Байбақтыда Наушадай батыр өткен...

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
Орал қаласы

2002 жылы «Арыс» баспасынан жарық көрген «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясында байбақты руының белгілі батыры Науша Қаржауұлы туралы біраз дерек келтірілген. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Жәңгір ханның озбырлығына қарсы бүкіл Бөкей ордасын шарпыған толқуда қол бастаған Наушаның есімі архив құжаттарында да көп кездеседі. 

Энциклопедиядағы деректеЭнциклопедиядағы деректе
Энциклопедиядағы деректе Мақсот Ізімұлы Науша батырдың 1827 жылы көктемде інісі Наурызәлі-мен бірге руластарын басқарып, Бөкей ордасын шарпыған толқуға қатысқанын жазады. «Олар Қаратоғай батыр Мәметұлы бастаған алаша руының көтерілісшілеріне қосылып, Жәңгір ханға Астрахан және Орал казак орыстарының озбырлық-тарынан қорғап, таласты жер мәселе-сін шешуді – Қараөзеннің шығыс жа-ғалауы мен Сарыөзеннің бойын қазақтарға қайтаруды, алым-салық мөлшерін азайтуды т.б. талап еткен.

Көтерілісшілердің сесінен қаймыққан хан Еділ бойындағы Владимировка кентін паналап, әскери көмек сұрай-ды. Толқушыларды басуға шыққан Орал казак-орыс отряды тікелей шабуылға шығуға бата алмайды, ал оларға қарсы күш көрсетуге бел бай-лаған Науша және Қаратоғай батыр-ларға Шеркеш Жақсыбаев басу ай-тып тоқтатады. Уақиға қантөгіссіз аяқталып, бейбіт түрде тоқтағаны-мен, халықтың патшалық және жер-гілікті билікке наразылығы тоқтамай-ды. Архив құжаттарында баяндалған мұндай толқулардың басында Науша батырдың есімі тұрады. Бөкей орда-сындағы халық наразылығы туралы хабар Санкт-Петербург әкімшілігіне дейін жетіп, Орал казак-орыстары мен қазақ рулары арасындағы жер дауын тексеру үшін 1828 жылы Жа-йық өңіріне сенат өкілі М.Энгель ке-леді. Ол арнайы тексеру барысында қазақтардың талабының дұрыстығын, казак-орыс әскерлерінің озбырлығын ашып көрсетеді. Әсіресе, шекара сы-зығын Тасқалаға шейін кері шегінді-ріп, Қараөзен, Сарыөзен алабын шы-найы иелері – қазақ руларына боса-тып беруді ұсынады. Бірақ Орынбор, Орал әкімшіліктерінің басшылары се-нат уәкілінің ұсыныс-пікірін ескерусіз қалдырады. Сөйтіп, Науша батыр және Қаратоғай басқарған толқу 1829 жылдың көктемінде Ішкі ордадағы алаша, байбақты, тана, беріш және т.б. руларды қамтиды. Олар Шолан-Шығыр деген жерге жиналады (ҚР ОМА, 4-қор, 1685-іс, 85-тігінді). Жәңгір хан да өз жақтастарынан қол жиып, әрі Орынбор әкімшілігінен әс-кери көмек сұратып, толқуды басуға кіріседі. Екі жақтың жасақтары Масқар құмы деген жерде бетпе-бет келеді. Дәстүр бойынша әуелі екі жақ батыр-ларының жекпе-жегі болады. Хан жа-ғынан еңгезердей Сәдібек батыр мен көтерілісшілер басшысы, ықшам де-нелі Науша батыр ортаға шығып, ай-қасады. Қимылына көз ілеспейтін епті де әбжіл Науша батыр Сәдібектің де-несіне найза сүңгітіп, атынан түсіреді. Мысы басылған хан жасағы қарсы қимыл жасай алмай, кері шегінеді. Осы жолы Науша батыр бастаған топ Жайық бойына беттеп, жолдарын торыған казак-орыс әскерлеріне де күйрете соққы берген. Архив құжат-тарында «Науша жасақтары казак-орыс әскерлеріне бой бермей, өзен-нен мал-жанымен өтіп кетті» деген бірер сөйлемдік мәлімдеу бар. Жал-пы, Наушаның өмірі мен ерлік істері туралы қазақтар арасында да, казак-орыстар арасында да аңыз-әңгімелер көп болған. Жайық бойындағы шайқас-қа қатысқан Назаров деген казак-орыс өздерінің жеңілу себебіне бай-ланысты «бізге қарай атойлап шапқан-да Наушаның бір өзі жүз кісі сияқты болып көрінді» деп куәлік берген. Ел аузында Науша Ақбұлақ шайқасына да қатысып, Исатай батырдың мүрде-сін жау қолына түсірмей, өзі жасырып жерлеген-міс деген деген де әңгіме бар» – дейді М.Ізімұлы («Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, «Арыс» баспасы, Алматы, 2002, 409-410-беттер).Осы энциклопедияда Науша батыр-дың есімі 1828 жылы Глянск қамалы-на жақын Ұялы мекенінде өткен жал-пыхалықтық мәслихат – Ұялы съезі туралы материалда да аталған. Бұл жиынға Орынбор шекара комиссия-сының төрағасы Г.Ф. Генстің өзі қаты-сып, 1827 жылы Ішкі орданы шарпы-ған жұтқа байланысты өрбіген дүрбе-лең оқиғаның – халықтың Жәңгір хан-ға алғашқы наразылығының себеп-салдарын анықтауды мақсат еткен екен. Жиын дау-дамай, айтыс-тартыс-пен басталып, бір аптаға созылыпты. «Онда Бөкей ордасының белгілі стар-шындары Шеркеш Жақсыбайұлы, Жаналы Саңғырықұлы, Науша Қаржауұлы ашына сөз сөйлеп, Жәңгір ханға алым-салық көбейткені, тым орысшылдығы, қара халық мүддесі-мен санаспайтындығы т.б. туралы ауыр айып тақты» деп жазады Әнес Сарай. (Әнес Сарай, «Исатай-Махамбет тарихы», Алматы, 1997 – «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, «Арыс» баспасы, Алматы, 2002, 501-бет).

