Оқылуы
1-қатар: Ал мархума ал мағфура
2-қатар: Алача руғы Алтыбас тайифасы
3-қатар: Ханай байниң хатуни Женкетай
4-қатар: Қани қызы офат болды ... иашында
5-қатар: 1825(немесе 1835) санада ал хукму лиллахи
6-қатар: кафа бил маути ағизан уа куллу нафсин
зайиқат ул маут
7-қатар: бу ташни Ханай бай қилдурди
8-қатар: (жартылай көрініп тұрған таңба)
Қазақ тіліндегі мағынасы:
1-қатар: Марқұм болған, кешірілген әйел
2-қатар: Алаша руы Алтыбас тайпасы
3-қатар: Қанай байдың әйелі Женгетай
4-қатар: Қани қызы қайтыс болды ... жасында
5-қатар: 1825 (немесе 1835) жылы Алла Тағаланың үкімі
6-қатар: Насихат керек болса өлім ғибраты жеткілікті және
«әр бір жан міндетті түрде өлімнің дәмін татады»
7-қатар: бұл тасты Қанай бай жасатты
8-қатар: (жартылай көрініп тұрған таңба)
Түсініктеме:
Бұл мәтінде кісі есімдері мен ру-тайпа атаулары, жыл көрсеткіш, тілге байланысты ерекшеліктер, жалпы халықтық мәдениет пен өнерге байланысты туынды қамтылған.
Араб қарпімен жазылған араб, түркі тіліндегі жазуларды оқып, тәржімалаған: С.ЕСЕНТЕМІР,
Түркістан қаласы
Суретті түсірген
Жәнібек ӘБІЛПЕЙІСОВ,
2007 жылдың 13 мамыры