Хамза
Есенжанов Хамза Ихсанұлы Батыс Қазақстан облысы, қазір-гі Теректі ауданында 1908 жыл-ғы 25 желтоқсанда туған еді. 1928 жылы Алматы зоотехника-лық-малдәрігерлік техникумын, 1933 жылы Алматы мемлекеттік университетін (бұрынғы ҚазПИ) бітірді. 1932-1933 жыл-дары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы болып қызмет етті. 1934-1936 жылдар аралығында Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік өнер-тану институтының аспиранту-расында оқыды. 1936-1937 жылдары КСРО ҒА-ның Қазақ филиалында әдебиет пен фоль-клор секторының меңгерушісі қызметін атқарды. 1937 жылдан Қазақ мемлекеттік филармония-сының, кейін Қазақ опера және балет театрының директоры қызметін атқара жүріп, ҚазПИ-де орыс әдебиеті тарихынан сабақ береді. Бұл кездері Хамза Есенжановтың «Өлеңтінің жағасында», «Қызыл құмақ», «Күшке күш» сияқты әңгімелері мен «Жер шарында» атты пьесасы республикалық басылымдарда жарияланып, қаламгер атағы шыға бастаған болатын...
Софья
Ол 1914 жылы 23 желтоқсан-да Қызылжар қаласында Жақия және Ғалия Тастеміровтердің отбасында дүниеге келген, руы – арғын. Анасы Ғалия әйгілі ақын Мағжан Жұмабаевтың не-мере қарындасы еді. Бұл жанұя-да Софьядан басқа Жамал, Зықатай (Зылиха), Мәрзия, Шорман, Зульфия есімді алты ұл-қыз өсіп тәрбиеленген.
Софья Жақияқызы 1932 жылы Қызылжардағы орыс орта мек-тебін бітірген соң білім іздеп сол кездегі астана – Алматыға келеді. Сөйтіп, мединституттың жанындағы алты айлық әзірлік курсына тыңдаушы ретінде қабылданып, кейіннен сынақ-емтиханды сәтті тапсырып, студент атанады. Сол жылдары жазғы каникулдарының бірінде Ақтөбедегі апа-жездесі Жамал мен Тауфиықтың үйіне қыды-рып барғанда Хамзамен таны-сады. Тауфиық Ақтөбе қаласын-да прокурор болса, Хамзаның әкесінің кіші інісі Қайыржан да осы салада қызмет атқарып, Тауфиықтармен жақсы арала-сып тұрады екен.
Табысу
1937 жылы ақпан айында екі жастың үйлену тойы сол кездегі Алматы қаласындағы «Есік» қонақүйінің мейрамханасында өтіпті. Той қонақтарының қатарында Ленинградта Хамзамен аспирантурада 2-3 жыл қатарлас оқыған достары Мұхамеджан Қаратаев жұбайы Мархумамен, Тайыр Жароков жұбайы Мүнирамен, М.Балақбаев, Б.Шалабаев, сондай-ақ жерлесі Қажым Жұмалиев, тағы басқалары болды. Хамза жұмысын, Софья оқуын жалғастырды. 1937 жылдың соңында отбасының тұңғышы Эмиль дүниеге келді. Ұлының атын Эмиль Золяға ұқсастырып, Хамзаның өзі қойыпты.
«Софья өзі қандай аршыған жұмыртқандай ажарлы болса, жаны да сондай шуақты, мейір-бан, жүзінен иманы төгіліп тұрға қыз екен. Біз тез сырлас болып кеттік. Софья тұңғышы Эмильге, мен Мерланға аяғы-мыз ауыр кез екеумізді тез жақындастырды. «Айлас әйел мұңдас» деген бар емес пе? Сырымыз ортақ. Екеуміз қатар босандық. Эмиль мен Мерлан-ның арасы жеті күн. Балаларымыз дос болса, екеуін егіз қозыдай қатар өсірсек» деп армандаймыз. Софья екеуміз бір кездері Алматыдағы жұрттың аузында болғанымыз рас. Білмесе кейінгі ұрпақ білмес, өз тұрғыластарымыздың арасында бағамыз ерекше болды» деп еске алыпты Мұхамеджан Қаратаевтың жұбайы Мархума Қаратаева кейінірек...
