“Мінді Науша атына-ай..."

Жәнібек АЛЛАЯРҰЛЫ,
тарих ғылымдарының
кандидаты

(Жалғасы.
Басы журналдың өткен санында)

Түрікменмен шайқас

Бұл жылдары Науша Қайыпқали, Сүйінқара, Құлбарақ батырлармен бір-лесе қимылдады. 1831 жылдың қы-сында хиуалықтар түрікмендер арқы-лы aдайларды өздеріне зекет төлеуге мәжбүр еткен.

Бұл туралы орыс зерттеушісі Л.Мейер «Шын мәнінде, түрік-мендер Адай батыры Сүйінқара ауы-лына шабуыл жасап, оларды талап-тонап, Каспийдің мұзына дейін қуды. Сол тұста олардың да, біздің билеуші-сұлтанның да билігін мойындамаған Сүйінқара Қайыпқали сұлтан, Құлбарақ, Науша батырлармен бірге 800 қол жинап, жауыздардың соңынан қуды, алай-да, өз жасағының жартысынан айырыл-ған ол кері қашуға мәжбүр болды» деп жазды [Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомоства. – Спб.: Тип. Э.Веймара и Ф.Персона, 1865. 47-б.]. Ал И.Кенжалиев «Харазм шахына зекет төлегісі келмеген Сүйінқара ба-тырға қарсы 1832 жылы Харазм шахы-ның жасауыл басы Мәмбетнияз баста-ған 3500 әскері шығып, даланы кезді. Ақыры Сүйінқараның үйін, дүние, ма-лын талап, әйелі мен қыздарын тұтқын-ға алып кетті. Олар жолшыбай тағы көп ауылды тонады. Шапқыншылар-дың артынан 800 кісі мен Қайыпалды сұлтан, Науша, Құлбарақ, Сүйінқара батырлар бірігіп қуып жетіп, соғысып еді, көп әскерге әлі келмей, өлімші бо-лып жеңілді. Бұл қанды соғыста Сүйінқара мен Қайыпалдының балала-ры қаза болды, кейбіреулері тұтқындал-ды» [Кенжалиев И. Исатай-Махамбет. – Алматы: Қазақстан, 1991. 24-б.] деп толықтырады. Осы жорықта Сүйінқара-ның інісі Кежі батыр жаяу найзаласып жүріп өлім құшады. Баласы Бүркітәлі Боздақ жерінде жауға қуып жетіп, жал-ғыз соғысып, ол да жау қолынан қаза табады. Бұл шайқаста мерт болған Адай батырларын Абыл ақын былайша жырға қосқан:
Бүркітәлі өлді ғой, Кежісімен,
Жанақтан Жангел өлді інісімен.
Қарнауда жауға жетті бес жүз адам,
Ерлікпен қырылды Адай, білісімен.
Мырзатай өлерінде ерлеп өлді,
Қылышын ит-дұшпанға сермеп өлді,
Мырзатай кім-кімнен де батыр еді,
Тіріде жауға намыс бермеп еді.
Талайлар өлді, беттен таймайтұғын,
Жақсылар өлді, елдегі сыйлайтұғын,
Ішегін сүйретілген салып жүріп,
Ізбас өлді, өлімге қимайтұғын [Шыртанұлы Ізбасар. Текті тұлғаның тұн-басы. – Алматы: Арыс, 2005. 13-14 бб.].
Кейін Г.С.Карелин Орынбор әскери губернаторына 1832 жылы астыртын жіберілген түрікмендердің 300-ден ас-там қазақтарды өлтіріп, тонағанын ха-барласа, Ығылман ақын Хасанғалимен сөз қақтығысында:
...Шулатып төрт жүз жетім, жесір алып,
Жиһазын жеті атадан мүліктенген, - деп жырлайды.
Осы жорықта үзеңгілес серіктері-мен бірге жауға қарсы қол бастаған Наушаның ерлігін М.Мұхтарұлы: «Осы шайқаста Науша мен Құлбарақтың ба-тыл қимылы қатысушылардың мақта-нышпен айтатын әңгімесіне айналған. Наушаның түйреп түсірген адамы, Құлбарақтың қылышы тиген жаулардың басы допша ойнап жайрап қалған. Тек Құлбарақ немере жас інісі Жапарберді-ге қарайлап жүріп, қапыда қаза табады. ...Кейін Сүйінқара Наушаның найзаны қалай ойнатқанын айтып, елін таң қал-дырыпты, өзі де риза болыпты», - деп бағалайды [Мұқтарұлы Мәжит. Көрсе-тілген еңбек. 33-б.]. Шайқаста Құлбарақ батыр бастаған Қаратоқай беріштің он-ға тарта батырының ерлікпен қаза тап-қанын Ығылман ақын былайша толғайды:
...Артынан кеткен жаудың қуыспаққа,
Саралап аптал ерлер іріктелген.
