Бұл – Ресей Федерациясы Астрахан облысы Володар ау-даны, Алтынжар ауылындағы әйгілі күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының кесенесі жанында тұрған құлпытас. Күйші кесенесінің дәл іргесінде, оң жағында орналасқан. Белгінің биіктігі – 1 метрдей, тас тұғырға орналастырылған. Құстұмсықты үшкір болып келген жоғарғы бөлігінде «Иа, Мұхйии (Тірілтуші, үгітілген сүйекті де қайта тірілтеді), Иа, Мүмиит! (Жан алу тек Оған тән, Өлтіруші) деген Алла тағаланың көркем есімдері жазылған.
Түсініктеме: Құлпы-тастағы «Нарын қисымы,
3-бөлім» дегені – сол кездегі Бөкей ордасындағы әкімшілік бөліктің атауы. Қызылқұрт – ру аты. Ал хамал (амал) – нау-рыз айының ескіше аталуы.
Суретті түсірген
Нұртас САФУЛЛИН,
2013 жылдың 31-мамыры
Мәтінді оқыған Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ
Құлпытастың негізгі
бөлігіндегі мәтін:
Нарын қисымы, 3-інчі бөлім
Қызылқұрт мархум Ишмұхамед
Құрбан ұғлы
1895-інчі йылде 12-інчі
хамалде 58 йашынде офат