Арыстан емші – екінші жолды ұстанған адам. Кезінде дуаға ұшыраған талай адамның дуасын қайтарып, жын ұрған жандардың жынын тойтарып, халқына адал қызмет етті. Сондықтан да елі емшіні әулие тұтып, әлі күнге дейін сыйынып, қабіріне түнейді. Енді Арыстан әулиенің ел аузында жүрген әңгімелеріне құлақ түрейік.
Арыстанның үйленуі
Арыстанның сыбай-салтаң бойдақ жүрген кезі екен. Бір ауылға келсе, бір үйдің алдында қара-құра кісі. Іштен жоқтау айтқан дауыс шығады. Барып, жөн сұраса:
«Пәленшенің жалғыз қызы өліп, қазір оң жаққа салып қойды» дегенді естиді. Көңіл айтып кіріп-шығып жат-қандармен араласып ішке кіреді. Мәйіт жатқан шымылдыққа тақау отырып, байқатпай қыздың қолының тамырын ұстап қарайды. Болар-бол-мас тіршілік белгісі байқалғандай бо-лады. Арыстан қыз әкесін оңашалап алып шығып:
– Қызым өлді деп түңілмей тұра тұрыңыз, - депті, – меніңше, қызыңыз анық өлмеген секілді. Маған ұлықсат берсеңіз, қарап көрейін.
Үміт шоғын үрлеп тұрған мұндай сөзге қыз әкесі келіседі. Содан кісілер-ді сыртқа шығарып жіберіп, оңаша бөлмеге қызды алып, дем салып, ем-деп, үш күн дегенде қызды орнынан тұрғызды дейді. Өлгені тіріліп, өшкені жанғасын қыз әкесі той жасайды. Арыстанның құдыретіне ел тәнті боп, алғыс жаудырады. Дәл жүретін күні ертеңгі шайды ішерде қыз:
– Ажалдан алып қалған ағама шай-ды өз қолыммен құйып берейінші, - деп бұралып отырып шай құяды.
Қызының ықылас-ниетін көріп отырған әкесі Арыстанға қарап былай депті:
– Шырағым, Арыстанжан. Тірімде ешкімге қимайтын жан дегенде жал-ғыз қызымды ажалға амалсыз қиып, оң жаққа шығарып қойғанда өзің ке-ліп, өмір беріп едің. Ажалына араша-шы боп, қайғымды қуанышқа, жаназа-ны тойға айналдырып едің. Өзің де шаруаң шағындалып, бойдақ жүр екенсің. Қаласаң, қызымды қалыңсыз бердім. Бұл қыздың ендігі иесі – өмірге қайтарушы мына өзіңсің, - депті.
Қызы қиылып, әкесі бұйырып тұрса, кім жек көрсін. Арыстан да «ойланып көрейін» деп аттанып кетіп, келесі кел-генде тартуын жеткізіп, тойын өткізіп, жасау-жабдығымен ұзатып алып кеткен екен. Арыстан қарттың өмірлік жол-дасы болған Қымбат әжеміз, міне, осы кісі.
Жоғыңды табасың...
Жантемірде тұратын Бижан Айтмағамбетовтың бозбала шағы. Ол кезде Калмыковты «Кньяз» деп атайды. Соғыстан бұрынғы кез. Колхозда көлік тапшы. Әкесі Темірғали қарт Бижақаң-ды Кньязға барып «базаршылап» келу-ге жұмсайды. Ауылдан базар көріп қай-туға және бір кемпір ілеседі. Екі жолау-шы өгіз арбамен таңертеңгілік шыққан-нан түске дейін біраз жерді өндіріп тастайды. Кемпір:
– Балам өгізді шалдырып, өзіміз тамақ ішіп, біраз аяқ суытайық, - дейді.
Үлкен кісі айтқасын Бижақан өгізді доғарып, шөпке арқандайды. Тамақта-нып алғасын және кемпір айтады:
– Балам, сен көлеңкеде кішкене дем алып ал, өзім оятармын, - дейді.