Құлбарақ, кескір Көбен кетті бірге,
Тап болып сол қуғынға іріктелген.
Құлбарақ, Жапарберді, кекшіл Көбен,
Секілді алмас қылыш кескір Көбен,
Қасында Батырбек пен бар Байтөбет
Мастанып ашуланса сес білмеген.
Барлығы бел немере сап батырлар
Жау десе жан аямайды дәстүрменен.
Ерлері Қаратоқай сол жауда өлді,
Құлаққа оннан кем деп естілмеген.
...Аз қазақ көп кісіге қарсы тұрған,
Қашуға қара басып, бетін бұрған.
Түсіріп Құлбарақ пен он батырды,
Түркімен қаптап шауып қолды қырған.
Адайдың қатыны мен баласы үшін
Он батыр сол соғыста болды құрбан.
...Құтылды жалғыз қашып Жапарберді
Кек алып келген қарсы Назарбақтан [Ығылман. – Алматы: Арыс, 2001. 217-218 бб.].
Бұл жорықты Орынбор мұрағаты-ның құжаттары да растайды. 1832 жыл-ғы 27 қаңтардағы Г.Ф.Генс жазбасында түркіменнің Сүйінқара батырдың ауы-лы мен aдай қазақтарына соққы беріп, мал, мүлкін тонап, батырдың әйелі мен қызын алып кеткені, осыдан соң Қайыпқали сұлтанмен біріккен Сүйінқара 1500 қолмен түркімен соңынан аттан-ғаны келтірілген [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3027-іс, 6-п.]. Кейін 24 ақпанда Орынбор-дың әскери губернаторы П.П.Сухтелен К.К.Родофиникинге түркіменнің Сүйінқара батырды тонады деген хаба-рын растайды. Оған хиуалықтардың да қатысып, барлығы 7000 қол болғанын, шабуылдың Хиуа үкіметінің еркімен жа-салып, хиуалықтар мен адай қазақта-ры арасындағы мұндай талас-тартыс керуендердің еркін жүруіне кедергі кел-тіргенімен, орыс тұтқындары саудасын біраз азайтады және Сүйінқара, Қайыпқали, Жоламан секілді белгілі «қарақшыларды» шепке қарай көшуге мәжбүрлейді деген пікірін білдіреді [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3027-іс, 14-п.]. Сөй-тіп, қазақ қолының сан жағынан аз бо-лып, жау күшінің басым болуы батыр-лардың жеңіліске ұшырауына әкелген. Дегенмен Сүйінқараның адайлар ара-сындағы зор беделінен қауіптенген Хиуа ханы кейін оған жанұясын кері қайтаруға мәжбүр болды. Ол жөнінде Г.С.Карелин 1832 жылы 11 шілдеде Орынбор әскери губернаторына «1832 жылы астыртын жіберілген түрікмен-дер 300-ден астам қазақты өлтіріп, Хиуаға қадірлі абдал билерінің бірі Сүйінқараның ұлы мен қызын алып кетті. Қазір Хиуа билеушісі Сүйінқара-ның адайларға үлкен ықпал жасайты-нын біліп, қалайда онымен келісімге келуге тырысып бағуда. Сүйінқараға ұлын қайтара отырып Хиуа ханы қызын алып кетуі үшін батырды қонаққа ша-қыруда. Бірақ қызын өлдіге санаған қыңыр қарт оған бармады. Осыған қа-рамастан хан бұдан екі апта бұрын ба-тырға қызын қайтарып, тағы да шақы-рып хат жолдаған» деп мәлімдейді [ОрОММ. 6-қ., 10-т, 4110-іс, 404-405 пп.]. Дегенмен батырдың әйелі мен қызы осы жылы қайтарылмаған. Оған 1833 жылы 16 маусымда Орынборға келген хиуалық керуен басы Мәдәлі Жапарқұлұлының «Өткен жылы Хиуа ханына бағынышты түрікмендер белгі-лі Сүйінқара батырды қолдайтын адай қазақтарына шабуыл жасап, батырдың әйелі мен қызын, олармен бірге өзге де қазақтарды тұтқынға алды. Адайлар-дың өтініші бойынша Хиуа ханы осы жазда Сүйінқараның әйелі мен қызы-нан басқа барлық тұтқынды кері қайтар-ды. Хан Сүйінқараның өзі басын иіп келген кезде ғана қызы мен әйелін бо-сататынын айтты, бірақ адайлар атал-ған тұтқындарды да сатып алуға ниет қылуда» [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1551-іс, 3-п.] деген хабары дәлел.