Мәжит Мұхтарұлы кітабында
«Жотасы биік Дендерім» атты тарихи-танымдық шежіре кітабында (Атырау, «Ағатай» баспасы, 2010) Мәжит Мұхтарұлы атты атыраулық өлкетанушы ағамыз Науша батыр ту-ралы қызықты деректерді ортаға са-лады. Әрине, мұндағы айтылғандар-ды шындыққа толық сәйкес келеді демесек те, оқырман талқысына сала кетейік:«...Қарттардың айтуынша, Сырым бастаған көтеріліс Нұралы ханды қуып, жеңіске жеткен соң генерал-губернаторлық жанынан ел билеуші-лері, оның жергілікті әкімшіліктері құрылған. Сырым Датұлы Байұлына старшина болып бекітілді. 1787 жылы Қобда бойында өткен старшындар жиналысында 17 старшинаның еліне Жайықтың оң бетіне өтуге ерік беріл-ді. Осы кеңестен кейін Сырым Байұлы-ның біраз ауылын, ішінде байбақты руынан өз аталастары да бар, Жайық-тың оң бетіне көшіреді. Осы жерде тау жынысты биік төбе, тұзды көл бол-ған. Сол тауға Сырымның атасы Шолан-ның есімі берілген. Шоланның өзі де заманында би, батыр болған екен. Оны Нұралы ханның атасы Абдолла сұлтан бастаған төрелер «күндердің күнінде билігімізді алып кетер» деп қауіптеніп, қастандықпен өлтірген. Шолан тауын жағалай қоныстанған беріштер байбақтымен құда болысып, қыз алып, қыз берісіп, мидай арала-сып тұрған. Науша Қаржауұлы осы Шолан тауы маңында 1792 жылы туып-өскен. Тумы-сынан ешкімге озбырлық жасамаған, ешкімге намысын жібермеген, ақыл-ды, айлалы болған. Кейін оның жауға көрсеткен ерлік-қайратынан кейін хал-қы «Найзагер Науша» деп атап кеткен... Наушаның арғы тегін алатын болсақ, Сұлтансиықтан – Асқар, одан – Байбақты. Байбақты, Жанбақты, Тінбақты деген үш ағайынды еншілес болып, Байбақты болып аталған. Ұраны – Дәуқара. Жанбақтыдан – Алдаберген (Әлтеке), Жабағы, Андас, Назарымбет, Мамат. Назарымбеттен – Мамыр, одан – Қаржау, одан 5 бала болған, соның бірі – Науша батыр. Андастан – Қарақожа, одан – байбақтының ұраны болған Дәуқара батыр...» (Аталмыш кітап, 28-29-беттер). 

