Сен жыламашы...

Азамат БАЗАРБАЕВ,
БҚМУ-дың 1-курс студенті

Сөздеріме құй сен, құй сенбе, сен мейлі,
Көңіл күнде күрсінгеніңді тергейді.
Үрки қарап, түзіліп барып үзілер,
Көздеріңнен көлшікті көргім келмейді.

Тұнық өңің түрен салғандай тілінген,
Жыламағын, Күнікей қызша күлімде.
Таң ағарса топ ете түскен тұнбадай,
Ерке шықтар қарашығыңа ілінген.

Таза жылау керек те шығар айласыз,
Тек сұрарым ұшпақ қыласы қайда сіз?
Жылап, жылап жұбанам дейсің сен әлде,
Бірақ, бірақ бос әуре бәрі, пайдасыз.

Сұрқия күзді бездірер әлі көктемде,
Езу тартып үт күншуағын сепкенде.
Кемсеңдеме кәрі кемпірдей, күлімкөз,
Тасқа айналып тәкаппарлығың кеткен бе?

Ащы тамшы қасіретіңе сия ма?
Алып ұрған алыбыңды да жиі ағат.
Жігіт жүрек жер болады деп мендегі,
Сайтан ойға сенделсең егер қиянат.

Қорқасоқтар кермарал құсап сыңайың,
Жәудіркөз қыз жаңына жәрдем қылайын.
Сен жылама, жасыңа дәтім төзе алмас,
Мен-ақ сен боп еркек басыммен жылайын.
КЕЛІСЕСІҢ БЕ?

Қаралым саны 1237

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463