Азаттық күрес жолында

Науша батырдың бұдан кейінгі қыз-меті Исатай-Махамбет бастаған азат-тық қозғалыс кезінде көзге түсті. Зерт-теушілер пікіріне сүйенсек, 1837 жыл-дың күзіне қарай көтерілістің қыза түс-кен кезінде Науша батыр бөкейлікке өтіп, Исатай-Махамбеттің қолына келіп қосылған. Ол турасында И.Кенжалиев «Көтеріліс қатарына Кіші жүздің Жайық өзені бойынан т.б. жерлерден шаруалар келіп қосылады. Кіші жүзден Сарт Ерәліұлы бастаған шаруалар келеді. Науша Қаржауұлы да келген деген әңгіме бар» [Кенжалиев И. Исатай-Махамбет. – Алматы: Қазақстан, 1991. 69-б.] дей отырып, Исатай қолының хан ордасын қоршау кезінде Науша батыр-дың болғандығын алға тартады. Жаны қысылған Жәңгір хан 10 күн мерзім сұ-раған кезде қозғалыс басшыларының пікірі екіге жарылған. Бұл туралы И.Кенжалиев «Исатай дегеніне көнбе-генсін Махамбет қалың қолды 2-3 рет атпен шауып айналып шығып, көпке ханның тілегін айтып, оның алдау еке-нін, сенбеу керегін көпшілікке түсінді-реді. Махамбет пікірін Науша Қаржауұлы, Қаратоғай Мәмбетұлы (Қара, Сары өзендер бойынан келген), Қабыланбай, Үбі т.б. қолдаған. Мәселе қалың көтері-лісшілер мәслихатының талқысына са-лынады. ...Көпшілік Исатай білсін десе, ол солқылдақтық жасады. Бұған нара-зы болған Науша, Қаратоғай секілді батырлар тобы кетіп қалады. Сөйтіп көтерілісшілер қарқынынан айрылып, қымбат уақытты өткізіп алды» [Кенжалиев И. Көрсетілген еңбек. 158-159 бб.] десе, Ә.Сарай «Махамбетті Қабыланбай, Үбілер қолдайды. Арғы беттен көмекке келген Махамбеттің досы Науша Қаржауұлы, Қаратоғай Мәмбетұлы батыр да Орданы шабу жағында болады. Осы жерде Махамбет пен Исатай арасында әжептәуір түсініс-пеушілік болғандай. Науша мен Қаратоғай Исатайға ашуланып, майдан шебін тастап кетіп қалған» [Әнес Сарай. Көрсетілген еңбек. 218-б.] деп тарқата түседі. Яғни жиылып келіп Хан Орда-ны шаппағанға ренжіген Қаратоғай мен Науша жасақтары қайтып кеткен сыңайлы. Шернияз ақынның «Исатай мен Науша батыр туралы» толғауында:
Бірікпеді екеуі
Осы айтылған кеңесте.
Сұлтансиық Берішпен
Ат құлағын теңесті.
Ерегіс қазақ еншісі
Алалыққа кірісті.
Сұлтансиық ұранды
Наушаға кетті ел еріп,
Алты жүз адам бөлініп.
Қылмайсың деп айтқанды
Кейін қалды шегініп.
Үш жүз кісі Беріштер
Исатайға бұл еріп, - деп келетін жыр жолдары осы тұсқа сай келетін-дей. Оның үстіне толғаудың:
...Ұзамай-ақ ұрыстан
Ырсалы мен Қалдыбай
Екі батыр тең өлді-ай,
Бұлар өліп қалған соң
Бақсыз туған Байұлы
Дулап қашып жөнелді-ай.
Қолы қашып кеткен соң
Бұрынғыдай болмады.
...Мінді Науша атына-ай,
Ықпалы жүрген Наушаның,
Таланы бар заманда
Әли арыстандай батыр-ай...
Бекетай құмның белесі
Түтіндеген шаң болды-ай, [Шернияз. Құрастырушы Б.Қорқытов. – Алматы: Арыс, 2001. 51-53 бб.] – деген жалғасы да сол кезге тән секілді. Мә-селен, қарашаның 5-нен 6-на қараған түні Исатай батыр полковник Меркульев тобы қолға түсірген әйел, бала-шағала-рын құтқару үшін Жасқұсты тастап, 300 кісімен Жаманқұмға кеткен еді. Оның үстіне, Ырсалы мен Қалдыбай батыр-лардың қаза табатыны да сол Тастөбе шайқасының тұсы еді.
