– Өтірікшіден өзім бездім. Себебі өтірік айтып, басы дауға шатылды. Мылжыңнан да қаштым. Бос сөзден оның жүрегі қатайып, жаман мен жақсыны айырудан мақұрым қалды. Өсекшіден аулақ кеттім. Қарасы жұқты. Мақтаншақ өз дамбалын өзі былғады. Одан да жиіркендім. Күншіл көршім менімен бақталасып, өз бағын өзі тепті. Дөрекі мен тұрпайыдан шошындым. Қасында жанашыр туысы қалмады. Қылжақбас, қырсықтан жырақ жүрдім. Досынан айырылды. Өзімшіл тәкаппардан сақтандым. Оларды Құдай ұрды. Осы бақытсыз пенделердің өмірін зерделеп, олардан үлгі алдым. Ғибрат алатын адамға оларда да ғылым бар екен, - депті.