Даналықты іздедім кітаптардан,
Жертөледе шаң болып жұтап қалған.
Бабаларым киіз үйді паналапты
Жылу тауып тезек пен бұтақ-талдан.
Тарихымды қарасам, бабаларым.
Құрметтеген қашанда даналарын.
Арманшыл Асан қайғы көрсетіпті
Қазаққа қай жерді паналарын.
Тарихын тасқа жазып тастағанда,
Жауларына жорықты бастағанда.
Даналықты санаға серік етіп,
Дұрысын дұрыс деп би растағанда!
Қазақтың қасиеті даналықта,
Даналық әр кез ұлы саналыпты.
Кешегі Абай, Ғұмар, Мағжандарың
Даналықтан нар болып жаралыпты.
Айырып жақсы жаман аралығын,
Танытқан қазақ әр кез даралығын!
Тарих, өнер, дәстүрің, салтың – бәрі
Ағайын, даналығың, даналығың!
“Дананы” оқып көрсең, тоқып білсең
Бойыңа сіңіресің саналы ұғым.
Бағдат ІЗМАҒАМБЕТ