– Негізі бұрын Ресейде тұрдық, - деп бастады әңгімесін Жамал апа.
– Балаларымыздың бәрі сол елде дүниеге келді. Марқұм ата-енем жақсы адамдар еді. Енем өмірінің соңына қарай елге қайтуымызды қолқалай бастады. «Немерелерім жат елде жат тілде сөйлеп жүр, туған жерге оралайық. Ана тілмен қауыш-тырыңдар балаларды» деп енем жа-лына өтінді. Қалыптасып қалған тым жақсы тұрмыс-жайымыз болса да, туған жерге, туған тілге деген сағы-ныш басым түсті. Әрі енемнің сөзі түрткі болып, 1998 жылы туған жер топырағына табан тіредік. Қазір екі немерем, бір жиенім бар. Шүкір, олардың тілі өз ана тілімізде, қазақ-ша шықты. Үлкен немерем үшінші сы-ныпты бітірді. Шежіре кітапты оқып, үлкен қызыма шыққан тегін түсіндіріп әлек болады. Ол орыс тілді болғаны-на, түсінбегеніне қысылады. Неме-рем бәрімізге жеті атаны айтып, рула-рында болған белгілі адамдардың өмірі туралы келген қонақтарға әңгімелеп беруден жалықпайды. Әсіресе, Құныскерей атасы туралы айтқанды жақсы көреді.
– Құныскерей? Қай Құныскерей? - деп мен елең ете түстім. Менің туған ауылым Егіндікөлдің қасында Құныскерей үңгірі деген үңгір болу-шы еді. Құныскерейдің батырлығы, құралайды көзден атқан мергендігі, Кеңес үкіметі қанша қудаласа да, ұс-тай алмай, бетпе-бет келгенде адам-ды шыдатпай, мысы басатын арқасы бар екендігі жайлы аңыз-әңгімелерді көп естіп едім. Бірақ өмірінің соңы жайлы дерек кездестірмедім. Бәрі де «Түркімен асыпты» дегеннен әріге бармайтын. Дәл сол Құныскерей бол-са, жас баланың ол туралы не әңгіме-лей алатыны қызық болып көрінді.
– Әбілхайыр Спан деген ағамыз арнайы Түрікменстанға іздеп барып, Құныскерей атамыздың жанұясын тапқан, - деп әңгімеге Қуаныш аға араласты. – Атамыздың соңғы жұба-йы татардың Мәриям деген қызы болған екен. Ол кісіден Айман-Шолпан есімді екі перзент сүйген.
Қуаныш аға Құныскерейдің әрі батыр, әрі палуан және ақылды қай-раткер болғандығын дәлелдейтін бір-шама әңгіменің басын қайырды. Мен сенер-сенбесімді білмей, “ал, жаңағы іздеп барған ағаңыздың әңгімесін сіз қайдан білесіз?” - деп сұрадым.
– Ысық руының шежіресі жазыл-ған «Бәйтерек» деген кітап бар. Со-ның ішінде рудың белгілі адамдары жайлы әңгімелер берілген. Немерем-нің әңгімелеп айтып жүргені сол кі-таптың ішінен оқып алған дүниялары ғой, - деп езу тартты...
Ата-әже атанса да, бір-біріне де-ген сыйластығы, сүйіспеншілігі әрбір сөзінен, қимылынан, дауыс ырғағы-нан байқалып тұрған осы бір жара-сымды жұптан алар өнеге баршылық-ау деген ойға қалдым.
Бұл күнде жастарда кітап оқу мә-дениеті мүлдем жоқ деп сөгіп жата-мыз. Компьютер билеген заманда жас баланың санасын зорлық-зомбы-лықты насихаттайтын ойындар, мультфильмдер жаулап алды. Күн-делікті сабақтарын шақ оқитын бала-ларымыздың өзге кітап оқуға ниет-тері де, тілектері де жоқ. Осыдан келіп өрісі тар ұрпақтың өспесіне кім кепіл деп дабыл қағып жатқандар аз емес. Ал Жамал апа мен Қуаныш аға-ның немересі жеті атасын түгендеп, шежіре ақтарып, тарихи әңгімелерді оқып, сәби санасына тоқуда. Айтары жоқ, адам сүйсінгендей!
