Армысыз, қадырменді ағайын!

Журналдың биылғы жылғы соңғы санына өзара сабақтас қос ауқымды мақалада енді. Бұл жарияланымның біреуі - Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» 24.11.20ж. №456 Жарлығының Батыс Қазақстан облысында жүзеге асу барысы жайлы болса, екіншісі – осы мән-маңызы зор істі атқаруды, мемлекеттік тапсырыс ретінде өзіне міндет қылып қабылдаған «DANA» ғылыми зерттеу орталығының өткен он жыл бойғы тыныс-тіршілігіне арналған.

Сондай-ақ, журналдың осы санына Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Мәдениет саласының үздігі Қайырлиев Серік Ерболатұлымен өткен жыл қортындыланған сұхбат, білім саласының замани бағыттарын тілге тиек еткен мақала енді.

Тұңғыш саны шыққанына 10 жыл толатын 2022-жылы да, «DANAqaz» журналы өзінің әуел бастан таңдалған – ғылыми, тарихи танымдық бағытына адал болып қалмақ. Бізбен бірге болыңыз, алдағы жаңа жыл еліміз, баршамыз үшін құтты болсын, құрметті оқырман!

Құрметпен,

Нұрлан Сәдір

 

Қаралым саны 473

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463