Оралда облыстық қазақ драма театрын құру жайлы 19 маусымдағы 1992 жылғы қаулыға сол кездегі облыс әкімі Қабиболла Жақыпов қол қойып-ты. Сол жылдан бастап қаланың бір шетінде – ет комбинаты ауданында ор-наласқан жөндеу зауытының мәдениет үйі босатылып, театр ғимаратына ла-йық жабдықтау туралы шешім қабыл-данған. Бірақ әу баста жалғыз дирек-тордан басқа штатта шығармашылық құрамнан жан баласы болмапты. Театр мұрағатының құжаттарында «Ұшыр-дың баптап ұядан...» деп келетін «Әкем-әнім» атты әдемі әннің авторы, композитор Әділбек Сүлейменовтің, шартты болса да, алғашқы директор ретінде есімі жазылып қалыпты.
Әрі қарай Орал театрының шығар-машылық құрамының құрылуының өзі қызық жайт. Театрдың қаз тұруы үшін еліміздің түкпір-түкпірінен жиырмаға жуық кәсіби маман шақырылды. Атап айтқанда, сол кездегі артистердің ба-сын құрап театрдың тарихындағы ал-ғашқы қойылымдарды сахналаған ре-жиссерлар Жамбылбек Есенбеков пен Елкен Жылқышинов – Арқалықтан, ҚР еңбек сіңірген артистері Қайыпберген мен Шаһарбану Есенқұловтар – Жезқазғаннан, театрдың алғашқы нағыз директоры әрі артист Амантай Сұлтанғалиев пен ҚР Халық артисі Гүлнар Жақыпова (Оралдың қызы, сол кезде Атырау театрында қызмет еткен) – Атыраудан, ол кездегі артистер Мұрат Ахманов пен Хазима Нұғманова – Талдықорғаннан, жас түлектер Боранбай Молдабаев, Жанкелді Тілекқабылов, Айнұр Тілебалдиева (Жүгінісова) – Алматыдан, Мықтыбай Жылыбаев – Қызылордадан, Темірболат Есенғалиев – Шымкенттен, Сайлау Сембаев, Сәтқали Әуелбаев – Атыраудан, Тельман Имашев, Гүлбаршын Әбішева, Бибігүл Исалиева, Мұсағали Бектенов, Бақтыгүл Жақыпова – Оралдан және облыс ау-дандарынан келді. Осылайша «асар-лап» құрылған театр өз жұмысын бас-тап кетті. Ескі ғимаратты театр сахнасы-на ыңғайландыру мақсатымен жөндеу жұмыстары қойылым репетициялары-мен қатар жүріп жатты.
Дегенмен де, кезіккен сан түрлі қиындықтарға қарамастан, 1993 жыл-дың 16 желтоқсанында – тура Тәуелсіз-дік күні облыстық қазақ драма театры М.Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясы-мен өз шымылдығын алғаш рет ашты. Сол күні театрдың 500 орындық залына сыймаған халықтың бір жартысы қақа-ған суықта іштегі көрерменді күтіп, сыртта қой сойып, дастарқан жайып, ұлан асыр той жасады. Сол бір қиын кезеңдер - жерімізге жатжұрттықтар көзін алартқан тұста, жан азығы түгілі, тән азығын таба алмай тентіреудің аз-ақ алдында қалған шақта, сан жылдар өзге ұлттың театрына телміріп келген кезде төл театрымыздың ашылуы – өл-гені тіріліп, өшкені жанғандай ғаламат қуаныш еді...
Жоғарыда аты аталған өнер адам-дарының (оралдық үш-төртеуінен бас-қасы) түгелдейі дерлік театрды ашып, тәй-тәй бастырғаннан кейін бірі қызмет бабымен, енді бірі туған елін сағынып, жан-жаққа тарап кетті. Бірақ қазір қай қиырда жүрсе де олар Орал театрын «менің театрым» дейді. Олай деуге толық қақылары да бар. Өйткені олар – театрдың өсіп-жетілуіне ғаламат үлес қосқан алғашқы «мұзжарғыштар».