Исатай аға кітабында
Науша батыр туралы нақты да тарихи деректерді тауып, жариялаған белгілі тарихшы-ғалым Исатай Кенжәлиев екені ақиқат. «Мақамбет» зерттеу кітабында Жәңгір ханның ха-лыққа көрсеткен түрлі жәбір-жапасы-нан кейін ел іші қайта-қайта толқыға-нын айта келіп, Исатай Кенжәлиев атамыз: 1829 жылы көтерілісшілер патша әскерімен соқтығысудан қашып, атаманмен астыртын келісіп, Жайық-тан өтіп кетпекші болады. Генерал Бородин губернатордың бұйрығы бо-йынша көштің алдынан әскери тосқа-уыл қойып, жібермей «кері оралың-дар» деп, сөйлесуге келген Қайыпқали Есімовты тұтқындайды. Көтерілісші-лер көші кері шегініп, жағдайды талқылайды. Жаңақала қариялары-ның айтуынша, басшылары үш түрлі ұсыныс жасайды: байбақты руының бір биі Шеркеш Жақсыбайұлы «Хан қыстауына кері оралғандарға кешірім жасаймын депті, қайтайық», - деген. Алаша руының бір батыры Қаратоғай Мәмбетұлы: «Біз Жәңгірдің бір сөзіне де сенбейміз, ол тағы да алдайды, қыстауымызға барамыз да қорғанып жатамыз» – дейді. Ал байбақтының батыры Науша Қаржауұлы: «Біз де Жәңгірдің жылпыс сөзіне сенбейміз. «Қарыс ақылдан тұтам қайрат ар-тық», мен орыс әскерін жарып өтіп, Жайықтан асамын. Маған еретіндерің ер соңымнан!» - деп ұшып тұрып, көк бедеуге мініп, «Алаш! Алаш!» деп ай-қай салады. Қарға бойлы Науша шымыр денелі, найзагер, соғыс тәсілін біледі екен, өзіне ілескендер көшін Жайық-тың «Шаппа өткел» деген тұсына әке-леді. Өзі қайратты жігіттерді ұтымды пайдаланып, көшті қорғап, қайта-қай-та шабуылға шығып, жеңістік бермей, көші аман-есен түгелдей өтіпті» - дей-ді Бірәлі Мергенов, Әйіп Бектасов де-ген қариялар (Исатай КЕНЖӘЛИЕВ, «Мақамбет», Орал, 2003, 92-бет).Ал Шеркеш би ханға келгенде Жәңгір оны алдап, басқа үйге түсіріп, шешініп отырғанда урядник пен сол-дат келіп, қол-аяғына бұғау салып, сол түнде Текеге жөнелтеді. Текенің түрмесінде бір жыл жатқан қайран ер Сібірге айдалыпты. «Лашын» деген тазысы иесін бір жыл Текеде күтіп, ит-жеккенге де бірге кетіпті дейді аңыз. Исатай Кенжәлиевтің осы кітабын-да «1838 жылғы қозғалысқа қатысқан Өтебай Бекетов дегеннің мәлімдеуін-ше, ...Ойыл өзенінің маңындағы Қисықтам деген жерде Қайыпқали сұлтан, Жүсіп (назар бөлімінен), Құдайберген (кете), Есет (алтыбас алаша), Науша батыр т.б. 600 адамы-мен болғанын айтады (ҚР ОММ, 78-қор, 1-тізім, 94-іс, 12-парақ)» деген де дерек бар. Бірақ Науша батырдың Жайықтың Бұхар бетіне өтіп кеткеннен кейінгі өмі-рі, жалпы туған-өлген жылдары осы кезге дейін беймәлім болып келген еді. 

