Осы орайда, Жайық өңірінде туып, әдебиет майданында ерен еңбегімен танылған, «Қазақтың Қадыры» атына ие болған көрнекті қаламгер Қадыр Мырза Әлі ағамыздың жары Салтанат Мырзалиевамен әңгімелескен едік...
Ақынның, оның үстіне Қадыр ағамыздың отбасын көреміз деп арсалаңдап барған бізді Салтанат апайымыздың өзі қақпа алдынан күтіп алды. Аулаға кіреберістегі күтектен үре атылып шыққан итке «тәйт» деп бір жекірді де, үйге бастады апамыз. Кіре бәйек болып, «Оралдың баласымын дедің ғой, ә» деп сұрады. Сосын жөн айтыстық. Онан соң екі қабат үйдің кірме есігіне қарсы тұрған бөлмеге бастады. Та-балдырықтан аттай бере аңтарылдық та қалдық. Төрт қабырға сықасып тұрған кітаптар. Құдды бір мемлекет-тік кітапханаға кіріп келгендеймін. Бұрын да ағамыздың кітапханасы аса бай деп естігенмін, әйтсе де көзбен көргеннің жөні бір басқа екеніне иландым. «Қадыр жастайынан-ақ тым кітапқұмар еді. Кеңес үкіметі ке-зінде Мәскеуден бір газет шығатын, аты есімде жоқ. Сол газетте кімнің қандай жаңа кітабы шықты, солар жарияланып тұратын. Қадекең сол газетке жазылып, ондағы мәліметті білгеннен кейін қай кітапты қай жер-ден болсын іздеп, тауып әкелетін. Сосын ол кезде Алматы қаласында «қара базар» деген болды. Сол базар таңертеңгі жетіден тоғызға дейін, тек екі-ақ сағат жұмыс жасайды. Мили-циялардан қауіптенетін. Сол базарда тыйым салынған кітаптар сатылады екен, Қадыр солардың бәрін сатып алатын немесе өзінде бар кітапқа айырбастайтын», - деді Салтанат апай. Дәл осы тұста әңгімемізді бас-тап кеттік.
«Қадырова» деген кім?»
– Салтанат апай, оқырмандар Қадыр ағамыз екеуіңіздің таныс-тығыңыз жөнінде білгісі келеді әуелі...
– Ол күн ғұмыр бойы есімнен кет-пес. 1957 жылы мен Алматы облысы-ның Қаскелең ауылында, Абай атын-дағы орта мектепте 10-сыныпта оқи-тынмын. Сол оқу жылының көктемін-де Алматыдан бір топ практиканттар келді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беруге бізге бір жігіт кіріп келді. Сабақ өту барысында есімінің Қадыр екенін білдік. Өзі ҚазМУ-дың (қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті) филоло-гия факультетінде бесінші курста оқи-ды екен. Алғашқы күні оқушылармен танысу болды әдеттегідей. Журналды қарап отырып: «Қадырова деген кім?» деді. Орнымнан тұрып «Мен!» дедім. Сол кезде Қадыр: «Сен бүгін-нен бастап менің қызым боласың» деді.
Сол күннен бастап Қадыр күнде кешкісін біздің жатақханаға келіп тұрды. «Не істеп жүрсің?» дегендерге «қызым қыдырып кеткен жоқ па екен, соны тексергелі келдім» деп қалжыңдайтын. Бір ай тәжірибелік мерзім біткеннен кейін, практикант-тарды шығарып салу құрметіне мек-тептің акт залында кеш ұйымдасты-рылды. Қадыр өлеңдерін оқыды. Біздің сыныпта да өлеңге құмар екі-үш жігіт бар-тын, олар да оқыды. Содан ертесі күні Қадекеңдер кетпек-ші болды. Сол күні мен жатақханада кезекші болдым да, сабаққа бара алмай қалдым. Жатақханада кезекші-лік қызметімді атқарып, оны-мұны шаруаларды істеп жүргем, менімен бір сыныпта оқитын бала жүгіріп келген болуы керек, ентігіп: «Ағай саған хат беріп жіберді» деді. Ол кет-кен соң ашып оқысам, «мені шыға-рып салуға кел» депті. Ол кездегі қазақ қыздарының артық іс-қимылы мен әңгімесі болмайтын. Сондай тәрбиенің ықпалынан ғой, Қадырды шығарып салуға барған жоқпын. Әйтсе де, Алматыға кеткен соң да сенбі-жексенбі күндері Қадекеңнің өзі келіп-кетіп жүрді. Сол жылы мен де мектепті бітірдім. Университетке емтихан тапсыра алмай қалып, №1 техникалық училищенің полиграфия бөліміне түстім. Сол жылы күзде Қадекең екеуміз шаңырақ көтердік. Ол кезде «комсомол тойы» деп атайтын, біз де солай өткіздік.
