Еліме пайдам тисе деймін

Ерболат Садықов – Батыс Қазақстан облысындағы әйгілі «Үміт» лингвистикалық гимназиясының 2005 жылғы түлегі. Жақында Американың «Towson» университетін мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру (special education) мамандығы бойынша тәмамдап қайтқан жас маманмен арнайы тілдестік:

– Әңгімемізді отбасыңнан бастасақ?
– Мен 1988 жылы 19 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Шыңғыр-лау ауданы, Жаңакүш ауылында туып, сонда өстім. Қазір Орал қаласында тұрамыз. Әкем Рашит Сағиұлы – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде оқытушы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кан-дидаты, анам Жұмаш Болысбайқызы – қалалық №1 емханада терапевт. Кішкентай күнімнен сабақты өте жақсы оқыдым. Ағылшын тіліне ағамның ар-қасында ден қоя бастадым. Қайда жүр-сем де ата-анам қолдады. АҚШ-тан бі-лім алуым, осы күнге жетуім ата-анам-ның арқасында.
– Білім алу үшін Американы таңдауыңа не түрткі болды?
– 2001 жылы Теректі аудандық «Үміт» лингвистикалық гимназиясына оқуға түстім. Гимназиядағы ұстаздарымның оқушыға деген ерекше ықыласы, сабақ беруі білім алуға құлшынысымды одан әрмен арттырды. Америкадан келген волонтер Чэз Мартин (Chaz Martin) мен Орал қаласындағы «Еуразия» институтының оқытушысы Светлана Таужановадан ағылшын тілін тереңдете білім алдым. 9-сыныпта жүргенімде Светлана Аманжанқызы тесті ойдағыдай тапсырсақ Америкада оқуға мүмкіндік алатынымызды айтқанда, «мүмкін емес» деп ойлағанмын. Бірақ іріктеудің соңғы турында оған көзім жетті. «AССELS» (American Councils for International Education) бағдарламасы аясында сынақтан өтіп, 10-сыныпты Америкада оқыдым. Кейін «Үміт» гимназиясын бітірген соң, 2007 жылдың тамыз айында «Болашақ» стипендиясын ұтып алдым. Осылайша Америкаға екінші рет оқуға баруымның сәті түсті.

– АҚШ азаматтарының өзіңе ұнаған ерекше қасиеттерін айтып берсең?
– Вашингтоннан Оклахома штатына ұшқан кезде қасымда 35-40 жас шамасында американдық жігіт отырды. Әр түрлі тақырыпта әңгімеміз жарасып кетті. Содан түсер кезде, «танысқаныма қуаныштымын, хабарласып тұр» деп визиткасын қалдырған болатын. Сөйтсем, ол – бір компанияның білдей директоры екен. Сол кезде АҚШ адамдарының өте қарапайымдылығына сүйсіндім. Оқудан оралған соң, болған оқиғаны әкеме айтқанымда, «біздің бастықтар алыстан менмұндалап көрініп тұрады ғой» деп күлген болатын (күлді). Профессорлар да киіміңе, жүріс-тұрысыңа қарамайды, біліміңді, адамгершілігіңді бағалайды.

– Қандай сабақтар ұнады? Неліктен?
– Өзім Логика деген пәнді арнайы таңдап оқыған болатынмын. Ол сабақта өмірдегі құбылыстарды логи-калық тұрғыдан оқытты десем болады. Мысалы, көбі «жұрт жасап жатыр, біз де ел қатарлы жасайық» деп сол нәр-сені жасайды немесе «бастық солай айтты, демек дұрыс» деп бұлжытпай орындайды. Осындай кішігірім мәселе-лердің мәнін ұғындырды. Сонымен қатар бұрыннан білген дүниелерді бағалап, зерделеп, мән-мағынасы, негізі жоқ әншейін айтылған заттарға сенбейтін болдым. Социология сабағы да ерекше әсер етті.

– Достарың көп болды ма?
– Жатақханада халықаралық қабат-та (international floor) тұрдым. Әр түрлі елден білім іздеп келген жастармен, әсіресе, Африка елінің студенттерімен таныстым. Ең жақын достарым – Камеруннан. Достарыммен түскен фотомды үйге, ата-анама жібергенімде «қап-қара балалардың арасында сап-сары боп неғып жүрсің?» деп сұраған болатын. Олардың түр-түсіне қарамай, бөлінбей жүргенімді түсінгенде өзіме риза болдым.

– Бос уақытыңда немен шұғыл-данасың?
– Онлайн курстарды көп оқимын. Себебі сол арқылы дүниежүзінің адамдарымен байланысып, курстарды бірге оқып, талқылауға болады. АҚШ университеті білімімен қоса осы курстың көп пайдасы тиді. «I Tunes U» бағдарламасы арқылы өзіме ұнайтын психологиялық т.б. лекцияларды жазып алып, youtube видеоларын MP-3-ге аударып, әр түрлі бағытта жазылған аудиокітаптар тыңдаймын. Және өз бетімен оқимын деушілер coursera.org, edx.org сайттарына кіріп, білімін шыңдаса болады деген кеңес айтамын.
– Болашақта не жоспарың бар?
– Әзірге қандай жұмысқа кіреті-німді ойластырған жоқпын. Алайда қай салада жүрсем де, еліме пайдам тисе деймін. Еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалардың қал-жағдайы қатты алаң-датады. Осы тұрғыда зерттеу жүргізсем бе деп ойлап жүрмін. Жаз бойы ұшқан ұям «Үміттің» түлектеріне «IELTS» курсынан сабақ берсем деген жоспарым бар.

– Әңгімеңе көп-көп рақмет. Алға қойған мақсаттарыңа жетуіңе шын жүректен тілектеспін. Еліңнің арқа сүйер сыйлы азаматы бол!

Әңгімелескен Аягөз АЙТҚАЛИЕВА,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
студенті, Орал қаласы

Қаралым саны 1156

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463