Халелдің Ташкенттегі қызметі

Хазретәлі ТҰРСЫН,
тарих ғылымдарының докторы, алаштанушы, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы

Алаш арыстарының бірі Халел Досмұхамедовтың туғанына 130 жыл толды. Жақында осы датаға орай Батыс Қазақстан облысында «Батыс Алашорда тарихы: кеше, бүгін және ертең» атты республикалық ғылыми-практика-лық конференция өткен болатын. Төменде алаштанушы ғалым Х.Тұрсынның Халелдің Түркістандағы қызметіне қатысты зерттеуін ұсынып отырмыз.

Алаш қозғалысы басшыларының бірі ретінде саяси қайраткерлігімен танылған Халел Досмұхамедовтың ғылыми мұрасы жан-жақты зерттеуге лайық. Оның энциклопедист ғалым ретінде қоғамдық-педагогикалық, ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі 1920 жылдан 1930 жылдарға дейінгі ташкенттік кезеңімен байланысты. Бұл кезеңде Х.Досмұхамедов әртүрлі қоғамдық, мемлекеттік, ғылыми-педагогикалық, оқу-ағартушылық, ұйымдастырушылық сияқты әртүрлі деңгейдегі сан қилы жауапты жұ-мыстар атқарды.

Х.Досмұхамедовтың ғылыми және рухани мұрасын бағалау үшін сол кезде қоғамдық-саяси, ағарту майданында онымен бірге атсалыс-қан қоғам қайраткерлерімен, өз тұс-тастарымен, ғылыми ортамен тығыз байланыста, бірлікте қарастырға-нымыз жөн.
Сол кезде Халелмен бірге Ташкент-те белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері, ғалымдар, қазақ ғылымы мен мәдениетінің танымал майталмандары С.Асфендияров, Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Н.Төреқұлов, М.Әуезов, М.Жұмабаев, Ә.Диваев, Ж.Аймауытов, Т.Жүргенов, Ә.Ермеков, М.Тынышпаев және т.б. Түркістан Республикасының басшылығында ғылыми мекемелер, халық ағарту орындары мен жоғары оқу орын-дарында жұмыс істеді.

Кеңестік биліктің Алашорда үкімет қызметіне тыйым салуына байланыс-ты Қырғыз даласын басқару жөнінде-гі әскери-революциялық комитеттің (Кирревком) 1920 жылғы 5 наурыз-дағы ревком мүшелері Пестковский, Әйтиев, Әлібеков, Арғыншиев және Бегімбетовтер қатысқан жиылысында Алашорда үкіметі батыс бөлімінің әрекетін тоқтатып, оның жауапты басшылары Ж.Досмұхаметов, Х.Досмұхаметов, И.Қашқынбаев, К.Жәленов, Б.Атшыбаевтарды қырғыз даласына Кеңес үкіметі берік орна-ғанға дейін еңбекші қырғыздардан алшақ ұстауға, оларды орталық губер-нияның қалаларына жіберуге қаулы алады. Олардың Атшыбаевтан өзгесі қазақ жерінен ығысып, Түркістан өл-кесінен пана тапты.

Осындай жағдайда Ж.Досмұхамедов пен Х.Досмұхамедовты Ташкентке шақырып, қызметке араластыруға Т.Рысқұловтың бастамашыл болған-дығын айғақтайтын деректер кезде-седі. Т.Рысқұлов 1920 жылғы 11 мау-сымда Түркатком төралқасына жі-берген жеделхатында: «...дәрігер ма-ман ретінде Досмұхамедовқа қызмет беруді» өтінген.