Өкінішке орай, мезгілсіз дүние салып, жиырмажылдықта арамыздан табылмай отырған аяулы адамдар да бар. Олар – Елкен Жылқышинов, Амантай Сұлтанғалиев, Тельман Имашев, Сайлау Сембаев. Көзі жұмыл-ғанша өнерге шын берілген бұл ағала-рымыздың есімі мәңгі жадымызда қалады.
Өнер ордасының жемісті әрі жеңіс-ті жылдарының шежіресін тарқатсақ, 1997 жылы театрға сол кездегі Дәулеткерей атындағы өнер инсти-тутының (қазіргі М.Өтемісұлы атын-дағы БҚМУ) бір топ жас маманы жұ-мысқа алынды. Оралда ашылған ак-терлік-режиссерлік курстың тұңғыш түлектері: М.Томанов, Э.Мақашева, С.Әбуов, Қ.Амандықов, Н.Жұбатова, Т.Жігеров, Ж.Құрманғалиева, Х.Шамелова, А.Жарылғапов және ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаса да, тума талантымен танылған Е.Есендосов – театрдың бұғанасы бекуіне үлкен сеп болды. Бүгінде бұл артистер – театрдың алтын діңгегіне айналған дарынды өнерпаздар.
1998 жыл театр өміріндегі ерекше кезең болып есте қалмақ. Осы жылы өнер ұжымы алғаш рет VІ республика-лық театрлар фестиваліне қатысуға тәуекел етіп, Тараз қаласына сапар шекті. Осы бәйгеде театр С.Асылбеков-тің «Бір түнгі оқиға» (режиссері М.Ахманов) драмасымен фестивальдің басты жаңалығы болып, бас жүлдені қанжығасына байлап қайтты.
2002 жыл – тек театр емес, бүкіл облыс өңірінің тарихында қалатын маңызды жыл. Ақ Жайықтың жылдар бойы жатқа кеткен есесі орнына келіп, омырауына түскен басы тіктелгендей болды. Кәрі қаланың қақ төрінен ойып тұрып орын алып, айна терезелі, алтын керегелі арнайы салынған қазақ театры сән түзеді. Оның тұсауын еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен КСРО Халық артисі, Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов кесті.
Осы жылы Алматыдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия-сын енді бітірген жас түлектер театр ұжымына қосылып, сахнаға жаңа леп әкелді. Олар – А.Дайрабаева, Д.Базарқұлов, А.Шоман, Н.Сейітмаханбетов, С.Мұратбекова, А.Жансеріков, Ж.Мамедова, Ә.Хамидуллина және Н.Вахитов, Е.Рамазанов. Бүгінде Орал театрының сахнасында қанаттары қатайып, Алматы мен Астананың төрінде өнер көрсетіп жүрген бұл артистер Оралда-ғы қарашаңырақты «өз мектебім» деп санайды.
2003 жыл. ЮНЕСКО шеңберінде қас батыр, дәулескер күйші, ұлы ақын Махамбеттің 200 жылдық мерейтойы тойланды. Осы қасиетті есімге арнал-ған ХІ республикалық театрлар фести-валі батырдың қаны тамып, арғымағы адырларын аттаған Ақ Жайық жерінде өтетін болып шешілді. Орал театры бұл додаға белгілі драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иран-Ғайыптың «Махамбет» трагедиясымен (режиссе-рі Мұрат Ахманов) қатысып, І орынды жеңіп алды.
Он жылдығын атап өтіп, қанаты енді-енді қатайып келе жатқан жас ұжым 2005 жылы Каир қаласында өткен VІ Дүниежүзілік театрлар фестиваліне жолдама алады. Өнер ордасы экспе-рименттік бағыттағы бұл фестивальда Иран-Ғайыптың «Қорқыт» қойылымын (режиссері Қуандық Қасымов) апарып, абыройлы оралды.
2008 жылы Ақтаудағы ХVІ өнер бәйгесінде А.Камюдің «Калигула» қо-йылымы (реж. М.Томанов) «Ең үздік дебют» атанып, театр артисі Қуаныш Амандықов Калигула ролі үшін «Ең үз-дік ер адам бейнесі» жүлдесін жеңіп алды.