Ақындар жырларында
Науша батыр туралы деректер сол замандағы қазақ ақындарының жыр-ларында да жиі кездеседі. Мысалы, Ығылман Шөреков «Исатай-Махамбет» дастанында Науша батырдың атын Қайып ханмен бірге айтып өтеді:– Атаңа нәлет, Қайып хан!Сөзіңе кімдер нанады?Хан Жәңгірмен бақ үшін,Талас қылсаң тақ үшін....Жүр едім деп жұрт үшін,Сонда да мені жанадың.Байбақты Науша қасыңда,Сыймай шыққан Ордаға,Қашқынға сені баладым... - деген Исатай Қайыпқали (Қайыбалды) төре-ге «Байнақты шаптың, Көккөздің мың жылқысын айдап кеттің, өз қазағыңды тонап, Хиуаға салық жинадың» деген айып тағады.Ал белгілі ақын Шернияз Жарылғас-ұлы Наушаны жағымды қырынан су-реттеп, Ақбұлақ шайқасында қаза тап-қан Исатайдың сүйегін алып шыққан батыр ретінде жырлайды:«...Исатай өлетін шайқастың алдын-да өзара келіспеушіліктен қол бөлшек-теніп кетеді. «Түнде ұрыс салайық» деген Наушаның кеңесін тыңдамай, Исатай батыр талтүсте жауға шаппақ болады. Наушаға ерген 600 адам бө-лініп кейіндеп қалады.Шернияздың толғауында бұл шай-қас:«...Сұлтансиық ұрандыНаушаға кетті ел еріп.Алты жүз адам бөлініп,Қылмайсың деп айтқанды,Кейін қалды шегініп.Үш жүз кісі БеріштерИсатайға бұл еріп......Талтүсте түсіп ұрысқаИсатай батыр қырсықты-ай......Белдігінен оқ тиіпАт үстінен қозғалды,Қайратты туған арыстанТарқамай кетті арманы...» – деп суреттейді. Исатай оққа ұшып, батыр-дың сүйегі үшін шайқас қызып жатқан кезде Науша батыр келіп жетеді.«...Мінді Науша атына-ай,Ықпалы жүрген Наушаның,Таланы бар замандаӘли арыстандай батыр-ай...Бекетай құмның белесіТүтіндеген шаң болды-ай,Аллалаған дауысқаЖер сілкініп қозғалды-ай...Ашқан аузы НаушаныңАт-тонымен сыйғандай,Маңдайында жалғыз көзКөл өртеніп жанғандай,Бұндай істі көргендеЗәресі жаудың қалмады-ай.Бас қамын қылып жау қашты,Сүйекте ешбір жан қалмай...»(«Бес ғасыр жырлайды», 243-бет.)