Арбаның астындағы көлеңкеге кі-ріп, әрі-бері дем алып, бұлар кештете Калмыковқа келіп түседі. Бижақаң ерте-сі тұрып, базарға барайын десе, ақшасы жоқ. Ақ шүберекке түйіп, шай-қантқа арнап берген кемпір-шалдың ақшасы қалтасында үшті-күйлі жоқ. Ауылға ақ-шадан айырылып сымпиып барса, әке-сінің сегіз өрме қамшысы дайын тұр. Сасқанда есіне Арыстан емші түседі. Арыстанға барған екен:
– Е, балам-ай, қасыңдағы жолсері-гің ұрлап алыпты ғой, - депті көріпкел, – Қорықпа, ақшаңды қайтарда табасың. Кеше келе жатқандарыңда бір жерге аялдаған екенсіңдер. Ақшаң сол жерде тығулы. Тығылған жерінде ақтұмсық қарғаның саңғырығы бар. Ақшаны тыш-қан ініне бос топырақпен көміпті. Бел-гісі – қойдың кепкен құмалағын тесіп, жусанның басына өткізіп қойған екен, содан табарсың.
Бижақаң Арыстан емшінің сөзін жа-дына түйіп, ауылға қайтады. Кемпірге сыр білдіруге ұялып, кешегі аялдаған жерге жеткенде:
– Шеше, сіз жүре беріңіз, ішім ауы-рып келеді, – деп арбадан түсіп қалып-ты. Отыра қалып әне жерді бір, мына жерді бір үңіліп қарап жүрсе, басына құмалақ өткізген бір түп жусан көзіне оттай ұшырайды. Барып түбін қараса, әулиенің айтқаны тұп-тура, тышқан ініне көміп кеткен ақшасы сол күйі жатыр екен.
Жолаушының сәуегейлігі
1943 жылдың наурыз айы. Күн кеш-кіре бастаған шақ. Есенсай ауылында тұратын механик Құдайберген Есжанов үйінде таспамен түйе қамыт жамап отырды. Көктем болса келіп қалды. Ақаулы моторларды жөндеуден өткізу үшін Оралға апару туралы тапсырма алып еді. Баласына соғысқа шақырту қағазы келіп, ол да ертең аттанатын боп іштен тынып, төрде жатқан-тұғын. Үй-іші көңілсіз. Соғыс сүреңді алып, жоқтық іреңді алып тұрған заман. Бір мезгілде:
– Ассалаумағалейкүм! - деп сырттан біреу сылти басып кіріп келеді.
Өз ойымен өзі әуре болып отырған Құдайберген бас изеп қойып, шаруасын жалғастыра берді. Баласына оң сапар тілеп кіріп-шығып жатқан ауыл кісілері-нің бірі шығар деген ой жылт етті. Кел-ген кісі төрге озбай, босаға жақтағы ағаш орындыққа үн-түнсіз отыра кетті. Сүт пісірімдей уақыт қыбырсыз отырған жолаушы ертең жол жүрем деп қам-данып, қамытпен әуре боп отырған Құдекеңе қарап:
– Ертең алысқа жүрем деп бекер асығып отырсыз, бара алмайсыз ғой, - деді жайлап қана. Одан соң төрде жат-қан жігітке қарап:
– Мынау дөңкиіп жатқан балаңыз ба? Ертең ұзақ сапарға шығам деп текке уайымдамасын, ол да бара алмайды ғой, - деді.
Құдайберген көзінің астымен бір қарағаны болмаса, себебін сұрап жат-пады. Қабағын түйіңкіреп қойып, жұ-мысын жалғастыра берді. Осы кезде жолаушы сыртқа кіріп-шығып жүрген Құдайбергеннің әйелі Айжанға қарап:
– Сағызша созылған замандас, ша-лыңыз сізді «өліп қалады-ау» деп қор-қады екен. Бірақ сіз өлмейсіз, әлі осы қалпыңызда шалыңыздың соңында қа-ласыз, - деді тағы да.
Құдайберген ашуланарын да, таң-данарын да білмеді. «Бұл қайдан шық-қан кісі? Не оттап отыр? Әйелім туралы менің не ойлайтынымды қайдан біле-ді?!»
Келген кісі тағы кішкене үнсіз оты-рып:
– Осы үйден былтыр қой жоғалып-ты-ау, екі-үш күнде екеу болып қайтып келгелі тұр екен, - деді.
Малды айтқанда Айжан да, Құдайберген де елең ете түсті. Тіске ба-сып, талшық қылып отырған азғантай ұсақ жандық кімге де болса қымбат. Оның үстіне жоғыңды тап басып, «та-былады» деп отырса, тегін адам бол-мады.
– Замандас, ауыз жақта отырып қал-дыңыз-ау, былай төрге қарай шығып отыршы, - деді Құдайберген келген кісі-ге зер сала қарап.