Осы кезде Қырғыз (қазақ) Кеңестік социалистік автономиялық респуб-ликасының астанасы болған Орынбор қаласында А.Байтұрсынов бастаған Алашорда қайраткерлері мәдени-ағарту мекемелерінің қызметіне араласып, белсенді жұмысқа кірісті. Ал Ташкент қаласына 1919-1920 жыл-дардан бастап алаштық қайраткер-лердің шоғырлануы қалада өлке дең-гейіндегі қоғамдық-саяси, мәдени-ағарту жұмыстарына тың екпін берді. Аталған уақытта Ташкентке М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, М.Есболов, Қ.Қожықов және т.б. көптеген бұрынғы алаш-ордашыл қайраткерлер шоғырланды. Олардың жаңа қоғамдық қатынастар жағдайында ұлттың алдында тұрған жаңа міндеттерді іске асыруға бел-сене араласуына түркістандық саяси элита өкілдері Н.Төреқұлов, Т.Рысқұлов, С.Қожанов, С.Асфендияров көп қолдау жасады және олармен бір-лесіп, Түркістан Республикасында қазақ қоғамын жаңартудың тұжыры-мын жасап, нақты саяси әрекеттерді іске асыра алды. Жоғарыда аталған алашшыл қайраткерлердің Ташкентке шақырылуына Түркістан Республика-сының басшылығы тарапынан баста-ма болғандығы сөзсіз.

Түркаткомның төралқасы 1920 жылғы 9 қарашадағы мәжілісінде өлкедегі қазақтардың мәселесін арнайы талқылап, Халкомкеңес, Азық-түлік, Жер істері және Ағарту халық комиссариаттарына қазақ тұрғында-ры арасында жүргізілетін жұмыстары-ның нақты ұсыныстарын жасауды тапсырған. Түркатком жанындағы Қазақ бюросының жұмыс жоспарын жасау Н.Төреқұлов, Г.Сафаров, С.Асфендияров, С.Қожановтан құ-рылған комиссияға жүктеледі.
Кейін 1921 жылдың ақпанында бұл бюроның қызмет аясы кеңейіп, Түркатком жанындағы Қырғыз-қазақ бөлімі болып қайта құрылады. Бөлім-нің атқаратын міндеттері Түркістан республикасының қырғыз-қазақ тұр-ғындарына қатысты барлық үкіметтік мекемелерінің әрекетін бақылау және қадағалау, қоныстанушылардың қанаушылығымен табанды күрес жүргізудің нақты шараларын белгілеу және оны жоғары үкіметтік органдар арқылы іске асыру болып белгіленді. Осы отырыстың хаттамасына хатшы ретінде Х.Досмұхамедов қол қойған. Бұл құжат Халелдің Түркістандағы қоғамдық-саяси қызметінің алғашқы кезеңінен хабар береді.

1920-1921 оқу жылының соңында ағарту Халкомының жанынан кейін Мемлекеттік ғылыми кеңес деп атал-ған Ғылыми кеңес ұйымдастырылды. Қырғыз (қазақ) ғылыми комиссиясы оның құрамына енді. «Қазақ (қырғыз) ғылыми комиссиясы басқа ұлттық комиссиялардан интеллектуалдық тұрғыда өте қуатты жеке құрамымен ерекшеленді. Оның мүшелері қазақ фольклорын жинаушы Ә.Диваев, жас ғылыми қызметкер М.Әуезов және т.б. болды. Бұл комиссия Ташкенттегі Қырғыз ағарту институтының оқыту-шылар ұжымына сүйенді, Орынбор-дағы Қырғыз АКСР халком кеңесімен байланыс жасап тұрды» деген баға көп жайды аңғартады.

1920 жылдың 21 тамызында Халық ағарту халкомының мәжілісін-де өлкенің рухани мәдениетін өркен-дету мақсатында Білім комиссиясы құрылады. 1921 жылғы қазан айында комиссияның төрағалығына Х.Досмұхамедов тағайындалады. Жұ-мыстың осы кезден бастап белсенді әрекетке көшуіне оның құрамына М.Тынышпаев, М.Жұмабаев, Ж.Досмұхамедов, Н.Төреқұлов сияқ-ты ұлттық элита өкілдерінің мүше болып енуі де игі ықпал жасаған.
Алғашқы педагогикалық курста жоғарыда аталған оқытушылармен бірге Түркістан ұлттық элитасы көр-некті өкілі Сералы Лапиннің қыздары Райхан, Хадишамен бірге інісі Жағыпар Лапин, Сара Есова, Шамғали Сарбаев, Тәңірберген Отарбаев және т.б. сабақ берді. Алғашқы түлектердің қатарында қысқа мерзімде қайрат-керлік қызметімен Түркістан жастары-ның жетекшісіне айналған Ғани Мұратбаев пен ұлттық кәсіби театр-дың негізін қалаушылардың бірі Құрманбек Жандарбековті атауға болады.

