Құдағи жүзік

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы жинақталған дәстүрлі өнер коллекцияларының ішіндегі қайталанбас туындылардың бірі – зергерлік бұйымдар.

Зергерлік бұйымдардың алуан түрі бар. Олардың дені – әйел әшекейі болып келеді. Бұл бұйымдар эстетикалық сұлулықты көрсетіп қана қоймай, салт-санаға, дәстүрге сәйкес бірқатар функциялық мән-мағынаны білдіріп тұрады.

Сондай әшекейдің бірі – құдағи жүзік. Жұмсақ, қақтауға төзімді, оңай өңделетін металл – күмістен жасал-ған. Қос саусаққа бірдей киілетін үсті шаңырақ тәрізді жалпақ, беті көлем-ді, кейде күмбезді болып келеді. Жарқыраған ашық түсті күмбезге екі жерден шаңыраққа ұқсас өрнек не-месе кей кезде үшбұрышты, дөңгелек секілді өрнектер салынған. Жүзіктің ортасындағы бөліп тұратын ұзын со-пақша келген пішін – некені сақтап қалуда үлкен рөл атқаратын ұрпақ жалғастығы ырымына негізделген. Астында екі саусаққа қатар киілетін қос бауырдағы болады. Құдағи жүзік-тер көбіне Қазақстанның батысы және оңтүстік-батысында жасалған.
Құдағи жүзікті қыздың анасы құдағиына бір жылдан соң тарту ету үшін арнайы жасатқан. Бірақ барлық құдағиға бірдей мұндай дәстүрлі тар-ту жасалмаған. Құдағи жүзік – жаңа түскен келініне аналық мейірім шуа-ғын төге білген парасатты құдағилар-ға ғана және құдандалы екі рудың бір-біріне ынтымағы үшін сыйға тар-тылатын дәстүрлі сыйлық. Екі саусақ-қа кигізілуінің өзіндік себебі де бар: екі елдің баласы тіл табысып, бір ша-ңырақ көтеріп, бір отбасыға айналды дегенді білдіреді екен. Ірге көтерген шаңырақтың босағасы берік, ғұмыры ұзақ болуын қос құдағи осы жүзіктей берік ұстап, көңіліміз күмістей таза, жарқырап жүрсін деген ниетпен та-ғылған. Оң қолының ортаңғы екі сау-сағына кигізгенде, төрт саусақ сыр-тын түгел жуық жауып тұрады. Зер-герлік бұйымдар көбінесе асыл тас-тармен безендірілетін болған. Қазақ оны «тас» немесе «көз» деп атайды. Мұндай са-лыстыру да кездейсоқ емес, орнатыл-ған тас бәрін байқайтын, қорғайтын көз ретінде қабылданып, онда сый-қырлы күш бар деп саналған. Үлкен, тасбақа қабығына ұқсас жүзіктер ұзақ өмір символы деп қабылданған. Өйт-кені шығыста тасбақа ең ұзақ жасай-тын жәндік деп есептелінеді.
Құдағи жүзік – адамдар арасын-дағы сыйластықтың, адамдарға көр-сетілген ілтипаттың, құрметтің белгісі.
«Заманды өнер жасайды» деген-ді жеткізген бабаларымыз өздерінің жүріп өткен жолдары мен көңіл тол-қыныстарын қолөнермен бірге өріп, жеткізіп отырған. Сыры мен сымбаты бөлек мейлінше қарапайым қолда-ныстағы қолөнер бұйымдары алдағы уақытта да ғасырдан ғасырға жалға-сып, өнегелі ғұмырын ұзарта бере-тінінде сөз жоқ.

Суреттегі құдағи жүзіктерді музей қорына 1991 жылы белгілі ғалым Мәтжан Тілеужанов тапсырған екен.

Гүлмира ҚАУЛАНОВА,
БҚО музейі қор бөлімінің меңгерушісі

Қаралым саны 2370

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463