ТАПҚЫР САВВА (ертегі)

Ертеде аңшылықпен айналысатын Савва атты кедей адам болыпты. Бір күні көктемде, құстар енді ұшып келе жатқанда, ол адам бір қазды өлтіріпті. «Бұдан маған не пайда?», деп ойлап, қазды өзінің бай көршісіне апарып береді. Қожайын өте риза болады, тіпті қуанады.

Ол бұрын да Савваны ақылды әрі жақсы аңшы деп естіген. Осыны өзі тексеру үшін аңшыға:

- Қазды әкеп бір қуанттың. Өзің білесің, менің үйімде қария, екі балам, екі қызым бар. Біз алты адамбыз, қазды жегенде ешқайсымыз ренжіп қалмас үшін қалай тең бөлуге болады? Өзің бөліп берсең жақсы болар еді, - дейді. Савва қазды бөліп, былай дейді:

- Сен – үй қожайынысың, отағасы, әрқашан бәрінің басындасың, саған бас беру керек, - деп айтып, оған қаздың басын береді. – Қария үнемі үйде отырады, сондықтан оған отыратын жамбасы крек, - деп оған санын береді. – Ұлдар ізіңді басады, олар сондай адамдар, - деп әрбір ұлға аяқтарын кесіп береді. – Қыздар туған үйінен ұшу үшін қанатын қатайтатыны белгілі, - деп оларға қататарын береді. – Ал дөңгелек кеудесі мен секілді ақымаққа берілу керек, - деп қалғанын өзіне салады. Үй қожайыны дән риза болады. «Дәл мен ойлағандай бөліп қуанттың, тіпті тамсанып қалдым», - деп қуанып тұрып, оған дәмді тағамдар сыйға тартады тіпті ақша береді.

Савва үйіне бай болырп оралады. Осы жайлы естіген Савваның бір көршісі байға байдан тезірек сый алу үшін бес өлтірілген пісірілген әрі дайындалған қаз әкеледі. Бай іштей бұл көршісінің Савва алған сыйлықтарды естіп біліп қомағайлықтан келіп тұрғанын сезіп, суық қарсы алады. Қожайын оған: «Біз алтаумыз. Ешқайсымыз ренжімес үшін бес қазды қалай бөлуге болады? Сен бізге өзің бөліп бер» - дейді. Не істерін білмейді, олбөлуге тырысады. Бірақ қожайынға жаға алмайды. Осы үшін қожайын ашуланып, оған ештеңе бермейді. Сөйтіп оған айғайлап: «Мұнда тек қомағайлықтан келдің!» деп оны қуып жібереді.

Содан соң Савваны есіне алып, оның қалай бөліп, қуантып, көңілдендіретінін көруге бел буады. Аңшыны шақыруды бұйырады. Савва келіп қазды бөліп: «Отағасы мен бәбішесіне бір қазды беріп, қазбен үшеу боласыңдар. Екі жігітке бір қаз беріп, олар да қазбен үшеу болады. Екі қызға біреуін беріп, оларда қазбен үшеу болады деп санап, өзіне қалған екі қазды мен алайын, сонда екі қазбен мен де үшеу боламын. Бәріміз үштенбіз, бәріміз тең болдық» - дейді. Мұны көрген қожайын одан бетер қуанып, көңілденіп әрі Савваға көп азық-түлік беріп, аңшыны риза қылатындай ұн мен ақша береді. Содан бері оны тапқыр Савва деп атайтын болыпты.

 

Қаралым саны 702

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463