«...Таңбамды салып, мөрімді бастым»

Ресей Федерациясының Орынбор облыстық мемлекеттік архивінде Ресей империясының қазақ даласын отарлауына қатысты мыңдаған құжат жатыр. Орыс отаршылары қазақ рулары, олардың бас адамдары – сұлтандары, билері мен батырлары туралы ақпаратты мұқият жинастырып отырған. Бұл тізім әсіресе жаңа хан сайлау тұсында ерекше хатталған. Аталған архивтің 6-қор, 10-тізбесінде сақтаулы тұрған «Кіші жүздің жаңа хандарын сайлау туралы» («Дело об избрании новых ханов Меньшой орды») атты №716 іс қалың-қалың үш кітаптан тұрады. «DANAkaz» тарихи-танымдық журналының оқырмандарын осы істе тіркелген әр рудың ықпалды адамдарымен таныстыруды бастамақпыз. Мұнда Кіші жүзге қарасты алты аталы Әлімұлы, он екі ата Байұлы және Жетірудың, төрелер мен төлеңгіттің, қожалардың өз заманындағы билеуші-басшылары қолын қойып, мөрін басқан немесе ру таңбасын салған. Журналымыздан көз жазбаңыз, ағайын!

Орынбор әскери губернаторы Григорий Волконскийге 1811 жылдың 17-қыркүйегінде Кіші жүздің Байұлы тарма-ғының бас адамдарынан жазылған хат. Мұнда қаза тапқан Жантөре хан Айшуақұлының орнына Бөкей Нұралыұлын сайлауды ұсынған сұлтан, старшын, би, тархан және басқа да қазақтардың қазақтардың қолы қойылған (жоғарыдағы істің 126-бетінен басталады).
«Сұлтан Бөкей Нұралыұлының мінезі жайлы, парасатты, екі беттегі (Жайық өзенінің – DK) бізге тең қызмет етеді, оның әділ билігі арқасында Ордада тыныштық пен бейбітшілік орнайды деп инаныш артып, мөріміз бен таңбамызды саламыз» деген мәтіннен кейін:

Байұлының құлкеш (беріш руының ішіндегі – ) бөлімі-нен:
Байшора сұлтан Ғаділұлы мөрімді бастым;
Старшындар Шөке Еділбайұлы таңбамды салдым;
Жапақ Айтуғанұлы таңбамды салдым;
Үкібай Жомартұлы таңбамды салдым;
Майбас Ғаликеұлы таңбамды салдым;
Етен Майманұлы таңбамды салдым;
1811 жылдың 11 қыркүйегі

Байұлының адай руынан:
Артықғали сұлтан Нұралыханұлы мөрімді бастым;
Старшын Байту Тұманбайұлы мөрімді бастым;
Старшын Нұрмұхамед Жұнту старшын ұлы мөрімді бастым;
Старшын Құрмантай батыр Мырзатайұлы таңбамды
салдым;
Старшын Рынбай би Жамантайұлы таңбамды салдым;
Старшын Мәмбетәлі батыр Сеңгірбекұлы таңбамды
салдым;
Старшын Отарбай Асанұлы таңбамды салдым;
Старшын Қуаныш Әбілұлы таңбамды салдым;
Старшын Үмбет Есмәмбетұлы таңбамды салдым;
Старшын Қазанбай Аяуұлы таңбамды салдым;
Старшын Кеңтоғай Бұланайұлы таңбамды салдым;
Старшын Күзен (Көжан) Өтеуліұлы таңбамды салдым;
Старшын Бекбау Әлібекұлы таңбамды салдым;
Старшын Естекбай Ақжігітұлы таңбамды салдым;
Старшын Елемес Есенбайұлы таңбамды салдым;
Старшын Төлеген Сегізбайұлы таңбамды салдым;

1811 жылдың 18 қыркүйегі

(Жалғасы бар)

Егер төменде аталатын тұлғалар арасында ру шежіре-сінде белгілі ата-бабаларыңыз болса, редакциямызға хабарласуыңызды өтінеміз.

Қаралым саны 1770

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463