Құныскерейдің соңғы сәті

1960 жылдардың басы. Қазіргідей күнді жалғап жағы сембей жататын теледидары, киносы жоқ ауылдың сабақтан соңғы бар алаңы – кітап. Кітаптың да көзі көп емес. Іздеп оқимыз, таласып оқимыз. Оқығанның оқиғасын әңгімелеп, әсерін ортаға салу – ол енді кішігірім жәрмеңке. Сол уақытта талай балаң оқырманның ықыласын баурап, қиялын қырық құбылтып тамсантқан шығарма Х.Есенжановтың «Ақ Жайығы» еді. 

Біз, әрине, онда романның негізгі идеясына, басқа да қалтарыстарына ой жіберетін пайымнан мақұрымбыз. Көбіне еліктіретіні – жалаң оқиғасы. Басты кейіпкер Құныскерейдің кесек қимыл әрекеттері. Әлі есімде, ауыл сыртында қаптаған әскерді насыбай атқан болып алдаусыратып қоршау-дан сытылып кеткен, Жолмұқанды жолдан торыған Құныскерей болып талай ойнадық. Бейне біздің бала тілегімізді қабыл алғандай, жазушы «Ақ Жайығын» жалғастыра берді. Оны ілесе оқыған біз де естияр тарт-тық. Құныскерейді арғы Үстірттің қырына аяғын іліктіріп тастап, қимай-қимай қоштасып тындық ақыры. Кейіпкердің онан арғы тағдыры қалай болды, ол жұмбақ болып қала барды. Ел аузындағы қауесетке қара-ғанда, ол аман-есен әлде Өзбекстан, әлде Түркіменстан не Тәжікстан, әй-теуір, «станның» біріне барып, үйлі-баранды болып, қоңырқай шаруа тірлігін кешіп, бертінде өз ажалынан бақилық болыпты-мыс.Біз, әрине, онда романның негізгі идеясына, басқа да қалтарыстарына ой жіберетін пайымнан мақұрымбыз. Көбіне еліктіретіні – жалаң оқиғасы. Басты кейіпкер Құныскерейдің кесек қимыл әрекеттері. Әлі есімде, ауыл сыртында қаптаған әскерді насыбай атқан болып алдаусыратып қоршау-дан сытылып кеткен, Жолмұқанды жолдан торыған Құныскерей болып талай ойнадық. Бейне біздің бала тілегімізді қабыл алғандай, жазушы «Ақ Жайығын» жалғастыра берді. Оны ілесе оқыған біз де естияр тарт-тық. Құныскерейді арғы Үстірттің қырына аяғын іліктіріп тастап, қимай-қимай қоштасып тындық ақыры. Кейіпкердің онан арғы тағдыры қалай болды, ол жұмбақ болып қала барды. Ел аузындағы қауесетке қара-ғанда, ол аман-есен әлде Өзбекстан, әлде Түркіменстан не Тәжікстан, әй-теуір, «станның» біріне барып, үйлі-баранды болып, қоңырқай шаруа тірлігін кешіп, бертінде өз ажалынан бақилық болыпты-мыс.Бала күнімнен етене қымбатты Құныскерейімнің ақырын ондай «дейді екен» қауесетке «қиып» қал-дыра қоятын оқырманыңның сойы мен емес. Оның үстіне «алтын шық-қан жерді белден қазып» түбіршік-тейтін журналистік кәсіби әуесқойлы-ғы түскірім тағы бар. Әлгі құлаққа талып жеткен қауесет түбін індеттім келіп. Қанша дегенмен, баяғыда сұрай-сұрай Меккеге барған деген, таптым ақыры іздегенімді! Дәлірек айтқанда, Құныскерейдің өзін емес, ол мен ізін шығарғанда бақилық болып кеткен екен, көзін – соңғы жанұясы, қосағы Марияны, қыздары Шолпан мен Айманды, олардан өрбіген ұрпақтарын көрдім. Оларды қайтіп іздедім, қалай таптым – ол үлкен хикаяның желісі. Оны баяндау-ды әзірге сәтті күннің еншісіне табыстай тұрып, көген түпке көшейін.1996 жыл. Шіліңгір шілде. Түркіменстанның Кушка қаласына жақын теміржол бекеті. Сиыр сәскеде соған келіп түстім. Күні бұрын хабар-дар ауыл адамдары күтіп тұр екен. Қарсы алып, үйге бастады. Үй бол-ғанда, ат маңдайын тіреп келе жат-қан Құныскерей шаңырағы. Алдында Мария шешеміз сал ауруы соғып сыр-қаттанып қалды дегенді естіп, көңі-лім күпті еді. Оны сауыққан, сәлемат күйінде көрген соң жағам жайлау болды.