Мәшһүр Жүсіп жазады
Бір таңғаларлығы, Науша батырдың атақ-даңқы Кіші жүздің аймағынан шы-ғып, сонау Кереку өңіріндегі Мәшһүр Жүсіпке де жетіпті. Соңында ұлан-асыр жазба мұра қалдырған Көпейұлы-ның көптомдық шығармалар жинағы-ның 9-томында (Алматы, «Ел-шежіре» 2009, 160-167-беттер) «Науша батыр» деген арнайы тақырып бар екен.Мәшекең Әбілқайыр ханды Барақ тө-ренің айтуымен өлтіретін Сырымбетті Науша батырдың атасы еді деп жазады. «...Науша ханға (Жәңгірге – Қ.Қ.) наразы болады. Оны хан біледі де, шақыртуға 7 солдат жібереді. Жетеуі-нің алтауын өлтіріп, біреуіне: – Ханға сәлем айт, бармаймын, - деп жібереді.Хан Аштархандағы генерал-губер-наторға хабар етеді де, 250 солдат ал-дырады. Науша Баршақұм ішінде оты-рады. Исатай, Сәдібек, әлгі 250 сол-дат Науша ертеңгі намазда отырғанда үйін қамап алады. Сонда Науша әйеліне:– Бедеуді әкел, - дейді.Әйелі бедеуін әкеледі. Науша жөн-ді киіне алмайды. Сонда да бедеуіне мініп, өзін орап алған жауға қарсы шабады. Өзінің даусы зор кісі екен, жау сескеніп, оның қарсысына келе алмай алдын аша береді. Атқан оқта-ры Наушаға дарымайды. Найза мен бедеуі арқасында қоршаудан құты-лып кетеді...» Мәшһүр Жүсіп атамыз Науша ба-тыр мен Баймағамбет сұлтанның кез-десуін де қызықты етіп суреттейді:«...Бір күні Баймағамбет үйінде отырғанда:– Мынау кім? - деп сұрағанда, біреу:– Бұл – Науша, – деп түсіндіріпті.Сонда Баймағамбет:– Атағың дардай еді. Бөкейлікке де сияды екенсің бергі бетке өтпей-ақ, - депті. Науша:– «Жылқы қашса, жерге сыймайды, Түйе қашса, таптырмайды» деген ғой. Мен сол түйе емеспін бе? - депті.Сонда сұлтан:– Сені адам екен десем, айуан екенсің ғой, - депті.Сонда Науша ханды ақылсыздық-қа шығарайын деп ойлап: – Сізді жақсы айтты деп сүйініп, жаман айтты деп күйінетін болмадық қой, - депті дейді. Сонымен екі жақ та үнсіз қалады. Аздан соң шәй келеді. Хан шешіліп әңгіме айтады. Патшаға барғанын, көргендерін қызғылықты етіп айтады. Келе-келе патшадан ал-ған әмірін көрсетеді. (Қағазы қалың күмсандай айнала печат). «Мынау пат-шанікі, мынау министрдікі, мынау гу-бернатордікі, мынау тағы да министр-дікі», - деп жалғастыра береді.Сонда Науша:– Сіздің патша дегеніңіз, губернатор дегеніңіз, жанарал (генерал) дегеніңіз, министр дегеніңіз бәрі де адам бала-сы ма? - депті. – Е, е, адам баласы, - депті.Сонда Науша:– Ой, адамның берген к...тін к...т демеші, Алланың берген к...тін айтсай-шы, - деп, өз к...тін жоғары қарай қолымен созыпты дейді...»«Наушаның хал-ауқаты оңды бол-маған. Он шақты түйе, кішкене киіз үйі бар. Одан қалған ұрпақтары бар екен. Шөбересі Қадір дегенге жолық-тым. Менен бірер жас үлкен еді. 1931-1933 жылдары үш жыл жолдас болдым. «Алматыда оқып жатқан ба-лам бар», – деуші еді. Бұл әңгіме – дұрыс әңгіме. Науша Жәңгірмен қас болып, арғы бетке өтерде 40-45-терде болмақ керек» деп жазады Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жоғарыдағы кітапта. 

