Ешкімге ұқсамайтын киім кию мәнері, өзін ұстау әдебі, тіпті сөз саптауы да бөлек Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының маңдайалды артисі Гүлжан Шынтемір жақында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алды. Сонау 70-ші жылдардан бері Талдықорған театрында - отыз, кейін Орал театрында он жылдан астам қызмет етіп келе жатқан өнер жүйрігі өмірде сондай қарапайым. Тіпті алдыңғы жылы алпыс жасын да дабырайтып той жасамай, ың-шыңсыз, өз үйінде қарсы алды.
– Гүлжан апа, құрметті атағыңыз, төсбелгіңіз құтты болсын! Әсерімен бөліссеңіз, қуанышыңызды еселеді ме, әлде қалыпты жағдай деп қабылдадыңыз ба?
– Қалыпты жағдай, түк те өзгер-ген жоқ. Бірақ алпыстан асқанда мынадай лас қоғамның маған на-зар аударғанына аздап таңғалдым. Осындай қоғамның менің де еңбе-гімді елегені қызық көрінді. Бірақ «менің еңбегімнің өтеуіне бірдеңе беріңдер» деп ешкімнен сұраған емеспін, қызметімді міндетсіген де емеспін. Өйткені театрдағы ең-бегіме сай жалақымды алып отыр-мын, шай-суыма жетеді.
Біреулер айтады «марапат ал-дыңыз, жауапкершілік молайған шығар» деп. Жоқ, мен о бастан қызметіме жауапкершілікпен қарайтын адаммын. Ешқашан ке-шікпеймін, мойныма алған ісімді қабілетімше орындаймын. Мектеп жасымнан сондай болдым.
– Неліктен лас қоғам деген түйінге келдіңіз? Бұл тек үлкен-дердің ойлап тапқан ойын алаңы емес, сіздің де бала-неме-релеріңіздің әдемі әлемі ғой...
– Әрине-әрине, жақсылығы көп қой. Күндегі атқан таңыңа Құдай-ға шүкіршілік етіп, рақмет айтып, өмір бергеніне ризасың ғой. Ол – өмір. Мен қоғам жайлы айтып отырмын. Кейде ылғи бір «Жас алаш», «Трибуна», «Ашық алаң», тағы басқа газеттерді оқып-оқып, қоғамда болып жатқан келеңсіз-діктерден қатты түңіліп, тіпті сен-сең, бірде үш күн бойы ауырдым. Сосын ол газеттерді бір күні жи-нап-жинап бір жерге алып қой-дым. Бірақ қайда барасың, ол өз қоғамың, өз еліңде болып жатқан оқиғалар, өз ортаң. Өз қолыңды өзің кеспейсің ғой.
Адамды киген киіміне, алған ата-ғына қарай сыйлайтын мынадай лас қоғамда «атақ та керек екен-ау» деген ой келеді кейде. Бірақ атақ – абырой әкеледі дегенге мүлдем сенбеймін. Абырой ол – атаққа емес, адамның ішкі таны-мына, ой-өресіне қарай келетін ұғым. Осындай бір түсініксіз, надан іс-әрекет мен арам пиғылды көп көргесін шығар лас қоғам дейтінім. Бірақ кейінгі ұрпаққа, жақсылыққа сенемін.
– Сіз қырық жылдан астам сахна өнеріне қызмет етіп келесіз. Бірақ осы жылдар бойы бір қатырма қағаз да алмапсыз. Бұл кешігіп жеткен құрмет, кеш мойындау деп ұқпайсыз ба?
– Жоқ, бірақ кейде ойлаймын, бұдан бір 20 жыл бұрын берілген-де... деп. Дегенмен, мен өзімнің қолымнан келетін рольдерді ойнадым. Мен мінезді актриса-мын. Жібек, Баян бола алмаймын, мінезді кейіпкерлерді ғана сомдай аламын. Өмірде де сызылып, майысып тұрған жан емеспін. Жаратылысым сондай.