Дегенмен кейін Исатай-Махамбет қолының Жайықтан Бұқар бетке өткен кезінде Науша батыр оларға қолдау көрсетеді. 1838 жылы 12 ақпанда Арғымбай Көпенұлы деген масқар руы-ның қазағынан Исатай батырдың Горск бекінісінен үш-төрт күндей жердегі Шошқакөл қойнауында екендігі тура-лы ақпар түседі. Осы жөнінде хабар-дар болған Орал казак әскерінің ата-маны В.О.Покатилов Орынбор әскери губернаторы В.А.Перовскийге «Исатай тобы 95 адамнан тұрады және оның қатары кезінде Ішкі ордадан Жайық-тың арғы бетіне өтіп кеткен белгілі Наушаның жақтастары есебінен күн санап көбеюде» деп жеткізді. Оған қо-са көптеген қазақтардың Исатайға қо-сылуға дайын екенін, «әсіресе, Байғұтты мекенін жайлаған алаша руының стар-шыны Сарыбөпе азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етіп тұрған, енді Исатай Ішкі Орда мен шеп бойына ша-буыл жасауға берік түрде шешімге кел-ген» дейді [ҚРОММ. 4-қ, 1-т, 1982-іс, 1-2 пп.]. Атаман В.А.Покатиловтың өз ра-портында «белгілі Науша» деп көрсе-туі батыр есімінің казак-орыстарға бұ-рыннан етене таныс екендігінен хабар береді. Шын мәнінде, Исатай осы кез-де Наушамен байланыс жасауға ұмты-лып, оған Махамбетті аттандырған. Ол туралы 1838 жылы 27 ақпан күні Кулагин бекінісі мен Гребенщиков форпосты арасынан ішкі бетке өткен кезде қолға түскен Қанай Қосымбайұлынан жетті. Өзін осыдан 17 күн бұрын Исатай Ішкі ордадан жылқы әкелуге жұмсағанын айтқан ол: «Исатай батыр Ішкі ордаға шабуыл жасау үшін ат-көлік сұратып Махамбет Өтемісұлын Қайыпқали сұлтан мен Наушаға жіберді, Исатай бұл ниетін Жайықтың мұзы ерімей тұрып жүзеге асыруды ойластыруда», - дейді [Савичев Н. Исатай Тайманов. – Орал, 1990. 90-б.]. Бұл ақпарды 4 нау-рызда Орынбор губернаторына мәлім-деген Покатилов «Тайманұлы Ішкі Орда қазақтарына соққы беру үшін Махамбет Өтемісұлын Қайыпқали сұлтан мен Наушаға жіберді» дегеніне ерекше мән берген. Содан атаман Баймағамбет сұл-танға аталған қазақтарды ұстап алып, шепке әкелуді тапсырды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1982-іс, 15-16 пп.]. Көп ұзамай Махамбеттің Науша батырға барғаны белгілі болды. Орал казак әскерінің тө-менгі дистанциясы бастығының Жем, Сағыз, Сам жағына жіберген тыңшылары-ның біреуі Махамбеттің шұғыл Науша-ға кеткенін айтып келеді. Кіші жүздің батыс бөлігінің билеуші-сұлтаны Баймағамбет Исатайдың Наушамен қосылғанын анықтап келу үшін 3 нау-рызда Горск бекінісінен 3, 4 дистанция бастықтары Мырзагелді Аралұлы мен Өтебай Сәңкібайұлын, 5-6 наурызда Калмыковтан Сатай Кенжеғараұлы, Сарықожа Сарыбөпеұлы, хорунжий Сүлеймен Қоңызұлы, старшын Сарыбөпе Кенжеғараұлы бастаған сенімді кісіле-рін жіберген. Ол 1838 жылы 12 наурыз-да Орынбор әскери губернаторы Перовскийге жолдаған рапортында «Исатай далада қандай да бір қазақ-тар тобын жинап қана қоймай, шепке және Ішкі орда қазақтарына шабуыл жасауға берік шешімге келген болып шықты. Бірақ бұрында мен оның со-ңынан іздестірген кезімде Хиуа шека-расына қашып кеткен еді. Мен сонда ол өзінің туысы Есет Қараұлы мен Қайыпқали сұлтаннан қорғаныс табар деп ойлаған едім» деп хабарлайды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1982-іс, 121-п.]. Ол жөнінде И.