Екеуміз әңгімелесіп отырмыз. Мария шешеміз ашаң келген, аққұба, ширақ кісі екен. Татар қызы. Бірақ қазақша еркін, тіл бұдырынсыз, шешен, көсем сөйлейді. Онысына тәнті болып, «Бәсе, Құнысекең тегін адамды әйел қылмайды ғой» деп мадиықтанып отырмын іштей.– Мен Татарстанда туып-өстім, - деп бастады Мария әңгімесін, – әкем үлкен молда кісі еді. Қажы-молдаға қатерін тіге келген Кеңес үкіметі 1931 жылы тәркілеп, соттап жіберді. Сөйтіп, 18 жастағы мен қиырдағы Новосибирскіден барып бір-ақ шық-тым. Барысымен жұмысқа жекті. Лагерьде болмағанмен, еріксізбіз. Комендатурамен есептесеміз. Айына екі рет тексеруден өтіп тұруымыз ке-рек. Ол – заң. Бұзсаң, түрменің төрі-нен бір-ақ шығарады. Жасымнан орысша оқыған соң орыс арасында пәлендей өгейлік көргенім жоқ. Са-уаттылығым әжетке жарап, жеңілдеу жұмысқа қолым жетті. Бір мейман-дос, мейірімді орыс кемпірінің үйінде пәтерде тұрдым. Әндекеңмен сонда ұшырастым.

– Әндекеңіңіз Құнысекең ғой, - деп пысықтап жатырмын мен.

– Мен үшін оның есімі – Әндірей-Әндекең. Марқұмның азан шақырып қойған Құныскерей атын көз жұма-рының алдына дейін естімей де, біл-мей де келдім, - деп түсінік берді шешеміз.

– Сіз Новосибирскіге жер аудары-лып бардыңыз. Ал Құнысекең қалай барыпты?– Ол жағын білмедім. Сірә, ала-сапыран уақыттың селбеуімен болар. Жалпы, ол уақытта онда қазақтар көп еді. Тіпті бөлек ауыл болып отыра-тын. Мен білгенде әуелде Әндекең-нің басында бір әйелі болды. Артынша Әндекең әлдебір бұзықтармен шатысып қалып, жұмысы ауыр басқа бір жерге ауыстырылды. Бұрынғы мекенде қалған әйелі отын жағып отыра алмады. Артына сөз ерді. Әндекең келген соң онымен ажыра-сып тынды. Онан соң ол әйелдің қай-да кеткенін білмеймін. Шалымның бір айтқанынан құлағымда қалғаны – мен оның төртінші рет жұптасқан тө-мен етектісі екенмін. Жә, бірді айтып бірге кетіп қалдым ғой, Новосибирскі-ге оралайын, - деп алды да шешеміз әңгімесін әрі жалғады.– Салтбасты Әндекеңнің көзі бір күні маған түсті. «Сен қызды әйел қы-лып алам» деді. Онысын қалжыңға жорыған мен: «Сендей шалға зар бо-лып жүр едім» деп қалжыңмен жауап бердім. Ол қарқылдап күліп: «Бұл ша-лың әлі сендей он сұлуды қартайта-ды» деді. Кездескен, ұшырасқан да әңгімеміз осылай болып келіп жүрді әуелде. Мені мұсылман деп ондағы қазақтар іш тартатын. Новосибирскінің іші ол уақытта жаман, ұры-қары көп. Күндіз кісі тонау, өлтіру, зорлау. Көшеге түн баласына аттап шыға алмайсың. Күндіз де қауіпті. Кейде кешігіңкіреп қалғанда Әндекең үйге әкеліп тастайтын. Жалпы, Әндекең кісілігі мол, өте мейірімді адам еді. Мені аламын дегенмен, оғаш әрекет-ке барған жоқ. Қайта оңашада өзін менің қамқоршы ағамдай ұстайтын. Тіпті ұялшақ деуге сыятын биязы бо-латын. Менің пәтер иесім жалғызбас-ты. Қарасар ешкім жоқ. Қыста ауланы қар басып қалады. Екі әйелге отын қамдау да оңай емес. Осы күнімізді көрген Әндекең мықтап қолұшын берді. Осынысымен пәтер иесіне де ұнады. Айтпақшы, Әндекең орысша өте жақсы білетін. Мүдірмей сөйлей-тін. Бір күні анамдай бауыр басып кеткен орыс кемпірім: «Қызым, за-ман болса мынау. Жалғыз, жалқы жүрген сайын сүйеніш. Кез келген бө-рікті күйеу болып тағы келістірмейді. Және осы ортада дені дұрыс еркек те жоқ. Көбі баукеспе, қағылған, соғыл-ған. Менің ақылымды алсаң, мына Әндірейдің етегінен ұста. Мен адам танысам, бұл нағыз азамат. Алтын ба-сыңды қор қылмайды» деген ақылын айтты. Шынын айтсам, маған керегі де осындай ақыл еді. Әндекеңді іш-тей ұнатып қалғанмын. Келістім. Пә-тершім сөйтіп бізге батасын беріп, қос қылып, отау тіктедік. Бас еріксіз болғанмен, көңіліміз сергек. Екеуміз жұмыс жасаймыз. Әндекең шалым да қайратты. Сонысына орай табыскер. Бірақ дүние жинап, тұрмыс түзейік дейтін кісінің сиқы емес. Шашпа. Шашпа болғанда, басына тасып төгіл-мейді. Жоқ-жұқанамен бөліседі. Мен, әрине, қолынан қақпаймын.Бір күні Түркіменстаннан жұмыс-қа адам алуға өкілдер келіпті. Ол жақ тұрмыс жақсы, молшылық, ауа райы жылы деген хабар естілді. Барып, ашығын біліп келген Әндекең:– Япыр-ай, өзі өзен бойы, халқы да өңшең мұсылман, әсіресе, қазақ-тар дейді, - деп ауаланып оралды.