Сол жылы театрда балаларға арналған кіші зал ашылды. Қазірде театр репертуарында «Қошқар мен теке», «Шректің басынан кешкендері», «Капитан-қасқыр», «Мүйізтұмсық пен керік» сынды жиырмаға жуық ертегі жүреді.
2009 жылы АҚШ-тың Риджфилд қаласында өткен М.Чехов атындағы халықаралық театр фестивалінде Қазақстан атынан тұңғыш рет Э.Олби-дің «Зоопарк» психологиялық драмасы (режиссері А.Маемиров) қатысып, «Ең үздік қойылым» ретінде фестиваль лау-реаты атанды. 2010 жылы осы қойы-лым Алматы қаласында өткен Орталық Азия елдерінің ІІІ Халықаралық театр-лар фестиваліне қатысып, театр артисі Данияр Базарқұлов «Ең үздік ер адам бейнесі» жүлдесін жеңіп алды.
2011 жылы театр Қырғызстан ха-лық суретшісі, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері Маратбек Шарафидиновтің 60 жылдық мерейтойына орай Бішкекте өткен ха-лықаралық театрлар фестиваліне ба-рып қайтты. Өнер ұжымы Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясын (реж. Қ.Қасымов) қойып, театр дирек-торы Құжырғали Төлеуішев пен актер Боранбай Молдабаевқа «Қырғыз Республикасының өнер қайраткері» төсбелгісі табыс етілді.
2012 жылдың қыркүйегінде Орал-да КСРО және Қазақ КСР-інің Халық әр-тісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Халық Қаһарманы Ә.Мәмбетовтің 80 жылды-ғына арналған Қазақстан драма театр-ларының ХХ республикалық фестивалі өтті. Ақ Жайықта осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған өнер дода-сында театр ұжымы Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» этно-символикалық дра-масымен (реж. Қ.Қасымов) қатысып, Х.Бөкеева атындағы арнайы сыйлықты иеленді. Сондай-ақ театр актрисасы, ҚР мәдениет қайраткері Бибігүл Исалиева осы қойылымдағы Қамқа ролі үшін «Екінші пландағы үздік актриса» сый-лығын жеңіп алды.
2012 жылдың қазан айында Қостанайда өткен І.Омаровтың 100 жылдығына арналған республикалық театрлар фестиваліне Г.Гориннің «Атың өшсін, Герострат!..» трагикомедиясы-мен (ауд. Қ.Төлеуішев, реж. М.Томанов) қатысып, 7 аталым бойын-ша жеңімпаз атанды. «Әлемдік драма-тургияны үздік аударғаны үшін» (театр директоры Қ.Төлеуішев), «Ең үздік ре-жиссерлік жұмыс» (бас режиссер М.Томанов), «Ең үздік ер рөлі» (арт. Б.Өтеғалиев, Е.Есендосов, М.Бектенов), «Ең үздік әйел рөлі» (арт. Т.Мүтиғуллина), «Ең үздік эпизодтық кейіпкер» (арт. Т.Жігеров) жүлделеріне ие болды.
2013 жылы наурыздың 27-сі – Халық-аралық театр күніне орай өткізілген «Еңлікгүл-2013» кәсіби сыйлығының «Жылдың үздік жарық берушісі» арна-йы жүлдесін театрдың жарық беруші опе-раторы Лилия Демесинова жеңіп алды.
Осы жылы өнер ордасы Театр қай-раткерлері одағының 50 жылдығына орай ұйымдастырылған шаралар аясын-да Г.Гориннің «Атың өшсін, Герострат!..» трагикомедиясын – Алматыда және Астана қаласының 15 жылдығына орай ұйымдастырылған «Сахнадан сәлем!» атты республикалық театрлардың фес-тиваль-көрсетілімінде Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» қойылымымен елордада өнер көрсетті.
Театрдың қазіргі тыныс-тірлігін са-раптау үшін, әрине, соңғы он жылдық-ты шолып өткен жөн. Осы аралықта театрдың шығармашылық деңгейін кө-теру бағытында өзіндік жолы, қолтаң-балары әр бөлек төрт режиссер сахна-да тер төгіпті.