Кенжалиев «Батырдың Наушаға бару себебі – белгілі, ол да батыр, 1827-1829 жылдардағы Ішкі та-раптағы шаруалар толқуының басшы-сының бірі, әрі батыл қимылдың ада-мы. 1832 жылы Науша Қайыпқали Есімов, Құлбарақ, Сүйінқара, Есет батырлармен бірге Хиуа ханына қарсы күресте аты шыққан кісі. Оның арты-нан шаруалар ілеседі. Махамбет Науша-мен тіл тапса, көп адам бұларды сөзсіз қолдайды» [Кенжалиев И. Көрсетілген еңбек. 165-б.] десе, Ә.Сарай «Науша – Кіші жүздегі қарсыластарын ықтырып ұстайтын, патшаға жаны қарсы ереуіл-ші батырлардың бірі. Ол Ішкі Ордада-ғы сабылыста Махамбетпен бірге жорт-қан мақсаттас жолдас, қарулас серік еді. Көтерілісшілердің алдымен Науша-ны іздеуі заңды» [Әнес Сарай. Көрсетіл-ген еңбек. 272-б.] деп қорытады. Соны-мен тарихи деректер Наушаның батыр-ларды құшақ жая қарсы алып, бірнеше күн қонақ қылып күтіп, аттанарда аста-рына ат-көлік, азық, үстеріне киіз үй тауып бергенін растайды. Бұл бағытта тарихшы З.Алдамжар өз ойын былай-ша сабақтайды: «Исатай батыр өзінің ескі серіктесі, байбақты руының белгілі азаматы Науша батырға сәлемдесе ке-туді жөн көрді. Оның үстіне Баймағамбет сұлтанның жансыздары Науша батыр-дың ауылына жақын келуден сескене-тін. Науша батыр Исатай досын құшақ жая қарсы алды, талай өзекті мәселе-лер бойынша пікірлесіп, бұқара халық жайында кең әңгімелесті, оның азат-тық үшін күресіне барынша көмекте-суге келісті. Исатай батыр шекті еліне аттанғанда оның қасына 70 жауынге-рін қосып берді, сөйтіп елшілік тобы-ның өзі 95 адамға жеткен еді» [Алдам-жар З. Тарих: пайым мен тағылым. – Алматы: Арыс, 2002. 170-б.]. Сонымен, Наушаға арқа таңған Исатай тобы енді ел ішін аяқтай аралап, ел тұтқасын қо-лында ұстаған би, батыр, старшындар-ға барып, сауын айтып, көтеріліске қол жиюға мүмкіндік алады. Қайыпқали, Науша т.б. қолдау тапқан Исатай ба-тыр патша үкіметіне қарсы күреске қазақ руларын біріктіруге ұмтылады. Осы кезді Халел Досмұхамедұлы «Кіші жүз соңына еріп, Қиуа мен түрікпен кө-мек беретін болған соң, Исатай, Махамбет, Қайыпалды, Науша бас бо-лып, «1838 жылы заузаның ішінде орыс үкіметіне қарсы көтеріліңіз, жау-ласуға әр рудан әскер шығарыңыз» деп, жар шашады. Елдің көбі көтеріледі» деп анықтаған [Досмұхамедұлы Х. Таң-дамалы (Избранное). – Алматы: Ана тілі, 1998. 48-б.]. Шын мәнінде, сол тұс-та Исатайдың Ресейге қарсы күресте қазақтарды өзіне қосылуға шақыруы халықтан қолдау тауып, бүкіл дала қайтадан толқи бастаған. Мамырдың соңында Кіші жүз қазақтарының шеп бойынан дала түкпіріне жаппай көшуі басталды. Билеуші-сұлтан мен дистан-ция бастықтары байқап қалмауы үшін қазақтар құпия түрде көшуге тырысқан. Олар шеп маңындағы қоныстарынан кетуін малға азық-түліктің жетіспеуімен дәлелдеген. Билеуші-сұлтан болса «қа-зақтар менің басқаруымнан құтылу үшін кетіп жатыр» деп Генске шағымданған. Содан Исатай мен Қайыпқалиға қосыл-ған қазақтардың саны арта түскен. Ма-мырда Исатай, Махамбет, Үбі Үсеұлы жә-не Сарт Еділұлы Жүсіп би Құланұлы ауы-лында болып, кейін олар Үшбөкенбай-да 500 қол жинап, Қайыпқалимен қо-сылған. Маусым айында бұрын шеп ма-ңында қыстаған Есет Торғайұлы мен Ошырты Баймұратұлы бастаған Алаша руының Барамық тайпасының 360 түті-ні Исатайға көшкен [Шахматов В.Х. Внутренняя орда и восстания Исатая Тайманова // Махамбет әлемі. 12-кітап. Ақын тағдыры. Зерттеулер. 1946-1990. – Алматы: Арыс, 2004. 141-б.; ҚРОММ. 4-қ., 4-т., 1982-іс, 206-п.]