– Ендеше, көшелік. Бәрібір туған жерден жырақпыз. Мына қарлы бо-ран Новосибирскіден жаман болар дейсің бе?– Көшу оңай болмай тұр-ау, Марияш. Мынау документім жарам-сыз, түбі шикі, бір ауылсовет ағайын-нан сүйкеңдетіп жазғызып алған мы-нау не документ болып жарытар дей-сің, - деп күмілжігеннен бір қағазды алып көрсетті. Оқып қарасам, Әбілқайыр Жамановтың атына бер-ген анықтама екен.– Иә, осы, менің құжат жүзіндегі аты-жөнім – Әбілқайыр Жаманов. Өзгесін сен сұрама. Андрей деп тарта бер, - деп түсінік қосты оған Әндекең. Мен тап ол жерде ештеңенің байы-бына барғаным жоқ. Көшпейтін бол-дық қой дедім де, оны-мұнымен ай-налысып кеттім. Арада екі-үш күн өт-кен соң Әндекең үйге ерте оралды. Артынып-тартынған нәрсесі – азық-түлік, арақ-шарап.– Тезірек дастарқан қамда. Үйге қонақ келе жатыр.Қонақсыз, сірә, болмайтынбыз. Әндекеңнің достары көп. Солардың бірі шығар деп іске кірістім. Жалпы, мұсылман әйелдерінде ерінің ісін тергеп, мошқап сұрап жату ерсі ғой. Кешікпей, күткен қонақтарымыз да келді. Оларды көргенде көзім атыз-дай болды – комендант пен екі кө-мекшісі. Тапаншалары белінде, был-ғары белбеу, тартпалары сықырлап кіріп келді. Асқа отырды. Бөтелкелер босап қалып жатыр. Біздің Әндекең арақ көтергіш. Картаға да кетәрі емес. Шай артынан карта ойнау бас-талды. Ұзақ ойын басталды да, арақ та ұзақ ішілді. Бөлме іші көк түтін. Мен елпектеп қызмет қылып жүрмін. Бірақ біртүрлі көңілім алаң. Апырай-ай, мына қызылкөздермен қайдан ұшыраса қалып еді. Арты жақсылық-пен бітсе игі деп қауіп ойлаймын. Ақыры ойым айнымай келді. Әнде-кең ұтыла бастады. Әуелі ақшадан айрылды. Артынша киім-кешек кетті. Кезек үйдегі іліп алар нәрсеге жетіп, олар да ұттырылды. Сырттай комен-дант пен көмекшілері әйелқұмар, маскүнем, парақор дегенді естуші едім. Сол рас болып шықты.Бір уақытта коменданттың «Бәл-кім, сен әйеліңді саларсың» демесі бар ма?! Әндекең көнді. Мені картаға салды. Сол жерде не болып жүрге-німді білмеймін, тарс жауып шығып, дәліздің бұрышына барып, ағыл-тегіл жылай бердім. Сөйтіп отырғанымда иығымнан біреу келіп түрткенде қарасам, Әндекем. Жымиып күліп тұр.– Өй, күлмей күмірә кет сен!– Жә, Мәрияш, ашуыңды бас. Бәрі оңынан оралды. Жүр, әлгі иттер-дің басына ақ құйып шығарып саласың. Әндекеңе еріп бөлмеге енсем, қонақтарымның аптығы басылып қа-лыпты.«Тебе повезло» дей береді ко-мендант бас шайқап. Кетерде ол не-мең тіпті Әндекеңе жампоштанып, қолын қайта-қайта қысып, әлдебір уәдені пысықтап жатты. Олардың қа-расы батуын күтіп отырған мен өзді-өзіміз оңаша қалған соң зікірді сал-маймын ба енді келіп.– Жат ел, жат жерде тентіреп жү-рісіміз мынау. Қасыңдағы жалғыз се-рігің, етегіңнен ұстаған жарың – мені картаға салғаның не көргенсіздігің? Мұны көргенше менің өліп кеткенім жақсы еді. Әлі де кеш емес.– Әй, Мәрияш-ай, сен дым да біл-мейтін шикі екенсің ғой. Тіпті мені картадан ұтатындай кім болыпты олар. Бәрін жорта жасадым. Солай ету қажет болды.Артынан білсем, Әндекең әлгі-лерді басында өтірік ұтылып аранда-тыпты. Мені салғаннан кейін ұтылған-ның бәрін қайта ұтып алған. Оған қоса қонақтардың ақшасын да ұтқан. Қызды-қыздыға келгенде Әндекең «енді сендер қаруларыңды, киім-кешек, документтеріңді салыңдар. Мен әйелімді салдым ғой. Сендердің тәуекелдерің соған жетпей ме?» деп қарайды ғой. Ұтылғандар келіседі. Әндекең оларды да сыпырып алады. Қонақтар тығырыққа мықтап тіреле-ді. Жалынуға көшеді. Әндекең сол жерде құжаттарын жөндеп беруді шарт етіп қояды. «Оны орындама-йынша документтерің мен құралда-рың берілмейді. Қысастық ойласаң-дар, бұл жоғары басшыларыңа жете-ді» деп қорқытады. Коменданттың келіспеске лажы жоқ. Сол күні түс қайта көмекшісінің бірі біздің жаңа құжаттарымызды, Түркіменстанға барып жұмыс істеуге берілген ұлық-сат қағазымызды қосып әкеліп тап-сырып, ұттырғандарын алып кетті. «Өтірік айтқан жерде көп тұрма» деп ойлаған біз ертесіне анамыздай бо-лып кеткен орыс кемпірімен қошта-сып, Түркіменстан қайдасың деп пойызға отырдық. Айтқандай, жаңа жеріміз жайлы қоныс екен. Мургаб өзенінің жағасы. Көкорай шалғын. Егістік. Байырғы тұрғындары – түркімендер қашықта, мал соңында. Мұндағы ел табаны Қазақстаннан қоныс аударған қазақ-тар, аздап ұйғырлар, орыстар бар. Қазақтардың бәрі дерлік Маңғыстау-дың адайлары. Орыс жерінде қоңыл-тақсып жүрген біз бейне