Ең алдымен, сонау 1997 жылы осы театрға бас режиссер болып келіп, алты айлап жарықсыз, жылусыз жұмыс іс-теп, тоқыраулы жылдарда да театрдың тұралап қалмауына ерен еңбек еткен режиссер, кино және театр актері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР-ның еңбек сіңірген артисі Сердеш Қажымұратовты атау ләзім. Дәстүрлі бағытта жұмыс істейтін режиссер соңғы жылдары Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілер», С.Балғабаевтың «Қыз 20-ға толғанда», Д.Исабековтің «Әпке» қойылымдарын қойды. Сердештің қойы-лымдарынан заманауи режиссерлік әдіс-тәсілдерді таппайсыз, ол театр ба-ғытын өзгертуге не көрермен талғамын басқа бір жаңа арнаға бұруға талпын-байды. Есесіне театрға келген адам от-басылық құндылықтарды насихаттаған, қазақы болмысын жоғалтпаған, өмір-дегі қарама-қайшылықтарды қарапа-йым ғана түсінікті тілмен жеткізетін дәстүрлі дүниелерге куә болады.
Бұдан кейін Орал театрының кәсіби өнер ордасы атануына ерекше үлес қос-қан режиссер, ҚР еңбек сіңірген артисі Мұрат Ахмановтың еңбегін айрықша атап өту ләзім. Ол бас режиссер болған 2001-2006 жылдары театрда Т.Ахтанов-тың «Ант», Шекспирдің «Ромео мен Джульетта», Х.Ерғалиевтің «Құрманғазы», Р.Отарбаевтың «Сырым батыр», Иран-Ғайыптың «Қорқыт», «Махамбет» сын-ды көлемді полотнолары қойылды. Соң-ғы қойылымдар – бүгінде театрдың маусымашар, маусымжабар төлқұжат-тарына айналған туындылар. Ахманов бас режиссер болып тұрған осы жылда-ры Орал театрында жылына 9-10 жаңа қойылым көрерменге жол тартқан. Бұл дегеніңіз, бүгінгі шығармашылық жос-пармен салыстырғанда қыруар еңбек, тамаша жетістік.
Соңғы онжылдықта көрерменнің іздеп келіп қарайтын сүйікті қойылым-дар авторлары атанған, талантты режис-серлар Асхат Маемиров (1997-2009 ж.ж.) пен Мұқанғали Томанов театрдың «ин-кубатор балапандарындай» бір-біріне ұқсағанын қаламайды. Жаңашыл, ба-тыл. ҚР Тұңғыш Президентінің қоры атындағы сыйлықтың лауреаты Асхат Маемировтың бір ғана «Зоопарк» қойы-лымымен талай бәйгеде топ жарғанын жоғарыда айттық. Оның «Қара шекпен» (Г.Хугаев), «Қасірет драмасы» (Е.Аманшаев), «Махаббат жағалауы» (М.Байджиев), «Ғашықсыз ғасыр» (С.Балғабаев) қойылымдарында бүгінгі күннің әңгімесі, адам жанының өзекті мәселелері шебер қиысқан.
Ал 2006 жылдан бергі театрдың бас режиссері Мұқанғали Томанов – жыл сайын екі-үш жаңа премьераларымен театр қоржынын байытып, өндіріп жұ-мыс істеп келе жатқан режиссер. Оның режиссурасындағы А.Камюдің «Калигула», Р.Кунидің «№13», И.Шприцтің «Кентавр мен қыз», М.Ғапаров «Ешқайда апармайтын жол», Г.Хугаевтың «Қиқарлар», Б.Шоу-дың «Адам арбайтын үй», М.Ладоның «Болмаған оқиға», Т.Жүженоғлының «Көшкін», Г.Гориннің «Атың өшсін, Герострат!..» қойылымдары – репер-туарға қосылған керек тақырып, әрі тың шешімдерімен ерекшеленеді.
Қазір бұл театрда жылына ертегі-лерді қосқанда 6-7 жаңа қойылым сах-наланып жүр. Театр «нақты осы бағыт-ты ұстанады» деп кесіп айту тайыздық болар еді. Өйткені облыстық театрдың «универсал» болмауға хақы жоқ. Алты жасар баладан алпыстан асқан ақсақал-ға дейінгі көрерменнің талғамынан шығу үшін жан-жақты болу – басты шарт. Сон-дықтан театр мүмкіндігінше әр жастың, әр әлеуметтік топтың талғамынан шығу-ға бар қажыр-қайратын жұмсайды.