. Сонымен, мау-сым айының соңында көтерілісшілер Сағызға, ал шілде айының алғашқы күн-дері Ойылға жеткен. Наушаның осы кез-дегі іс-әрекеті Адай руының қазағы Өтебай Бекетұлының 27 шілдеде Құрымбай старшынға берген хабарын-да айтылады. Жайықтың арғы бетіне өткен жылы келген, ауылы Байту биге қараған 20 жасар Өтебай Ойыл бойын-да ұсталып, қозғалыс басшыларына әке-лінген. Оның айтуынша Табын руында-ғы Асау батырдың ауылында 400 адам жиналса, Ойылдағы Қисықтам мекенін-де Қайыпқали сұлтан, Назар руынан Жүсіп Құланұлы, Кете Құдайберген Елемесұлы, Алаша Алтыбас Есет Торғайұлы, Байбақты Жүсіп Сырымұлы, Науша Қаржауұлы, Адай Есжан баста-ған көтерілісшілер саны 3-4 күн ішінде 600 адамға жеткен. Содан бұл жерге Баймағамбет сұлтанның жансызы Ысық руының қазағы Балта келген. Ол Баймағамбет сұлтан халық арасында азғана орыс әскерімен малдан салық алып жүр, сондықтан халық оған риза емес деген хабармен өзін Байұлы ру-ларының жібергенін айтып, сендірген. Көтеріліс басшылары ақылдасып, ке-ңесе келе соққы беруге аттанған. Олар-ға жол бастаған Балта шұғыл түрде Баймағамбетке қайтып келіп, көтеріліс-шілердің екі топқа жарылып, бір тобы бір күндік қашықтыққа оңға кеткенін, ал Исатай шағын қолмен Ақбұлақ өзе-ніне келе жатқанын жеткізген. Таң атып, күн шыға көтерілісшілер шабуыл жаса-ғанымен орыс отряды бірнеше рет зең-біректен оқ атқан соң кері шегінген. Сол кезде Исатайдың астындағы жирен атын танып көрсеткен де осы Балта болатын. Шайқас кезінде Қожахмет Өтемісұлы, Тұрымтай Басар, Есен Беріш Төлебай Бектұрғанұлы, Жайықтың арғы бетінен Есен Беріш Бақай Сарыұлы, Кете Құдайберген, Қаратоқай Бабатай, екі түрікмен, барлығы 15 адам қолға түскен. Өз әңгімесін Өтебай «Мен Исатайдың көшінде жаяу қалып, содан соң қашып кеттім, оған 10 күндей уақыт өтті» деп тәмамдаған [ҚРОММ. 78-қ., 1-т., 94-іс, 12-п.; 4-т., 1-т., 4197-іс, 50-п.]. Ал Ә.Сарай: «11 шілде күні Ойылдағы көтерілісшілер жатағы Ақшаттан шығып, Исатай 500 жі-гітімен Қиылға бет алды. Бұл – көтеріліс-шілердің ең жауынгер, белсенді тобы еді. Оның құрамында Исатайдың Жайықтан бірге өткен, Нарыннан кейін келген соғыс тәсіліне жетік жауынгер сарбаздары, Байбақты Науша батыр мен Кете Құдайбергеннің және Бұхар беттегі Байұлы ауылдарының жасақта-ры бар еді» деп саралайды [Сарай Ә. Көрсетілген еңбек. 327-328 бб.]. Зерт-теуші пікірінше, Науша батыр Ақбұлақ шайқасына қатысқан. М.Мұхтарұлы да Науша Ақбұлақтағы соңғы шайқасқа қа-тысу үшін Исатай сарбаздарымен бірге келген және осы көтеріліс жайлы естіген ақсақалдардың айтуынша, Исатайдың сүйегін ұрлап алып шығып көмген осы Науша екен дейді. Академик Қ.Жұмалиев Нұртуған ақынның жиені Жәмет жырау-дан жазылған «Ақкете Шернияз өлеңі» атты қолжазбада Исатай мен Наушаның хан, патша әскерімен соғысы, Науша мен Исатайдың өз арасындағы қарым-қатынастары, Исатайдың ерлік өлімі, оның сүйегін Наушаның алып шыққаны баяндалады деп көрсетеді [Жұмалиев Қ. Шернияз Жарылғасұлы // Шернияз. Құрастырушы Б.Қорқытов. – Алматы: Арыс, 2001. 11-б.]. Алайда белгілі ға-лым К.Есмағамбетов Исатайдың сүйе-гін жау қолына қалдырмай алып шығып, жер қойнауына беру ісін Сатайға, не Науша батырға телудің жөні жоқ еке-нін, өйткені сүйекті Махамбет тобы ебін тауып 12 шілде күні алып кеткендігін алға тартады [Есмағамбетов К. Исатай батыр бейіті: аңыз бен ақиқат // Қазақ әдебиеті. – 2012. – №4. – 27 қаңтар].