ағайын-туманың ішіне келгендей болып, бір жасап қалдық. Осында Әндекең өзін «Руым – шеркеш. Әкем баласы тұр-маған соң атымды Әбілқайыр қоюын қойғанмен, Әндірей деп атап кетіпті» деп таныстырды. Содан соң жұрт оны шеркеш Әндірей деп кетті. Әуелі егіске бригадир болды. Ашық, мол қол еңбеккер күйеуім жаңа ортаға тез сіңіп кетті. Осында байқағаным, ол шебер ұста екен. Қолынан келмейтіні жоқ. Колхоздың темір-терсекке қатысты шаруасын өзі бітіріп жүрді. Осында келгелі бір ұл балалы болып едік, ол жастай шетінеді. Артынан Шолпан, оған тете Айман келді өмір-ге. Екеуі де әкесіне тартқан бойлы, сойлы боп өсті. Әкесі оларды еркеле-тіп, Шолпанды «Сары нарым», Айманды «Қара нарым» дейтін. Шолпан сабаққа алғыр болды. Есеп техникумын бітірді. Айман шаруаға бейім болды да, үйден ұзап шыққан жоқ.– Құнысекең бұл бетте басшылық жұмыста болды дегенді естіп едік. Ол рас па?– Иә, бастық болып та көрді. Орысша білетін, сауатты, адал, еңбек-қор кадр ретінде қадірленді. Басшы-лар көтеруге тырысты. Сөйтіп, соғыс кезінде колхозда басқарманың орын-басары, ауданның майданға ат да-йындайтын маман өкілі болды. Бірақ Әндекең басшылыққа онша құлық танытпады. Бірде ауылдық кеңеске депутат қылып сайлағанда қатты рен-жіді. Аудан, облыс орталығында өте-тін әртүрлі жиналыс, озаттардың сле-ті дегеннен ат-тонын ала қашатын. Әйтеуір, бір сылтау тауып, бармай қа-латын. Тіпті мына тұрған облыс орта-лығы теміржол бойының жөндеу жұ-мысына басшылық жасады. Броны болғандықтан, әскерге алынбады.– Біз естіп білгенде ол асқан мер-ген еді делінеді.– Қаншалықты мерген екенін біл-меймін. Үйде мылтығы болды. Оны бір көршіміз қолүздік қылып алып ке-тіп еді. Ол көршіміз қазір Алматы об-лысында тұрады. Жазда ауылды етсіз қылмайтын. Есімде, бірде ертеңгісін атпен аңға шығып кетті. Түске тарма-са біз сілтеген жерге арбамен барсақ, көлеңкеде атқан киіктерін үйіп күтіп отыр. Ат дегеннен шығады, белдеу-ден аты үзілген емес. Және бәрі шеті-нен шалымды жүйрік болатын. Бұл ел жылқы етін жемейді. Соятындары – қой, түйе, сиыр. Осы төңіректе қыста соғымға қосарлап жылқы соятын біз-дің үй ғана. Жылқыны сойып, етін қақтап, қазысын айналдыратын – ота-ғасының өзі. Ет – жалпы ол кісінің не-гізгі асы. Ұзақ сапарға шыққанда тұ-зын ащы қылып қуырған майлы қуырдақ пен ащы құрт алатын. Ең сү-йікті сусыны қымыз еді. Ауылда Мургабтан орыстармен бірігіп балық аулап, қақтап жүретін өзі. Бұл жердің онан өзге қазақтары балықты тағам деп танымайды.– Қара қайраты қандай еді?!– Сұрама, қарағым, айтатыны жоқ. Өте-мөте қайратты болды. Бірде таңсәріде үйге малмандай болып ал-ты түркімен келіп тұр. Бір жауынды, лайсаң күн еді. Ауыл сыртындағы сорға аттары батып қалыпты. Әнде-кең түркіменше білмейді. Енді осы-ларша былдырламай-ақ қойдым, ке-рек болса, менің қазақшамды түсініп алар деп үйренбей қойған. Әлгілер-дің хабарын естіген соң «алтауың бір-дей аттарыңды батырып жүрген өз-деріңе болайын» деп ұрсып алды да, төтеннен бір қозыны бауыздап тас-тап, маған етін сала беруді тапсырды. Өзі арқан, жіп, бір жалпақ тақтай алып кете барды. Қасына екі жас түр-кіменді ертті. Шай ішіліп бола бере үшеуі аттарды алып келіп тұр. Түркі-мендер таңқалып басын шайқай бе-реді. Айтыстарына қарағанда, қарны-мен тіреліп батып тұрған аттарды та-бан астына тақтай салған Әндекең иығымен көтеріп, қорқ-қорқ еткізіп суырып-суырып алып шығыпты. Ал мінезіне келсек, жұмсақ, биязы еді. Бірақ басынан сөз асырмайтын. Төбе-лес, жанжал дегеніңді білетін кісің емес. Сонысына қарай төңіректің қа-зақтары да, түркімендері де қатты сыйлайтын. Бәрі бірауыздан «Әнде-кең» деп қалт тұратын. Қайраты де-генде еске түседі, тағы бірде колхоз шаруаға басшылық жер беріп жатыр дегенді естіп, шалыма «соңыра бала-лар кімге көзін сатып жүреді? Сен де қамдансаңшы» дедім. Ол «е» деді де қойды. Күз болды. Бақша пісті. Әнде-кең бірде арбасын сүйретіп келді де, бәрімізге өзімен бірге жүріңдер деді. Бір қыр асып келсек, бүтін бір ой толы бақшалық. Шетінде талдан қосы тігулі тұр.– Ал сендер мынаны жинай берің-дер. Мен аң қағып келейін. Балалар көптен қызылсырап жүр еді, - деп ке-тіп бара жатқанда шалғайына орала кетейін:– Тал түсте біреудің бақшасын қа-лай үптейміз? Беті аулақ.– Е, мұны біреудікі деп кім айтты? Біздікі.– Жазған-ау, мына ат шаптырым ойды қалай, қашан жыртып үлгергенсің?