Ағарту халкомы алқа мәжілісінде (10 қараша, 1920 ж.) И.Тоқтыбаев Қырғыз педкурстарының меңгеруші-лігіне тағайындалады. Ол осы қыз-метті 1920 жылдың тамызына дейін атқарды. Республика Ағарту халкомы-ның алқасы осы жылғы 20 тамыздағы мәжілісінде Қырғыз Ағарту институты-ның комитетін құру туралы шешім қа-былдағанда И.Тоқтыбаев комитеттің төрағасы, Б.Есенов орынбасары, мүшелері болып Х.Досмұхамедов, Қ.Қожықов, Н.Көшербаев бекітілді. Бұл комитеттің алдына үкімет қойған басты міндет Қырғыз ағарту инсти-тутын ашуға дайындық жасау болды. Жоғарыдағыдай дайындықтың бары-сында аталған оқу орны 1920 жылғы 1 қазанда құрамына 4 негізгі, 3 да-йындық класы және үлгілі мектепті біріктірген Өлкелік Қырғыз Ағарту Институтына айналды.

Жаңа оқу орнын ашу билік құры-лымдары мен қаржы мекемелерінің қалыптасып бітпеген жағдайында аса ауыр болғандығын Оқу орнын ұйым-дастыру жөніндегі уақытша комитет мәжілістерінің хаттамалары мен жо-ғары органдарға жазған қатынас қа-ғаздарының мазмұнынан аңғарамыз. Комитеттің 15 тамыз күні Қ.Қожықов-тың төрағалығымен өткен мәжілісінде комитет мүшесі Х.Досмұхамедовтың Қырғыз педагогикалық училищесі ғимаратының санитарлық жағдайы бойынша жасаған баяндамасы тал-қыланған. Дәрігердің қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюдың шараларын ұсынған қаулыны төраға жоғары органдарға арнап мынадай үзілді-кесілді талаппен аяқ-тайды: «Жоғарыда аталған шаралар-ды барынша шұғыл және өте қажетті деп тауып, осы жағдайды пайдалана отырып, аталған талаптарды орын-дамауды менің алдағы оқу жылында барлық пәтершілердің тап болатын қолайсыздықтары үшін ешқандай жауапкершілікті мойныма алмайтын-дығымды мәлімдеймін». Бұл мазмұн-дағы талап атқарушы билікті қанағат-тандырмады, бәлкім басқа да себеп-тері болуы мүмкін, Ағарту халкомы Алқасы 21 тамызда Ағарту Институтын құру жөніндегі ұйымдастыру комите-тінің құрамын өзгертіп, төрағалыққа И.Тоқтыбаевты бекітті.

Түркістандағы қазақ халқы үшін мұғалім кадрлар дайындауға арнайы ашылған Қырғыз Халық ағарту инсти-туты 1920 жылғы 2 қазанда өз жұмы-сын бастады. Оқу орнының құрылымы негізгі бес жылдық педагогикалық курстарды, бір жылдық курстар, мектепке дейінгі тәрбие курстары, мектептен тыс білім беру курстары, кітапхана, дене тәрбиесі курстарымен бірге бірінші сатылы тәжірибелік еңбек мектебі және балабақша бөлімдерін қамтыды.

Архивтік құжаттардан азамат соғысы аяқталып, халық шаруашылы-ғын қалпына келтіру кезеңінің әлеу-меттік-экономикалық қиындықтары оқу орнының қызметіне ауыр із қалдырғаны аңғарылады. Оқытушы-лар мен тыңдаушылар үшін қара-пайым тұрмыстық жағдайлардың болмауы, азық-түліктің жетіспеуі мәселені тым күрделендіріп жібер-гендіктен, тыңдаушылардың басым көпшілігін құраған далалық жер-лерден келген жастардың жағдайына алаңдаған комитет төрағасы (Х.Досмұхамедов – Х.Т.) республика ағарту халкомына арнайы хат жолдап, жағдайды түзетіп, бес жылдық негізгі курстың тыңдаушыларымен бірге өзге курстар тыңдаушыларын азық-түлік-пен жабдықтауда қызыл әскер пайе-гіне, онда да тылдағы емес, майдан-дағы нормамен теңестіруді сұраған. Осындай қиындықтарға қарамастан, оқу орнында 1920 жылы 202, ал 1921 жылы 178 тыңдаушы білім алды. ТАКСР Халкомкеңесінің жанынан Халық ағарту ісіне көмектесу жөнінде бюро құрылып, оның Мәдени кеңе-сінің құрамына қазақ, өзбек, түркімен халықтарынан лауазымды қызмет-тердегі өкілдер енгізілген. Қазақтар атынан Ішкі істер халкомы Бегайдар Аралбаев, Даниял Ысқақов, Халел Досмұхамедовтер осы комиссияның мүшелігіне тағайындалған. Халық ағарту ісінің алдында тұрған міндет-терді шешуге жұмылдырылған бұл комиссиялар өз өкілеттіктері шең-берінде қызмет етіп, жергілікті халық-тардың білім ісіне көптеп тартылуына ықпал жасай алды.