– Әлгінде сіз айтқан мектепте Қадекең Елбасыға да сабақ берген деген әңгіме бар...
– Мен оныншы сыныпта оқып жүргенде Елбасы тоғызыншының баласы болды. Ал Қадыр біздің мек-тепте жоғарғы сыныптың бәріне әдебиет пәнінен сабақ берді. Сон-дықтан Елбасыға да сабақ беруі әбден мүмкін.
«Қадыр көшіп кетіпті...»
– Қадыр ағамыз өзінің естелік кітабында екеуіңіз туралы қызық жәйтті баяндайды ғой. Үй мәселесі туралы...
– Отау құрып, отбасы болғаннан кейінгі күндеріміз өте ауыр болды. Алғашында 27 шаршы метрлік пәтер-де (қазір халық «хрущевка» деп атай-ды) тұрдық. Ол дегенің тым кішкен-тай, оның үстіне Қадырдың сол кезде де біраз кітабы бар болатын, кітапха-наның өзі жарты бөлмені алып тұру-шы еді.
Қазіргі Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесінің бойынан Жазушы-лар Одағы екінші рет үй берді. 40 квадраттық екі бөлмелі үй болатын. Сол үйді алғандағы қызық қой айтып отырғаның. Онда әлі ескі үйде тұра-тынбыз. Бір күні осы берілетін екінші үйдің тұсынан өтіп бара жатқанбыз, Қадыр: «Саған осы жерден үй берсе, алар ма едің?» деді. Ойымда түк жоқ, мен: «бұл жерден бір бөлмелі үй берсе де тұрар едім» дей салғанмын. «Ендеше мен саған екі бөлмелі үй әперейін» деді. Мен қалжыңдап тұр деп ойлап, жәй ғана күлдім де, жөні-мізге кете бардық. Ертесі күні әдетте-гідей жұмыстан келсем, үй айра-жай-ра. Үйде ең алдымен көзге түсетіні кітаптар еді, солар көрінбейді. Бізбен көрші Мұхтар Шахановтың қарында-сы тұратын, сол қыз: «Аға көшіп кет-ті» деді. «Қайда?» деймін мен таңға-лып. «Апаң өзі біледі, кешегі берген уәделі үйге келсін» деді де, Қадыр тастап кеткен кілтті берді.
Сол үйде аттай төрт жыл тұрдық. Сол жаққа бара қалсам, сол үйді асықпай қызықтаймын. Өткен күн-дерді еске түсіреді. Ұлымыз Ғазиз де сол үйде дүниеге келген болатын.
– Қадекеңнің өзі құралыптас қа-ламгерлердің ұл-қызы орыс тіліне жақын ғой көбі. Ал «Қадырдың ба-лалары – қазақ» дегенді жұрт сүйін-шілей айтады. Ұлдарыңыз, келінде-ріңіз жөнінде айтып беріңізші...
– Екінші ұлымыз Қазбек кішкен-тайынан әлсіз, ауршаң болды. Сол се-бепті оны жақын жердегі орыс мекте-біне бердік. Ол француз тілін терең-детіп оқытатын мектепті бітірді. Қал-ған екі ұл Қуаныш пен Ғазиз қазақ мектебінде оқыды, содан бітіріп шықты. Кейін де немерелерім Мұхит-тан бастап Айсұлу, Руслан, Сырым бәрі қазақша бітірді. Әу бастағы өмір-лік ұстанымым сол, келіндерімде шаруам жоқ, бірақ немерелерімді қа-зақша тәрбиелеймін дегенмін, сол уәдемен өмір сүріп келемін. Себебі екі келінім де орыс халқынан.