– Сен анада жер алмайсың ба де-местен бұрын-ақ мен бұл шаруаны тындырғанмын.– Шамаласаң да болатын еді ғой. Мынаның бәрін қайтеміз, қалай тауысамыз?– Е, көршілер бар емес пе? Олардың аузы жоқ деп кім айтты? Жинап үлгере алмасаңдар, соларға айтыңдар. Келіп қолұшын берсін де, керегінше алсын.Шалымның сол егісінің игілігін бүкіл көрші-қолаң көріп, мырғамға батты.– Әндекеңнің шын мәнінде кім болғанын сезген, білген ешкім болған жоқ па? Жалпы, күдік алған жоқсыз-дар ма? Бәлкім, оның бірде болмаса, бірде өткені жайлы жақ ашқан, сыр берген сәті болған шығар?!– Соңғы кезге дейін ештеңе сез-ген жоқпыз. Тек 1960 жылдардың ба-сында көрші ауылға Қазақстаннан бір туысы келді. Бәріміз сәлем бергелі бардық. Әлгі қонақ менің отағасыма көз айырмай қараумен болды. Кісі сиреген аракідікте барып:– Заңғарым-ай, бар екенсің ғой, - деп келіп қолын алды. Артынан екеуі оңаша кетіп, дария жағасында ұзақ отырып әңгімелесті. Содан оны үйге әкеліп қонақасы берді. Басқа қонақа-сыдай емес, бұл дабыр-дыбырсыз өт-ті. Екеуі оңаша болды. Түнде төргі бөлмеге төсек салдырып, тағы ұзақ әңгімелесті.– Бұл кім, бұрыннан таниды екенсің ғой, - дедім мен ертесіне сыр тартып. Оныма алған жауабым: «Көп білсең, қартаясың» деген жалғыз ауыз сөз болды. Осы оқиғадан кейін отағасымның назары біраз уақытқа дейін пәс жүрді. Көп күрсінді.– Сол қонақ кеткен соң көп ұза-май, - деп есіне алады Шолпан, - әкем екеуміз жер жырттық. Мен түйені жетелеп келе жатқанмын. Да-мылдауға аялдаған жерде қарасам, әкем ағыл-тегіл жылап келеді екен. Оның көз жасын бірінші рет көргенім еді, қатты абыржып қалдым.– Не болды, Әндеке?– Е, есіме қай-қайдағы түсіп. Бұл көкеңнің көрмеген құқайы бар ма?! Тек аман-есен жер басып жүргеніме шүкіршілік... - деді де қойды.– Қазақстанмен хабар-ошар алы-сып тұрды ма?– Жоқ. Баяғыда Новосибирскіден келе жатқанымызда басып өткеніміз-ден кейін олай қарай ат ізін салған жоқ. Бізге сірә жол түскен емес. Бірақ Қазақстанға қарай құлағы түрік жүре-тін. Радиодан ол жақ көркейіп жатыр дегенді естігенде қатты көңілденіп қалатын. Маңғыстаудан мұнай табы-лыпты дегенде қатты қуанды. «Адай-лардың асығы алшысынан түсті-ау» деп күліп, домбырасын күйледі. Ол аракідік көңілі келген кезінде домбы-рамен қосылып әнге салатын. Әндері көбіне мұңды келуші еді. Ән салғанда сергу орнына мұңайып, жабырқап қалатындай болатын.– Қазасы қалай болды?– Бәрі сол қайырымдылықтың, көңілшектіктің кесірі, - дейді Мәрия шешеміз, – 1965 жылдың көктемінде Мургаб тасыды. Қатты тасыды және анау-мынау емес. Соны тамашалап жағада тұрғанбыз. Көршінің бір жа-мандатқыр өгізі бар еді. Үлкен атан өгіз. Бір уақытта сол өкіріп суға кетіп бара жатыр. «Ұста, ұста» болып жа-тыр. Бірақ орнынан тапжылар емес. Мұзы жөңкіген дарияға түсіп, тәуекел жандәрмен күйі әлгі өгізді мүйізінен тартып жағаға шығарды. Сол түні қы-зулап ұйықтай алмай шықты. Артын-ша жөтел пайда болды. Ол тіпті үдеп кетті. Ол аз дегендей, қуығы байла-нып, мезгіл-мезгіл несебі де жүрмей қалатын болды. Қараған дәрігерлер Ашхабадқа апарып операция жасау керек дегенді айтты. Әндекең оған ыңғай бермеді. Сондағы айтқаны: «Бұл қу жанды шүберекке түйіп біраз седеттеп сақтадым ғой. Енді маған өкпесі жоқ шығар. Шығып кетсе, жолы болсын».Кесігі өзгермейтін кісі еді. Бұл жолы да сол дағдысынан жаңылған жоқ. «Елде ат үстіндегі үш үзеңгілес азамат едік. Қу заман оларды қыр-шынынан қиды. Мені сең соққан ба-лықтай жағасына қайырлатты» деген бір сөзі тағы құлағымызда қалыпты. Ол серіктері кім, ол жағы бізге сірә жұмбақ.Шыдамды кісі еді. Ауру зардабы-на да шыдап бақты. Күзге салым қатты меңдеді. Қан түкіретін болды. Салдырап қу сүйегі ғана қалды. Күн-діз көлеңкеге төсек салдырып жата-тын. Аракідікте жел Арқа-Атырау беттен соқса, «қайран, туған жердің ауасын-ай» деп қошуақтанып, қунап, кеудесін кере дем алып, бір жасап қалады. Сондайда көзіне жас алады.Бірде үшеумізді жанына шақырып алды.– Тайсойған, Бүйрек деген жерім бар еді. Ысық деген елім бар еді. Қазір оны Гурьев облысы Қызылқоға ауданы дейді. Атамекенім сол. Түсім-де көрдім – қара жай күйімнің орны да сақталыпты. Көзімнің тірісінде соларды сендерге көрсетіп, ағайын-мен таныстырып кетейін деп жүр едім, Құдай ол тілегімді қош көрме-ген екен де. Әйелім, 2 ұлым, қызым қалған. Қызым түсіме кірмей кетті – жастай қайтыс болған болуы керек. 2 ұл тірлікте бар. Біреуі туған жерден ұзамаған шығар. Әкемнің моласының қасында түсімде бір бәйтерек өсіп тұр екен. Соған жорыдым. Іздеп сұ-рау салыңдар. Туысым деп бауырын ашығып келсе, келер.Бұл шалымның араздасқаны екен. Артынан мені оңаша алып қал-ды.– Мәрияш, артық кеткен жерім болса, кешім ет. «Қара нарымның» қасында боларсың. Ол қара шаруаға бейім. Саған сол қолайлы. «Сары нар-дың» бұйдасын түріп қалаға жібер. Ол – қала үшін жаратылған адам. Қа-ла әрі балаларды оқытып, ілгері ба-суына да қолайлы.Шалымның бұл тапсырмасын мен кейіннен бұлжытпай орында-дым. «Қара нарыммен» қалып, қара орнымды суытқаным жоқ. Мынау отағасымен от басы, өз қолымен тұр-ғызған құтқанасы. Кәрі саулықтың жасындай жасым қалды. Осы боса-ғадан үш бүктетіліп шықсам, арманым жоқ.

