Сипаттама
Аса көрнекті ақын, жазушы, драматург, педагог, публицист, аудармашы Мыржақып Дулатов қазақ халқының арман-мүддесін терең түсіне біліп, қазақ қоғамында жаңадан өрістеп келе жатқан демократияшыл идеялардың жаршысы болды. Адамзатты ескіліктен, мешеуліктен, зорлық-зомбылықтан, қанау мен езуден құтқаратын күшті құрал – оқу-білім, өнер-ғылым, адал еңбек, әділдік пен адамгершілік мәселелерін көрген “Оян, қазақ!” жыр кітабы бірден қазақ елінің ұранына айналды. Ақынның көңіл күй лирикалары да саяси-әлеуметтік мәселелерді қозғады. Ал қазақ әйелінің ауыр халін шынайы бейнелеген “Бақытсыз Жамал” атты романы ұлттық әдебиетіміздегі тұңғыш прозалық шығарма еді. Жинақ көпшілік оқырманға арналған.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.