– Рахмет, отағасы. Біз төрт адам едік. Чапай заготзернасынан тұқым алу-ға кетіп барамыз. Әрірек барып қонбақ-пыз. Бізге қапшыққа салып қойған жол азығыңыздың шетінен бір пісірімдік та-мақ берсеңіз болды, - деп жолаушы асығыстық танытты.
– Кемпір-әй, алып берші, - деді Құдайберген.
Жолаушы рақметін айтып, шығып кеткен соң да: «әлгі өтірік бірдеңелерді айтып, бықсытып кетті-ау. Жүрейін деп отырған адамға ақ жол тілеудің орнына жүрмейсің дегені несі? «Өтірік айтқан жерде көп тұрма» деп тайып отырды-ау» деген сияқты ойлар Құдайбергенді мазалай берді. Осындай ойлармен таң атырып, баласымен қоштасып, түйе ша-наға моторларды тиеп, ауылдан 3-4 ша-қырым ұзай бергенде:
– Құдаш, Құдаш! - деген айқай шықты.
Соңдарынан аттылы кісі шауып ке-леді екен.
– Жаңа ғана Оралдан рациямен ха-барлады, «Чапайдың арғы жағы қар еріп, тоң түсіп кеткен, жүре алмайсың-дар. Қайтсын деп жатыр» - деді келген кісі.
«Ойпырмай, кешегі кісінің бірінші айтқаны дәл келді!» деп ойлады Құдайберген. Ауылға қайтып, түсте үйі-не келгенде майданға аттанған баласы да арсалаңдап кіріп келді.
– Военкомат шақыртуды кейінге қал-дырып, қайтарып жіберді, - деді.
Үй-іші қуанышқа кенелді. «Кешегі кі-сі көріпкел ме, әулие ме, әлде Қыдыр ма? Есімін де сұрауды ұмытып кеткенім-ді қарашы!» деп өкінді Құдайберген.
Бір-екі күн өткенде қасындағы екі көршісі өзара ұрсысты. Ұрыс-керіс қыза келгенде біреуі біреуіне:
– Сен былтыр ана Құдайберген көр-шіңнің бір қойын ұрлап сойып алғаның-ды білемісің?! - деп айқайлап ауылға естіртті.
Қараңғы түсе «ұрлады» деген көрші Құдайбергендікіне келіп:
– Былтыр балалар жаңылыс сойып алып, ұялып айтпаған екен, айып ет-пеңіздер, - деп қозылы қой жетектеп әкеліп тастады.
Сөйтіп, бейтаныс жолаушының үш болжамы қолмен қойғандай келді де тұрды.
Арада бір жұма уақыт өтті. Ертеңгі-лік кеңсе алдында барған Құдайберген-нің қасына сылти басып баяғы адам келіп амандасты.
– Үйге жүріңіз, қонақ болыңыз! - деп жік-жаппар болған Құдайбергенге қа-рап тұрып әлгі кісі:
– Рақмет, әнеукүнгі жәйттердің ха-барын біле кетейін деп бұрылып едім, - деді, – Балаң екеуің кете алдыңдар ма?
– Жоқ.
– Қойың табылды ма?
– Иә.
– Е, бопты! - деп жөнеле берген жо-лаушыны тоқтатып:
– Жарқыным, есіміңді білдіріп кет-ші? - деді Құдайберген.
– Есімім Арыстан болады - деп жы-лы жымиған жолаушы Тайпақты бетке алып жүріп кетіпті.
Мойындату
Арыстан ата – емшіден гөрі арқалы сынықшы болған кісі.
Тайпақ ауданына Степан Шемьякин бас дәрігер боп келген кезде Арыстан-ның елді емдеуіне тыйым салғызып, қысым жасапты.
Бір күні ауруханаға жамбас сүйегі уатылып кеткен науқасты әкеп салады. Кәсіби дәрігерлерге мұны салу қиынға соғады. Сонда Шемьякин :
– Шақырыңдар Арыстанды, көрейік құдіретін! - депті. Арыстан келіп жайлап сипаған кезде уақ сүйектер сытырлап орнына түсіп жатты дейді. Бебеулеп жатқан бейбақ су сепкендей басылып, терлеп ұйықтап кетіпті.
– Болды. Тағы бір келермін, – деп емші шығып жүре беріпті.
Шемьякин сонда ғана халық емші-сінің құдіретіне көз жеткізеді. Кейіннен Степан Степановичтің аяғы сынғанда Арыстанға апарып салдыртыпты. «Қа-лай түсті екен?» деп рентгенмен қара-са, барлық сүйегінің орнына түсіп, қылаусыз салынғанын көреді. «Япыр-май, менің салғандарым кедір-бұдыр болып бітетін еді, мына қарттың са-луында мін жоқ екен!» - деп Шемьякин таңдай қақты дейді.
