Құныскерей туралы тынымсыз ізденіп, бірнеше кітап жазған өлке-танушы Қайыржан Хасанов ағамыз-дың айтуынша, Құныскерей Қожахметұлы 1895 жылы қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы-ның Тайсойған құмында, Нөсер қыс-тағына жақын орналасқан Кеңқоқты, Тарқоқты деген екі көлдің ортасында-ғы жазықта өмірге келген. Әкесі – Қожахмет Жанбасарұлы. Руы – Кіші жүз, Байұлының ысығы, оның ішінде – Тоғызбай. Тоғызбайдың Назар, Базар, Есназар, Сағын, Түкі деген бес ұлын Қызылқоға бетінде «Бес Тоғызбай Ысық» деп атайды. Құныскерей Тоғызбайдың Сағынынан тарайды. Сағыннан Көпен. Көпеннен Жанбасар, Малбасар туады. Жанбасардан Қожахмет, Малбасар-дан Сәлімгерей, Орынбай деген екі бала болған.
Қожахметтің Құныскерей және Жәрдем деген екі ұлы, бір қызы болған. Құныскерейдің алғашқы әйе-лі – Әсем Досқалиқызы. Құныскерей-дің 1922 жылы туған Айтжан, 1925 жылы туған Айтмұхан, одан кейін Есен және Болат деген төрт ұлы бо-лыпты. Бірақ соңғы екеуі Құныскерей қуғындалып, елден кеткенде балалар үйіне алынып, кейіннен аурудан жас-тай қайтыс болған.
Құныскерей қалай «банды» атан-ды? Бұл жөнінде Қайыржан ағамыз «Батыстың «бандылары» атты еңбе-гінде ел аузында жүрген аңыз әңгіме-нің бес нұсқасын келтіреді. Бұлардан түйетініміз – Құныскерей туғаннан қа-ны бұзық, басбұзар болмаған. Қарапайым шаруа, қайратты батыр, елге беделді азамат Кеңес үкіметі құры-лып жатқанда Көздіқара ауылдық Советінің төрағасы болып сайланған. Сол қызметінде жүргенде үйіне қо-нақ келеді. Бір әңгімеде бұл банды Аманғали, екінші нұсқада Ерғали Аязбаев делінеді. «Өзінің құрдасы, қуғында жүрген бай баласы екен» де-генді де естігенбіз. Сонымен, Құныскерей үйге келген мейманын құрметтеп, дастарқан жаяды. Сол кезде шолақ белсенді милициялар үй үстіне келіп қоқаңдап, «жауды ұстап бер, біз тұтқындаймыз!» деп әлек са-лады. Құныскерей болса, қазақы дәс-түрмен әдеп сақтап: «Бұл кісі – қазір менің қонағым. Біздің үйден кеткен соң ұстарсыңдар!» дейді. «Бандыны қорғап тұрған сен де бандымысың?» деген ұрда-жық милицияның бірі Құныскерейге мылтық кезейді. Сол кезде намысты әрі мерген Құныскерей шолақ белсендіні наганымен жайра-тып салады. Оның аяқ астынан ауыл-найдан «бандыға» айналған хикаясы осы екен.
Құныскерей қуғынға түскен соң оның отбасы мен ағайындарының басына да қара бұлт үйірілген. Мили-циялар Құныскерейдің үйін қоршап, от қойып, қою түтіннің арасынан қа-шып шыққан әкесі Қожахметті атып өлтіреді. Құныскерейдің әйелі Әсем Досқалиқызын (1906 жылы туған) Гурьев түрмесіне қамайды. Кейін «ха-лық жауының әйелі» ретінде соттап, Ресейдің Саратов облысына үш жыл-ға жер аударады. Айтжан, Есен, Болат деген балаларын Жаманқаладағы (қазіргі Атырау облысындағы Махамбет ауылы) балалар үйіне тап-сырады. Есен мен Болат осы жерде қайтыс болған. Құныскерейдің Айтмұқан атты ұлы Сәлімгерей деген туысын паналап, соның тәрбиесінде болады.