Қудалау
Екі жастың бақытты, шат-тықты күндері ұзаққа бармады. Тағдыр өмірдің даңғыл емес, ойлы-қырлы соқпағы да көп екендігін тағы да көрсетті. 1938 жылы 19 наурызда Хамза ҚазПИ-де дәріс оқып тұрған жерінде тұтқындалды. Оған әйгілі №58 бап – «халық жауы» деген айып тағылды. Тап сол күні Сағыр Камалов, Хамза және басқалары Алматы қаласындағы Дзержинский көшесі (қазіргі – Наурызбай батыр) бойындағы түрмеге жабылды. Хамза тұтқындалған алғашқы күндері, әрине, Софья апай мен Эмильге оңай болған жоқ. Бір кезде қуаныш пен қиындықты бірдей бөліскен достар мен таныстар, қызмет-тестер қатыгез билік жүйесінен сескенді ме, теріс айналды.
1939 жылы Софья Жақияқызы медициналық инс-титутты емдеу ісі мамандығы бойынша «өте жақсы» деген дипломмен бітірді. Олар 1931 жылы ашылған медициналық институттың екінші толқын түлектері болатын. Софья Жақияқызы Қазақстан Денсау-лық сақтау комиссариатының терапия бөлімшесін басқара жүріп, ғылымға бет қойған еді. Оның кандидаттық диссерта-циясының тақырыбы: «Жүрек-қан тамыры ауруымен ауыратын науқастардың бауырының функционалдық жағдайы» деп аталатын. Бірақ 1940 жылы «халық жауының отбасы» ретін-де олар Алматыдан аласталып, Қызылжарға қоныс аударды. Мұнда Софья Жақияқызын Октябрь ауданына дәрігер етіп жіберді. Осылайша 1945 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы, Октябрь ауданы Марьевка елдімекеніндегі бөлімшелік емхана меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Жалпы, Тастеміровтердің үш қызы Жамал, Зықатай және Софьяның тағдыры қазақ хал-қының басына қайғы болып жа-бысқан ХХ ғасырдың 30-жыл-дарымен тығыз байланысты болды. Жамалдың күйеуі Тауфиық Бердіғожин прокурорлық қызметте жүріп, «халық жауы» ретінде атылса, Зықатайдың күйеуі Жанғабыл Көтібаров прокурорлық қызмет атқара жүріп, «халық жауы» деген айып тағылып, он жыл өмірін лагерь-түрмеде өткізді. Ал Софья Жақияқызының жары Хамза Есенжанов «халық жауы» ретінде 25 жылға сотталды, 1938-1955 жылдары жалындаған жас өмірінің он жеті жылын түрмеде, лагерь және жер аударуда өткізді...
Хаттар сөйлейді...
Сүйіктім София!
«Алмағайып тағдырға кезігіп, өзіңнен ажырағалы төрт жыл болған екен. Жақсы үміттің жалғасындай болып келе жатқанда, оқыс кезіккен кесапат шаңырағымызды жай түскендей ғып, бізді екіге айырып жіберген жоқ па, түбінің қайырын бергей дейміз де... Сенің алдыңда, туған халқым мен елімнің алдында арым таза екеніне шүбәм жоқ. Шындық бар болса ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір салтанат құратынына сенемін...
Түрмедегі күндер бір-бірінен ажырағысыз өтіп жатыр. Сұрғылт өң, сұрғылт пішін, сұп-сұр қабырғалар. Ең бастысы, болашаққа деген үмітім мен сенімімді жойған жоқ. Әзірге бойға ұстап қалған бар байлы-ғым сол ғана. Өзіңді, Эмилімді сақта. Күні ертең тағдырдың беті бері қараса, көрген қиын-дығымыз бір күнгідей болмас...
Жиі хат жаз. Сүйдім өзіңді, менің қасіреті мол өмірімнің қосағы.
Өзіңнің ХАМЗАҢ.
20 январь. 1942 жыл
Сүйікті София!
...Егер менің Эмилтайым қия-лында әкесімен жүздесіп жүрсе, баламнан қиял жағынан үп-үл-кен мен де қалыспаймын. Оның не істеп, не қойып, қалай ойнап, қалай сөйлеп жүргені көз алдым-да көлбеңдеп тұрады да қояды.