Осыдан былай Степан Степанович Арыстанның өз бетінше сынық салып, елді емдеуіне рұқсат берген екен.
Көзбен көрген керемет іс
Бұл әңгімені Нағым Өтешов қария-ның аузынан естіген едік.
1949 жылдың қысы еді. Арыстан қарт Жантемірдің арғы жағында Байқадам құмында отырды. Ол кезде қазіргідей сыңғыраған шатырлы үй қайда? Кілең жер қыстау. Жер қыстауда тұрса да, кең дүниені көкірегіне сый-ғызған Арысекең сияқты небір қасиетті қарттар өтті-ау, жарықтық!
«Шөбім таусылып бара жатыр» деп Арыстан ата құлаққағыс қылып қойған соң, Қыдыраш екеуміз өгіз шанаға жақсылап шөп тиеп алып тартып кеттік. Байқадамға түске таман жеттік. Келсек, арғы жағындағы Құмар деген жылқы-шы бір ту биені соғымына арнайы әке-ліп сойып жатыр екен. Арыстан қарт үй-де ауырып жатыр. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей, қуыр-дақ жеп кететін болдық! деп қуанып, біз де сойысуға кірісіп кеттік. Ол кезде 14-15-тердегі бала болсам да, малмен көз ашқан, шаруаға епсекті жас уақытымыз. Үйінде бөтен бір бала жігіт жүрді. Мұраттың әкесі Бисекеш ақын бар. Со-ғымды ә дегенше жайратып, бұзып тас-тап, шайға отырдық. Қарт тұра алмады.
Шайды енді ауызға ала бергенде әлгі бейтаныс жас жігіт бақырып құлай кетті. Қол-аяғы қалшылдап, ауызы көпіріп, тілін шайнап жатыр. Бізде зәре жоқ. Ұшып-ұшып тұрдық. Дастарқан-ның ана шетінде Бисекеш аға құлап, ауырып ол жатыр. Бисекеш ақынның да талма ауруы болатын.
Сол сәтте Арыстан қарт «мені тұр-ғызыңдар!» деді. Сүйемелдеп көтеріп отырғыздық. Кемпіріне қарап:
– Ана сенедегі қыл шылбырды алып кел! - деді. Үш тіні бар тастай ғып есілген қыл арқанды қос қабаттап жалаңаш беліне байлады да:
– Мына Құмарға оқтау әкеліп бер - деді.
Оқтауды арқанның астынан өткізді де, Құмарға: «бұра!» деп әмір етті. Құмар бұрай бастады. Айтпақшы, «Ма-ған бұрау салған кездегі айтқан сөзде-рімді ұғып алыңдар» деп ескертіп қой-ды.
Сонымен, жылқышының қайратты қолдары арқанды бұрап жатыр. Қылбы-рау жалаңаш етке батып, кіріп барады. Арыстан әулие қып-қызыл болып қаны бетіне тепті. Тер шүмектеп бетін жуып кетті. Сөйлеп отыр. Менің есімде қал-ғаны:
– Келер жылы колхоздан жеті адам сотталады, - деді, - ішінде бір әйел бар.
Басын шайқап қойып:
– Ай, Ұзынсары, жанымды қинадың-ау! - деді бір сөзінде. Тағы бір кереметі Арыстан сөйлей бастағанда ауырып қалшылдап жатқан екі кісі тыныш та-уып, сұлық жатты. Арысекең алда бо-латын бірталай жаңалықты айтып, көп сөйледі. Сөйлеген сайын: «бұра!» дей-ді. Қыларқан етіне батып кеткен. Қа-рауға көз шыдамайды. Құмардың әлі келмей жатыр.
«Ойпырмай, бөлініп қалатын шы-ғар!» деген қорқынышты оймен алы-сып, көріпкелдің көп сөзін жадыма да сақтамаппын.
Бір мезгілде Арыстан қарт әлсіреп, талықсығандай болып:
– Ал енді болдым. Босат, жатқыз! - деді. Шылбырды босатқанда қарай-мын. Денесінде ешқандай жарақат жоқ, ештеңе болмағандай!
Алдыңғы ауырған екеуі де есін жинай бастады. Енді бізге шай жүріп, қуырдақ батпайтын болған соң, ертерек қоштасып, Қыдыраш екеуміз ауылға қайттық.
