Тайпақта Жиембетті жақсы біледі

Жиембеттің өмір сүрген кезі – ХVІІ ғасырдың екінші жартысы, Есім ханның тұсы. Оның әкесінің аты әр деректе әртүрлі аталады: Біртоғаш, Бортоғаш, Мүфтоңаш.

Кейбір деректе би Темірұлы Тәуекел ханды да көрген. Бірақ Тәуекелге айтқан өлеңі түгел жетпеген. Оның қысқа үзіндісі ғана мәлім. Ол үзіндіден Жиембеттің жас шағы көрінеді. Жігітшілікпен хан қаһарына ілігіп, одан кешірім өтінгені мәлім болады. Тәуекелге айтқан сөздерінің үлгісі «Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясында» (119-бет) басылған болатын.

Ол Кіші жүз, он екі ата Байұлының бір атасынан. Әкеден Жиембетпен бірге Жолымбет, Ахмет деген ұлдар туған. Туып-өскен жері – қазіргі Орал (Батыс Қазақстан) облысы, Тайпақ ауданы (қазір Ақжайық ауданының құрамында). Негізгі мекені – Байбарақ, Байшөрек деген жерлер. Қыстауы – Жайық жағасындағы Есім төбесі. Жаз Жиембет ауылы Жем-Сағыз бойын жайлаған.

Есім хан туралы С.Сейфуллин біраз мәлімет береді. Оның ескертуі бойынша, Есім 1635-1643 жылдар арасында хандық құрған. Ташкенттің әмірші бегі Тұрсын дегенді өлтірген. Ол қатаған ұлысынан шыққан бек екен. Есім тұсында Кіші жүз әлім руынан шыққан Жалаңтөс деген батыр Самарқанда әскербасы болған. Ол 1640 жылы 20 мың қол әскерді бастап, жоңғар шапқыншылары-на қатты тойтарыс берген. Баса-көктеп кірген жау-ды қазақ жерінен қуып тастаған. (С.Сейфуллин. «Қазақтың ертедегі әдебиет нұсқалары», 27 бет)

Жиембеттің көлемді бір толғауы «Жақсы үгіт» жинағында 1908 жылы басылып шықты. Ол – жыраудың Есім ханға айтқан жыры.

...Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Жиембет тек жырау ғана емес, жиһанкез болғанға да ұқсай-ды. Ол көп жерді аралаған. Қазақстаннан басқа жердегі біраз жұртты көрген. Ителінде болған кезде үйленіп, содан еліне бір әйел алып келген. Ол әйелінен туған балалары кейін өз алдына бір ауыл болып, Жиембет Тананың, Ителінің «Баймұрат» ауылын құраған.

Жиембетті халық ақындары жақсы білген. Оның өлеңдерін Ығылман Шөрекұлы соңғы кезге дейін жырлап келген. Ол «Жиембет батырдың ашуы» деген тақырыпта толғаулар айтқан. («Аламан» жинағы, Қазақ мемлекет. баспасы, Ташкент, 1926, 8-бет) Мұнда Жиембеттің әкесі Біртоғаш екені, жырау Есім ханның тұсында қол бастаған батыр болғаны көрсетілген. Жиембет туралы да мәліметті жинап бастаушы – көне әдебиетті көпке таныту жолында өшпес еңбек етіп өткен қоғам қайраткері Халел Досмұхамедұлы.
Орал облысының қариялары Жиембетті өте жақсы біледі. Оның ұрпақтары “Тайпақ” қой совхозында (қазіргі Базаршолан ауылдық округі) тұрады. Осы елдің кәрі құлағының бірі Оразғали Сүйінбекұлы Жиембет жырларының есімде қалға-ны деп қырық жолдай екі өлеңін айтады. Жырау-дың бұл өлеңдері 1967 жылы «Көне әдебиет хрес-томатиясында» бірінші рет жарық көрді.

Ханғали СҮЙІНШӘЛИЕВ,
филология ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабынан, 272-278 беттер

Қаралым саны 1890

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463