Фольклорлық мұралар

Науша батырдың бұдан кейінгі қыз-меті жөнінде мұрағат деректері әзір-ге кездеспегенімен, оның орнын фоль-клорлық мұраларымыз толықтырады. Исатай өлген соң бірде Қайыпқали Наушаны Жәңгір ханның жылқысын айдап кел деп, бөкейлікке жіберген. Кері қайтқанда Жайықтан жылқыны өткізе алмаған олар Дендердің баура-йында жатқан орыстардың елу атын айдап кетеді. Мұны біліп қалған орыс-тар соңынан қуады. Сонда Адай Теке батыр «Науша, Науша, енді қырылдық қой. Неғып келе жатсың?» депті. Содан Науша кейін қалыпты да, орыстың отрядына «Қайда барасыңдар? Мен – Наушамын, Наушамын!» - деп ақы-рыпты. Сонда тоқтап тұра қалыпты орыстар. Наушаның даусынан, әрі ата-ғын естіген екен. Содан ба қорқып, ешқайсысы бата алмай, бәрі кейін қайтыпты [Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Көрсетілген еңбек. 160-167 бб.].
Халық жадында сақталған келесі бір әңгімеде Наушаның Әлімнің Сыйлыбай батырын жекпе-жекте жең-гендігі айтылады. Ол туралы Алаша-Қарабура Қобыланды ақын Шекті-Назар Көкше жыраумен айтысында:
Сыйлыбай деген «батыры»
Біздің түбектен барып жылқы алған.
Жылқы алғанда артынан
Біздің байбақты батыр Науша,
Қуып жетіп өлтірген, - деп жырла-ған [Хасанов Қ. Ескірмейтін есімдер. – Орал: Полиграфсервис, 2008. 24-25 бб.].
Сыйлыбайды өлтіргеннен соң, қар-тайған кезінде Науша қасында Есет (Алаша Алтыбас) батыр бар онға тол-майтын кісімен Әлімнен барымта алу-ға барады. Алған малдарын алға жібе-ріп, қуғыншыларды тосып, Науша, Есет кейінде жүріп отырады. Бір алты атты кісі бірінен бірі озбай келе жатады. Есет сонда Наушадан бөлініп, жолдан кейін қатарға шығыпты. Сонда алты атты кісі Есетке қарамай, Наушаға қарай алға шаба беріпті. Есет алты атты мойнынан көздеп тартқанда алтауының да мой-нынан өтіп құлаған екен. Осы әңгімені Наушаның аузынан тыңдап отырған бір алашаның жігіт баласы көтеріліп кетіп: «Апырай, біздің Есет атамыз сізден де ер екен», - депті. Сонда Науша арланды ма: «Он Есет болса да оғы маған өтпей-ді!» - деп ақырғанда, «жердің тесігі бол-ғанда кіріп кететін едім» деп айтыпты әлгі бала кейін біреуге Наушамен әңгі-месін айтқанда. Әлім Шектінің Дәуіт дейтін қылышкер батыры Наушаға қар-сы шығып, барымтада кездесіп, жекпе-жекте Наушаны соға алмапты. Сонда ат-тан түсе қалып, Наушаның қолын алып, тату болыпты. Тағы бір барымтада Наурызбай (атақты Кенесары ханның інісі – Ж.И.) Наушаға кез келіп, бетпе-бет келгенде, оның айқайынан сескен-ді ме, әйтеуір атының басын бұрып алып, Наурызбай кейін шауып жөнеліпті. Қасында арқаның Ағыбай батыры, т.т. бар көрінеді, - деп жазады Мәшһүр Жүсіп [Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Көрсе-тілген еңбек. 160-167 бб.]. «Аңыз түбі ақиқат» дегенге құлақ ассақ, мұның барлығы Наушаның батырлық болмысы мен баһадүрлік рухын бағамдай түседі.
