Әз ғұмыр

4,000 

Сипаттама

Қазақ даласында туып, аңызға бергісіз ғажайып ғұмыр кешкен дарынды, дарабоз тұлға Құрманғазы Сағырбаевтың әдеби-көркем бейнесін көргіңіз келсе, осы кітаптан табасыз.

Заманынан озып туған, түйсігі терең, түсінігі мол, кемеңгер күйшінің ішкі жан дүниесіне үңіле отырып, оның “Құс жолындай”сайрап жатқан өмір даңғылын көресіз.

Ел ішіндегі деректер мен дәйектемелерге негізделіп жазылған кітаптің тілі жатық, уақиғалары тартымды. Автор бас кейіпкер арқылы оның заманына, дәуіріне қалам тартып, қат-қабат уақиғалар мен ішкі-сыртқы шиеленістерді, олардың шешімді тұстарын шебер қиюластыра білген.

Аңыз адамның өз ғұмырыншынайы баяндаған бұл шығарма сол кездегі тұтас қоғамды елестете алар ауқымдылығымен және адамның ішкі нәзік жан құбылыстарын, түйсіктерін суреттей отырып, әлеуметтік теңсіздік-тартыстардың туу, өрбу, ушығу себептеріне үңілте білуімен де құнды.

Кітап қалың оқырманға арналған.

Қосымша ақпарат

Авторы

Дариға Мұштанова

Баспасы

"Шұғыла Принт"баспасы

Мұқабасы

Қатты

Бет саны

255

Пікірлер

Мұнда әлі пікірлер жоқ.

“Әз ғұмыр” туралы алғашқы пікірді қалдырыңыз

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған