Ольга мұсылмандықты қабылдаған

Жайсаң АҚБАЙ, өлкетанушы:

«Алашордашыларға кешірім береміз» деген уәдесіне қарамастан Кеңес үкіметі Жаһанша Досмұхамедовті бірнеше мәрте қамауға алды. Үш жарым жылдай Воронежге жер аударылды. 1929 жылға дейін Жаһанша Жымпитыға бірнеше рет келіп кеткен. Бірақ 1938 жылы 1 маусымда ол тұтқындалып, Таган түрмесіне қамалды. Ол осыдан сәл бұрын инсульт алып, оған «мүгедек-сал» («инвалид-паралитик») деген диагноз қойылған болатын. Сол 1938 жылдың 3 тамызында Жаһаншаны атты. Ол Бутоводағы бауырластар зиратына жерленген...

Әйелі Ольга Константиновна-мен Жаһанша Мәскеу университетінде оқып жүріп танысқан екен. Ольга күйеуінің өлімінен кейін де Мәскеуде өмір сүрді, баспасөз бетінде және кейбір әдеби шығармаларда көрініс тапқан жалалардан Жаһаншаны сан мәрте қорғады.
Жаһанша оқуының соңғы курсында жүріп үйленген. Ольга ол кезде медициналық курстың студенті екен. Жаһаншаға күйеуге шыққан соң Ольга өз еркімен мұсылмандық қабылдаған. Өкінішке қарай, олардың балалары болмады...
Жаһаншаның ағасы Ғаббас күштеп ұжымдастыру кезінде 1930 жылы Орал қаласында атылған...

http://www.condensat.kz/nadezhda/nomer/201108/9.htm

Қаралым саны 1078

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463