Наушаның қабірі табылды
2008 жылдың жазында Ақжайық ауданының Қурайлысай ауылдық округіне барған бір сапарымызда Науша батырдың өміріне, ерлік ісіне қатысты тың деректерге тап болдық. Ауыл тұрғыны, 1980-1985 жылдары ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған көзіқарақты азамат Наурызбай Әбілқайыров Науша батырдың керде-рі Сыйлыбай батырмен қақтығысы ту-ралы қызықты хикаяны жеткізді. Бір қызығы, дәл осы әңгіме бізге Тәкеев Сейтім деген ақсақалдың 1968-1969 жылдары қағазға түсірген көне дәптері-нен де кездескен болатын. Ел жадында жүрген аңыздың ұмытылмайтынына, жоқтаушысы табылса, жаңғыра бере-тініне өзіміз де таң қалдық! Сонымен, Наурызбай ағамыз «мына жерде Тайланда Науша батырдың мейіті бар» дегенді айтты. Әрине, ар-найы келгесін ат басын бұрдық. Жолбас-шымыз «осы Науша батырдың құлпы-тасы болуы керек» деп қалың шөп ара-сында, жерде жатқан көне құлпытас-ты көрсетті. Тас үстінде шашылып жат-қан тиындар жергілікті жұрттың бұл қабірді киелі санап, құрметтейтінін көрсетіп тұрды. Құлпытастағы қадим әліпбиімен жазылған жазуларды сурет-ке түсіріп, ежіктеп оқуға тырыстық. Құлпытас үлкен төбешіктің құбыла бетінде, жерде құлап жатыр. Жоғарғы бөлігі де сынып бөлінген. Мәтіні: «Байбақты руы Әлтеке тайпасы Назарымбет бөлімі Қаржау баласы Науша опат болды 81 жасында 1849 жылы және опат болды баласы Жүсіп 57 жасында 1881 жылда және опат болды баласы Жанарыслан 34 жасын-да 1849 жылда. Бұл тасты қойды ба-ласы Ил...» деп жазылған екен құлпы-таста. Айта кетерлігі, құлпытас Науша батырдың өзіне ғана емес, екі баласы-на да бірге қойылған. Соған қараған-да, батыр қайтыс болғаннан біраз ке-йін орнатылған белгі болса керек.Осы қорымда Науша батырдың өз қолымен қойған тағы бір құлпытас бар екен. Онда: «Науша баласы Шора опат болды 17 жасында 1843 жылда, бұл тасты қойдырған атасы Науша» деген жазу бар. Сонымен, құлпытастағы дерекке қарағанда, Науша батыр 1768 жылы туған болып шығады. Олай болса, биыл батырдың туғанына 245 жыл толады. Қазақтың мұсылман есебі-мен әрбір 30 жылға бір жас қосаты-нын ескерсек, Науша батыр 1770-71 жылдары дүниеге келген болуы да мүмкін. Энциклопедиядағы бір ақтаңдақ анықталды. Өлке тарихына өте қажет осы деректі анықтауға сәл болса да себіміз тисе, қуаныштымыз. Әсіресе, Науша батырдың жатқан жерін дәл көрсетіп берген Наурызбай Әбілқайыров ағамызға мың алғыс!

Батырға құрмет керек
Айтпақшы, сол 2008 жылы сексен-нің сеңгіріне шыққан қарт тарихшы Исатай Кенжәлиевке де хабарласып, Науша батырдың құлпытасы табылған хабарымен бөліскенбіз. Көкірегі тұн-ған шежіре Исатай ағамыз «мен бұл деректі ертеде Орал қаласында тұр-ған Ислам деген қарттан естіп едім. Сол Тайлан қорымында тек Науша емес, тағы да бірнеше атақты адам жатыр. Тайланның өзі де батыр бол-ған адам. Бұл бастаған істерің өте игі-лікті шаруа екен, қолдаймын, ізденің-дер, зерттеңдер!» деп батасын бер-ген болатын.Хамит Маданов ағамыздың «Кіші жүздің шежіресі» («Атамұра», 1994 жыл) атты кітабында Науша батырдың төрт баласы болған деген дерек кел-тіріледі. Бәлкім, ел ішінде ол шежіре-ні тереңірек білетін адамдар да, тіпті, батырдың тікелей ұрпақтары да жүр-ген шығар. Заманында халық үшін атқа қонып, қол бастаған батырдың ерлік үлгісі, өмір өнегесі жалпақ жұрт-қа жария болса, бүгінгі ұрпақтың да санасына сіңсе, патриоттық тәрбие деген сол емес пе?Жақында Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төреғалиевтің қолда-уымен аудан аумағындағы тарихи жерлерді аралап шыққан едік. Есенсай ауылдық округіне қарасты Тайлан қауымына тағы да ат басын тіредік. Батырдың құлпытасы сол күйінде, жермен-жексен болып жатыр екен. Елімізде ұлттық тарихқа ерекше бет-бұрыс жасалып, ұлы тұлғалар ұлықта-лар тұста Науша батыр Қаржауұлына да лайықты құрмет көрсетілсе дейміз. Орал қаласындағы Зашаған кентінде жаңа көшеге есімі берілгенімен, батырдың ерлігі мен өмір жолын көбірек насихаттау керек-ақ.