Қазір міне күн батты. Жұмыс үстелімде отырмын, терезеден сыртқа қараймын: айнала қалың ағаш, қара түнек. Аспанның те-резең көрінген пұшпағын қою, қорғасын бұлт басқан, көзге алыс армандай көмескі ғана жылтылдаған бір жұлдыз ша-лынды. Бұл ойыма Короленко-ның «Огоньки» дейтін тамаша әңгімесін түсіреді.
Есіңде ме, оның түнек түнді, тұңғиық суды, су бетіне жыл-жып келе жатқан ескекті қайық-ты, анадайдан көрінген алдам-шы сиқыр оттарды қалай-қалай суреттейтіні, шынында да, өмір дегеннің өзі жақсы күнге сену-ден, болашақты күтуден тұрады емес пе?! Сол үшін де мен ер-теңгі жарық күнге деген сенімді жоғалтпаймын. Және ол соғыс деген сұмдықсыз, қайғы-қасі-ретсіз, жоғалтусыз-жоқтаусыз жететін сияқты. Ал әзірге өзімді ақын жағынан ағып түскен сөзбен жұбатамын:
«...Без страданий часы любви не длятся». (Байрон).
Немесе:
«Не пылит дорога
Не дрожат листы
Подожди немного –
Отдохнешь и ты!» (Гете).
...Жағдайым онша емес, бірақ шыдауға болады. Әзірге сол – «Тайгадамын». Алматыдан көп болды, хат жоқ. Қазір кейбір адамдарды денсаулық жағдайы-на, мүгедектігіне байланысты босатып жатыр, біздің ішімізден ақталып шыққандар бар. Соның бірін болмаса бірін кездестіріп қалуларың мүмкін. Мұнда омбылық бір қария қайтсем де Марьевкаға соғам деп отыр. Ке-лесі хатта Марьевка темір жолға жақын ба, алыс па – соны жа-зып жібер. Алматыдағылардан хат-хабар аласың ба? Хал-жағдайлары қалай?
Эмильді, Зүбішті, өзіңді сүйдім. Әзірге. Қош.
Өз Хамзаң.
03.07.43
София!
Өткен жолғы хатыңда Эмика ауырады деген едің. Міне, содан бері екі ай өтті, өзіңнен хабар-сыз қалдым... Жағдайым жаман емес. Бірінші көрген қиындық емес, бәріне төзіп жатырмыз. Қайтейін! Қайтейін!... Кейде сені бақытты ете алмағаныма өкінемін. Жүріп тұратын, кол-лективтің ортасында жарқылдап еңбек ететін алтын шағың өк-сікпен, тосумен, елегізумен өтіп бара жатқанына қынжыламын. Бірақ сені бақытсыз әйелдердің қатарына қосқым келмейді... Мен бақытсыздар деп жан-дүниесі жадау, болашақтан үміт үзген, моральдық жағынан тұрақсыз жандарды айтар ем.
Ал біздің тағдырымыздың бағы уақытша ғана байланып тұр. Өзіңнен айырылғалы алты жыл өткен екен. Бұл өмір бақи бір-бірін жоғалту деген сөз емес. Уақытша ғана!..
Қара бұлт қанша қаптаса да күннің көзін бүркеп тұрмақ емес... Бәрін тәптіштеп қайтейін. Өзің де білмейді емессің ғой...
Бәріңді құшақтап сүйдім.
Өзіңнің Хамзаң.
29 февраль, 1944 жыл
Сүйкімді менің Софьям!
Басына қайғының қара бұлты үйірілген шақта адам баласы өмірдегі нұрлы шақтарды еске алады. Өткеннің бәрін және бір ой көзінен өткізіп, содан тыншу табады. Сол жақсы күндер тағы да туар-ау деген сенімге жеңді-ріп, бір сәт жадырап, дүр сілкі-неді. Мұндай сәттерді өзіңнен айырылғанда алғашқы жылда мен бастан аз өткергем жоқ. Соңғы кезде сол тіпті көбейіп бара жатқандай. Мүмкін екеуміз қайтып кездесеміз, сені көремін деген үміттің әсері шығар ол. Егер менің ең соңғы – сенімен енді бірнеше күн бірге болсам деген тілегім орындалса, тағдырға өкпем жоқ... Бірақ осы бір пенделік бақыт пешенеме бұйырмай кете ме деп қорқам. Жақсы күнді күтейік!