Оқу орны басшыларының бас-тамасымен, үкіметтік мекемелердің қолдауымен оқытушылар құрамын толықтыру үнемі назарда болған. Атап айтқанда, Ағарту институтына 1921 жылдың ортасында 57 штаттық бірлік болған, олардың арасында 22 пән мұғалімдері болса, кейін Қырғыз педагогикалық институты мен педаго-гикалық училищелерде оқитын жас-тардың саны 1926 жылы 306-ға жет-кен. Осы оқу орындарында оқытушы, тәрбиеші болып 49 қызметкер еңбек еткен. Солардың арасында Х.Досмұхамедовтің есімі аталады.

Алғашқы жоғары педагогикалық оқу орны болғандықтан да КИНО-ның басты міндеттерінің бірі өлкедегі білім беру жүйесін оқу бағдарламалары-мен, оқулық және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету болды. Х.Досмұхамедов Халық ағарту комиссариатының Білім комиссиясын басқарып тұрған кезінде бір топ қазақ зиялыларына қазақ тілінде жоғары оқу орындары мен ұлт мектептеріне арналған әртүрлі ғылым саласында оқулықтар мен оқу құралдарын жазу-ға тапсырма беріп, ұсыныс жасады. Мемлекеттік ғылыми кеңестің қол-дауымен 1920 жылы оқу орнының мұғалімі А.Байтұрсыновтың «Қырғыз әліппесі», И.Тоқтыбаевтың «Алғашқы басқыш мектептеріне арналған бастапқы география», Х.Досмұхамедовтың «Табиғаттану», Ә.Диваевтың «Қырғыз ертегілері» жарық көрді. Одан кейінгі кезеңде С.Қожанов пен К.Жәленовтың автор-лығымен «Есеп құралының» І-ІІ бө-лімдері, Х.Досмұхамедовтың «Адам анатомиясы мен физиологиясы», Османовтың «Қазақ тілінің сөздігі», М.Жұмабаевтың «Қазақ тілінің тео-риясы» еңбектері жарық көрді.

Х.Досмұхамедов – жаратылыстану цикліндегі пәндер бойынша алғашқы қазақ мектептеріне арналған оқулық-тардың авторы. Осыған байланысты «Ақ жол» газетінде газет редакторы С.Қожанов былай деп жазады: «Док-тор Халел Досмұхамедұлы жазған «Табиғат тану» атты жаратылыс кіта-бының бірінші бөлімі Қазақ-қырғыз бөлім комиссиясының қарауынан өтіп басуға берілді. Кітап 200 беттен кө-бірек болып, 140-қа жақын суреті бар. Кітапта бұйым, ауа, су, жер, күндер, байлық айтылып, әуелі табиғат, өлі бұйымдар жайынан толық мағлұмат берілген. Бірақ кітап типографияда басылмай, литографияда басылмақ. Қалай да болса, бір-екі айдың ішінде даяр болуға тиісті... Халел жолдастың айтуына қарағанда, бұл «Табиғат тану» кітабының екінші бөлімін де жазуға кіріскен. Сөйтіп, бірте-бірте 1, 2, 3-ші қылып алып бармақ».