Құнысекең–Әндекең–Әбілқайыр қайтар алдында ауылдың өзі тұрғы-лас дос-жар шалдарын шақыртып алады. Сол күні қунақ болды дейді.– Әндеке, тіфә, тіфә, түлеп қалып-сың ғой. Ауру бетін салған сияқты ғой. Құдай қаласа, келесі жазда екеу-міз атпен баяғыша аң қағармыз әлі, - дейді мұнымен өзгелерге қарағанда етене әрі әзіл-қалжыңы жарасатын Қалабұзар молда. Ол ежелгі қоңсы. Руы – кедей жеменей. Қалабұзар – лақап аты. Баяғы 1931 жылы Адай көтерілісінде Фортқа басып кірген жүздікті бастап, көтеріліс жеңілген соң осылай қарай бой тасалап кеткен. Сонда қала шапқан дақпырты өзінен қалмай, мұнда да ілесіп жетіп, бір жеңгесі Қалабұзар қайным атап, со-дан Қалабұзар атанып кете барған. Иесінің жаңа есіміне етене болып, бауыр басып алғаны соншалық, көл-денең кісіге өзін солай таныстырады.– Сол ажалы түскір алыстап кете алмай тұр-ау. Бұл бой жазғаным шы-ғар. Срогым санаулы. Қалабұзар, жаназамды сен оқы, - дейді сырқат, - Аты-жөнімді кім деп шығарасың сонда?– Е, айтпақшы, сонысы бар екен ғой. Ал кім деп шығарғанды қалай-сың?– Қожахметұлы Құныскерей деп шығар. Руым – ысық, оның тоғызба-йы, сағын парасы.– Білем ғой, Құнеке. Тек алдың-нан өтіп жатқаным-дағы.– Сенің білетініңді өзім де біле-тінмін. Заңғар ішіңе бие түгілі түйе де сыя береді-ау. Талай бірге жүргенде сол білетініңді, ең болмаса, өзіме бір сездірмей келдің ғой.– Бұл мақтауыңды ана Тобанияз-дың Зәкіржанына, Демесінің Жонақынына да айтқаның абзал. Се-нің Құныскерей екеніңді олар баяғы-дан бері дөп басып келді. Бірақ ешкімге тіс жарған жоқ.– Оларыңа мың да бір рақмет. Баяғыда Сібірден келгенде осы ауыл-ды солардың тектілігіне арқа сүйеп таңдағаным бекер болған жоқ.