Ел аузынан жеткен әңгімеде, Науша 80 жастан асқан шағында, ауырып өз төсегінде қайтыс болған. Бүгінде батыр-дың Ақжайық ауданының Есенсай ауылдық округіне қарасты Тайлан қауы-мына жерленіп, 1849 жылы 81 жасын-да опат болғаны анықталып отыр. Науша батырдың құлпытасында балалары Жүсіптің 1881 жылы 57 жасында, Жанарыстанның 1849 жылы 34 жасын-да опат болғандығы жазылған. Осыған орай құлпытастағы жазуды алғаш оқып, көпшілікке таныстырған Қазбек Құттымұратұлы белгітастың Наушаның өзіне ғана емес, екі баласына да бірге қойылғанын әрі батыр қайтыс болған-нан біраз кейін орнатылған дейді. Ке-лесі бір құлпытаста Науша баласы Шораның 1843 жылы 17 жасында опат болып, оған белгіні көзі тірісінде әкесі Науша қойдырғаны жазылған. Ал шежі-ре бойынша Наушадан Қобыланды, Жүсіп, Қожахмет, Жанарыстан, Шора, Сүйтан деген 6 бала тараған.

Түйін

Науша батыр есімі кейіннен патша үкіметіне тыңшылық қызмет атқарған Адай руының молдасы Батырхан Шахимардановтың 1854 жылы 1 наурыз-да Есет Көтібарұлына жолдаған хатын-да аталады. Хатта: «Есет батыр. Сізге дейін неше бір адам Ресейге бағынбай қарсы шықты. Бірақ, Сіз көргендей, бәрі кетті. Бірінші – Табын руынан Жоламан батыр Тіленшіұлы, Құттыбас, Жаналы; қаншама ауылды, халықты қайыршы-лыққа ұшыратты, қаншама малдарын қырып жойды. Екінші – Қайбала сұлтан және Науша батыр қаншама адамның қайыршылық күйге түсуіне кінәлі бол-ды және ақырында, адасып жоқ болды. Үшінші – Исатай батыр, Махамбет және Үбі батырлар да қаншама ауылды қайыр-шылыққа әкелді, соңында өздері жоқ болды. Төртінші – Кенесары сұлтан мен Наурызбай сұлтан батыр да жұртын қа-йыршылыққа ұшыратып, өздері жоға-лып кетті. Олардың барлығы да өз мақ-саттарына жете алмай іс-түссіз жоғалды» [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 5594-іс, 567-569, 609-611 пп.; КРО-ІІ. № 257, 258-құжат.] деп көрсетілген. Сөйтіп, Батырхан молда сол кезге дейін орыс үкіметінің отарла-уына қарсы күрескен сұлтандар мен ба-тырлардың жеңіліске ұшырағанын мы-салға келтіру арқылы Есетті тоқтатпақ болған. Жалпы, бұл хат Науша батыр-дың отаршылдыққа қарсы қол баста-ған азаттық жалаугерлері қатарындағы тұлға екендігін тағы бір мәрте дәлел-дей түседі. Екіншіден, елінің бүтіндігі мен жерінің тұтастығы үшін «егеулі най-за қолға алған» батыр бабаларымыздың жанқиярлық күресі ешқашан «іс-түссіз» жоғалмақ емес. Өйткені халқымыз олар-дың есімдерін әрдайым ардақ тұтып, ел тәуелсіздігі жолындағы ерлік істерін кейінгі ұрпағына кеңінен насихаттау-мен келеді. Өткен ғасырдың басында ақиық Мағжан ақын:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жанын қиып, жауды қуған,
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
Ел үшін төккен ерлер, қанын жұтқан,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас, - деп жырлаған еді. Олай болса, Науша-дай батыр бабамыздың аты ешқашан ұмытылмақ емес. Кезінде ғұлама М.Әуезов Науша сияқты қазақ батырла-рына: «Ер – ел тарихының белі. Ол өзі тірісінде бір танылады, өзі өткен соң кейінгі ұрпақ қадірін біліп, қасиетін та-ныған сайын тағы танылады. Бір кезде бел көрінсе, келер ұрпақ тарихына өз тұсында көрсетіп кеткен туымен, тастап кеткен үлгісімен, нұсқап кеткен бетімен енді бел ғана емес, биік тұғыр, асқар тау болып көрінеді», - деп сөзден мәңгілік тұғыр орнатып кетті. Бұдан артық баға бар ма?!

Қаралым саны 2974

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463