Жиембет жырау қалай үйленген?!

Шежіренің бір тарауында «Алаштан» әкеліп «Қазақты», одан «Бекарыс» Кіші жүзді таратқанда, «Бекарыстан» үлкен «Алшын» руы тайпасы өрбиді.

«Бес ғасыр жырлайды» жинағын-да: «Жиембет жырау Бортоғашұлы – XVІ ғасырдың соңғы ширегі, XVІІ ға-сырдың алғашқы жартысында өмір сүрген «Алшын» руынан шыққан, ең-сегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы батыры. Ол, әсіресе, 1620 жылғы ойраттармен күресте өз ерлігімен ерекше көзге түскен» делінген. Өз кезегінде Кіші жүзді құрайтын үлкен рулардың бірі – Он екі ата Байұлы болса, оның бір тармағы – жеті баулы Тана. Жиембет осы Тананың рубасы, әрі жауға шап-қанда ұраны да болған. Рудың өзінің көпшілігінің кісі аттары екендігі де тарихтан белгілі.

Жасы 98-ге келіп қайтыс болған Жиембет тана Баташ қария «Жиембет-тің әкесі кітаптағыдай «Бортоғашұлы» емес, дұрысы «Біртоғашұлы» - дей-тін. Бұны арғы аталары ретінде Жиембет жырау жайлы біраз шежіре, жыр-әңгімелерін білетін, 80-ге жуық-тап келіп дүние салған анам – Зиза Шапикқызы да растайды.
Жиембет жырау шешендігі, ақын-дығы, ерлігі арқылы көзге түсіп, халық, хан алдында үлкен беделге ие бо-лыпты. Өзіне бірқатар сұлуды да жар етіпті.
Жиембет Бортоғашұлы жасынан келбетті, ер, сөзге шешен болып өсіп-ті. Елді сол кезде Тәуекел хан басқа-рып тұрады екен. Оның қол астында Есенбике деген бір атақты сұлу қыз болыпты. Жиембет жыраудың көзі сол қызға түсіп, бір кездессем деп аңысын аңдап жүрсе керек.
Мамыр айының бір мамыражай кезінде Есенбике даладан қызғалдақ теруге бір топ қызбен шығыпты. Көк шалғынды бір төбенің астында бақы-лап отырған Жиембет Есенбике оңа-шалау қалғанда жолығып, бір-бірімен түсінісіпті. Араларында сүйіспеншілік орнапты. Бірақ үнемі жортуыл мен талай даудың ортасында жүрген Жиембет өз бойын Есенбикеден бір-те-бірте аулақ салса керек. Қыз болса, іштегі жалынын сыртқа шығара ал-май, іштен тынып жүріпті..
Бірде Тәуекел хан үлкен оба ба-сында отырып билік құрып, ел ішін-дегі біраз дау-дамайды қарап, айып-тыларға тиісті шаралар алыпты. Отырыстың аяғын ала топты жарып айдай Есенбике шығып, хан алдына келіп тізе бүге: «Дат, тақсыр!» депті.
Осындай әсем бойжеткеннің тай-салмай хан алдына барып, өз тілегін білдіруге ниет еткеніне қалың жұрт-шылық та таң қалып, «не айтар екен?» деп сөзіне құлақ түріпті.
Хан болса: – «Қызым, не тілекпен келдің? Айт!» - дейді.
Сонда Есенбике:
– Тақсыр, бір білезігім бар еді,
Оның өзі тар еді,
Албырт өскен бір жігіт
Оңаша жерде жолығып,
Сол білезігімді кеңітті,
Қатарымнан кемітті», - деп басын төмен салыпты.
Хан қаһарланып: «Ол кім еді? Атын айт!» - депті. Есенбике: «Ол сіздің жігіттер тобында жүрген әрі батыр әрі жырауыңыз – Жиембет», - деп төмен қарапты.
Хан Жиембетті шақырып алып: «Бұл не әңгіме? Мына бойжеткеннің айтуы шындық па?» - деп сұрапты.
Сонда Жиембет:
– Иә, тақсыр, хан ием,
Үш ай тоқсан кезінде
Қошқар менен бура мас.
Нақ көктемнің кезінде
Айғыр менен бұқа мас.
Жас болжамы жеткенде
Қыздар менен жігіт мас.
Сол жастықтың жөнімен
Түзетілмес іс қылдым,
Кессеңіз, ханым, міне, бас! - деп, басын хан алдына иіпті. Еріксіз езу тартқан хан жігіт ерлігі мен тапқыр-лығына сүйсініп:
«Айтқандарың бәрі жөн,
Өркенің өссін, екі жас», - деп еке-уінің некесін қиғызып, отау қылып-ты...
Жиембеттің тағы бір әйелін алу тарихы былай болыпты:
Жиембет бір топ жолдастарымен бір жорықтан шаршап, елді сағынып келе жатады. Мезгіл күз, түс қайтқан, бесін уақыты болса керек. Жырау қа-сындағы қосшыларына: «Ел шетіне іліктік, енді кешке қонар бір үй ізде-йік» - дейді. Сөйтіп келе жатса, алда-рынан айдалада бір ақ отау киіз үй кездесіпті. Ол кезде ат үстінде тұрып, сөйлесуге шақырып, қонуға рұқсат сұ-рау дәстүрі болса керек. Сол салтпен Жиембет ат үстінде отырып сөйлесіп көрсе, үйден орта жастағы бір әйел, сол шамадағы ер адам шығып, қону-ға рұқсат етпепті. Жиембет жырау-дың өзі де сол кезде жігіт ағасы кезін-дегі жаста екен. Әлгі отау бір кердері-нің үйі екен дейді. Үйінде бой жетіп отырған қызы бар екен, тосын келген жолаушылардан сол қызын қызға-нып, қорықса керек.
Жиембет: «Рұқсат болмаса, зор-лап түсуге болмас» - деп, атының ба-сын бұра бергенде, осы жайдың бә-рін киіз үй есігінің саңылауынан көріп отырған айдай сұлу бойжеткен сырт-қа шыға келіп, былай депті:
– Есігім алды – қараған,
Тау бойында марал жараған,
Әбден байқап қараңыз,
Жиембет жырау болмасын,
Қараңғыда жол таппай,
Ел бағытын сұраған.
Кешқұрым уақыт болып, тезірек жүріп кеткелі тұрған Жиембет жырау атының басын қайта тез бұра:
– Иә, бәсе!
Есігім алды – қараған,
Тау бойында марал жараған,
Қабағандай иттей абалап,
Қондырмай тұр мыңа әкең мен анаң.
Алмай да сені қоймаспын,
Әлгі бір айтқан сөзің ұнаған! - деп аттан түсіпті.
Сөйтіп, атақты Жиембет жырау кердерінің осы қызының қалың ма-лына түсі бірдей 90 торы байтал айдап беріп, сұлуды өзіне жар етіпті.

Нәсіпқали МАҚАНҰЛЫ
«Өмір өрнектері» кітабынан

Қаралым саны 3069

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463