Келер жылы көктемде баяғы жас жігітпен далада кезігіп, жөн сұрағаным-да: «Жаңақала жағында тұрамын. Был-тыр Арыстан әулиеге арнайы барып, қояншық ауруымды емдетіп, тәуір бол-дым. Сол кісінің кел деген уақытында тағы бір көрінуге келемін» деді. Көріп-келдің құлағымда қалған сөзі дәл келіп, сол жазда колхоздан мал кем шығып, жеті адам он жылға сотталды. Біреуінің әйел екені де қолмен қойғандай рас болды. Ал «Ұзынсары» дегені – сотта-лушының бірі, өзінің немере інісі Құраш болып шықты.
Арыстан әулиенің жақынын жама-натқа қимай, тері моншақтап қиналға-ны, қояншық ұстап талып жатқан адам-дарды құтқару үшін өзін-өзі буып, арпа-лысып, аурудың бетін қайтарғаны өмір бойы көз алдымда тұрды да қойды.
Халқының бағына туған, қасиет қонған әулие қазақтың ұрпағы еді, Арысекең!
Қонақтың құдыреті
Арыстан қарт екі дөңгелекті жеңіл арбаға жеккен атпен Жаңақала жағын-да жолаушылап жүріп, далада мал ба-ғып отырған таныс жігітінің үйіне түс-тене кетейін деп бұрылыпты. Үйдегі жас келіншек келген жолаушыны ұнатпай, ішінен:
«Үсті шаң-шаң болып ел қыдырып жүрген қай-қайдағы ақсақ шал қайдан келеді осы?!» - деп ойлапты. Малшы жігіт малдан келе қоймаған екен. Келін-нің ойын білген Арыстан үйге кірмей, доғарулы арбаның көлеңкесінде то-қым-көпшігін төсеніп, қисайып жатып-ты. Бір мезгілде малшы жігіт келіп, Арыстанды танып, көрісіп:
– Сыртта не ғып жатырсыз, үйге кір-мейсіз бе? - десе:
– Кіремін ғой. Кішкене таза ауада жата тұрайын, - депті.
Сөйтіп жатқанда сыртқа кіріп-шы-ғып, тамақ әзірлеп жүрген келіншек бо-сағаға сүрініп, үлкен башайын шығарып алып ойбай салды дейді. Үй иесі мұның тегін емес екенін біліп әйеліне:
– Сырттағы қартты жақтырмай, бірдеңе ойладың-ау! Сені сол кісінің аруағы жазалаған шығар, әйтпесе тал түсте табалдырыққа сүрініп не бо-лыпты?! Бұл тегін кісі емес, Тайпақта тұратын Арыстан деген әулие қарт осы. Барып, сен үшін кешірім сұрайын, - деп Арыстанға келіп:
– Келініңіздің бір білместігі болса, кешіріңіз! Айып бізден - десе, Арыстан қарт:
– Оқасы жоқ. Шыққан башайды кә-зір салып беремін, келінжан бұдан бы-лай абайлап жүрсін! - деген екен.
Боқтауға тоқтау салу
Аудандық дайындау бөлімінің бас-тығы Б. деген Арыстан емшінің құрдасы екен. 1960 жылдар шамасы. Калмыков-та өткен бір садақада әлгі Арыстанға тіл тигізеді. Ол кезде күштінің құйрығы диірмен тартқан, бастықтың бетіне кел-мейтін дәуір. Дүйім жұрттың көзінше Арыстанды іске алғысыз қылып бір тілдеп тастайды. Арыстан құрдасына, «қойсаңшы» - деп жайлап ескертеді. Қояр құрдасы болмайды. Елдің алдын-да және бір-екі рет боқтап жібереді. Ар-намысқа тиетін ауыр сөзге Арыстан са-быр сақтап шыдайды. Қатты көңілі қал-ғанын білдіріп:
– Жарайды, үйіңе барған соң кө-рерсің, - депті.
Әлгі кеште үйіне барып дем алады. Ертесінде тұрса, қуығы байланып қал-ған. Аудан дәрігерлеріне көрінсе: «ине салып сорып алғаннан басқа амал жоқ» депті. «Үрпіге ши жүгірту» деген азап-тың көкесі емес пе? Олай істетуге тәуе-келі бармай жаны қысылады. Сол кезде кешегі жайтты көзімен көргендер келіп, кеңес беріп:
– Арыстан құрдасыңның назасына, әулиенің жазасына ұшыраған болар-сың. Құрдасың ғой, кешірім сұрап аяғы-на жығылсаң, ем жасар - депті. Ісіп-кеуіп жүруден қалған Бәкеңді көтеріп, түйе арбаға салып Арыстанның үйінің алды-на алып келіп:
– Сыртта құрдасың ауырып келіп тұр, кешегі ісіне кешірім сұрамақшы. Қарайсыз ба, не қыласыз? - деп сұрап-ты.