– Қадекең заманындағы қалам-герлердің шығармашылық байла-нысы жақсы болғаны белгілі бізге. Ағамыз осы тұрғыда қайсы қалам-герлермен ылғи байланыста болды, досы кімдер еді?
– 60-шы жылдары бір топ аса талантты ақын-жазушы шықты ғой. Өзінің құрдасы Тұманбай, Жұмекен, Серік Қалиев, Өтебай Қанахин, Есенжол Домбаевтармен көп қаты-наста болды. Ақұштап Бақтыгереева-мен үй ішінде де өте жақсы араласа-тынбыз. Ақұштаптың үйіне ылғи ел-ден балық келетін. Балықпен қоса, біз де сол үйден табылатынбыз. Ре-жиссер әрі әртіс Райымбек Сейітметов-пен де аралас-құралас болдық. Райымбек қайтыс болғанда Қадыр керемет қайғырды. Өте талантты тұлға еді ғой Райымбек.
Туған күндерде, мерекелік кеш-терде осы аталған тұлғалар бәрі бір дастарқанда бас қосатын. Бірақ ағаң ырду-дырдуды көп ұнатпайтын. Жаңа кітабы жарыққа шықса, «жууы» бола-ды ғой, әйтсе де пәленбай күн жоға-лып кетіп, сауық-сайран құру деген болмайтын Қадырда. Өте еңбекқор болды, ертеден кешке дейін жазу үстелінен тапжылмайтын.
– Шығармашылық адамының күйзеліске түсіп, шығармашылық тоқырауға ұшырайтыны болады ғой. Қадыр ағамызда сондай сәттер болатын ба еді?
– Қадекеңде шығармашылық то-қырау болды деп айта алмаймын. Егер ондай жағдайға кезікті деген күнде де отбасына білдірмейтін, сез-дірмейтін әлде. Үйде сол баяғысынша бір қалыпта жүретін. Кітабын шығару-да, газетке өлеңдерін басуда, мемле-кеттік сыйлық алуда әлдебір қиын-шылықтар болады ғой, әрине. Көре-алмаушылық деген көп ағайынның ауруы ғой әуелден. Сондай қиыншы-лықтар Қадекеңнің басында болма-ды дей алмаймын. Бірақ ондай сәт-терді, жалпы шығармашылық өмірін отбасы өміріне араластырмайтын еді.
– Қадекеңнің берген сұхбаттары-нан «24 томдығымды жарыққа шы-ғарсам деген арманым бар» дегенді оқыған болатынмын. 18 томын біті-ріп, 19-томдығын жазу кезінде қай-тып кетті ғой. Сол аяқталмай қалған қай шығармасы еді?
– Иә, 19-томын дайындап жүрген кезде айырылып қалдық Қадекең-нен. Кейін архивті қараған кезімде «бітпей қалған дүниелер» деген папкіде бәрін жазып қойыпты. Негізі о кісі жазатын дүниесін ойына тоқып алатын, сөйтетін де, бірден қағазға түсіріп, кітапқа дайындайтын. Ұмыт-пасам, «Ханзада мен Ханшайым» деген шығармасы аяқталмай қалды.
– Осы 19 томнан бөлек аударма-ның өзі 11 том болады екен. Жарық-қа шығару жөнінде ұсыныс жоқ па?
– Әзірге жоқ.
«Тасмағамбетов соғым жібереді...»
– Өмірден өткен соң ағамыздың атына қандай да бір құрмет көрсе-тілді ме?
– Ешқандай құрмет көрсетілмеді. Тұрған үйіне тақтай қоямыз, көшеге атын береміз деп Қадекеңнің көзі тірісінде айтқан. Бірақ қазір өмірден өткесін бес жылдан соң ақын атында-ғы көше беріледі екен ғой. Биыл үш жыл болыпты. Осы үш жылдың ішін-де қалалық әкімшіліктен немесе Жазушылар одағынан қалімізді сұрап, мән-жайды білмекке хабарлас-қан ешкім болмады. Тек жалғыз Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов жыл сайын соғым жіберіп тұрады.