– Сырқат өз жағдайын өзі дұрыс шамалаған екен. 1965 жылдың 27 қаң-тары күні бақилық болып кете барды. Сөйтіп, кезінде Атыраудың екі бетін дүрілдеткен аты шулы азаматына то-пырақ қиырдағы Түркіменстан жері-нен бұйырды. Зар заманы, талайлы тағдырға мойынсұндырып жеңе ал-маған ерді жазмыштағы жалғыз же-ңімпаз – ажалы ғана ақ жолымен ке-ліп жеңе алды.

Денесі өз өсиеті бойынша ауыл сыртындағы Саршөп дейтін зиратқа жерленді. Басына ел қызыл кірпіштен кереге там тұрғызды. Біздегідей емес, құрылыс материалы қат ол жерде қызыл кірпіштен өріп там салу кез келгеннің пешенесіне бұйыра бермеген. Бұл да болса елінің арда ұлына берген баға, қадір-құрметінің бір жоралғысы. Айман кейіннен ақ мәрмар тасқа әкесінің туған, өлген жылдарын көрсетіп, құжаттағы аты-жөнімен «Жаманов Әбілқайыр» деп жаздырған екен. Бірақ шын есімі бас-қаша, оны қалай қоюдың ретін таба алмай, тасты үйінде сақтап отыр екен. Менен қалай ету керек деп ке-ңес сұрады.

