Чарли және шоколад фабрикасы

4,300 

Сипаттама

Мистер Уилли Уоңка – ерекше дәмді шоколад жасайтын кондитер. Ал Чарли кім дейсің ғой!? Чарли Бакет – Ержүрек кейіпкер. Бұл кітапта Чарлиден өзге төрт бала бар. Ол сотқарлардың есімдері мынадай: Огустұс Глуп (қомағай), Верука Солт (еркетотай), Вайолет Боргард (сағыз шайнағыш) және Майк Тиви (теледидар көргіш). Олар Алтын Билет ұтып алып, Үилли Уоңканың шоколад фабрикасына келеді! Фабрикада таңғажайып оқиғаларға тап болады. Фабрикаға сен де саяхат жасайсың. Тек беталды кетіп қалмашы, өтінемін. Мистер Уоңка саяхат кезінде біреуіңнен көз жазып қалса, ренжиді ғой…

“Чарли және шоколад фабрикасын» дүниедегі ең тәтті туынды. Бұл – қазақ тілінде алғаш рет Даһл әулетінің және атақты иллюстратор Күентин Блэйктің ресми рұқсатымен шығып жатқан басылым. Әр тәтті үміт орындалады, өмірдегі әр қара жолақ жоғалады. Тек мейрімді, қанағатты, әдепті, басқаның ала жібін аттамай адал өмір сүрсең алдыңда кездесер жарығың мол дегенді бұл ертегі жақсы ұқтырады.

Автор туралы: Руад Даһл (Roald Dahl) Аңглияға Норвегиядан көшіп келген эмигранттар отбасында 1916 жылы дүниеге келген. Ол Дэрбидегі Рэптон орта мектебін бітірген соң, “Шелл” мұнай кәсіпорнына жұмысқа тұрып, “Шелл”-дің Шығыс Африкадағы өкілетті өкілі қызметін атқарады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда ұшқыш мамандығын меңгерген Роалд Дал Британ әскери-әуе күштерінің құрамына кіріп, майданның алғы шебінде шайқасады. 1942 жылы ауыр жарақат алған соң Вашиңгтондағы елшілікке әскери атташенің көмекшісі ретінде ауысады. Роалд Дал сол кезден бастап майданда көргендерін қағазға түсіріп, шығармашылық жұмыспен айналыса бастайды.

Қосымша ақпарат

Бет саны:

208

ISBN:

978-9919-955-79-3

Шыққан жылы:

2020

Мұқаба:

Жұмсақ

Авторы:

Руалд Даһл

Пікірлер

Мұнда әлі пікірлер жоқ.

“Чарли және шоколад фабрикасы” туралы алғашқы пікірді қалдырыңыз

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған