Конференция жұмысына қатысуға 8 мемлекеттен 67 ғалым ынта білдіріп, баяндама жолдаса, солардың жарты-сынан астамы Оралда бас қосты. Олардың арасында ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Карл Байпақов, Ресей ҒА Археология инсти-тутының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Марина Мошкова, Нидерланд елінен келген ғалым, Еуроодақ кеңесшісі Босх Рикс, Сока (Жапония) универси-тетінің профессоры Һаяши Тошио, Ә.Марғұлан атындағы Археология институты Астана филиалының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Самашев, әйгілі реставратор Қырым Алтынбеков, «Арқайым» тарихи-мәдени қорығы (Ресей, Челябинскі) директорының ғылыми жұмыстар бойынша орынба-сары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Геннадий Зданович, тағы басқалары бар.
Бүгінгі қазақ археологиясының ақсақалы, атақты ғалым Карл Байпақов конференцияда «Әлемдік мұра тізіміндегі Ұлы Жібек жолының сериялық номинациясы» атты баян-дама жасап, «Ұлы Жібек жолын тек сауда жолы емес, ұлттар мен халық-тардың мәдениет алмасу, пікірлесу жолы» деп атады. Бүгінде ЮНЕСКО-ның «Күлліадамзаттық мәдени құнды-лықтар» тізіміне енгелі отырған Жібек жолының үлкен бір тармағы қазіргі қазақ жері арқылы өткен. Карл Молдахметұлының пікірінше, Жібек жолы күретамыры біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдан бастап, біздің дәуі-ріміздегі ХV ғасырға дейін белсенді қарым-қатынас жолы болған. Соның ішінде батыс пен шығысты, Еуропа мен Азияны бір-бірімен жалғап жат-қан Жайық қалашығының да алатын орны ерекше болған.
Тарих ғылымдарының докторы, Ресей ҒА этнология және антропо-логия институтының аға ғылыми қыз-меткері Эмма Зиливинская «Алтын Орда қалалары: шығыс пен батыс аралығы» атты өте қызықты баянда-масын ортаға салды. Ресейлік ғалым Алтын Орда кезеңінде өркендеген 210 ортағасырлық шаһар қазір белгілі екенін, негізінде қала саны одан да көптігін айтты. Мысалы, Алтын Орда-ның астанасы Сарай (Сарай Берке, Сарай Бату) қаласында 75 мыңға дейін адам тұрған, аумағы 15 шаршы шақы-рымға жеткен екен. «Жайық қалашы-ғы да үлкен өркениеттің ордасы болған шаһар. Мысалы, бұл жерден табылған шығыс моншасы – хаммам тек ауқатты, шынжыр балақ, шұбар төс дерлік аристократия пайдалана-тын қоғамдық орын болып саналады. Оралдық археологтар мұндай қала-ларда міндетті түрде болуы тиіс жұма мешітінің орнын кешікпей табады деп ойлаймын» дейді Эмма Давыдқызы.
Оралдық ғалым Мұрат Сыдықов-тың «Жайық өзені бойындағы Алтын Орда кезеңінің қалалары» атты баян-дамасы талай тың жаңалығымен ерекше:
– Кеңестік тарих ғылымы идео-логияның құлына айналып, көп та-рихты бұрмалап көрсетті. Мысалы, Орал өңірінде орта ғасырларда қала болғанын ХVІІІ ғасырда Паллас, Рычков секілді орыс ғалымдарының өзі айтып кеткен. Бірақ Кеңес кезінде ол туралы ешкім жұмған аузын ашпады. Мысалы, Жалпақтал қаласы 68 га аумақты алып жатыр, ол жөнінде Паллас естелік қалдырған. Бірақ біз оны 2007 жылы ғана таптық. Кеңес кезінде «қалалық мәдениетті, өрке-ниетті таратушы – біз (орыстар) ғана» деген саясат насихатталды, – деді Мұрат Наурызғалиұлы.
Міне, тек тәуелсіздік алған соң ғана Қазақстан ғалымдары ақиқатты ашып айтуға мүмкіндік алып отыр.
«Алтын Орда қиратушы, тонау-шы, өзгенің үстінен ғана күн көретін паразит мемлекет болған» деген кеңестік тұжырымның сеңін бұзған Кеңес археологы Федор Давыдов болатын.
– Алтын Орда көшпелі тұрмыс пен қала мәдениеті қатар жүрген ерекше симбиоз мемлекет болды, - дейді профессор Мұрат Сыдықов.
– Алтын Орда мемлекетінде 100-ден аса шаһар болған! Сол кезде бір-де бір мемлекет мұндай дәрежеге жетпеген болатын! Осы қалалардың үшеуін – Жайық, Жалпақтал және Сарыөзен қалаларын біз Батыс Қазақстан облысынан таптық, - деді Мұрат Наурызғалиұлы.
Оралдық профессор кейбіреулер айтып жүргендей «Орал қаласының іргетасын казак-орыстар қалаған» деген пікірдің ұшқарылығын тайға таңба басқандай етіп дәлелдеп берді.
– Қазіргі Орал қаласының аума-ғында жергілікті жұрт «Басқақ көпір» деп атайтын жер бар. «Басқақ» – Алтын Орда мемлекетіндегі салық жинаушының атауы. Салық жинау жүйесі – мемлекеттік құрылымның әбден жетілгендігін көрсететін бір белгі. Салық жүйесінің үш түрі бола-ды: алғашында «басқақтар» жаулап алынған аумақты өздері аралап, алым-салықты күшпен жинайды. Одан кейін жауланған ел өзінің бо-дандығын мойындап, алым-салықты, тарту-таралғыны «басқаққа» өздері әкеліп береді. Бұл кезеңде басқақтар бір жерге – шағын қалашыққа, бекі-ніске орнығып отырады. Сондықтан қазіргі Орал қаласының орнында ХІІІ ғасырда ең алғашқы қала қонысы бол-ды деп есептейміз, - дейді профессор.