Сипаттама
«Бөріде не арман бар» атты бұл жыр жинаққа ақынның рухты өлеңдері топтастырылған. Мұндағы өлең-жырды М.Балмолданың осыған шейін шыққан «Көкбөрі»,»Ақ тұлпар» жыр жинақтарының заңды жалғасы деуге болады. Иә,қазақтың маңдайына сыймай кеткен Әділ Ботпановтай ақыны»Ақындар» атты поэма жазып қалдырған. Бір қайран қалдыратыны поэма бір-ақ жолдан тұрады.»Олар-күлден гүл жасаған тектілер!» «Бұнда шумақ та, ұйқас та, басқасы да жоқ қой, бұл қандай өлең өзі?»дегендерге, ақын:»Біз бұны поэма дейміз» деп бір қайырыпты. Құрметті оқырман, ендеше мархаббат. Ақын өлеңінің оқырманы болыңыз. Ақын сөйлесін. Арғысын өлең жеткізер.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.