Шежіре деректері
...Байбақты Сұлтансиықтың үлкені Асқардан тарайды. Асқардан – Жәңгір, Сеңгір; Жәңгірден – Байбақты, Жанбақты, Тінбақты; Жанбақтыдан – Алдаберген, Назарымбет, Мамат, Жабағы, Андас. Алдабергенді ел-жұрт сыйлап, «Алдеке» деп атап, соңынан осы есім Әлтеке болып өзгерген сияқты (40-бет).Назарымбеттен – Қарақұл, Мамыр, Байнияз, Қайнар, Көшек. Мамырдан – Қараменде, Сырымбет, Рай, Татан, Өмір, Қаржау, Дауылбай, Жүзжасар.Қаржаудан бес бала бар, оның бірі Науша батыр, бұдан төрт бала бар (41-бет).Осы кітапта берілген Байбақты шежіресінің тағы бір нұсқасында Асқардан Жанбақты, одан Назарымбет, одан Мамыр, одан Сырымбет, одан Қаржау Науша батыр делінген (43-бет).
Хамит МАДАНОВ,«Кіші жүздің шежіресі»,«Атамұра», 1994 жыл 

Кешірім
Бұл хикаяны Тәкеев Сейтім деген ақсақалдан қалған көне дәптерден көшіріп алған едік. Ескі әңгімені ерін-бей жинаған қария осы бір ғибратты әңгімені 1968-1969 жылдары қағазға түсірген екен.Ел арасындағы бір жанжалда беріш Сәдібек батырды байбақты Науша батыр өлтірген екен дейді. Сәдібек Кезтөбеге жерленген.Сол Науша батыр қартайған кезін-де Сәдібектің үйіне келіпті. Сәдібектің баласы үйде жоқ екен. Қанды құны-керінің тал түсте басынғандай болып өзі келгеніне намыстанған ауыл адам-дары Наушаны өлтіріп, батырдың құ-нын алмақшы болып қызу дүбіледі. Осы кезде Сәдібектің баласы да келіп қалып, жиналғандарға: “Сіздер тараң-дар, осы шалды өлтіру менің қолым-нан да келер”, - деген екен. Сәдібек-тің баласы Наушаны мал сойып қонақ етеді. Кешке жатарда төсекті қайда салуды сұрайды. Сонда Науша: «үй-де, сыртта, маған бәрібір» деп, үстіне асынған қаруын кереге басына іліп қойып отыра беріпті. Содан әйелдер Науша батырға тө-секті алты қанат үйдің қақ ортасына салып, сықырлауықты жәй жауып, шығып кетеді. Түнде Сәдібектің бала-сы қолына кіндік темір алып, үйге кір-се, Науша қорылдап ұйықтап жатыр екен. Сонда батырдың ұлы «Бұл шал қорықса, бұлай бейқам жатпаған бо-лар еді. Мұны өлтіргенмен әкем тіріл-мейді ғой», деп өлтірмеген. Ертеңіне тұрып, тамақтанған соң қонақтың қызметін сұрайды. – Мен Сәдібекті өлтірген едім. Мен де қартайдым, өлім маған да жақын ғой. Қанға қан, қанмен кегін алар деп келіп едім, олай болмай отыр. Ақыретке мойныма қан жүктеп кетпей, кешірім сұрауға келдім, - деп-ті Науша батыр. Сәдібектің үй іші Наушаның өтінішін – сұраған кешірі-мін қабыл алыпты. Науша батыр кете-рінде Сәдібектің ұлына: «Айтқаның тыңдалсын, атқаның тисін» деген бата беріп кетіпті.

Қаралым саны 3854

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463