Ауылда туғаныма мақтанамын!

Бауыржан ЗИНЕШОВ,
БҚГА-ның
4-курс студенті

Күш берген туған дала дауылды әні,
Тамшы боп бойға сіңген жауын дәні.
Жусаны шипа болған жан-тәніңе,
Тіршілік мүлде басқа ауылдағы.

Мұқалмас еш пенденің жас жанары,
Ағайын ашық-жарқын қас-қабағы.
Батыр да, ақын-жыршы дауылдаған,
Ауылдың дауылындай басталады.

Киелі бетегең де шаңы басқан,
Төрт түлік ауыл көркі жамырасқан.
Дарытып ұрпағына қасиетін,
Санасын ұялайды бағы бастан.

Көз тігіп дала жаққа беттегесін,
Шежіре тарихына дөп келесің.
Масайрап, тоқтық тартқан ұрпағыңның,
Ұмытқан сәттеріне көп көнесің.

Қап қойған мирас болып таға сынды,
Ініге ізет етер ағасы үлгі.
Әр үйден ағылып кеп бір ортада,
Ойнағаны бөбектің жарасымды.

Сыртынан көріп соны шаттанамын,
Басқанда ыстық құмды ақ табаным.
Шыжығы қызығы мен қатар жүрер,
Ауылда туғаныма мақтанамын.

Қаралым саны 1036

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463