Арыстан қатты ренжулі екен:
– Әкетіңдер! Кәпірді көзіме көрсет-пеңдер, анау сайға апарыңдар! - депті. Сай ішіне апарып, арбадан түсіріп, түзге отырғызған екен, сол жерді көл-дария қылып зәр шығарып, жаны қалыпты. Үйіне барған соң артық кеткенін мо-йындап, қойын сойып, Арыстан әулиені арнайы шақырып, кешірім сұрап тату-ласқан екен.
Арыстан қартпен бір кездесу
– 1962 жылы жазды күні Алмалы-ның қырындағы Бекет қызыл деген жерде қошқар бағып отырмын, - дейді бүгінде Ақсуат ауылында тұратын Мұрат Ғұбайдуллин қарт. – Бір күні Жаңақала бағытынан тарантасқа күрең қасқа бие жеккен Арыстан қарт келіп ат басын тіреді. Түстеніп, ас жеп дем алды. Сағат төрттерде:
– Балам, биені суарып алып кел. Жусан болса бір жұлғыз, ақ шөп болса екі-үш жұлғыз, суын бассын. Қазір жүремін, - деді қарт.
Атын суарып әкеліп, жегіп бердім. Әбден жүрерде айтты:
– Балам, батыстан менің артымнан қос атпен біреу іздеп келе жатыр. Сағат жарым, екі сағаттың шамасында келеді. Мен ана Сүйіндікке барып қонамын. Мені іздесе, сонан табар, - деп жүріп кетті.
Мен таңданып: “қалай болар екен?” деп қойымды ұзатпай күтіп жүрдім. Айтқанындай, сағат жарым шамасында аты қара суға түскен бір адам келді. Жетегінде аты бар.
– Жігітім, Арысекең қартты іздеп келе жатыр едім, келді ме? - деді.
Мен қарттың сөзін айтып жолға салып жібердім, - дейді таңғалып Мұрат ақсақал.
Сынау
Арыстан әулиенің атағын естіп екінші бір арқалы емші Арысекеңді сынап көргелі шығыпты. Өзіне осындай оймен келе жатқан жолаушыны үйінде отырып Арыстан ата да біліпті дейді. Арыстан келе жатқан қонақтың қа-сиетін өзінен бұрын сынамақ болып кемпіріне:
– Бүгін біздің үйге осындай қонақ келеді. Ол үйге кірген кезде сен қорадағы союға алып қалған қойды шығарып жібер, – депті. Қонақ айтқан мезгілде келіп түсіпті.
– Ассалаумағалейкум! – деп үйге кірген мезгілде Қымбат әжеміз барып қойды босатып жібереді. Сонда қонақ:
– Ойпырмай, менің сыбағам кетіп бара жатыр ғой! – деген екен. Ол да осал болмағаны ғой.
Арыстанның аманаты
Арыстан әулие 86 жасап қайтты. Зираты Тайпақ ауылындағы қорымда.
Ақсақал көзінің тірі кезінде өзіне құлпытас құйдырып, табыт жасатқанын ел аңыз қылып айтады. «Бүгінде дін ұмытылып барады, жөн білетін адам азайды. Көрде жатқан кісінің лақаты адам жүрелеп отырғанда төбесі ти-мейтіндей кең болуы керек. Соңғы кез-де осы ескерілмей бара жатыр» деп, өзіне өлшеп, тақтайдан сандықтай та-быт жасатыпты. Бұған қоса дәстүрлі үл-гіге сәйкес Құран аяттарымен көмкеріп, цементтен өзіне құлпытас құйдырған. Өзінің аты жөнін, ру-тегін, туған жылын жазып, қайтыс болар уақытын ғана бос қалдырған екен. Бүгінде атаның басын-да тұрған құлпытаста «1976» деген жылдың кейін, бөлек жазылғаны анық байқалып тұр. Онда: «Тайпасы тана Жиембет бөлімі Жұмалыұлы Арыстанғали 1890 жылы туған, 1976 жылы қайтыс болды. Тас қойған баласы Абатолла» делінген.