Қазақстанның мәдени мұрасын түгендеу мемлекеттік маңызы бар іске айналды. Өз тарихымыздың ақтаңдақ тұстарын зерттейтін сәт туды. Бұл дұрыс та. Өйткені бүкіл ТМД кеңістігінде тарихшылар ортағасыр-лық кезеңге, мемлекеттіліктің қалып-тасуы мен этногенез үрдістері өткен заманға аса зор мән беріп жатыр. Соның ішінде қалалық мәдениет пен көшпелілер өркениетінің қарым-қатынасына ерекше көңіл бөлінуде. Ғалымдар тарихи оқиғаларға бұрынғыдай қасаң қағидалармен емес, кеңірек қарай бастағаны қуантады. Міне, осы көзқарас Алтын Орда кезеңінде Еділ-Жайық арасын-дағы қалалық мәдениеттің даму феноменіне жауап табуға жетелей-тіндей. Тарихшылар Еділ бойында қала көп болғанын жақсы біледі. Ал XIII-XVI ғасырларда Жайық жағасында көне шаһарлар болғандығы жөнінде тек сол заманғы карталардан, Еуропа мен азиялық авторлардың жазба деректерінен ғана еміс-еміс естілетін. Бүгінге дейін бұл деректердің нақты дәлелі не тарихи зерттеулерде, не археологиялық қазба жұмыстарында табылмай келді. Белгілі Алтын Орда зерттеушісі Егоровтың 1985 жылы жа-рық көрген кітабындағы схема-карта-да Жайық бойында жалғыз қала – Сарайшық қана көрсетілген.
Жайық бойындағы көне шаһар-ларды іздеу біздің орталық жұмы-сының негізгі бағытының бірі болды. Жайықтың мол суы, табиғи-климат-тық орта отырықшы қоныс үшін таптырмас мекен еді. Бұл жерді адамдар көне заманнан бері қоныс-танған және негізінен көшпелі өмір салтын ұстанды. Бұған бүкіл Батыс Қазақстанда тарыдай шашылып жат-қан қорғандар куә. Бұл өлкеден қан-шама сауда және керуен жолдары өткен, ол жөнінде жазба деректер бар. Осы жерден Ұлы Жібек жолының бір тармағы өтті. Ал керуен жолының бойында тұрақты алыс-беріс орны, сауда мекені болмауы мүмкін емес. Оның үстіне Ұлы Жібек жолының негізгі тұтынушыларының бірі де осы далалықтар болды емес пе?
Көшпелілер өркениеті дамыған кезде дала мен қала мәдениетінің тұ-рақты қарым-қатынасы қалыптаса-ды. Сондықтан көшпелі мал шаруа-шылығы жүрген жерде онымен қатар-лас, стратегиялық маңызды жерлерде өнер мен сауда орталығы, әрі қысқы қыстау ретінде қалалар пайда болуы – өте ықтимал құбылыс.
Қанша қала болған?
Біздің зерттеулеріміз Батыс Қазақстан облысы аумағында орта-ғасырлық бірнеше қала болды деген болжам жасауға негіз береді. Оның үшеуін біз таптық. Олар – ХІІІ-ХІV ғасырларға жататын, Жайық өзенінің жағасында, Орал қаласынан 12 шақы-рым жерде орналасқан «Жайық» қалашығы, Жаңақала ауданындағы «Өзен» қалашығы және Қазталов ауданындағы «Жалпақтал» қалашы-ғы. Бұған қоса алдын ала мәліметтерге сүйеніп, кемінде тағы үш қаланың орны табылады деп отырмыз. Бұлай деуімізге нақты археологиялық барлау жұмыстарымыз және көптеген қосымша дереккөздер – Х-ХVII ғасырлар аралығын қамтитын көне карталар, ежелгі авторлардың еңбектері мен оларға жасалған қазіргі заманғы ғалымдардың түсініктеме-лері негіз береді. Осы кезге дейін біздің түйсігіміз алдап көрген жоқ, дегенмен түйінді пікір айтуға әлі ерте.
Мына бір мысалды айта кетейік: көпшілігіміз Шакафни және Теке деген қалалар туралы естіп жүрміз. Шакафни жайлы көптеген археолог жазды. Әдебиеттерде және картада Жайықтың орта тұсында анық белгіленген қаланың аты әр жерде әртүрлі – Шакафни, Шақашық, Сақашық түрінде көрсетілген. Академик К.Байпақов 2001 жылы біз тапқан Жайық қалашығын осы Шакафни деп келді. Бірақ әр түрлі дереккөздер бұл болжамның қателігін көрсетті. Бір ғана дәлел айтайын. Шакафни қаласы XVI-XVII ғасырларда сызылған карталарда белгіленген. Мысалы, 1562 жылы Лондонда Антон Дженкинсон шығарған «Ресей, Московия және Тартария картасы» атты еңбекте бар. Бұл қала беріректе, 1700-1703 жылдары жарық көрген Г.Делилдің «Тартария немесе Ұлы Ханның империясы» атты кітабын-дағы картада тағы көрсетіледі. Бірақ бұл аралық «Жайық» қалашығы өмір сүрген XIII-XIV ғасырларға сәйкес келмейді. Яғни Шакафни дегеніміз – «Жайық» емес, мүлдем басқа қала!
