Құрметті оқырман!

Міне, журналымыздың 2014 жылғы жаңа саны сәл кешігіңкіреп барып қолдарыңызға тиіп отыр. Бұл үшін басылымды байланыс қызметтері арқылы жаздырып алатын, әр санымызды асыға күтетін тұрақты оқырмандарымыздан кешірім өтінеміз.

Өздеріңіз білесіз, «DANAkaz» тарихи-танымдық журналы – өлке тарихын, қасиетті туған топырағымыз-дың шежіресін түгендеуді мақсат тұтқан, саны бір қолдың саусағына да жетер-жетпес шағын топтың қолға алған жобасы болатын. Алғашқы санымыз жарық көргеніне жылдан асса да, қазірдің өзінде тұрақты оқырманымыз пайда болғанын байқап, көріп жүрміз. Бұл біздің бастаған ісімізді орта жолда қалдыр-мауымызға күш-қуат береді, жауапкершілік жүктейді. Сондықтан қандай қиындыққа да қарамастан біз сізбен жүздесе береміз, қадірлі оқырман.

Жаңа жылда өлке тарихын түгендеп, қалам тербеуші қауымға, соның ішінде мектеп оқушыларына да арналған байқаудың тұсауын кесіп отырмыз. Сонымен бірге бірнеше тың жобалар жоспарда. Алла жазса, журналымыздың әр саны шыққан сайын Сіз бен біздің арамыз жақындай түседі, оқырмандарымыздың қатары қалыңдай түседі деген сенімдеміз.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
журналдың бас редакторы

Қаралым саны 1152

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463