Түн ұйқымды бөлгенмін, жұртымды жөнге салам деп...

Елордамыз Астана қаласын тәуелсіз еліміздегі ономастикалық саясаттың жарқын үлгісі деп айтуға болады. Бас қаланың көшелері мен шағын аудандары қазақ тарихындағы айтулы оқиғалар мен барша қазаққа танымал тұлғалардың есімдерін, байырғы қазақ жерінің жер-су атауларын насихаттап тұр.

Соның ішінде 2011 жылы Астананың ортасындағы Шұбар шағынауданының Солнечный көшесіне Жиембет жыраудың есімі берілген болатын. 2012 жылдың 13 сәуірінде аталмыш көшенің бойында тарихи тұлғаға арналған ескерткіш тақта салтанатты жағдайда ашылды.

Есім хан тұсында қалмақтармен болған соғыстарда (1620-1638 жылдары) Жиембет бастаған батырлар үлкен жеңіске жетеді. Әсіресе, «Орбұлақ шайқасында-ғы» ата-баба ерлігі еш ұмытыл-мас. Тарихымыздан белгілі, Есім ханның әскер басшысы, сазгер-жыршы Жиембет Бортоғашұлы осы шайқаста ерен ерлік көрсет-кен. Жазушы Табыл Құлыястың айтуына қарағанда, Қарасай батыр қолға түсіп қалғанда Жиембет пен Алатау батырлар оны асқан ерлікпен құтқарған көрінеді. Жиембет жырау ер Есім ханның көрші хандықтарға ұлы жорықтарында асқан ерлік танытқан. Әсіресе, 1620 жылы ойраттармен арада шыққан ірі соғыста Кіші жүз қолын басқа-рып, қазақтардың жауды ойсы-рата жеңуіне ұйытқы болады. 1627 жылы Қазақ Ордасы құра-мынан бөлініп, өз алдына тәуел-сіз хандық құрғысы келген Ташкент ханы (Қатағанның ханы) Тұрсынның көтерілісін басқан Есім ханның қасында болып, ел тұтастығын сақтау жолында қажырлы қайрат көр-сетті. Кіші жүз құрамындағы Байұлы тайпасының бір руы – Танадан шыққан Жиембет жырау өз заманында бүкіл Алшынға әмірін жүргізген.

Жиембет жырау ханның қаһары-нан қайтпаған өр кеуделі адам болған деседі. Иесіз аралға айдалып бара жатқан Жиембет жырау: «Еңсегей бойлы ер Есім, Есім сені есірткен, Есіл де менің кеңесім, Ес білгеннен, Есім хан, Қолыңа болдым сүйесін...» – деп Есім ханға айбат шеге, ойында-ғысын тайсалмай жеткізген. Жыраудың толғаулары ең алғаш 1908 жылы «Жақсы үгіт» кітабында жарияланған екен. Жыраудың бізге жеткен «Есім ханға толғау», «Басы саудың тү-гел-дүр...», «Қол аяғым бұғауда» сияқты жырларында ол өз басы-ның көңіл күйін, арман мұңын жырлайды.

Айта кетейік, өткен жылы Астана қалалық мәслихаты «Шұбардағы» Солнечный көшесін Жиембет жыраудың есімімен атау туралы шешім шығарған-ды. Ал ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында талай жыл жыраудың өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүрген, елімізді былай қойғанда, шаң басқан ресейлік архивтерді ақтарып, тапқан мәліметтері негізінде «Жиембет» атты кітап шығарған жазушы, Қазақстан-ның мәдениет қайраткері Табыл Құлыяс сөз сөйледі:
– Бүгінгі шара ұлы тұлғаларды ұлықтауымыздың көрінісі! – деді Табыл ағамыз. – Тарихы-мызды өзіміз түгендеуіміз керек. І ғасырдан, сонау Кердері мем-лекетінен бастап, тарихи құжаттарды дайындап, әр елден, әр жерден іздеп тауып, жас ұрпаққа тапсыруымыз қажет. Одан әрі жастар іліп әкетуі керек. Мұның, бір жағынан, әлемдік деңгейде саяси маңызы бар. Көшелерде ұлы ата-бабаларымыздың аттары әспеттелсе, осы жердің киесі де, иесі де, исі де қазақты-кі екендігін дәлелдеп тұрмай ма?! Көшеге есімдерін беру, ескерткіштер орнату – соны рәсімдеу деген сөз.

«...Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересің?..» деп жырлаған оның арманы бүгінде орындалғандай.

Бұл шараны ұлы бабаларымыз-ды ұлықтап, тарихи тұлғалар бейнелерiнiң жаңғыруы – кеше-гiмiзге көрсетiлген құрмет, ел тәуелсiздiгi жолында күрескен бабаларымызға көрсетiлген тағзым, ата-баба аманатына адалдығымыз бен ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрiнiсi деп ұққан абзал.

Айтпақшы, аталмыш оқиға Астанада әртүрлі қызметте жүрген жерлестеріміздің де мәртебесін бір өсіріп тастағаны анық. Ескерткіш тақтаның ашылуына ҚР Президенті Әкімшілігінен Мирболат Жақыпов, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің сол кездегі төрағасы Амангелді Таспихов, «Нұр Медиа» ЖШС Бас директорының сол кездегі орынбасары Альберт Сафуллин, тағы басқалары арнайы келді.
Расында да, Ығылман Шөрекұлы айтқандай, ел қамын жеген ерлердің кейінгі ұрпағын-да қақы бар. Әр көшенің қиылы-сынан тұлғаларымыздың есімі менмұндалап тұрса, мәртебеміздің биіктегені емес пе? Осындай жақсы бастама біздің Ақ Жайық өңірінде де жалғасын тапса дейміз.

Бұл шараны ұлы бабаларымыз-ды ұлықтап, тарихи тұлғалар бейнелерiнiң жаңғыруы – кеше-гiмiзге көрсетiлген құрмет, ел тәуелсiздiгi жолында күрескен бабаларымызға көрсетiлген тағзым, ата-баба аманатына адал-дығымыз бен ұрпақтар сабақтас-тығының жарқын көрiнiсi деп ұққан абзал.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

Қаралым саны 1444

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463