Әрине, картографтар тарапынан да қателіктер мен хронологиялық сәйкессіздік кетіп жатады. Олардың бірқатары деректі өзге көздерден алуы мүмкін. Шығыс тарихын зерт-теген белгілі Кеңес ғалымы, академик Рыбаков Дженкинсонның картасы 1497 жылы жасалған көне картаның көшірмесі екенін айтқан. Бірақ соның өзінде де біз тапқан Жайық қалашығы Шакафнимен уақыт жағынан сәйкес келмейді. Тағы бір дәлел – қазба жұмыстары кезінде мұнда Алтын Орда кезеңіне жататын, XIV ғасырдың орта шамасындағы тиындар табыл-ған. Яғни Жайық – Шакафниден де көне қала. Міне, сондықтан біз XV-XVI ғасырларға жататын Шакафни қаласы әзірге табылған жоқ деп отырмыз. Жайық пен кейінгі кезең қалаларын жалғастыратын аралық үзік дәл осы Шакафни болмақ. Оны тапсақ, біз ХІІІ ғасырдан бастап Батыс Қазақстан қа-лаларын біріктіретін аралықты жалға-ған болар едік. Орта ғасыр қалалары өте шағын болғанын, өз орнын жылжытып отыратынын ескеріп, біз Шакафниді қазіргі Орал қаласына жақын маңда болған деп санаймыз. Бұл болжамды біз нумизматика, кар-тография және топонимика т.б. секілді күрделі ғылыми көздерден алынған жаңа деректерді сараптай келіп жа-сап отырмыз.
Теке қаласы туралы айта кетейін. Данилевский мен Рудницкийдің 1927 жылы жарық көрген «Жайық-Каспий өлкесі» кітабында айтылатын бұл қала бұдан басқа ешбір тарихи әдебиетте кездеспейді. Бұл жөнінде нақты құжаттарды іздеген қанша уақытым зая кетті. Жергілікті ғалымдар арасында қала атауы таутекемен байланыстырылып, Теке қала Жайықтың төбелі, тасты тұсында орналасқан деген болжам туғызған. Бірақ бұл күмәнді еді.
«Теке» деген сөздің мағынасы қандай? Орта ғасырдағы ислам та-рихына қатысты араб дереккөздеріне үңілгенде, мынаны анықтадық: «Тек-ке» орталығы діни мекеме, медресе болып саналатын ортағасырлық елді мекен екен. Теккеде мұсылман әлемі-не әлі енбеген жаңа аумақтарға жол-данатын сопы-дәруіштер оқып, да-йындалады екен. Яғни «Текке» – сопы-лық орталық деген сөз. Бұл жөнінде Ресей Федерациясы ҰҒА-ның этнология және антропология институтының ғалымы, Алтын Орда кезеңіндегі қалалар туралы маман Э.Л. Заливинскийдің арнайы зерттеуі бар.
Біз Өзбек ханның тұсында Алтын Ордада мемлекеттік дін ретінде ислам жаппай енгізіле бастағанын білеміз. Бұл – исламның сопылық ағымы, Қожа Ахмет Яссауидің жолы болатын. Көшпелі өркениет өкілдері – далалық-тар жайлаған Батыс Қазақстан өлкесінде мұндай орталықтың бой көтеруі әбден мүмкін. Сондықтан «Текке» атауының шығуы жайлы осы нұсқа маған барынша сенімдірек әрі дұрыс көрінеді. Ең бастысы, тарихи дәуір шындығымен де сәйкес келіп тұр. Сондықтан біздің ізденістеріміз де нақтылана түседі. Алтын Ордада мешіт, медресе, басқа да ислам орталықтары өте көп болғаны талай жазылған. Мұндай дін орталығы біздің өлкеде болған жоқ деп айта алмаймыз. Керісінше, «Жайық» қалашығынан біз тапқан алып мавзолей мұнда мұсылмандықтың өркендегенін көрсетеді.
Тарихты қолдан жасамайық!
Өлкеміздегі қалалық мәдениетті зерттеу, табылған қалалар және жаңа ашылған деректер отандық тарихна-маның екінші қырына назар аудар-тады. Тарих та математика сияқты нақты ғылым екенін, қоғамның, мемлекеттің, адамзат қауымының дамуы да заңдылықтарға бағына-тынын ескеру қажет. Осы жалпы заңдылықтарды білгенде ғана өткен оқиғалар мен үдерістерге талдау жасауға болады.