Оның қаламынан, әсіресе, І және ІІ сатыдағы қазақ мектептеріне арнал-ған «Өлі табиғат» оқулығы (1920), «Жануартану» (3 бөлімнен тұрады), «Табиғаттану» (1922), «Оқушылар ги-гиенасы» (1925), «Адамның тән тірші-лігі», «Денсаулығыңды сақта» және т.б. оқулықтары мен оқу құралдары кезінде жаңадан ашылып жатқан қазақ мектептеріне өте қажетті оқу-лықтар болған болса, ұлттық оқулық-тарды қалыптастырушы ретіндегі өз мәнін бүгінгі күні де жойған жоқ. Осы оқулықтарда аталған пәндердің негізгі ұғымдарының ұлттық терминология-сы қалыптасты.

Өлкедегі баспа ісінің жедел қар-қынмен дамуы шығармашылық эли-таның дайындаған кітаптарын көптеп шығаруға мүмкіндік берді. 1922 жыл-дың өзінде Ташкенттегі Түркістан мем-лекеттік баспасы 622 атаумен кітап және кітапша шығарды. Олардың 36,3%-ы өзбек, 33,7%-ы қазақ тілінде жарық көрді.

Х.Досмұхамедовтың ғылыми мұ-расының негізгі бағыттары – қазақ тіл білімі мен әдебиеті, ұлттық тарих және этнография мәселелері. Оның «Қазақ әдебиеті», «Аламан», «Мұрат ақын-ның сөздері», «Шернияз шешен», «Исатай-Махамбет», «Жалаңтөс батыр шежіресі», «Диуани лұғат ат түрік», «Қазақ тіліндегі сингармонизм заңы» атты ғылыми еңбектері ғалым-ның жан-жақты терең, энциклопедия-лық білімін аңғартады.

Х.Досмұхамедовтың ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі «Талап» қоғамына байланысты. Түркістан кеңестік автономиялық республикасы Халкомкеңесінің Халық ағарту комис-сариаты жанындағы Мемлекеттік ғылыми кеңестің қолдауына сүйенген «Талап» қоғамының негізін алаштық қайраткерлер қалады. «Ақ жол» газе-тінің 1923 жылғы 15 қыркүйектегі санында жариялаған мақаласына «Тана» деп қол қойған тілші (Халелдің бүркеншік есімі болуы мүмкін – Х.Т.): «Өткен өтті, кеткен кетті. Күш бірікті-рерлік деген мәселе жаңа туды. Бұл мәселенің нағызы да жаңа туған «Талап» қауымы. «Талап» қауымының ұстанған жолы қазақ жұртының мә-дениетін ілгері бастады. Мұның үшін оқу жолына белсеніп кірісу, әдебиетін жинау, газет-журналға айқын көзбен қарап, шығысын жиілетіп, бағытын ел-ге жемісті қылу, қазақтың ескі өнер-лерін тексеру, тағы басқалар...» деп жазады. Шағын ғана газеттік мақала-да қоғамның бағдарламалық мақсат-тары мен міндеттері біршама айқын көрініс тапқан.
Баспасөз беттерінде жарияланған деректерден «Қауымды түзушілер қатарында: 1) Доктор Досмұхамедов; 2) профессор Александр Шмидт;

3) Әбубәкір Диваев; 4) Кәрім Жәленов; 5) Мағжан Жұмабаев; 6) Николай Архангельский болды. Бұл қауымның бағдарламасының соңында: «Талап-тың» осы жолын 1922 жылы 3 жел-тоқсанда Түркістан мемлекет білім ке-ңесі тағайындады. 1922 жылы 13 жел-тоқсанда «Талап» қауымының бірінші жалпы жиналысы болып, басқармаға мына адамдар сайланды: Басқарма-ның төрағасы – Халел Досмұхамедов. Басқарманың мүшелері: профессор Александр Эдуардұлы Шмидт, Иса Тоқтыбайұлы, Мырзағазы Есболұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Мұхтар Әуезұлы, Қасым Тыныстанұлы деген мәліметтерді кездестіреміз. Бұл дерек қоғамның құрылтайшыларының алғашқыларының қатарында Х.Досмұхамедовтың тұрғандығына көз жеткізеді. Қолда бар деректерге жүгінсек, «Талап» қоғамының 100-ден астам мүшесі болған. Олар кеңестік билік жағдайында ұлттық мүддеге қызмет жасап, ұлттық мәдениеттің мұрасын жинақтау, ел ішінде оны кеңінен насихаттау және қайта жан-дандыру арқылы жаңа қоғамға аяқ басқан халқымызды өркениетке бас-тауды ұлт зиялылары өз жауапкер-шілігіне алды. Мұрағат қорларында сақталған құжаттар ұлт зиялылары-ның осы кездегі жанқиярлық еңбегі-нің куәсі болады.

