Бөпем менің ай ма екен?
Шекер ме екен, бал ма екен?
Ойнақтап бір бәйгіден
Озып келер тай ма екен?
Тас бұлақтар тауда екен,
Жас құрақтар сайда екен.
Көлбең-көлбең ұшатын
Көбелектер қайда екен?
Қара қарға қарда екен,
Жапалақтар жарда екен.
Балпаң-балпаң басатын
Балапандар қайда екен?
Әй бөпем-әй бөпем,
Ұйықтадың ба, бал бөпем?..
Алдағанға көнетін
Аңқау бөпе қайда екен?