасты-руды мақсат тұтқан ақпараттық мате-риалдар биыл 14 ақпанда «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің №6 санында және бірлестіктің Facebook, instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшала-рында жарияланды. Сонымен қатар 2020 жыл бойы ҚР азаматтарын терро-ристік белсенді аймақтардан қайтару бойынша жүргізілген «Жусан» және «Русафа» операциясының гуманитар-лық мақсатын халық арасында түсінді-ру үшін «Сырым» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің тө-рағасы, теолог маман Ж. Ерсайынов-тың «Сырым елі» қоғамдық-саяси га-зетінің 7 тамыз күнгі №31 санында және бірлестіктің Facebook, instagram әлеуметтік желілерінің парақшаларын-да «Отанды сүю де сауап!» атты мақа-ласы жарық көрді.

Жалпы бүкіләлемдік пандемияға байланысты биыл шараларымыздың көпшілігі онлайн форматта өтті. Жыл басынан бері барлығы 154 шара өтті. Олардың 68-і онлайн форматта, 86-і оффлайн форматта болды.

Оффлайн шаралар: білікті теологтар мен сарапшылардың қатысуымен өт-кен ауыл молдалары және имамдарға арналған оқыту семинары және «Дәс-түрлі емес діни ағымдар келбеті және жастарға ықпалы» семинары, аудан жастары арасында өткен «Дінді дәстүр-ден бөлу – білікті бұзу» атты семинар, аудан жамағаты арасындағы «Құран оқу» сайысы, қасиетті Рамазан айына орай аудан мешіттерінде өткен «Рахым айы – Рамазан» шарасы және Қадір түніне орай өткізілген викториналық сұрақтар сайысы, Жымпиты және Бұлдырты ауылының мешіт жамағаты арасындағы Наурыз мейрамына арнал-ған ұлттық спорт түрлерінен сайыс, «Құрбан айт» мейрамын атап өту, «Имани жаз» жазғы демалыс лагерінде оқитын шәкірттерге дәстүрлі исламды түсіндіру семинары, аудан әкімінің Сырым ауданының түлектері – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» университінде білім алып жатқан 3 сту-дентпен және «Орал» қалалық медре-сесінен оқуын аяқтап келген 1 азамат-пен кездесуі, қыркүйек айында облыс-тық «Аманат-Жайық» қоғамдық қоры-ның теологтары «Жақсы көңіл күй – жан азығы» атты әйел жамағатымен ақпараттық түсіндіру жұмыстары, ДДА өкілдері қатарындағы ер адамдармен сұхбат; Әл-Әзһар университетінің тү-легі, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәде-ниеті университетінің ұстазы, ислам-танушы-ғалым Илимбаев Ризабек Батталұлының АТТ мүшелерімен, аудан тұрғындарымен кездесуі, «Жусан» опе-рациясы арқылы елімізге оралған жер-лестеріміздің бастан кешкен трагедия-сын өз ауыздарынан естуге жиналған әйел жамағатымен кездесу.

Онлайн шаралар: Ақтөбе қалалық мешітінің наиб имамы, Үнді елі Лакх-нау қаласының Ханафи университеті-нің түлегі Хусайнов Алтынбек Сәлімге-рейұлымен «Отанды сүю – парызың» атты онлайн сұхбат, ҚР Дін саласында-ғы ақпараттық түсіндіру тобының мү-шесі, тарихшы Жарас Аханмен «Қазақ қоғамы және дәстүрлі ислам» атты он-лайн сұхбат, Түркия елінің Нежметтен Ербакан университетінің магистранты Ахметова Гүлжамила Ермахамбетқызы-мен «Рухани кеселдер және оның ем-делу жолдары» атты тікелей эфир, ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имамы, Орал облыстық орталық мешітінің бас имамы Қыстаубаев Мұратбек Мұхтарханұлы-мен «Құрбан айт – Ұлық мереке» атты тікелей эфир, философ-мәдениеттану-шы, әлеуметтану магистрі, философия бойынша ҚазҰУ докторанты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық универститетінің оқытушысы Байдлаева Ақмарал Қаржауқызымен «Саналылық туралы әңгіме» атты тікелей эфир,

«Нұр Мүбәрак» университетінің аға оқытушысы Ризабек Батталұлымен «Бабалар ұстанған сенім» атты тікелей эфир.

Қаралым саны 647

Галерея изображений

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463