Биыл облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 95 жылдық мерейлі жылы. Осыған орай ғасырға жуық ғұмыры бар басылымның тари-хынан сыр шертетін музей ашсақ, тари-хын түгендесек деген деген игі мақсат 2012 жылы-ақ басталған. Өз газетімізді өзіміз зерттеп, тігінділерін түгендеп, ең алғашқы нөмірлерінен бастап ұйым-дастырған, шығарған тұлғаларды іздес-тіруді жоспарладық. Зерттей келе, Ғұмар Қараш, Мұстафа Көкебаев, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Халел Есенбаев сынды тұлғалардың 1918 жы-лы «Дұрыстық жолы» газетінің редак-циялық алқа құрамында болғанын білдік. Алқада мүше болған Ғұмар Қараш пен Ғабдолғазиз Мұсағалиев 1911-1913 жылдары «Қазақстан» ата-уымен газет шығарушылар қатарында болған екен. Сондықтан істі «Қазақстан» газетінен бастауды жөн көрдік.
Міне, Ресей архивтерінен іздесті-ріп, 1911-1913 жылдар аралығында Орал қаласында шығып тұрған «Қазақстан» газетінің 16 санын тауып, көшірмесін алдырып, араб әрпінен қа-зіргі әліпбеге аударып, бұл басылымды шығарған тұлғалар туралы деректер-мен толықтыра отырып бір жинақ шы-ғардық. Бұл жинақты ұлтымыздың то-лыққанды газет ретінде жүйелі шығып тұрған тұңғыш басылымы – «Қазақстан» газетіне арналған алғашқы кітап, ша-ғын энциклопедия десек те болады.
Бүгінгі мерейтойға арналған екін-ші бір құнды еңбек – «Қос басылым-ның тарихы» деп аталады. Бұл өзде-ріңіз де шамалап отырғандарыңыздай, Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің ғасырға жуық тарихын қамтыған жинақ. Кітапта газеттің 1918-1919 жылғы алғашқы сандары аудар-масымен беріліп, басылымды қалып-тастырған, жетекшілік еткен, әр жылда-ры қызмет жасаған тұлғалар туралы деректер топтастырылды. Осы зерттеу-лер барысында газетке редакторлық еткен бірнеше тұлғаның саяси репрес-сия құрбаны болғанын, «Халық жауы» деген жаламен атылғанын анықтадық. Осының өзі газет редакциясында қиын-қыстау жылдарда елім деп еңіреген азаматтар қызмет атқарғанының дәлелі емес пе?!
Осы атаулы күнге арналған үшінші кітап – «Жайық журналистері» деп ата-лып отыр. Бұл жинақта аталмыш қос басылымда күні бүгін қызмет атқарып жүрген журналистердің таңдаулы мақалалары іріктеліп берілген. Жалпы, әрбір газет-журнал редакциясы өзінің таңдаулы жарияланымдарын топтасты-рып, кітап етіп шығаруы – бұрыннан бар дәстүр. «Жайық Пресс» ЖШС-да осы бір игілікті дәстүрді жалғастырмақ ниетте.
Міне, құрметті оқырман, Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 95 жылдық мерейтойын осындай ойлы дүниелермен, мәнді де мағыналы шаралармен өткізуді жоспарлап отырмыз. Әрқашан, әр кезде де басылым тойы – оқырманның да тойы. Мерекелеріңіз құтты болсын, ағайын!