Тарихи шындықты қате түсінудің бір ғана мысалын келтірейін. Әдетте Ноғай ордасы мен ноғайлар туралы көп жазылады. Тарихқа бойласақ, Ноғай ордасы – Алтын Орда құлаған соң XV-XVI ғасырларда қазіргі Еділ бойы, оңтүстік Орал, Батыс және Орталық Қазақстан аумағында пайда болған мемлекет. Ал өлкетанушылар осы мемлекетте тек қана ноғайлар тұрды деп ойлап, өзі де шатасады, елді де жаңылыстырады. Бұл олар-дың тарихи материалды білмеуінен, күрделі этногенез процестерін түсін-беуінен туындап отыр.
«Ноғай» термині – этноним емес, политоним. Яғни ноғай дегенде біз әлдебір этникалық топты немесе ұлтты емес, бір мемлекет аумағын-дағы этникалық-саяси қауымды айтамыз. Мысалы, КСРО кезінде онда тұратын халық «совет халқы» аталды, ал шетелдіктер біздің бәріміз-ді «орыстар» дейтін. Дәл осы сияқты, тарихи әдебиеттерде қолданылатын «ноғай» ұғымын этникалық-саяси қауым деп түсіну керек. Әйтпесе, Ноғай ордасының құрамында түрлі ұлт пен ұлыс өмір сүрді. Орыс ғалымы В.В. Трепавлов («История Ногайской орды» – М., 2002, 499-504 беттер) араб және орыс деректеріне сүйеніп, Ноғай ордасының құрамында болған 70 түрлі этникалық қауымдастықты анықтаған. Оның ішінде түрікмен, қырғыз, татар, маңғыт (қазіргі казак-тар) бар. Қазақтың байұлы, тама, қыпшақ, найман, керейт, жалайыр, қоңырат, қаңлы, телеу т.б. рулары да осында жүр. Бұл атаулар сол заман-дағы қалпынша берілген. Қазақ ше-жіресін жақсы білетін адам бұл ру-лардың бүгінгі Кіші және Орта жүз құрамында жүргенін байқар еді. Қазақтардың Ноғай ордасы құра-мында болған кезінен қалған тағы бір белгі – бүгін қазақ арасында жүрген ноғай-қазақтар. Міне, сондықтан, «ноғай» дегенде Алтын Орда құлаған соң Едіге батырдың туы астына жиналған түрлі ұлт-ұлыстардың үлкен тобы деп түсіну керек. Бұл халықтың негізгі бөлігі қазіргі қазақ ұлтының құрамында. «Ноғай» политонимі Ноғай ордасы құлаған соң-ақ жойылды.
Тарихи демография мәліметтерін сараласақ, Ноғай ордасының дәуір-леген кезеңінде (XVI ғасырдың ІІ ширегінде) оның халқы 720 мыңнан 960 мыңға дейін жеткен. Ал Орданың соңғы шағында (XVII ғасырдың басында) Қырым өңіріне дейін тарылған өлкеде небәрі 120 мыңдай адам қалыпты. Міне, сол халық қана бүгінде ноғай атауын сақтап қалды. Ал қалған ұлт Ноғай ордасы құлағанда өздерінің тарихи атамекенінде қала берді. Бұл мысал мемлекет пен халықтар тарихы секілді күрделі процестер жайлы жазғанда көптеген ғылым салаларының кешенді зерт-теулерін ескермесе болмайтынын көрсетеді. Мұндай талдауды кәсіби маман ғана жасайды. Сондықтан өлкетанушылардың күрделі тақы-рыпқа жазылған мақалалары түсін-бестік, тіпті қарсылық сезімін туғы-зады.
Ең бастысы, нағыз тарих қазіргі халықты алшақтатпай, керісінше, біріктіре түседі. Өйткені біздің та-мырымыз, тарихымыз бір. Кәсіби тұрғыдан, яғни соңғы жылдары ашы-лып жатқан жаңалықтарға сүйене отырып, әділ және ғылыми түрде жазылған талдау еңбектер біздің алыс және жақын тарихымыз хақында зерттеушінің таным-түсінігін әжеп-тәуір кеңейтер еді.
Біздің орталық қызметкерлері Алматы ғалымдарымен бірлесе отырып, Батыс Қазақстандағы қала мәдениеті туралы кітап жазып шықты. Онда Орал қаласының тарихына ерекше көңіл бөлінген. 2012 жылы Батыс Қазақстандағы қалалар тарихы мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми конференция өтті. Оған Қазақстан мен Ресейден бөлек, алыс-жақын шетелдердің көптеген ға-лымдары қызығушылық танытып, ар-найы қатысты.
Суреттер Батыс Қазақстан
тарих және археологиялық орталығынан алынған.