Бабауыл басына кешкендерін баяндап берген шығар. Сонан-ақ білерсің. Оның көргені – менің көргенім, ол өзі неге маған хат жазбайды? Көптен күтем.
Басқа не айтайын? Неше жерден тілдің майын тамызап жазғаныңмен, жаныңды бәрібір жеткізе алмайсың.
Өзіңнің Хамзаң
03.08.44
Р.S. Эмиктің бетінен папаң үшін бір сүй. Бабауылға, Захытайға, Зүбішке сәлем айт. Бәрінен хат күтем.
Софьяның құпиясы
Марьевкада жүргенде белгісіз аурудан Эмиль алты жасында қайтыс болады. Күйеуінен тірі-лей, тұңғышынан өлілей айрыл-ған Софьяның басындағы хәл адам аярлық еді. Бірақ қазақтың қайсар қызы өзінен бұрын қа-пастағы ерін ойлап, «онсыз да жазасыз жапа шегіп жүрген жаралы Хамзаға қаралы хабар-ды жеткізбейін» деген шешім қабылдайды. Ал жаманаттан бейхабар Хамза жарына жазған әр хатында: «Эмиктің бетінен папасы үшін бір сүй» деп, пер-зентіне сағынышын білдіреді. Софья болса, өзінің жауап хаты-ның соңына көрші баланың қолының таңбасын сызып, жөнелтеді екен...
«Эмиліміз қатты сырқаттанып, қайтыс болды. Шыбын жанын сақтап қалуға қолымнан келген-нің бәрін жасап бақтым. Бірақ туралап келген ажал әй-шәйға қарата ма? Әйтпесе, Хамзекең-нің бауыр етінің қара тырнағын қара жерге қияр ма едім...
Хамзаның әр хаты келген сайын жаныма қуат аламын. Түгелге жуық жаттап алдым десем өтірікші болмаспын. Өзі сондай қиын-қыстау жерде жүріп, маған қамқор болып, күш бере сөйлейді. Басындағы ауыртпа-шылықтың уақытша екенін айтады, не деген қайрат-жігер десейші» деп еске алыпты Софья Тастемірова бір жазбасында.
Айдауда
Софья Тастемірова 1945 жыл-дың басында Қазақ ССР Халық-тық Денсаулық сақтау комис-сариатының бұйрығымен Алматыға шақырылды. Оның жұмысқа орналасып кетуіне Хамит Чурин мен Тайыр Жароковтың көп жәрдемі тиген көрінеді. Хамит Чурин ол кезде Мемлекеттік жоспарлау комитетінің бастығы еді.
Сол тұста елге оралған Хамза 1948 жылы «ерте босатылған» деген желеумен қайта ұсталып, Теміртауға жер аударылды. Бірақ онда да көп тұрақтатпай, бір жылдан кейін Красноярск өлкесіне жөнелтілді. Сот шеші-мі: «Өмір бойына жер аударыл-сын» болыпты, яғни өмір бойы кері қайту жоқ деген сөз еді.
Осы кезде Софья Жақияқызы аяқталып қалған ғылыми жұмы-сына қарамастан күйеуімен бірге болуды алдына мақсат етіп қойды. Краноярск өлкесіне жұмысқа жіберуін сұрап, КСРО Денсаулық сақтау министріне өтініш жолдады. 1950 жылдың 15 ақпанында кадр басқармасы-нан келген жауап хатта «Дәрігер С.Тастемірованы Краснояр өлкесіне жұмысқа ауыстыруға мүмкіндік жоқ» делінген. Бұл шешіммен келіс-пеген Софья КСРО прокурорту-расына арызданды. Бірақ олар да алдыңғы жауапты заңды деп тауып, өз күшіне қалдырды.
Бірақ Софья Жақияқызы Алматыдағы қызметін тастап әуелі Теміртауға, кейін Краснояр өлкесіне, сүйген жары Хамзаның соңынан кетеді. Егер ғылым қуса, Софья Жақияқызы қазақтың тұңғыш жоғары дәрігерлік білім алған Гүлсім Жапарқызы Асфандиярова, Аққағаз Досжанова, Райхан Әбікейқызы Сатпаева т.б. сияқ-ты болар ма еді, кім білсін?!. Алайда Софья апай өз таңдауын өзі жасады. Ол «тағдырды екі қинау жарамайды деп жатады ғой. Егер Хамзекемнің босқа кеткен он жеті жылын қайтарып беретін болса, мен тағдырымды екі қинауға бармын» деп жазды.