– Елге жиі барушы ма еді аға-мыз?
– Ағаң елді онша мазалаған адам емес, әйтпесе елге барса, ондағылар әбігер болады ғой. Тек мерейтойын өткізгенде ғана елдің шақыруымен барды. 60, 70, 75 жылдықтарын елі елеусіз қалдырмады. Сосын елде анасы мен қарындасы тұрды. Анасын сағынғанда ойланбай-ақ ел жаққа ұшатын. Кейін анасын осында көші-ріп әкеліп еді, бұл жақтың ауа-райы жақпады енеме. Ал Алматыда ұзақ жыл тұрғаннан кейін бе екен, Орал жақтың ауа райы Қадекеңе жақпай-тын. Ол кісі өте нәзік, сезімтал жан ғой. Сонысына әсер етті деп ойлай-мын.
Расында, ешкім хабарласып, жөн сұраспағаннан кейін бе екен, апайы-мыз ағынан жарылып, ақтарыла сөй-леді. Онан соң «Қадырдың тағы кітап-тарын көрсетейін» деп жертөлеге түсірді. Мұнда да тұтас қабырғадағы сөреде – толы кітаптар. Атақты «Жаз-мышын» жазудағы керекті кітаптарды бөлек жиып қойдым деген еді бір сұхбатында, мұндағы кітаптар солар екен. Қызығып, әрқайсысын бір ашып көрдік.
Онан соң жоғарыға қайта көтері-ліп, үйдің ішін асықпай аралатты. Кіші ұлы Ғазиз салған суреттер екі қабат үйдегі қабырғаның сәнін келтіреді. «Қадыр ақын болмағанда суретші болар еді, суретті керемет салатын» деді апамыз әңгімелей жүріп. Сосын ұйқыдан енді оянған немересін ша-қырып ап, таныстырды. Төрт жаста екен. Атасының балаларға арналған «Ойнадым, ойнадым» өлеңін жатқа оқып берді. Тілі тақадай. «Атаң секіл-ді ақын боласың ба?» дегенімде, «жоқ, суретші болам» деді тақылдап.
Әңгіме барысында Салтанат апай-дың шығармашылық адамның бірде-бір жұмысына араласпай, тек өз ісін білген жар болғандығын аңғардым. Қадекеңнің шығармашылығы жөнін-де қойылған кей сұрақтарға «өй, оны білмедім, мен оның шығармашылы-ғына араласпайтынмын» деп жатты. «Қадыр өте еңбекқор деп айттым ғой әлгінде. Кешкісін ертерек сағат он-дарда жатып қалатын да, ертесі таң-ғы алтыда тұрып, шәйін іше сала жазу үстеліне отыратын. Сол отырғаннан кешке дейін тапжылмайтын» деді апай.
Үй ішін асықпай аралап, ағамыз-дың кітапханасын суретке түсіріп бол-ған соң апайдың өзі әзірлеген дастар-қаннан дәм таттық. Сосын «Оралдың баласы болсаң, келіп тұр» деп, зор ризашылықпен шығарып салды. Үй-ден шыға бере белгілі сатирик Көпен Әмірбек ағамыздың мына бір әңгіме-сі еске түсті:
«Бірде Қадыр ағаның кітапхана-сын көру үшін үйіне арнайы бардым. Құрақ ұшып, құдасын күткендей күтті. «Сараң!» деуші еді. Әй, әшейін сөз-ау.
Есік алдына дейін шығарып са-лып, қолымды сілкілеп қоштасты. Дәп мен бір соғысқа кетіп бара жат-қандай айқара құшақтап, арқамнан қайта-қайта қақты. «Үй осы, келіп тұр!» деді. Сосын: «Әй, сені құшақ-тап, арқаңнан қаққанға жақсы көріп тұр екен деп ойлама», - деді жымиып. – Менің бірлі-жарым кітаптарымды ұрлап бара жатыр ма, жоқ па деп сыпайы ғана сыртыңды тексеріп жатырғаным ғой...» Қадыр ағам Қазақстанның «таможнясынан да күшті тексереді».
Өкініштісі, біздің арқамыздан қағып, шығарып салатын ағамыз болмады бұл жолы...