– Әуелі Қожахметұлы Құныскерей деп жазып, астына жақша ішіне «Шеркеш Әндірей-Әбілқайыр Жаманұлы» деп жазған дұрыс болар. Құнысекеңнің тағдырлас үш досының бірі Ерғалидың Аязбайынан қалған жалғыз тұяқ – Геннадий Шульга – Мұрат Ерғалиұлының басы солай деп ақыл бердім мен. Кедей Жеменей ауылының келіні Айман маған жеңге болып саналады. Соған сайып:– Өзімнің Әбілқайыр атыма осы қазір қатты риза болып тұрмын. Жа-рықтық Құнысекеңді 35 жыл бойы қанатының астына паналатқаны үшін, - дегенді үстеп қойдым. От тіл, орақ ауыз неме менің ол сөзімнің: «Атың-ның өтеуін менен дәметсең, әуселең-ді көрермін», - деп қарымтасын сол бойда қайтара қойды. Мықтап қайыр-ды. Күліп жатырмыз.

– Іздеп келген атаң осы. Өзі жат жерде, екі қызбен мені де жат жерде қалдырып жатысы мынау. Жай жат-қан жоқ, мені күтіп жатыр. Анау оң жағындағы менің орным, - дейді Мария шешеміз делбе ұшын қалжың-ға беріп.

Тағы да ұзақ дұға оқылды. Кетіп бара жатып молаға қайырылып қарау мұсылман дәстүріне шетін. Молданың баласы бола тұрып, мен сол жерде сол дәстүрді бұзып алдым. Дауысес-тім жер шыға артыма қалай бұрыл-ғанымды білмей қалыппын. Құмақ төбе басындағы еңселі бейітте бейне қимасым қалып бара жатқандай кө-рінді. «Жатқан жерің жайлы болсын, арыс қазағымның кесекті ер ұлы!» дедім күбірлеп.

Қаралым саны 1713

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463