Әлиханның әкесі
Софья Жақияқызы өз еркімен «айдауда» жүріп те сүйген мамандығынан қол үзген жоқ. Жергілікті тұрғындар мен саяси тұтқындардың арасында білігі мен адами қасиетінің арқасында үлкен беделге ие болды. Сондықтан да болар, 1954 жылы Бирилюкси аудандық медицина қызметкерлерінің конференциясына делегат болып қатысты. Сол жылы 23 шілде - 1 тамыз аралығында Красноярск қаласында өткен Өлкелік ауыл дәрігерлерінің съезіне де делегат болды.
Осындай қиын-қыстау өмір мен өлім арпалысқан шақта Хамза да шығармашылық құштарлығын жоғалтқан жоқ. Ол атақты «Ақ Жайық» романын түрмеде отырып, айдауда жүріп бастаған болатын...
1951 жылы Хамзекең мен Софьяның көптен сағындырып күткен перзенті дүниеге келді. Ол ұлға Алаш арыстарының көсемі, «халық жауы» ретінде атылған Әлихан Бөкейхановтың есімін беру – Есенжановтардың тағы бір ерлігі десе де болғандай!
Жазылмаған роман
1955-1956 жылдар аралығын-да сталинизм «сыйлаған» 17 жылды тірі өткеріп, бір топ жазушы Алматыға қайта орал-ды. Бастапқыда баспана жоқ, тұрақты жұмыс жоқ, Х.Есенжанов, З.Шашкин, С.Талжанов, Ө.Тұрманжанов, Х.Өзденбаев, М.Қаратаев т.б. қиындықтың үстіне қиындық көрді.
Бірақ та сүйген жарыңмен шағын болса да, шаңырақта бірге болып қара су ішіп, қара нанды қақ бөліп жеген де бақыт екен. Бұндай күнге жете алмай кеткен арыстар қаншама?!.
Софья Жақияқызы өзінің «Аяулы тұлға» естелік-әңгімесінде: «Бейуақытта бағытыңнан адассаң, белгі бо-лар жарық жұлдыздар болады-ау. Олардың қадіріне жарқыра-ған жарықта емес, маңайыңды қараңғылық тұмшалаған кезде көбірек жеткендейсің. Солар-дың қаншасынан қапияда айырылдық... Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Сабыр, Ораз ... ағаларды айтсаңшы бәрінен. Халқымыздың маңдайына сый-май кеткен сүйегі асыл, сөзі алтын жандар еді-ау. Олар ақ-талған жиынға халық сұмдық көп жиналды. Көз жасымызды тыя алмадық. Өңірімізге дейін су болып шықты» деп жазады.
1958 жылы Мұхамеджан Қаратаевтың қоныстойында әйгілі Мұхтар Әуезов үй иесінің жары Мархумаға: «Сіз Софья екеуіңіз қазақтың декабрист әйелдерісіздер. Сіздердің ерлік-теріңіз болашақ ұрпаққа үлгі болуы тиіс. Мен сіздер туралы міндетті түрде кітап жазамын», - деп ағынан жарылған екен. Өкінішке қарай, аяулы Мұқаң 1961 жылы дүниеден ерте озып кетті...
P.S. Жазушы Хамза Есенжанов 1974 жылы 5 желтоқсанда Алматы қаласында қайтыс болды. Оның жары Софья Жақияқызы кейінірек,
1993 жылы дүние салды. Асылдың сынығындай ұлы Әлихан Есенжани – бүгінде Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты. Хамзекеңнің келіні Дина Әнесқызы да – филология ғылымдарының кандидаты, араб тілінің маманы, Абылайхан атындағы халықаралық әлем тілдері университетінің доценті. Олардың ұлы Хәкім былтыр, 2012 жылы мектеп бітіріп, техникалық мамандыққа ЖОО-ға түсті. Бүгінде Алматы қаласында тұрады.