Айтмұқан 1935 жылы Ойыл мек-тебінде оқып, оның жеті сыныбын 1941 жылы бітірген. Бандының ұрпа-ғы деп кездескен қиыншылыққа мо-йымай, Жем бойындағы жаңадан ашылған кен алаңында, Құлсары мұ-най айдау мекемесінде жұмысшы, Қызылқоға ауданының Абай атында-ғы кеңшарында шофер, 1972 жылдан Индербордағы жол жөндеу мекеме-сінде краншы-машинист болып жұ-мыс жасап, 1988 жылы құрметті ең-бек демалысына шығыпты. Шешесі Әсемді көп жыл сұрастыра жүріп, 1964 жылы ғана тауып, өз қолына алады. Әсем әжей 1988 жылы бала-сының қолында 82 жасында қайтыс болған. Құлпытасында «Құныскерей зайыбы, Досқалиқызы Әсем. Тас қоюшы баласы Айтмұхан» деп жазыпты. Айтмұханбет ағамыздың өзі 2006 жы-лы қыркүйек айында 81 жасында Индерде қайтыс болып, анасы жат-қан зиратқа жерленді. Айтмұханның артында жеті ұл-қызы қалды. Берік пен Серік атты балаларының тегін Құныскереев деп жаздырған.
Құныскерейдің балалар үйінде өскен ұлы Айтжанның тағдыры да шым-шытырық қиындыққа толы бол-ды. «Балалар үйінде ер балалар қар-ға аулап, жұмыртқасын жейтінбіз. Ба-лалар көп өлетін. Ол жылдары тыш-қан да аз. Тышқан ұстап, отқа үйтіп, соның етін қылдай бөліп жейтінбіз» деп еске алады екен Айтжан. 1938 жылы 16 жасында Айтжанды Гурьев-тегі ФЗУ-ға оқуға жібереді. Кейін мұ-най бұрғылау жұмысына кетеді. Оны тастап, ұсақ ұрлықпен айналысып жүргенде түрмеге түседі. Түрмеде отырған жерінен 1941-1942 жылдары соғысқа алып кеткен. 1942 жылы Сталинград шайқасында дивизия тү-гелдей қоршауда қалып, фашистер қолына түсіп, тұтқын болады. Айтжанды «Кеңес үкіметіне қарсы шыққан «халық жауының» баласы деп Түркістан легионына қосады. Легионмен Африкада, Суэц каналын-да, Қызыл теңіз жағасында, Италия-да, Баср қаласында болады. 1944 жы-лы Африканы Америка солдаттары басып алып, тұтқындар америкалық концлагерьге орналасады. Америка-лықтар советтік тұтқындарды Америка әскеріне қызмет етуге ша-қырып, КСРО үкіметіне қарсы үгіт жұ-мыстарын жүргізеді. Келіспегендерін 1945 жылы тамыз айында пароммен КСРО-ға алып келді.
«Ел дегенім – Әзірбайжанның Баку қаласы екен. Паромнан түскен бойда порттан овчарка итпен НКВД-ның адамдары қарсылап, бізді қай-тадан тұтқынға алды. Тұтқында жап-пай тексеруден өткізді. «Совет өкіме-тіне қарсы соғысқа қатыспаған» деп шешім шығарып, мені тұтқыннан бо-сатты. Мәскеу қаласын қалпына кел-тіру жұмысына жіберді. Ауыр да қиын қара жұмыста жүргенде көкжө-тел ауруымен ауырдым. Дәрігерлік комиссия «жұмысқа жарамсыз» деп босатып, елге жіберді. Жадап-жүдеп елге келгесін Айтмұхан інімді, анам-ды тауып алдым. Олар мені ешкінің сүтімен, қойдың етімен азықтанды-рып, қалпыма келіп, біраз түзеліп қа-лып едім. Бір күні НКВД адамдары та-ғы келіп, қайтадан қамауға алып, сот-тап, Қостанай облысы Жітіқара қаласына 6 жылға жер аударды. Жітіқара қаласында «Жітіқаразолото» шахта-сында жұмыс жасадым» - деп еске алады екен Айтжан ағамыз.
Айтжан Құныскерейұлы осы Жітіқарада Мінәура деген қызға үй-ленген. Одан Қадырбай, Сара, Сағира, Қайыржан, Қажымұқан, Майра, Аманкелді, Роза, Айман деген 5 қыз, 4 ұл көріп, 2006 жылы сәуір айының 24-күні қайтыс болған.
Құныскерейдің әуелі Тайсойған мен Бүйректе, Тайпақ пен Қаратөбе өңірінде жасырынып жүріп, кейін Башқұрт жеріне ойысып кеткендігін артында қалған ағайын-жұрты еміс-еміс әңгімеден білетін. Бірақ батыр-дың кейінгі тағдыры көпшілікке жұм-бақ болып қалған еді. Төменде бері-ліп отырған маңғыстаулық өлкетану-шы Әбілқайыр Спан ағамыздың әңгі-месі осы ақтаңдақтың орнын толтырғандай.