– Сіз Елбасының суреті бар кеу-дебелгіні тағып жүресіз, көк ту-лы сөмкеңіз бар, бұл әсіре жа-сандылық болып көрінбей ме?
– Мені біреудің пікірі қызықтыр-майды. Жұрт не дейді, маған бәрі-бір. Өзім қалай дұрыс деп санай-мын, солай жүремін. Мен Назарбаевты жақсы көрдім о бас-тан. Оның бейнесі бар мына кеу-дебелгіні қашан таққанымды да ұмыттым. Көк тудың белгісі бар сөмкем бар. «-Ов, -евтан» құты-лайық деп, тегімді Шынтемір деп өзгерттім. Иә, мен өз елімнің пат-риотымын. Үйдегі кітаптарымды «Мен қазақпын», «Қазақтың қай-мағын 37-жыл құртты» деген те-матикаға қарай жинақтап, жиыс-тырып қоям. Көк туды қойып, Жұбан көкеме арналған бұрыш жасадым. Ол кісіні қатты құрмет-теймін. Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтар өмірбаянын, шығармаларын сүйіп оқимын. Бұл біреулерге әсіре патриоттық болып көрінсе, білмеймін енді...
– Сіз ешкімге ұқсамайсыз. Көшедегі адамдар да, әріптесте-ріңіз де «нағыз актриса осын-дай болып жүруі керек» деп ба-ға береді. Дәл қазір киіп отыр-ған қалпағыңызды да басқадан көру мүмкін емес. Бұл өзіңіз ойлап тапқан мәнер ме, әлде, бәлкім, еліктеу ме?
– Қартайғанда кімге еліктеймін?! Ешкімге де. Әуелден осындай-мын. Білмеймін, өзіме ұнайды, өзімнің жаным не қалайды, соны жасауға тырысамын. Мұқан (театр режиссері) «Чудачка» деп ат қойған маған. Талғамым сондай шығар.
Ал қыз болу, бетке крем жағу, кү-тіну, үйде ыдыс-аяқ ұстау, дастар-қан жабдықтау, қолөнер бұйым-дарын жасау, жинауды Хадиша апамнан (Бөкеева) үйренген шы-ғармын. Ол кісінің ас мәзіріне ыдыс дайындау әдісі бөлек еді ғой. Сондай бір ұқыптылықпен, ыждағаттылықпен қарайтын. Оның шәй ішетін кесесі бөлек, кофе ішетін ыдысы бөлек, айран құятын тостағаны бөлек, орын-орнымен тұратын.
Небір сувенир жинайтын. Бірақ мен қолдан қуыршақ тігуді, жіп-тен аспалы әткеншек жасауды ба-ла кезімнен білетінмін. Хадиша апам да үйді сондай бір бұйым-дармен сәндеуді жақсы көретін. Ол кісіден көп нәрсені үйрендім.
– Көп актерлар өнерге кездей-соқ келдім деп жатады?..
– Мен де солай деуіме болады, бірақ кездейсоқтық дегеніміз – заңдылық делінеді ғой филосо-фияда. Солай болуы керек болған шығар. Менің арманым – инже-нер-механик болу еді. Бірақ ол кезде бұл мамандыққа қыз бала-ларды көп алмайтын. Үш жыл барып, түсе алмай, сосын өнерге қабілетім бар екенін білгесін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына оқуға түстім. Сөйтіп төрт жыл оқып, Хадиша апамнан да өмірлік тәлім алып, актриса атандым.
– Тоқсаныншы жылдары көпте-ген өнер адамы театрдан кетіп, өмірдің басқа салаларынан өз жолын тауып жатты. Сіз басқа жаққа бұрылмай, өнерге адал болып қалдыңыз.
– Мен енді өтірік лепіріп, ерекше пафоспен «ойбай, мен өнерге адал болып қалдым, мен театрды сүйем» деп қызыл сөзді езіп, кеуде соқпаймын. Бірақ театрсыз өмірімді елестете алмаймын. Тіпті қазір мені театрдан шығарып жіберсе, білмеймін қайда баратынымды.