«Талап» қоғамының мақсаттары мен міндеттері Халық ағарту комис-сариатының Мемлекеттік ғылыми кеңесінің бекітуіне ұсынылған 1922 жылдың 4 желтоқсанындағы «Қазақ мәдениетін көркейтушілердің «Та-лап» қоғамының» жарғысында бел-гіленді. Жарғының толық мәтіні 1923 жылы «Сана» журналының бірінші санында жарияланды. Онда «Талап-тың» мақсаты – «Қазақ-қырғыз хал-қының мәдениетінің өркендеуіне жәрдем келтіру» деп айқындалып, нақты міндет белгілеген болатын.

Кеңестік билік жағдайында қазақ зиялылары «Талап» қоғамының қыз-меті арқылы елдегі сауатсыздықты жойып, әдебиет пен тілді, ұлттың тарихын зерттеу, ұлт мәдениетін өр-кениетті деңгейге жеткізуді мақсат тұтты. Осындай шаралардың қата-рында зиялылар арасында әр апта сайын тұрақты түрде әртүрлі өзекті тақырыптарда талқылаулар, дәрістер өткізілді. Айталық, түркі-моңғол та-рихы бойынша М.Тынышпаев екі рет дәріс оқыса, қазақ әдебиетінің дамуы жайында М.Әуезов, археология мәлі-меттеріне сүйене отырып, Түркістан-ды мекендеген халықтар туралы Х.Досмұхамедов, ауылдағы халық ағарту ісінің мәселелері бойынша С.Қожанов, Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметіне М.Есболов, Абайдың шығармашылық мұрасына арнап М.Жұмабаев дәріс оқыған.
Ташкент қаласында ұлттық мер-зімді баспасөздің қалыптасуына жаңа мүмкіндіктер ашып, большевиктік билік пен ұлт зиялылары мүдде-лерінің тоғысы баспасөзге қатысты жемісті болды. 1923 жылы Ташкент қаласында қазақ тілінде республикаға және одан тыс жерлерге тараған ұлт-тық баспасөз органдары мыналар еді: «1. «Ақ жол» газеті, ТКП ОК органы, айына 3 рет жарық көреді. Редакторы С.Қожанов; 2. «Шолпан» журналы, ТКП ОК бөлімінің органы, айына бір рет жарық көреді, редакторы И.Тоқтыбаев; 3. «Жас қайрат» ТКЖО ОК органы, айына үш рет шығады, ре-дакторы Алянғаров; 4. «Сана» журна-лы, айына бір рет шығады, Мемлекет-тік ғылыми кеңестік органы, редак-торы Х.Досмұхамедов».

Х.Досмұхамедовтың бастамасы-мен 1923 жылдан бастап жарыққа шыға бастаған «Сана» журналы сол кезде қазіргі ұғымдағы ғылыми-әдіс-темелік баспасөз органы қызметін атқарғанын оның бағдарламасынан аңғарамыз. Атап айтқанда, журнал-дың бағдарламасында 21-ден астам міндет белгіленген.

1920 жылы Ташкент қаласында Халел Досмұхамедовтың басталған білім, ғылым саласындағы қызметі оның саяси биліктен шеттетілгеннен соңғы кезеңде ұлтына қызмет жаса-уының көрінісі болды. Ол 1920-1925 жылдары Ташкенттегі Орта Азия уни-верситетінің медицина факультетінде ординатор, Түркістан Автономиялық Республикасы Орталық атқару коми-теті жанындағы Қырғыз-Қазақ білім комиссиясының төрағасы, «Сана» журналының редакторы, 1926 жылы қазіргі Абай атындағы Алматы педа-гогикалық университетін құру жөнін-дегі комиссиясының төрағасы, Қазақстанда 1928 жылы құрылған тұңғыш жоғары оқу орнының прорек-торы қызметінде алашшыл идеяны жалғастыра алды. Алаштық рух пен ұлттық өзек қайраткердің халқына жасаған қызметін барынша жемісті ете алды.

Қаралым саны 1784

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463