Алматы сапарында басталған та-ныстық әрі жалғасты. Оралға келген соң жоғарыда сөз болған «Бәйтерек» кітабын қолқалап оқуға сұрап алып кеттім. Құныскерей өмірінің соңғы тұстарын оқи отырып, “арманда кет-кен елімнің есіл ері-ай” деп жүрегім езілді. Кітапты құрастырушылардың тізімінде өзіме таныс есімдерден жа-зушы Қайыржан Хасанов, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекет-тік университетінің ректоры Асхат Иманғалиев сынды атпал ағалары-мыз бар екен. Осылайша, өңірімізден шыққан алып арысымыз Құныскерей өмірінің көлеңкелі тұсына күн түскен-дей әсер алдым. Қаншама құнды та-рихи мағлұматтар шежіре сыр шертсе ашылар еді!
Еліміздің елдігін өскелең ұрпақ-қа тарихты таныту арқылы сақтап қалатынымызды жете түсінген «DANA.kaz» журналының редакция алқасына алғысым шексіз. Ұрпақ тәр-биесіне тікелей қатысым бар педагог маман ретінде журнал бетінде жарық көретін мақалалардың Қазақстан болашағы үшін тәрбиелік маңызы ұшан-теңіз екенін баса айтқым келе-ді. Тарих қойнауын ақтарып, азаттық жолында бабаларымыздың қанша қаны төгілгенін ұрпақ санасына жет-кізіп, тәуелсіздіктің тәтті дәмін ардақ-тайтын, ғасырдан ғасырға мәңгілік ел болуды мақсат ететін ұрпақ тәрбие-леу – асыл мұраты бұл басылымның.
Жат жер мәңгілік мекені болған Құныскерей бабамыз туған жердің бір уыс топырағын иіскеуге зар боп өмірден өтті. Озбыр саясаттың құрба-ны болып, талай боздақ шетке тенті-реді емес пе? Олардың елге, жерге, тілге сағынышы – бүтін ұлтқа ұлы өнеге. Сондықтан осындай бабала-рымыздың өмір жолдары туралы деректер көпшілікке қолжетімді болып, журнал бетінде жарияланса құба-құп болар еді.
Осы мақалаға қалам тербеуге себепші болған Жамал апа мен Қуаныш ағаның немересі Айнараны көрудің де жолы түсті. Көрген бетте шежіре кітапты ашып жіберіп, атала-рын таныстыра бастады. «Мұнда Құныскерей ата жайлы, Оңай ата жайлы жазылған» деп кітапты ары қарай парақтай бастады. «Ол аталар кімдер, неге сен ол адамдар жайлы әңгімелегенді ұнатасың?» деп сұра-дым. «Олар – менің аталарым, атақты адамдар болған, халқына көмектескен» деп риясыз көңілмен жауап берген балғын балақайдың жауабы көңілімді елжіретті.
Иә, тәуба! Елінің ертеңін ойлап, ұрпағына тектілікті түсіндіріп отыра-тын Жамалдай әжелер мен Қуаныш-тай аталар тұрғанда мемлекетіміз мәңгілік боларына, ұлтымыз ұлы қал-пын сақтап қаларына шүбәм жоқ.
Тарих маңызын дұрыс бағамда-ған мемлекет басшылығы ұлтымыз-дың тарихын зерделеуге ұлы бетбұ-рыс жасауда. Мемлекетіміздің әр от-басы өздерінің шыққан тегінің тари-хын тануға тырысса, ұлт тарихы осы-дан құралмай ма?! Ендеше, ағайын, төл тарихымызды танимыз десек, алдымен ата-бабамызды таниық!
Индира НАБИОЛЛАҚЫЗЫ