Ең қиын 1994-1998 жылдары Талдықорған облысы тарап, бізді бәлен ай жалақысыз демалысқа жіберді. Мен, шынымды айтайын, сонда үйде кітабымды оқып жат-тым. Әдебиетті жақсы көрем ғой. Су ғана бар, жарық, газ жоқ. Суды ошаққа қайнатып алам да, сол қара суға қатқан нанды батырып, оқитынымды оқып, үйде жаттым. Тіпті қиналған жоқпын. Басқалар қап-қап картоп, сұйық май, ет са-туға шыққанда мен үйде қамалып жаттым. Сол кезде «Арам өлетін адам екенсің! Ақымақ екенсің!» деген сөздерді естідім. Менің басқа мамандыққа икемім жоқ еді.
– Сіз жалғыз өзіңіз екі баланы тістелеп жүріп жеткізген ана-сыз. Қиындыққа сынып кетпей, қарсы тұру, мойымау ерекше қасиетіңіз деп айтуға бола ма?
– Меніңше, оны Құдайдың өзі күшті адамның бойына береді-ау деп ойлаймын. Қиындықты ешкім болжап білмейді. Сол сияқты ал-дын ала оған дайындала да алмай-сың. Оған қарсы тұру – ерекше қасиет болмауы да мүмкін. Бірақ төзе алмай, сынып кететін әлсіз адамдар да бар ғой. Салыстырма-лы түрде онда мен күшті адам болғаным. Бірақ мен оны репети-ция жасап, «күшті болайын» деп басқадан үйреніп алған жоқпын ғой. Яғни ол да бір Жаратқанның берген тартуы шығар. Сосын қатыгез емеспін, бірақ қаталмын. Әсіресе, балаларыма өте қаталмын.
– Бірақ сіздің патриотты-ғыңызға сын келтіретін бір жәйт бар. Сіздің балаларыңыз орыс тілді...
– Иә-иә-иә, бұл сұрақ менің жал-пы болмысыма қарама-қайшы болғанда да, сұмдық енді. Мен жалпы 100 пайыз дұрыс, 100 па-йыз дұрыс емес адаммын. «Қазақ бол, қазақ бол» деп жүріп, өзім балаларымды орысша оқыттым. Бірақ заман сондай болды ғой. Ауылдан келдік, түк орысша біл-мейміз. Намыстанасың. Айнала-ның бәрі орысша. Тілді білгендер-дің ғана жолы болды. Консервато-рияда Лидия Каденованың арты-нан қалмай жүріп, ол Ақтөбеден, қаланың қызы, орысша үйрендім. Менің талапшылдығым ұнаған болу керек мұғалімге, Уайс мар-құм ренжитін, «Неге Гүлжаннан зачет алмайсыз, ол күні кеше үй-ренді, мен бәрін білем, маған не-ге автомат қоймайсыз?» деп. Сол қиындықты балаларым көрмесін дедім.
– Театрға, жалпы өнерге қатыс-ты сізді не нәрсе мазалайды?
– Театрларға нағыз шығармашы-лық атмосфера жетіспейді деп ойлаймын. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, адамның ішкі, сырт-қы әлемін, жағдайын ойлайтын басы мен жүрегі бар РЕЖИССЕР керек деп ойлаймын. Әр театрдың өз иесі болуы керек.
– Өміріңізге ризасыз ба?
– Әрине, ризамын. Қанша қиын-дық көрсем де, бәрі-бәрі өзімдікі. Оны ештеңеге айырбастамаймын.
– Жаңажылдық тілегіңізбен бөліссеңіз...
– Жаңа жылда жаңалық көп бол-сын! Ұлттық рухымыз жоғары болсын! Не нәрсе болса да, қарсы тұратын ұлттық намысымыз қалғымасын, ұлттық мүддеміз бір болсын!
– Шынайы әңгімеңізге көп-көп рақмет! Жаңа жылыңызбен!
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