Театр сахнасында тұтас ансамбль құрай алатын әрі артистік шеберліктері шыңдалған 40 артист қызмет етеді. Олар-дың қатарында өнерін халық мойын-даған ақсақал буын – Мемлекеттік сый-лықтың лауреаты, ҚР-ның еңбек сіңір-ген артисі, режиссер, кино және театр актері С.Қажымұратов, ҚР еңбек сіңір-ген қайраткерлері Қ.Асқарова, Г.Шынтемір, аға буын сахна жүйріктері – М.Бектенов, М.Жылыбаев, Т.Матаев, ҚР мәдениет қайраткерлері Б.Исалиева, Б.Жақыпова, орта буын майталманда-ры – Е.Есендосов, Э.Мақашева, Қ.Амандықов, С.Әбуов, Н.Жұбатова, Т.Жігеров, Ж.Құрманғалиева, Х.Шамелова, А.Тілеумағамбетова, А.Жарылғапов, А.Болатова, Ж.Тағберлиева, көздерінде от ойнаған жалынды жастар – Н.Сейітмаханбетов, Ж.Мамедова, А.Хамидуллина, А.Қайырова, А.Амандықова, Ж.Заев, Д.Омаров, С.Түменов, А.Жакин, Н.Батанова, А.Ищанова, Б.Өтеғалиев, М.Кенжетаев, Н.Шадыева, Т.Мутиғуллина, Р.Сабырғалиев, А.Қасиетова, Д.Хамитов, Е.Тасболатов, А.Ізмұханова сынды сан қырлы «сахна патшалары» бар.
Сонау 1996 жылдан табан аудар-мастан ұжымды басқарып отырған Құжырғали Төлеуішевтің театрдың тік тұруына сіңірген еңбегін ел біледі. Театр тарланы, сыншы Әшірбек Сығай бір келісінде: «Қазақстанда мұндай сұңғыла директор ілеуде біреу, шіркін-ай, барлығы да осындай болса ғой» («Орал өңірі» газеті, 2002 ж.) деп тамсанып кетіп еді.
Күні бүгінге дейін театрда 100-ден астам қойылым сахналанды, оның 40-қа жуығы ағымдағы репертуарда жү-реді. Репертуарда драматургияның бар-лық жанры, ұлттықпен қатар аударма дүниелер де қамтылған. Соңғы жылда-ры С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр», Д.Исабековтің «Әпке», Т.Жуженоғылы-ның «Көшкін», А.Цагарелидің «Ханума», А.Чеховтың «Бәстесу», Г.Гориннің «Атың өшсін, Герострат», Ғ.Мүсірепов-тің «Қыз Жібек», Ж.Шевренің «Күтпе-ген қайырымдылық» туындылары қойылды.
Театрдың алғашқы бас суретшілері Г.Махамбетова, А.Қуанғалиева, Т.Қожанбаев, Ж.Жанғазиев, қазіргі Қ.Оразғалиев, тұңғыш балетмейстер-лері – З.Ситдиков, А.Құлбекова, кейінгі Т.Ғатауов, Е.Есендосова, әдебиет бөлі-мінде қызмет еткен ақын А.Нәріков, жазушы Қ.Құрақов, журналистер Қ.Құттымұратұлы, Ж.Шамұратова, сахна үшін жанкешті еңбек етіп келе жатқан дыбыс-жарықты реттеу, ұста, тігін, киім-кешек, қолөнер, есеп-қисап, көрермен ұйымдастыру, қою бөлімін-дегі бесаспап мамандардың еңбегін айтып тауысу мүмкін емес. Театр – тірі организм. Бұларсыз сахнаның да, ак-тердің де сәні болмас еді.
Жиырма жыл – үлкен өмірге енді ғана қадам басқан жігіттің жасы. Енде-ше, көрерменін қағанындай құрметте-ген, құр көңіл көтеруін емес, ой арқа-лап кетуін қалайтын Орал театрының алар асуы, жетер биігі әлі де алда.