Менің де ата-анам ажырасқан

2,200 

Сипаттама

Мелани, Энни және Стивен Форд – ата-анасы ажырасқан балалар. Кітапта балалар бастарынан өткерген сезімдерін баяндайды. Сонымен бірге, тәжірибелеріне сүйене отырып, кеңес айтады, стратегия ұсынады. Әр тарау ажырасудың салдарынан туындайтын бір мәселені талдап көрсетеді. Ажырасу дегеніміз не? Ата-аналар мұны неге балалардан жасырады? Ажырасудың алдын алу қолымнан келе ме? Ажырасуға мен себепкер болдым ба? Енді кіммен тұрамын? Ата-анамның жаңа отбасымен қарым-қатынасым қандай болмақ? Кітапта осы тақырыптар сөз болады. кітап карикатурист Чарльз Бейлдің суреттерімен безендірілген, оқуға жеңіл әрі көңілді. Күрделі тақырыпқа арналған, балалар үшін балалардың өздері жазған кітаптың маңызы зор. Кітап ажырасу кезінде қиындықтарды бастан кешетін балаларға және осы мәселе турарлы кеңірек білгісі келетін оқырманға арналған.

Қосымша ақпарат

Авторы

Мелани, Энни және Стивен Фордтың әңгімесі негізінде Джейн Блэкстоун-Фордтың жазғандары

Баспасы

"Brand Book" ЖШС

Мұқабасы

Жұмсақ

Бет саны

84

Пікірлер

Мұнда әлі пікірлер жоқ.

“Менің де ата-анам ажырасқан” туралы алғашқы пікірді қалдырыңыз

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған